АРТА рейтингісі - 2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан Республикасының ТОП-20 ЖОО арасында 2 орын алды.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінде ТОП-50-ге ЕҰУ-дың 17 ғалымы кірді: оның ішінде Р. Мырзакулов (1-орын), А. Козловский (4-орын), М. Здоровец (5-орын), Т. Инербаев (7-орын), К. Кутербеков (12-орын), А. Акилбеков (13-орын), Д. Шлимас (14-орын), К. Жумадилов (16-орын), А. Даулетбекова (17-орын), Ш. Мырзақул (25-орын), З. Аликулов (39-орын), К. Мырзақулов (39-орын), Р. Берсімбай (40-орын), Р. Ойнаров (40-орын), Г. Нугманова (43-орын), Г. Шайхова (46-орын), Қ. Есмаханова (50-орын).
Дайындық деңгейлері мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары оқу орындарының рейтингісіне 192 білім беру бағдарламасы қатысты, оның ішінде көшбасшылар үштігіне 180-і кірді:
Бакалавриат бойынша 1 орынды - 17 бағдарлама, 2 орынды - 30 бағдарлама, 3 орынды - 18 бағдарлама (69 БББ қатысты) иеленді.
Магистратура бойынша 1 орында - 23 бағдарлама, 2 орында - 30 бағдарлама, 3 орында - 16 бағдарлама (77 БББ қатысты).
Докторантура бойынша 1 орынды - 35 бағдарлама, 2 орынды - 11 бағдарлама иеленді (46 БББ қатысты).
Университет және кафедра ғалымдарын тамаша нәтижелерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!
Рейтинг қорытындыларының толық мәтінімен НААР / IAAR сілтемесі арқылы танысуға болады.