
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бузаубаева Перизат Несипбаевна «8D04109 – Қаржы және бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалау жүйесін дамыту » тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Курманалина Анар Кайратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Касымбекова Гульжахан Рыскуловна – PhD докторы, «Тұран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебіңің доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Калкабаева Гаухар Муратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Асилова Айжан Сарсеновна – экономика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Юзвович Лариса Ивановна – экономика ғылымдарының докторы, профессор «Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералдық университеті» ФМББҰ ЖОО, «Қаржы, ақша айналысы және несие» кафедрасының меңгерушісі (Екатеринбург қ., Ресей федерациясы).
Ғылыми кеңесшілері:
Мақыш Серік Биханұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор «Esil university» мекемесінің Бірінші проректоры – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Кантороева Гулзат Кантороевна – экономика ғылымдарының докторы, Қ.Ш. Тоқтомаматов атындағы Халықаралық университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 26 желтоқсан, сағат 16:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04109 – Қаржы және бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі.
Сілтемесі: https://surl.li/snsakz
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы (№302 ауд.).
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалауға қатысты теориялық негіздер мен іске асырылу механизмдерін талдау, олардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оңтайлы жетілдіру жолдарын ұсыну. Зерттеу жұмысының қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет: - Банк қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау ұғымын микро және макро деңгейде зерделеп, анықтама беру; экономикалық мазмұның - Тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың қағидаттарын, әдістері мен тәсілдерін ашып, көрсету; - Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалаудың қазіргі жағдайын талдау жасау; - Қазіргі кезде банк секторын тәуекелге бағыттылған реттеу мен қадағалаудағы цифрлық технологияларды пайдаланылуына талдау жасау; - Банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау тиімділігін анықтау үшін экономика-математиалық модель әзірлеп, талдау жасау; - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметін тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалау жүйесін жетілдіруге байланысты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Диссертация тақырыбын ашу барысында зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері қолданылды. Теориялық әдістердің ішінде салыстырмалы әдіс, синтез әдісі, аналитикалық әдістер қолданылса, эмпирикалық әдістердің ішінде статистикалық әдіс қолданылды. Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Аталмыш тақырыптың жоғары өзектілігіне қарамастан, банк қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау мәселесі әлі толық зерттелмеген, бұл таңдалған зерттеу тақырыбының ерекше теориялық маңыздылығы мен өзектілігін анықтайды. Осы тақырыптың айналасында зерттеу жүргізген ғалымдарды біз үш бөлікке бөліп қарастырдық. Біріншісі, шет мемлекеттердің келесідей зерттеушілері David T. Llewellyn, Gourav Vallabh, Mozhovyi, O., & Pavliuk, O., Vallabh, G., Arora, D., & Agarwal, R., Guerrero, M., Dharmawati, T., Muhardiana, W., Rini, A., Parintak, U., Vitara, S., & Farihu, S., Matei Dohotaru, Marin Prisacaru, Ji Ho Shin and Yasemin Palta еңбектерін қарастырдық. Шетелдегі халықаралық ұйымдардың ТБРҚ жайлы айтқан ойлары. Екіншісі, банк қызметін реттеу мен қадағалауды жетілдіру мәселелері, тәуекелге бағытталған қадағалау туралы ресейлік ғалымдар В.Д. Андрианов, Н.И. Валентцева, С.Д. Вахрушев, С.Е. Дубова, Ю.А. Кропин, А.А. Лобанов, С.Р. Моисеев, О.И. Лаврушин, В.В. Масленников, А.Ю. Симановский, А.Д. Шеремет, Г.Н. Щербакова еңбектерінде қарастырылған. Үшіншісі, банк саласын тәуекелге бағытталған реттеу және қадағалау тақырыбы бойынша отандық ғалымдар Ғ.С. Сейтқасымов, З.Д. Искакова, Р.А. Исмаилова, С.Б. Мақыш, Ә.Ә. Мусина, Л.М. Сембиева, Г.Б. Алина, З.А. Баймағамбетова, А.Т. Джумабекова, К.Ж. Садвақасова және т.