
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Башу Замира Рузматқызының «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етудегі стратегиялық аудит» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Тусибаева Гульмира Сергеевна – PhD, қауымдастырылған профессор, «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Жамкеева Махаббат Кангожиевна – PhD, «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг дирекциясының бас сарапшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Есымханова Зейнегуль Клышбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Клычова Гузалия Салиховна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан мемлекеттік аграрлық университеті «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі (Казань қ., Ресей Федерациясы);
Сыздыкова Эльмира Жаслановна - экономика ғылымдарының кандидаты, «Е.Б. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» ҚеАҚ «Есеп және аудит» кафедрасының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы)
Ғылыми кеңесшілері:
Сембиева Ляззат Мыктыбековна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Мелекеттік аудит» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Панков Дмитрий Алексеевич – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің «Халық шаруашылығы салаларындағы бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» кафедрасының меңгерушісі (Минск қ., Беларусь Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 12 қыркүйек, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңесте аралас (офлайн және онлай) форматта өтеді. Онлайн-трансляция Microsoft Teams платформасында өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3MuDFE
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Башу Замира Рузматқызы «8D04121 - Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етудегі стратегиялық аудит» диссертациялық жұмысының АНДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудiң мақсаты стратегиялық аудиттiң теориялық, әдiснамалық және практикалық аспектiлерiн кешендi зерделеу және мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында оны әзiрлеу және жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу қажет: стратегиялық аудиттің теориялық және әдіснамалық негіздерін және оның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етудегі рөлін қорыту және жүйелеу; стратегиялық аудит пен мемлекеттік жоспарлау жүйесі арасындағы өзара байланысты қарастыру, осы байланыстың тиімділігіне әсер ететін негізгі тұстарды анықтау; Қазақстан Республикасының контекстінде озық тәжірибені және ықтимал қосымшаларды айқындау мақсатында стратегиялық аудит жүргізудің әлемдік тәжірибесін зерделеу; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретін ерекшеліктер мен проблемаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасындағы стратегиялық аудит процестері мен өлшемдеріне талдау жүргізуге; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуде стратегиялық аудиттің қазіргі проблемаларын зерделеуді және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; қазіргі заманғы үрдістер мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделген аудиттің стратегиялық әдістемесін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Жоғары аудит палатасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында стратегиялық аудит саласындағы қызметі зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеу әдістері. Зерттеуде жүйелік және институционалдық тәсілдер, нормативтік базаны контент-талдау, шетелдік тәжірибені зерделеуге арналған салыстырмалы-талдамалық әдіс, сараптамалық бағалау әдістері, статистикалық-экономикалық және факторлық талдау, сондай-ақ модельдеудің жекелеген элементтері қолданылды. Аталған әдістерді кешенді түрде пайдалану стратегиялық аудитті және оның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігіне әсерін бағалауға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етті. Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі ресми дереккөздерді, талдамалық есептерді, аудиттік қорытындыларды қолдану арқылы, сондай-ақ алынған тұжырымдарды сараптамалық пікірлер мен салыстырмалы талдау негізінде тексеру арқылы қамтамасыз етілді. Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер: 1. Стратегиялық аудиттің мемлекет стратегиялық мақсаттарының іске асырылуын бақылау нысаны ретіндегі авторлық анықтамасы берілді. 2. Стратегиялық аудитті жүргізудің әдістемелік тәсілдері әзірленіп, ҚР ЖАО үшін бірыңғай рәсімдік стандартты енгізудің қажеттілігі негізделді. 3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі мәселелер анықталып, стратегиялық аудитті осы жүйеге интеграциялау қажеттілігі дәлелденді. 4. Ұлттық бағдарламалардың даму мақсаттарымен сәйкестігін және ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауға арналған стратегиялық аудит моделі жасалды. 