Дата публикации: 01.06.2012 07:48:47
Сәлеметсіз бе БАҚЫТЖАН ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ.
"Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ" демекші бойымдағы бар білімімді ұштау үшін биыл магистратураға түсуді мақсат қылып отырмын. Негізі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Есеп және аудит" мамандығын 2008 жылы бітіргенмін. Сізге қояр сұрағым, осы "Есеп және аудит" мамандығы бойынша 1 жылдық магистратураға грант болады ма?
Үлкен рахмет.
Сәлеметсіз бе Индира! Талабыңызға нұр жаусын дей отырып, қойған сұрағыңызға төмендегідей жауап береміз. Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 52 мамандық бойынша мамандар дайындалуда, жаңа оқу жылынан бастап 5 мамандық қосылып отыр. Сіздің таңдап отырған «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 2009-2010 оқу жылынан бастап ғылыми-педагогикалық бағытта (оқу мерзімі 2 жыл) мамандарды дайындау жүргізіліп отыр. Алдымыздағы оқу жыланан бастап кәсіби бағытта оқу түрі болады (оқу мерзімі 1 жыл). Гранттардың саны әлі белгісіз, былтырғы оқу жылында біздің университімізге мемлекеттік грант бөлінбеді. Гранттардың саны белгілі болған жағдайда университетіміздің сайтында жарияланады. Бірақ, ақылы бөлімге түсүге болады.