Дата публикации: 16.01.2018 17:51:20
Ассалалаумағалейкум!
Менің есімім Мақсат.ОҚО Шымкент қаласыннанмын.Қояр сұрағым:ЕНУ ға ҰБТ тапсырудан бөлек түсу мүмкін бе?
Ректорлық грант алуға бола ма?Бірақ,қалай?
Толық жауап берсеңіз.Менің арманым ЕНУ ға түсу
Сәлеметсіз бе, Мақсат!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ректордың гранты қарастырылмаған, алайда оқу ақысына жеңілдіктер І курстан кейін қарастырылған. Байқау Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерге оқу ақысын төлеу үшін жеңілдіктер туралы ережелеріне сәйкес екі кезеңде өтеді (П ЕНУ-94-19). Барлық құжаттар факультеттің деканатына үсынылады. ЖОО-на түсу үшін міндетті түрде ҰБТ немесе КТ тапсыруыңыз қажет.
Ал мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізіледі.
Қосымша ақпаратты ҚР БҒМ ресми сайтынан немесе www.enu.kz сайтынан қарауыңызға болады.