Дата публикации: 01.06.2012 07:48:52
Сәлеметсізбе, Бақытжан Жарылқасынұлы! Менің есімім Әшірбекова Әйгерім. Мен Семей қаласының №37 мектеп-гимназиясын бітірдім. ҰБТ-дан 109 балл жинадым. "Алтын белгіге" 2 балл жетпеді. Орыс тілін алып тастағанда 86 балл болады. Бесінші пәнім физика.Ата-анам зейнеткер және мені ақшалай оқыта алмайды. Мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа түсе аламын ба? Айта алмайсыз ба?
Сәлеметсізбе, Әйгерім!
Физика пәніне сәйкес ЕҰУ-да төменде көрсетілген мамандықтарға қабылдау жүргізіледі:
- Математика (73)
- Информатика (76)
- Механика (66)
- Ақпараттық жүйелер (90)
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (78)
- Математика және компьютерлік модельдеу (77)
- Физика (76)
- Ядролық физика (80)
- Автоматтандыру және басқару (80)
- Радиотехник, электроника және телекоммуникациялар (88)
- Техникалық физика (73)
- Көлік, көлік техникасы және технологиясы (69)
- Жылу энергетикасы (75)
- Құрылыс (73)
- Стандарттау, метрология және сертификаттау (80)
- Тасымалды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және көлікті пайдалану (77)
Ескерту: жақшаның ішінде 2009 жылы аталған мамандықтарға мемлекеттік білім гранттарын ұтып алған төменгі баллдар көрсетілген.
Білім беру грантын тағайындау тәртібі
Бiлiм беру грантын тағайындау конкурстық негiзде белгіленген мемлекеттiк тапсырыс шегінде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша жүргiзедi.
Білім грантын бөлу конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзедi.
Білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған ЖОО мен мамандықтарды көрсетеді.
Таңдау пәндері сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
Білім беру грантын бөлу конкурсына қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады.
Білім беру грантын алуға арналған конкурста қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша жинаған балдар ескеріледі.
Білім беру гранттарын алуға ҰБТ сертификаттары балдарына сәйкес конкурс өткізілген кезде:
1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда басым құқығы болады.
ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары балдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда бiлiм гранттарын тағайындау, сондай-ақ бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бірінші және екінші топтағы мүгедек балаларға; соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалаларға, бала кезден мүгедектерге; медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуға тиым салынбаған мүгедек балаларға, үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар, содан соң аттестаты немесе дипломының ең жоғарғы орта баллы бар азаматтарға беріледі.
Бiлiм беру грантын алған азаматтарға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгiленген үлгiдегi куәлiкті бередi.
Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бiлiм беру грантын тағайындау туралы куәлiк азаматтарға қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен бірге 15 тамызға дейiн беріледi