Дата публикации: 14.11.2017 08:42:25
Сәлеметсіз бе, Ерлан Бәтташұлы!
Мен ЕҰУ-дің студентімін. Есімім – Мадияр. Сізге үлкен үмітпен өтініш хат жазып отырмын. Университетіміз дамып, «Отырар» кітапханасының жанынан жаңа жатақхана ашылғалы жатыр, сол жатақханадан 1 орын бөліп беруіңізді өтінемін. Осы өтінішімді орындасаңыз сізге алғысым шексіз. Сізге үлкен рақмет!
Құрметті Мадияр! Сіздің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасының жанынан салынып жатқан жатақханадан орын сұрап жазған өтінішіңізді қарап келесіні хабарлаймыз.
1. Аталмыш жатақхана әлі қолданысқа берілген жоқ.
2. Ол жатақхана қандай факультет студенттеріне берілетіні де белгісіз.
3. Жатақхана алу үшін Сіз өтінішіңізді №4 студенттер үйіндегі қабылдау бөліміне тіркеуіңіз қажет. Орын болған жағдайда Сіз белгіленген тәртіп бойынша орналаса аласыз.
Студенттер үйі әкімшілігі