Дата публикации: 02.12.2018 15:21:47
құрметті Ерлан Батташұлы. Студенттерді 16шы желтоқсанда демалысқа жіберуіңізді сұраймыз.Жаңа жылды жақындарымызбен қарсы алуға мүмкіндік беріңіз.
Ответ:
Құрметті білім алушылар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық күнтізбесіне сәйкес (Ғылыми кеңестің 2018 жылғы 29 тамыздағы №1 хаттама) теориялық оқыту толық 15 аптаны құрайды.
Бірінші курс білім алушылары үшін қыркүйек айының 3-8 күндері 1-ші курс семинары немесе бейімделу аптасы болып бекітілді. Бұл аптада білім алушылар оқыту пәндеріне тіркеліп, оқытушылар мен оқу траекторияларын таңдады, сонымен бірге ЕҰУ-дегі оқу процесі туралы жан-жақты мәліметтер алды.
Осы академиялық күнтізбеге сәйкес бірінші курс білім алушылары теориялық оқу курстарын 2018 жылдың қыркүйек айының 10-ы мен желтоқсан айының 22-сі күндері игереді. Аралық аттестаттау (қысқы емтихан сессиясы) бірінші курс білім алушылары үшін 2018 жылдың 24 желтоқсаны мен 2019 жылдың 12 қаңтары күндері ұйымдастырылады.
2-4 (5) курс білім алушылары үшін күзгі семестрдің теориялық оқыту курсы 2018 жылдың 3 қыркүйегінен басталып 15 желтоқсан күні аяқталады. Аралық аттестаттау 2018 жылдың 18 желтоқсаны мен 2019 жылдың 5 қаңтары күндері өткізіледі.
Сіздердің назарларыңызды аралық аттестаттаудың (қысқы емтихан сессиясы) өзгеріссіз, академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілетіндігіне аударғымыз келеді.
2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығының емтихандар кестесінің электрондық нұсқасы университеттің https://edu.enu.kz/ (Platonus) сайтында орналасады.