Дата публикации: 03.02.2018 17:57:10
Сәлеметсіз бе. Мен 11 сынып оқушысымын. Мен сіздерден сұрайын дегенім, Халықаралық қатынастар мамандығына түсу үшін қанша балл керек және қанша грант бөлінеді?
Сәлеметсіз бе, Фараби!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде бакалавриатта «5В020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы даярланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтарда №111 қаулысы бойынша «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» №43 пунктінде ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі (ары қарай – ҚР БҒМ) тарапынан өткізіледі.
Қосымша ақпараттарды ҚР БҒМ ресми сайтынан немесе мына сайттан ала аласыз: www.enu.kz.