Дата публикации: 13.03.2018 11:51:24
Қайырлы күн, Бахытжан Жарылқасынұлы. Мен Қызылорда қаласынанмын. 2017 жылы биология мамандығы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (өте жақсы) аяқтадым. Ендігі мақсатым сіздерде магистратура жалғастыру. Былтыр мүмкіндігім болмады. Биыл міндетті түрде түскім келеді.Гумилев университеті жайлы көп жақсы жаңалықтар естимін. Мүмкіншіліктер өте жақсы қарастырылған. Сол мүмкіншіліктерге менің де қол жеткізгім келеді. Сізден сұрайтыным грантқа түсуге қаншалықты мүмкіншілігім бар? Сіздерде квота секілді жеңілдіктер қарастырылған ба? Алдын ала рахмет! Жауап күтемін...
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде магистратура бойынша «Биология» мамандығы даярланады.
Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар 10 шілде мен 30 шілде аралығында тапсырылады.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не түсушілер келесі құжаттар тапсырады:
· Ректордың атына өтініш
· Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі
· Жеке куәлігінің көшірмесі
· Шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса)
· Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Program Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл-кемінде 87), (TOEFL, шекті балл-кемінде 560 балл), International English Language Testing System (IELTS, шекті балл кемінде 6.0) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыретіне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады;
· Кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін, көшірме);
· 3*4 өлшеміндегі 6 фотосурет
· 086-У нысанындағы медициналық анықтама
· Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса)
· Шет тілінен тестілеу өту үшін төлем түбіртегі
· Скросшиватель, 8 файл, конверт.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі (ары қарай – ҚР БҒМ) тарапынан өткізіледі.
Түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында жүргізіледі, оқуға қабылдау – 25 тамыз.
Қосымша ақпараттарды ҚР БҒМ ресми сайтынан немесе мына сайттан ала аласыз: www.enu.kz.