
024 жылғы 28 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Директорлар кеңесінің шешімімен (№04/24 Хаттама) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттык университеті КеАҚ-ның тұрақты даму саласындағы саясаты бекітілді. Құжат қазіргі ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) талаптары мен қағидаттарын ескере отырып әзірленді және университеттің тұрақты болашақты қалыптастыруға ұмтылысын көрсетеді.
Саясаттың негізіне алынған қағидаттар:
- Экологиялық жауапкершілік
- Әлеуметтік нәтижелілік
- Экономикалық тиімділік
Университет қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық таза, энергия мен суды үнемдейтін технологияларды енгізуге, жоғары әлеуметтік стандарттарды ұстануға және тұрақты экономикалық өсімге жағдай жасауға міндеттеме алады.
Іске асыру құралдары
Саясатты іске асыру үшін келесі негізгі құжаттар әзірленді:
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ тұрақты даму саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары — ESG мақсаттарына жетуге арналған нақты қадамдарды қамтиды;
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ мүдделі тараптардың Картасы — тұрақты даму процесінде ескерілетін барлық мүдделі топтарды анықтайды;
Тұрақты даму орталығының рөлі
Осы бағыттағы үйлестіруші құрылым — Тұрақты даму орталығы. Оның басты мақсаты — университет қызметіне тұрақты даму қағидаттары мен ESG стандарттарын интеграциялау.
Орталықтың негізгі бағыттары:
- тұрақты даму саласында есептер мен аналитикалық материалдарды дайындау;
• білім беру процестерін жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық даму бойынша бастамалар әзірлеу;
• болашақ трендтерді болжауға арналған форсайт-сессияларды ұйымдастыру;
• іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
• ESG мәселелері бойынша ішкі коммуникация мен ақпараттандыруды қамтамасыз ету.
Байланыс ақпараты
Тұрақты даму орталығы
Телефон: (7172) 709-500, ішкі 31-350
Электронды пошта: rakhimova_nr@enu.kz
Орталық басшысы — Рахимова Несвеля Рахимқызы
Біз әрдайым ынтымақтастыққа, бастамалар мен тұрақты болашаққа бағытталған жаңа идеяларға ашықпыз!
Тұрақты даму мақсаттары

















