
«6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калиева Самал Ахметжановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калиева Самал Ахметжановна «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша «Ляпуновтың вектор функциясының градиентті-жылдамдық әдісімен басқару жүйесін синтездеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Утепбергенов Ирбулат Туремуратович - ғылым докторы, профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, профессор
Бейсембаев Акамбай Агыбаевич - ғылым кандидаты, доцент, Satbayev University
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Айтчанов Бекмурза Хусаинович - ғылым докторы, профессор, Сулейман Демирель атындағы университеті, профессор
Ахметов Бахытжан Сражатдинович - ғылым докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, профессор
Kutucu Hakan - философия докторы (PhD), Карабук университеті
Khujamatov Halimjon Ergashevich - философия докторы (PhD), доцент, Мұхаммед әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті
Ғылыми кеңесшілер:
Бейсенби Мамырбек Аукебаевич – техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының профессоры
Марков Александр Владимирович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, "Басқару жүйелері" кафедрасының меңгерушісі, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті (Минск қ., Беларусь Республикасы)
Қорғау 2023 жылғы 22 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ae8sitCVDaL5sddkcKQEfLa_-OFywt86lSr2NqddxtqQ1%40thread.tacv2/1700637608997?context=%7b%22Tid%22%3a%225a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73%22%2c%22Oid%22%3a%2233d66466-78cc-4bf3-817c-92b97d57eb7b%22%7d
Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, №2 ғимарат, Мәжіліс залы (№222 ауд.).
Аңдатпа (қаз.): Қалиева Самал Ахметжановнаның «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Ляпуновтың вектор функциясының градиентті-жылдамдық әдісімен басқару жүйесін синтездеу» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Автоматты басқарудың заманауи теориясындағы негізгі бағыттардың бірі-технологиялық процестер мен техникалық объектілердің математикалық моделін сипаттау әдісін нақты білмеуінен немесе жеңілдету, сондай-ақ объектіге сыртқы әсеріден туындайтын анықталмағандық жағдайында басқаруды талдау және синтездеу. Осындай факторлардың салдарынан пайда болатын реттеудің сапасы нашарлап, орнықтылықтың қоры өзгереді, ал осындай нәтижелер жүйенің орнықтылығын жоғалуына әкелуі мүмкін. Басқарудың динамикалық жүйелерін талдаудың маңыздысы – олардың орнықтылығы туралы мәселені шешу. Автоматты басқару жүйелерін синтездеу мәселесі автоматты басқару теориясында басты орын алады, себебі есептеу тәсілдері мен зерттеу әдістері нақты жүйелерді жобалау сапасын анықтайды. Автоматты басқару жүйесін синтездеудің негізгі мәселесі – берілген сапа көрсеткіштері бойынша автоматты басқару жүйесін синтездеудің мәселесі осы көрсеткіштердің қажетті мәнін қамтамасыз ету мақсатымен басқару объектісінің белгілі динамикалық сипаттамасы бар реттегіштердің құрылымы мен параметрлерін таңдап алу болып табылады. Синтездің классикалық әдістері беріліс функциялары мен жиілік сипаттамаларын қолдануға негізделген. Кейінірек пайда болған берілген сапа көрсеткіштері бойынша автоматты басқару жүйесін синтездеудің жаңа тәсілдері заманауи деп аталады. Автоматты басқару саласындағы жаңа ғылыми бағыт - Ляпуновтың векторлық функцияларының градиент-жылдамдық әдісінің нәтижелеріне негізделген автоматты басқару жүйелерінің кешенді көрсеткіштері бойынша синтездеу әдістерін әзірлеу. Диссертациялық зерттеудің мақсаты - Ляпунов вектор-функцияcының градиенттік-жылдамдық әдісінің негізінде, басқарудың күтілетін сапасына сай болатын, апериодты робасты-орнықты автоматты басқару жүйесінің синтезінің теориялық негіздерін әзірлеу. Зерттеу міндеттері: 1. Ляпунов вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісін қолдану арқылы бір кірісі мен бір шығысы бар және m-кірісі мен n-шығысы бар автоматты басқару жүйесінің апериодтық, робасталық-орнықтылықтың синтезін теориялық түрде әзірлеу. 