б. авторлардың еңбектері зерделеніп, қарастырылды. Осы зерттеуде уәкілетті органның статистикалық ақпараттары, дүниежүзінің халықаралық ұйымдарының есептіліктер және өзге де статистикалық көрсеткіштер қолданылды. Диссертациялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда тұжырымдалған тұжырымдар мен ұсыныстар ҚР-ның банк секторын тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау жүйесін дамытуда екі тарап үшін де маңызды. Қазақстанның банк секторын тәуекелге бағытталған қадағалау мен реттеу жүйесін халықаралық тәжірибелермен салыстырып, оларды ел экономикасының ерекшеліктеріне бейімдеудің теориялық негіздерін қалыптастырады және тәуекелге бағытталған реттеу механизмдерінің тиімділігін арттыруға және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Бұл зерттеудің нәтижелері Қазақстан Республикасының банк секторындағы реттеу және қадағалау жүйесін жетілдіруге тікелей үлес қоса алады. Оның тәжірибелік маңыздылығы бірнеше аспектілермен анықталады: банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, реттеуші органдар үшін тиімді ұсыныстар әзірлеу, банк секторын жүйелік тәуекелдерден алдын алу, халықаралық тәжірибені қолдану. Зерттеудің теориялық және әдістемелік нәтижелері жоғарғы оқу орындарының бірінде және ЕДБ ұсынылып, ол іске асыру туралы актімен расталды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар) Зерттеудің гипотезасы. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау жүйесін дамыту банк секторындағы жүйелік тәуекелдерді алдын алуға, банк секторының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, қадағалау ресурстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны– екінші деңгейлі банктер. Зерттеу пәні – банк секторының тәуекелге бағытталған ретту мен қадағалау барысындағы экономикалық қатынастар жатады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы банк секторын реттеу мен қадағалау бойынша теориялық ұстанымдарды жүйелеу және кеңейтуге, сондай-ақ осы негізде тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау жүйесіне қатысты тұжырым әзірлеп, ТБРҚ жүйесінің қағидаттары, әдістері мен тәсілдер, іске асырылу тетігі әзірленіп, дамыту бойынша ұсыныстар келтірілді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1) банк қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың макро және микро тұрғыдан анықтамалары ұсынылды; 2) тәуекелге бағытталған тәсілдің қағидаттары, банк саласын тәуекелге бағытталған реттеудің әдісі және тәсілдері, іске асырылу үрдістері, тәуекелге бағытталған қадағалаудың объектілері мен суъектілері бейнеленді; 3) Шетелдік банк секторын реттеуші және қадағалаушы органдарының тәжірибелерін негізге ала отырып, тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау жүйесінде тиімділікті арттыуға қатысты технологиялық құралдарды енгізу және цифрлық трансформациялау арқылы банк секторындағы жүйелік тәуекелдерді алдын-алуға қатысты ұсыныстар әзірленді; 4) Банктерді тәуекел бейіні бойынша жіктеп, қадағалау әрекеттерін банктердің көлеміне байланысты іске асыру ұсынылды; 5) Қадағалаушы органдар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы тексеру әрекеттерін заңдастыру арқылы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. 1. Ғылыми жаңалығы 1) Бірінші рет Қазақстан жағдайында банк қызметін тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалаудың макро және микро деңгейдегі теориялық анықтамалары жүйеленіп, олардың өзара байланысы мен шекаралары нақты айқындалды. Бұл қадам қаржы нарығын макроқадағалау мен жеке банктерді микроқадағалау механизмдерінің интеграциясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2) Тәуекелге бағытталған тәсілдің қағидаттары мен әдістемелік базасы ғылыми тұрғыда жетілдіріліп, банк секторының ерекшеліктеріне сәйкес жаңа элементтер енгізілді: тәуекелдерді бағалау критерийлері мен көрсеткіштер жүйесі анықталды; тәуекелге бағытталған қадағалаудың объектілері мен субъектілерінің өзара іс-қимылы құрылды; қадағалау процесінің кезеңдері (идентификациялау, бағалау, әрекет ету, бақылау) нақты әдістемелік сипат алды. 3) Шетелдік тәжірибе (OECD, ЕО, Ұлыбритания, Сингапур, Базель комитеті және т.б.) негізінде Қазақстанның банк секторына бейімделген цифрлық қадағалау мен реттеудің инновациялық технологиялары (SupTech, RegTech, AI, Big Data) ұсынылды. Бұл технологиялар тәуекелдерді ерте анықтауға, қаржылық тұрақсыздықтың алдын алуға және банктік қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған. 4) Зерттеу барысында екінші деңгейлі банктер тәуекел бейіні бойынша жіктеліп, әр санаттағы банктерге (ірі, орта, шағын) арналған дифференциалды қадағалау тетіктері ұсынылды. Бұл банктердің өлшемі мен тәуекел деңгейін ескере отырып, қадағалау ресурстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. 