5. «Жасыл» бастамалардың нәтижелілігі мен бюджеттік шығыстардың тиімділігін бағалауға арналған экологияға бағытталған стратегиялық аудит моделі ұсынылды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: Нәтиже 1. Стратегиялық аудиттің мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етудегі рөлін зерттеуге арналған теориялық-әдіснамалық тәсілдерді шолу және зерделеу аясында: шетелдік және отандық зерттеушілер мен практиктердің көзқарастары жинақталып, жүйеленді, сондай-ақ стратегиялық аудиттің мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттырудағы рөлін айқындауға әдістемелік тәсілдер әзірленді; стратегиялық аудитті мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыру құралы ретінде әдіснамалық қамтамасыз етудің негізгі аспектілері ашылып, дамуындағы негізгі үрдістер анықталды; Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы үшін бірыңғай рәсімдік стандарт әзірлеу және стратегиялық аудитте жүйелі, проблемалық және нәтижеге бағдарланған тәсілдерді енгізу қажеттілігі негізделді; «стратегиялық аудит» ұғымының авторлық анықтамасы ұсынылды. Онда стратегиялық аудит – мемлекет мақсаттарын кешенді талдау мен бағалаудың тәуелсіз және жүйелендірілген процесі ретінде қарастырылып, оның стратегиялық мақсаттардың қол жеткізілген нәтижелермен қаншалықты үйлесімді екенін анықтауға, негізгі тәуекелдерді айқындауға және стратегиялық шешімдердің өзгермелі ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу қабілетін талдауға бағытталғаны көрсетіледі. Нәтиже 2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құрылымы нақтыланып, оның жүйелік проблемалары анықталды, стратегиялық аудитті мемлекеттік жоспарлау процесіне интеграциялау қажеттілігі негізделді. Нәтиже 3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік секторының мысалында қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі жағдайында стратегиялық мақсаттар мен негізгі ұлттық индикаторлардың толық көлемде орындалмауы бағдарламалық құжаттар арасындағы үйлесімсіздікке, мақсаттардың жедел жоспарларға жеткілікті түрде интеграцияланбауына және мемлекеттік қолдау шараларының шектеулі нәтижелілігіне байланысты екені көрсетілді. Нәтиже 4. «Қазақстан–2050» көрінісі, «2060 жылға дейінгі көміртектік бейтараптық стратегиясы» сияқты мақсат қою құжаттарына негізделген стратегиялық аудит моделі әзірленді. Бұл модель ұлттық жобалар мен бағдарламалардың ұзақмерзімді мақсаттармен сәйкестігін, олардың іске асырылу тиімділігін және ресурстарды пайдалану деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Нәтиже 5. Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне экологиялық мақсаттарды (2060 жылға дейінгі көміртектік бейтараптық стратегиясы) интеграциялайтын экологияға бағытталған стратегиялық аудит моделі әзірленді. Ол «жасыл» бастамаларды іске асыру нәтижелілігін, бюджет қаражатының тиімділігін және стратегиялық бағдарламалардың орнықты дамудың экологиялық басымдықтарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді. Нәтиже 6. Ұлттық жобаларға негізделген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық аудит әдістемесі қалыптастырылды. Ол сандық және сапалық индикаторларды интеграциялауға, цифрлық мониторинг құралдарын қолдануға және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл стратегиялық міндеттердің іске асырылу тиімділігін және мемлекеттік ресурстарды ұтымды пайдалануды жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Зерттеу жұмысының жаңалығы болып стратегиялық аудиттің мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігіне ықпалын кешенді түрде теориялық және әдіснамалық тұрғыда талдау негізінде, әлемдік тәжірибе мен Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін ескере отырып, осы жүйені жетілдіруге арналған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу табылады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертациялық зерттеу келесі нормативтік-құқықтық құжаттар шеңберінде жүргізілді: «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» қаулысы, 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және басқа да құжаттар. Докторанттың әрбір жариялымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық, республикалық және шетелдік ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып, талқыланды. Алдын ала сараптамадан өту нәтижелері бойынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес, барлық жарияланған материалдардың зерттеу тақырыбына толық сәйкес келетіні және толық көлемде ұсынылғаны атап өтілді. Барлығы 12 мақала жарияланған, жалпы көлемі 8,09 баспа табақ. Оның ішінде Scopus және Web of Science базаларындағы рецензияланатын журналдарда 3 мақала жарық көрді: «Montenegrin Journal of Economics» (процентиль – 81), «Circular Economy for Renewable Energy» (Springer) (процентиль – 36), және «Economics Ecology Socium» (Q4). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда – 5 мақала, шетелдік ғылыми басылымдарда – 1 мақала және Қазақстан Республикасының басқа ғылыми басылымдарында – 3 мақала жарияланды. Мақалаларда автор бірінші және жауапты автор ретінде көрсетілген. Ғылыми нәтижелердің қолданылғанын растайтын енгізу актісі бар, оған сәйкес диссертациялық жұмыстың ғылыми нәтижелері «Тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау орталығы» ЖШС-нің ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызметінде, ИРН: BR21882352 мақсатты қаржыландыру жобасын іске асыру аясында пайдаланылған. Ізденушінің жеке үлесі – зерттеудің барлық кезеңдерін дербес ұйымдастыру және жүзеге асыру, ғылыми жарияланымдарды дайындау және нәтижелерді түрлі нысанда апробациялау.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/Dr9QyKfE098?feature=shared
