Бос орынға қызметкерлерді қабылдау тәртібі
Еуразия ұлттық университеті экономиканың басым секторларын дамыту үшін кадрлар даярлайтын Қазақстанның жетекші ғылым және білім беру орталықтарының бірі бола отырып, Сізді өз командасында көруге қуанышты!
Бос лауазымдарға іріктеу процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
· ПОҚ, ӘБҚ және ҒҚ бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың түйіндемелерін қарастыру;
· Басқарманың HR маманымен және іріктеуге өтінім жіберген құрылымдық бөлімшенің басшысымен сұхбаттасу;
· Конкурстық комиссиямен сұхбаттасу және конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсқа қатысуға ниетті тұлға Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді (өтініш жүктеу).
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) Қоғамның форматы бойынша түйіндеме (түйіндемені жүктеу);
2) ілеспе хат (cover letter) немесе мотивациялық хат;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары);
5) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес форма бойынша психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
6) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес форма бойынша наркологиялық ұйымнан анықтама;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;
8) ПОҚ, ӘБҚ және ҒҚ келесі бос лауазымдарына орналасуға конкурсқа қатысуға ниетті тұлғалар үшін бөлімшенің перспективалық дамуы туралы жоспар: факультет деканы, кафедра меңгерушісі, департамент директоры, Ғылыми кітапхананың директоры, Біліктілікті арттыру және қосымша білім институтының директоры, Студенттер үйлері дирекциясының директоры, институт директоры, зертхана басшысы, орталық меңгерушісі.
Тізімге сәйкес құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 51 бабы 1 тармағына сәйкес келесі тұлғаларға конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айрылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;
4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде.
ЕСКЕРТПЕ:
ПОҚ лауазымдарына: факультет деканы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, қауымдастырылған профессор (доцент), аға оқытушы, оқытушы, оқытушы-зерттеуші, маман-практик (профессор, доцент, аға оқытушы) жатады.
ӘБҚ лауазымдарына: департамент директоры, Ғылыми кітапхананың директоры, Біліктілікті арттыру және қосымша білім институтының директоры, Студенттер үйлері дирекциясының директоры, департамент директорының орынбасары, құрылымдық бөлімше басшысы, Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл, бас инженер, бас энергетик, музей меңгерушісі, эксперт, бас маман, баспасөз хатшысы, бас редактор, журналист, жетекші тіркеуші, менеджер (Спортклуб), аға маман, тіркеуші, жүйелік әкімші, контент-менеджер, фотограф, бейнеоператор, аудио-видео монтаж маманы, менеджер-футзал тренері жатады.
ҒҚ лауазымдарына: институт директоры, институт директорының орынбасары, ғалым хатшы, ғылыми жобаларды бас үйлестіруші, зертхана басшысы, орталық меңгерушісі, бөлім бастығы, бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, инженер жатады.
Құжаттарды Word форматында және сканерленген түрде hr@enu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз
БОС ОРЫНДАР:
Профессор лауазымына бос орындар
Оқытушы лауазымына бос орындар
Аға оқытушы лауазымына бос жұмыс орындары
Аға оқытушы лауазымына бос жұмыс орындары
Аға оқытушы лауазымына бос орындар
Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысына бос орын– 1 бірлік.
Қызметкерлер басқармасының бас HR маманына бос орын – 1 бірлік.