5) Алғаш рет қадағалаушы органдар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл заңнамалық тұрғыда нығайту қажеттілігі негізделіп, аудиттің тәуекелге бағытталған элементтерін енгізу және сыртқы аудиттің жауапкершілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Теориялық маңыздылығы: - Зерттеу нәтижелері тәуекелге бағытталған реттеу мен қадағалау теориясын дамыта отырып, банк жүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми негізін қалыптастырады. - Макро және микро деңгейлердегі қадағалау шекараларын ажырату мен өзара байланысын көрсету теориялық үлес болып табылады. - Жаңа тұжырымдамалар мен әдіснамалық тәсілдер банк реттеуінің институционалдық және технологиялық дамуына теориялық негіз береді. - Зерттеу Қазақстан жағдайында тәуекелге бағытталған қадағалау моделін бейімдеу жолдарын айқындайды және халықаралық стандарттармен (Basel III, FSAP) сабақтастығын күшейтеді. Тәжірибелік маңыздылығы: - Ұсынылған модельдер мен әдістемелерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі тәуекелге бағытталған реттеу және SREP шеңберінде қолдана алады. - Тәуекел бейіні бойынша банктерді жіктеу әдісі банктік сектордағы жүйелік тәуекелдерді анықтау мен қадағалау ресурстарын бөлу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. - SupTech және RegTech шешімдерін енгізу бойынша ұсыныстар қадағалау процестерін цифрландыру, Big Data және жасанды интеллект негізінде талдау жасау мүмкіндігін арттырады. - Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін арттыру және реттеушімен байланысын заңдастыру арқылы тәуекелге негізделген сыртқы аудит жүйесін қалыптастыруға жол ашылады. - Нәтижелер банк менеджментінде, ішкі аудитте және тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруде практикалық құрал ретінде пайдалануға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Тақырып бірнеше шешуші мемлекеттік құжаттардың мақсаттары мен міндеттерімен тікелей байланысты: - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Стратегияның негізгі бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті экономиканы және инвестициялық тартымды ортаны құру. Банктерді, әсіресе шағын және орта бизнесті несиелеуге жауапты екінші деңгейлі банктерді тұрақты және тиімді реттеу жүйесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және инвестициялық ағымды қамтамасыз етуге ықпал етеді. - «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы»: Бұл тұжырымдама банктік сектордың тұрақтылығын нығайтуды, тәуекелге бағытталған реттеуді жетілдіруді және қаржылық нарықтарды тұрақтандыруды негізгі мақсаттар ретінде белгілейді. Жұмыстың нәтижелері ұлттық қаржы жүйесін тұрақтандыру, тәуекелдерді басқару және цифрлық қадағалау мәдениетін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға ғылыми үлес қосады. Зерттеу нәтижелерінің сенімділік дәрежесі, апробация және алынған нәтижелерді енгізу. Диссертация нәтижелері жеткілікті сенімділікке ие, себебі олар келесілерге негізделген: - Ашық көздерден алынған қолжетімді ақпараттық базаны пайдалану. - Банк реттеу мәселелеріне арналған отандық және шетелдік мамандардың негізгі зерттеулеріне сындарлы талдау жүргізу. - Зерттеу барысында жалпығылыми әдістерді қолдану, соның ішінде жүйелік талдау, диалектикалық әдіс және экономикалық-математикалық әдістер. - Ғылыми тұжырымдар, қорытындылар мен ұсыныстар отандық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда апробацияланды. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері 24 ғылыми жарияланымда көрініс тапты. Диссертацияның жекелеген ережелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда және ғылыми-әдістемелік семинарларда 19 мақала баяндалды, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдарда 4 мақала, сондай-ақ Scopus базасындағы халықаралық рецензияланатын журналында 1 мақала жарияланды. Басқа мақалаларда автор бірінші және корреспондент автор ретінде ұсынылған. Ізденушінің жеке үлесі зерттеудің барлық кезеңдерін дербес ұйымдастыруда және жүзеге асыруда, зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар дайындауда және басқа нысандарда сынақтан өткізуде айқын көрінеді. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері «Bolashaq» академиясының «Қаржылық» білім беру бағдарламасы бойынша «Банк ісі», «Банк тәуекелдері» пәндеріне оқу үрдісіне, «First Heartland Jusan Вank» АҚ, «Отбасы банк» АҚ ҚОФ және Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің» Қарағанды қ.өңірлік өкілдер басқармасының тәжірибесінде пайдаланылады және ол туралы енгізу актілерімен расталады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=CeaV6-HOmok
