12.02.2016
Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық киім үлгілерін насихаттау, қыздарды инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында университетімізде дәстүрлі «Қыз Жібек» байқауы жыл сайын өтіп тұрады. Үстіміздегі жылдың 2-9 ақпан аралығында «Қыз Жібек-2016» байқауының іріктеу сыны өтті. Іріктеу сынында арулар үш кезең бойынша бақ сынасты: қазақ тілінде өзін таныстыру, білім сайысы (сұрақ-жауап), өзінің бойындағы өнерін көрсету (би, ән айту, көркем сөз, т.б.).
Байқау шарттары:
-
Қазақ тілін еркін меңгерген студенттер қатарынан ару қыздар қатыса алады
-
Салт-дәстүр, әдет ғұрыпты дәріптей алуы
-
Сахнада өзін-өзі ұстай білу
-
Бойы 167 см жоғары болуы тиіс
80-ге жуық үміткерлер қатысқан байқаудың ақтық сынына оқу ордамыздың 13 факультетінен ең сұлу, ең дарынды, ақылына көркі сай 14 ару жолдама алды.
Еске сала кетейік, байқаудың ақтық сыны 4 наурыз күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимаратының концерт залында өтеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Қыз – ұлттың айнасы, ұлыстың шамшырағы» атты дәстүрлі «Қыз Жібек – 2016» байқауының қатысушылары:
1. Серкебаева Салтанат Төленқызы (Жаратылыстану ғылымдары факультеті);
2. Қайыргелді Гүлзат Русланқызы (Журналистика және саясаттану факультеті);
3. Жексембаева Гауһар Ылымқызы (Заң факультеті);
4. Темірғалиева Гауһар Әлібекқызы (Көлік және энергетика факультеті);
5. Кенжеханова Бибінұр Қайыркенқызы (Механика-математика факультеті);
6. Сражадин Інжу Қасымқызы (Сәулет және құрылыс факультеті);
7. Рақымжан Набира Рақымжанқызы (Тарих факультеті);
8. Айтмұқашева Айя Серікқызы (Тарих факультеті);
9. Қожаниязова Әсем Амантайқызы (Халықаралық қатынастар факультеті);
10. Әділова Бағдат Байқуатқызы (Экономика факультеті);
11. Шүкей Інжу Болатқызы (Әлеуметтік ғылымдар факультеті);
12. Көшембаева Мөлдір Сәбитқызы (Ақпараттық технологиялар факультеті);
13. Қалиева Камила Ерланқызы (Филология факультеті);
14. Базарбаева Меруерт Сабыржанқызы (Физика-техникалық факультет).
Іріктеу сынынан сүрінбей өткен барлық қатысушыларға алдағы ақтық сында сәттілік пен жеңіс тілейміз.