Дата публикации: 11.09.2018 09:30:12
Салеметсіздер!
Мен осы университеттің екінші курс магистрімін. Қазір АҚШ-мын. Денсаулық жағдайыма байланысты академиялық демалыс алғым келеді. Қазір Филадельфия қаласында химотеропия алудамын. Сұрақ: академиялық демалыс алу үшін өзімнің келуім міндетті ме? Осы елден дәрігерлік сараптаманы академиялық демалыс алу үшін сенімді өкілім арқылы Астанаға ұсына аламын ба? Өзімнің келуіме уақыт, қаражат және денсаулық жағдайыма кері әсер ететіндіктен мүмкіндігім жоқ.
Алдын-ала рахмет!
Сәлеметсіз бе, Ahmet Idayat!
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2017 жылғы 10 қазан айындағы № 510 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс рәсімдеу үшін:
1. Қызмет алушы (не оның заңды өкілі) білім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініш жолдайды;
2. Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысын тіркейді;