![Loading...](/_nuxt/light-blue.e889c4fb.gif)
ЕҰУ студенттері ҚР ЖОО студенттері арасындағы XII жазғы Универсиадада тоғызқұмалақтан алтын алды
09.06.2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетінің студенті Жансая Смайылова (1 тақта) мен Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Құндыз Ескіркеп (2 тақта) тоғызқұмалақтан өткен XII жазғы Универсиадада ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасында алтын медаль жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан командалық есепте қыздар да жеңімпаз атанып, жоғары оқу орындарындағы барлық қарсыластарынан басым түсті.
ЕҰУ әйелдер командасында Сандуғаш Болысбай (Әлеуметтік ғылымдар факультеті) және Ақбота Сапарова (Ақпараттық технологиялар факультеті) ойнады.
Айта кетейік, XII Жазғы Универсиада тоғызқұмалақтан ҚР ЖОО студенттері арасында өткен жарысқа 15 ұл және 12 қыздар командасы қатысты.Поделиться: