![Loading...](/_nuxt/light-blue.e889c4fb.gif)
ЕҰУ профессоры Стамбул университетінде мастер-класс өткізіп, дәріс оқыды
Стамбул университетінің студенттері мен магистранттарына Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жаныл Жүнісованың дәрістерін оқу осы ЖОО-да ғылыми-зерттеу тағылымдамасы барысында мүмкін болды.
Екіжақты ынтымақтастық аясында ЕҰУ профессоры Жаныл Жүнісова мемлекетаралық ғылыми байланыстарды дамыту, ақпарат алмасу мақсатында Стамбул университетінің Түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасымен және Стамбул университетінің жанындағы Фараби Еуразиялық зерттеулер ғылыми-үйлестіру орталығымен шақырылды.
Ж. Жүнісова белгілі қазақ лингвисті Қ.А. Ахановтың 95 жылдығына арналған «Аханов оқулары-XXVI» халықаралық мерейтойлық конференциясына қатысты. Форумды қазақстандық, түрік, ресей, өзбек және басқа да шетелдік жоғары оқу орындары бірлесіп ұйымдастырды.
Ғылыми форумның мақсаты – тілді зерттеуде халықаралық тәжірибе алмасу, лингвистиканың проблемалары мен перспективаларын, жаңа жағдайларда тілдерді оқыту әдістемесін, сондай-ақ гуманитарлық зерттеулерде ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын анықтау.
Оған тіл білімі, лингводидактика, мәдениетаралық коммуникация мәселелерін зерттейтін, «әртүрлі салалардағы гуманитарлық білімді қамту деңгейіне ауысатын» түрлі елдердің ғалымдары қатысты.
Форум аясында түркітану және цифрлық педагогика мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің дәстүрлері мен перспективалары тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді, онда ЕҰУ теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының доценті Тұрсынхан Құсайынова және докторант М.Төлегенова өз баяндамаларын ұсынды.
Профессор Ж. Жүнісова филология факультетінің магистранттарына «Заманауи ғылыми парадигма: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында мастер-класс өткізді, Стамбул университетінің студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды.
Жалпы, жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ғылыми және оқу ақпараттарымен алмасу жолдары белгіленді.
Атап өтсек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетелдік университеттермен және ғалымдармен ғылыми-білім беру байланыстарын орнатуға үлкен мән береді. Жыл сайын жетекші қазақстандық және түрік жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығы кеңейіп келеді, бұл білім және ғылым саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдетуге қосымша серпін береді.
Анықтама үшін: Стамбул университеті әлемдегі ең үздік 500 ЖОО-ның және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең үздік 100 университеттің қатарына кіреді.