Міндеттері:
1) Коммуникациялық порталдардың көмегімен шетелдік контингент рекрутингін ұйымдастыру, ақпараттық ресурстарда Университеттің жетекші академиялық бағдарламаларын кәсіби бағдар алаңдарда таныстыруға қатысу, халықаралық білім беру көрмелеріне, конференциялар, саммиттерге және басқаларға қатысу;
2) Университеттегі ұлттық қауіпсіздік органы өкілінің келісімі бойынша, құзыретті органдарда шетел азаматын тіркеуге, шетелдік азаматтарға визалық қолдау рәсімдеуге ықпал ету, сондай ақ шетелдік білім алушылардың университеттің білім беру және әлеуметтік өміріне араласуын ұйымдастыру;
3) Университеттегі шетелдік білім алушылардың деректер базасын жүргізу және оған мониторинг жасау, тұрақты реттеп отыру ( кіруі/шығу, болу уақыты, академиялық мәртебесі бойынша т.с.с);
4) Қазақстан Республикасындағы тіркелген халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссия өкілдерімен университеттің халықаралық ынтымақтастығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, дамыту;
5) Шетелдегі этникалық қазақтар тығыз орналасқан аймақтарға Бөлім қызметкерлерін жібере отырып этникалық отандастарымызды тартуға арналған кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу.