
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жамиева Айжан Ергаликызы «8D04114 – Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша «Экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның салық жүйесінің жаңғырту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Кожахметова Марал Кенебаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Нархоз университеті» КеАҚ Экономика және менеджмент мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Лукпанова Жанар Оралхановна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры, «Esil University» «Қаржы» кафедрасының кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Есеналиева Бактыгул Баховна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті «Банк ісі және салық салу» кафедрасының меңгерушісі (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы);
Каршалова Алма Дамеровна – PhD докторы, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Оқанова Айзада Талғатқызы – PhD докторы, «Allur Motor Almaty» ЖШС аға бухгалтері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Жагыпарова Аида Орынтаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Киреева Елена Федоровна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қаржы саясатын зерттеу институты директорының орынбасары (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 26 маусым, сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04114 – Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3LioCs
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы (№302 ауд.).
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің өзектілігі. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды элементі бола отырып, үнемі жетілдіруді және бейімделуді талап етеді. Бұл экономикалық өсу жағдайында да, тұрақсыздық кезеңінде де барлық деңгейлерде тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ету үшін қажет. Тек икемді және заманауи салық жүйесі сыртқы ортаның өзгеруіне тиімді жауап бере алады. Салық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігі көбінесе жүргізілетін салық саясатының сапасымен анықталады. Геосаяси шиеленіс, логистикалық тізбектердің үзілуі, шикізат нарықтарының тұрақсыздығы және басқа да факторлар сияқты сыртқы сын — қатерлермен шиеленіскен Қазақстандағы өзекті экономикалық процестер — фискалдық бағамды қайта қарау қажеттілігін тудырады. Мұндай жағдайларда салық саясатын жаңарту және салық жүйесін жаңғырту экономикалық тұрақтылықты сақтаудың және одан әрі өсуді ынталандырудың негізгі шарттарына айналады. Өзінің табиғаты бойынша салық жүйесі бірқатар нақты факторлардың әсерінен болатын салық қатынастары процесін ұйымдастырудың нәтижесі, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудің маңызды тиімді құралдарының бірі болып табылады, оны жетілдіру тетігі тиімділік пен әділеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Салық жүйесінің экономикалық өсуге әсері туралы пікірталастың өзіндік тарихы бар және әлі де жалғасуда. Көптеген зерттеулердің нәтижелері керісінше: салық жүйесінің экономикалық өсуге бейтараптығы немесе тіпті теріс әсері тек қысқа мерзімді ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді болашақта да оң әсерің береды. Теориялық модельдер мен эмпирикалық зерттеулер екі көзқарасқа да көптеген дәлелдер келтіреді. Әлемдік экономика көбінесе салық заңнамасына қарағанда тезірек дамиды, сондықтан салық саясаты макроэкономикалық факторларға жауап беріп, бейімделіп, өз кезегінде экономиканың негізгі салаларына әсер етуі керек. Салық саясатының қазіргі тенденциялары болып: климаттың өзгеруімен күресу үшін көміртегі салығын енгізу, салық жинауды жақсарту үшін цифрлық технологияларды енгізу табылады. Кейбір мемлекеттер әлеуметтік теңсіздікті азайту және бейрезиденттердің салық салу ережелерін қаталдандыру үшін байлыққа салынатын салықтын түрін енгізуді жоспарлап отыр, әсіресе цифрлық экономика салысында. Тиімді салықтық әкімшілендіру - қажетті өзекті ынталандырушы факторға айналады. Экономикалық қатынастарды заманауи реттеу икемді салық саясатын талап етеді, оның мақсаты мемлекет мүдделері мен салық төлеушілердің мүдделерінің оңтайлы үйлесіміне қол жеткізу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" Жолдауында жаңа Салық кодексінде фискалдық реттеуді қайта жүктеу міндетін қойды, өйткені орнықты экономикалық өсу толығымен жаңартылған неғұрлым проблемалық блок – салықтық әкімшілендірумен түсінікті және болжанатын салық саясатына тікелей байланысты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі стратегиялық сипаттағы құжаттарға сәйкес келеді: "Қазақстан – 2050" Стратегиясы, салық саясатының тұжырымдамалық мәселелерін зерттеу және салықтық әкімшілендіруді жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізу салықтық реттеу тетіктерін жүйелі жаңғыртуды талап етеді. Бұл тұрғыда ішкі және сыртқы экономикалық ортаның тез өзгеретін жағдайларына бейімделуін арттыру мақсатында қолданыстағы салық салу құралдарының өзгеруі ерекше өзекті болып отыр. Салық институттарын үнемі жетілдіру мемлекеттік бюджет кірістерінің тұрақты өсуінің шарты ғана емес, сонымен қатар инвестициялық белсенділікті, іскерлік бастаманы ынталандырудың және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Салық жүйесін жаңғырту мәселесі қаржылық-экономикалық реттеу мәселелерінің спектрінде шешуші болып қала береді. Қазіргі уақытта ол салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттырудың және салық төлеуден жалтаруға қарсы күрестің дәстүрлі аспектілерін ғана емес, сонымен қатар цифрландыру, жаһандану және трансшекаралық капитал ағындарын күшейту сын-тегеуріндеріне жауап беретін инновациялық фискалдық шешімдерді енгізу қажеттілігін де қамтиды. Прогрессивті салық салу, сәнді тауарларға салық салу принциптерін іске асыру арқылы салық ауыртпалығына неғұрлым сараланған көзқарасты, сондай-ақ агрессивті салықтық жоспарлау арқылы салық міндеттемелерін барынша азайтатын трансұлттық корпорациялардың қызметіне бақылауды күшейтуді көздейтін фискалдық әділеттілік мәселелеріне ерекше мән беріледі. Бұл шаралар әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың салық жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған. Салық жүйесін тиімді жаңғырту салықтық төлеудің оңтайлы деңгейін, салықтардың теңгерімді құрылымын таңдауға ғылыми негізделген тәсілді, сондай-ақ салық саясатының икемділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін құқықтық тетіктерді әзірлеуді талап етеді. Көрсетілген мәселелер таңдалған тақырыбтын теориялық-қолданбалы негізің қалыптастыра отырып, салықтық әкімшілендірудің жаңа моделін қалыптастырудың контекстінде оның тәжірибелік маңыздылығын көрсетеді, бұл таңдалған зерттеу тақырыбын өзектілігін сипаттайды. Ғылыми даму дәрежесі. Шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері салық жүйесін жетілдіруді зерттеу мәселелеріне арналған. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық алғышарттары классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар Смит А., Кейнс Дж. М., Лаффер А. Б., сондай-ақ қазіргі заманғы шетелдік ғалымдар Stiglitz J. E., Piketty T., Zucman G., Saez E., McBride W., Neumark F., Л.И. Гончаренко, Е.Ф. Киреева, В.Г. Пансков және басқалар. Салық қатынастарын басқару қазақстандық қаржыгерлер С.М. Өмірбаев, А.А. Нұрымов, А.Б. Зейнелгабдин, Л.М. Сембиева, А.И. Худяков, М.Т. Оспанов және басқа да ғалымдардың жарияланымдарында көрініс тапты. Сонымен қатар, салық жүйесін модернизациялаудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерін зерттеуге арналған ғылыми еңбектердің отандық әдебиеттерінде шамалы саны бар. Осылайша, қазіргі уақытта қазақстандық экономикалық және қаржы ғылымында салық жүйесін жаңғыртудың теориялық және әдіснамалық негіздерін, оның ішінде экономикалық тұрақсыздық кезеңінде ашатын тұтас және жалпы қабылданған тұжырымдама жоқ. Диссертациялық зерттеудің мақсаты экономикалық тұрақсыздық жағдайында салық жүйесін жаңғыртудың теориялық және әдіснамалық ережелерін зерттеу және салықтық әкімшілендірудің цифрлық циклдік алгоритмін енгізу арқылы салық төлеушілердің салық органдарымен қарым-қатынасының жаңа параметрлерін әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қажет: - қазіргі заманғы жағдайлар контекстінде салық жүйесінің мазмұнын, құрылымын және элементтерін зерттеу; - салық саласындағы экономикалық тұрақсыздық белгілерінің көріну ерекшеліктерін анықтау; - оны жаңғыртудың негізгі бағыттарын анықтау мақсатында Қазақстанның салық жүйесінің сандық және сапалық сипаттамаларын талдау; - салықтық әкімшілендіру тетігінде цифрландыруды қолдану бөлігінде Қазақстанның салық жүйесін жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеу; - сызықтық эконометрикалық ретроспективті модельді қолдана отырып, қысқа мерзімдегі кезеңде салық түсімдеріне әсерететің факторларды болжау. Зерттеу объектісі Қазақстанның салық жүйесі және оның жекелеген элементтері болып табылады. Зерттеу пәні субъектілер мен салық салу объектілерінің экономикалық тұрақсыздық жағдайында оларды жаңғырту аспектісіндегі қаржылық-экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: салық салу саласындағы жетекші отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Дүниежүзілік Банктің әдістемесі бойынша жүргізілетін халықаралық зерттеулер болып табылады. Диссертацияда мерзімді ғылыми басылымдардағы, монографиялардағы, ғылыми конференциялар материалдарындағы, зерттелетін мәселелер бойынша семинарлардағы Жарияланымдар пайдаланылды. Әдістемелік база ретінде жүйелік, визуалды және синергетикалық әдістерді, сондай-ақ құрылымдық талдау әдісін қолдана отырып, институционалдық теорияның жеке теориялық ережелері қолданылды. Зерттеу материалдарын жинау және өңдеу үшін жалпылау әдістері, кешенді талдау, ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістері, экономикалық-математикалық модельдеу және т.б. талдау кезінде салыстыру, топтау, факторлық талдау сияқты арнайы талдау әдістері мен әдістері қолданылды. Сондай-ақ, салықты болжаудың тиімді нәтижелерін алу үшін әсер етудің негізгі факторларын анықтау мақсатында экономикалық-математикалық модельдеуді қолдануға негізделген эмпирикалық зерттеулер қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Дүниежүзілік банктің және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарының статистикалық деректері, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жария есептері, ғаламдық Интернет желісінің ресурстары, сондай-ақ жүргізілген зерттеулер мен есептеулер. Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы салықтық қатынастардың ашықтығын арттыру үшін циклдік алгоритмді пайдалана отырып процестерді цифрландырудан тұратын салықтық әкімшілендіру тетігін әзірлеуге негізделген экономикалық тұрақсыздық жағдайында салық жүйесін жаңғыртудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда жатыр. Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер: 1. Салық жүйесін жаңғыртудың теориялық және тұжырымдамалық тәсілдері жалпыланған және жүйеленген, атап айтқанда: - Қазақстанның салық жүйесін дамытудың әдіснамасы ретінде, зерттеу міндетіне сайкес келетің институционалдық теорияны анықтадық; - қазіргі салық жүйесінің анықтамасының авторлық түсіндірмесі ұсынылған; -қаржы-экономикалық дағдарыстың туынды түрі ретінде салық дағдарысы ұғымы нақтыланды. 2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ағымдары жай-күйіне бағалау жүргізілді: - салық жүйесінің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің және ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайын көрсететін негізгі макроэкономикалық және макроқаржылық параметрлердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі анықталды; 3. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында салық жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстар кешені әзірленді: - ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында "Feedback" циклдік салықтық әкімшілендіруді енгізу арқылы салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік қатынастарды құру тетігі ұсынылды; - есептік көрсеткіштер әсерінің негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кезеңде салық түсімдерін ретроспективті болжаудың эконометрикалық моделі әзірленді. Диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: зерттеудегі теориялық ережелер мен тұжырымдар жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде "Қаржы", "Салық және салық салу", "Салықтық әкімшілік", "Салықтық реттеу" және т. б. пәндерді оқытуда қолданылуы мүмкін. диссертацияларды уәкілетті органдар салықтық әкімшілендіру тетігін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті атынан қолдана алады. Зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі ғылыми ережелері мен нәтижелері халықаралық, республикалық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және талқыланды. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және пайдалану енгізу туралы құжаттармен расталады. Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша 21 ғылыми мақала, оның ішінде Scopus базасына кіретін ғылыми журналдарда 2 мақала, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдарда 6 мақала, халықаралық конференция материалдарында 13 мақала, оның ішінде 3 мақала шетелдік журналдарда жарияланды. Диссертацияның көлемі мен құрылымы қойылған міндеттердің логикалық реттілігі мен алгоритмін көрсетеді және 145 беттен тұрады, оған кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған дереккөздер тізімі және 2 қосымша кіреді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=8XTZVtez420&ab_channel=ENUOFFICIAL
