Дата публикации: 01.06.2012 07:49:33
салеметсізбе! Мен Найманова Жібек Шелек деген ауылынан болам ! Мен Абай атындағы қазақ орта мектебінде оқимын 11 сыныбында!!! Мен сізден сұрайын дегенім география пәнінен гранқа оқуга тұсушін қанша балл жинау керек фенанс жағынан!!??
Сәлеметсіз бе, Жібек.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бизнес» бағыты бойынша 5 мамандықта қабылдау жүргізіледі, олар: экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару. Бұл мамандықтардың барлығында таңдау пәні – география. Бұл мамандықтарға жыл сайын бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны өте аз, әрбір мамандықтың қазақ және орыс бөлімдері үшін барлығы 40-тан 65-ке дейін.
2010 жылы бұл мамандықтардың барлығына тек «Алтын белгі» иегерлері мемлекеттік білім гранттарын ұтып алды, мысалы, 5В050600 Экономика мамандығына қазақ бөлімдері үшін өту балдары 95А/97А, орыс бөлімдері үшін өту балдары 94А/95А, тиісінше, 5В050700 Менеджмент - 94А/96А, 90А/93А, 5В050800 Есеп және аудит - 95А/97А, 89А/94А, 5В050900 Қаржы - 98А, 96А, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару - 95А/97А, 95/93А (Бөлшектің алымында ауыл квотасымен қатысқандар, А – «Алтын белгі» иегерлері).
Сонымен бірге «Алтын белгі» иегерлерінің де жекелеген мамандықтарға грант ұта алмаған жағдайлары кездесті.
Дегенмен, біздің университетімізде оқу мүмкіншілігіңіз бар, ең бастысы мектебіңізді жақсы аяқтап, ҰБТ-да жоғары бал жинау, сондықтан үмітіңізді үзбеңіз. Сізді біздің университетімізде күтеміз. Сәттілік!
Ізгі құрметпен, ректор Б. Әбдірайым.