2. Күтілетін сапа көрсеткіштері бойынша және автоматты басқару жүйесінің өтпелі сипаттамасы таңдап алынатын, Ляпуновтың вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісін қолдану арқылы бір кіру және бір шығуы болатын жүйенің синтезін әзірлеу. 3. Күтілетін көрсеткіштері бойынша және автоматты басқару жүйесінің m-кірісі мен n-шығысы болатын өтпелі процесстерінің сипаттамасы бойынша, Ляпуновтың вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісі көмегімен, автоматты басқару жүйесінің синтезін әзірлеу. 4. Ляпуновтың вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісі көмегімен канондық түрлендіру саласындағы m-кірісі және n-шығысы болатын апериодтық робасталық-орнықты автоматты басқару жүйесінің синтезін әзірлеу. 5. Автоматты басқару жүйесін жасап шығару үшін басқарудың күтілетін сапа көрсеткіштерімен қамтылған, әртүрлі технологиялық процестер мен техникалық объектілерді қолдану арқылы, апериодтық робасталық-орнықты автоматты басқару жүйесінің модельдерін қолдану. Зерттеу тәсілдері. Қойылған міндеттерді шешу шеңберінде автоматты басқару теориясының аппараты, орнықтылық теориясы, сызықтық алгебра теориясы, динамикалық жүйелер теориясы қолданылды. Сондай-ақ алынған теориялық ережелер Simulink MATLAB бағдарламалық кешенін қолдану арқылы жүргізілген имитациялық эксперименттердің нәтижелері көмегімен расталады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1. Ляпунов вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісі көмегімен бір кіру мен бір шығуы және m-кірісі мен n-шығысы бар автоматты басқару жүйесінің апериодтық робасты-орнықты автоматты басқару жүйесінің синтезі әзірленді. 2. Күтілетін сапа көрсеткіштері бойынша және автоматты басқару жүйесінің өтпелі сипаттамасы таңдап алынатын, Ляпуновтың вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісін қолдану арқылы бір кіру және бір шығуы болатын басқару жүйесіің синтезі әзірленді. 3. Ляпуновтың вектор-функциясының градиенттік-жылдамдықтық әдісімен күтілетін көрсеткіштері мен өтпелі процестерінің сипаттамалары бойынша m-кірісті және n-шығысты автоматты басқару жүйесінің синтезі әзірленді. 4. Ляпунов вектор-функциясының градиенттік-жылдамдық әдісімен канондық түрлендіру саласындағы m-кірісі және n-шығысы болатын апериодтық робасты-орнықты автоматты басқару жүйесінің синтез есептері құрастырылды. Модельдің көмегімен іске асырылған имитациялық эксперименттердің нәтижелері арқылы расталды. Қорғауға шығарылатын ғылыми нәтижелер: 1. Ляпунов вектор-функциясының градиенттік-жылдамдық әдісімен өтпелі процестердің кешендік күтілетін көрсеткіштері мен сипаттамалары бойынша апериодтық робасты-орнықты SISO-жүйелерінің синтезі. 2. Ляпунов канондық түрлендірулер аумағындағы вектор-функциясының өлшемді объектілер үшін, кешендік көрсеткіштері және өтпелі процестердің сипаттамалары бойынша, апериодтық робасты-орнықты автоматты басқару жүйесінің синтезі. 3. Ауытқу бұрышы мен бұрыштық жылдамдығы бойынша басқаратын ғарыш аппаратын бағдарлау және тұрақтандыру процестерін автоматты басқару жүйесінің орнықтылығын және қажетті өтпелі процесті зерттеу нәтижелері. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы. Диссертациялық жұмыста келтірілген ғылыми-зерттеу нәтижелері "Транстелеком" АҚ ұлттық телекоммуникациялық компаниясының деректерді тарату арналарын мониторингілеу және автоматтандырылған жүйелерін басқаруда – бейнеконференциялардың байланыс жүйелерінде сессиялар өткізу кезінде жүйелердің жоғары деңгейдегі істен шығулардан орнықтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жоба дайындалып, ол конкурсқа қатысып, гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша өтті. Докторант осы жобаға ғылыми қызметкер ретінде қатысты (Басым бағыты "Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар". AP08857114 "Детерминді хаотикалық процестерді зерттеу және басқарудың ақпараттық технологиялары".) Докторанттың әрбір жариялымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертацияда ұсынылған зерттеу жұмысы автордың тікелей қатысуымен жүргізілді. Мәселенің қойылымы, барлық қарастырылған мәселелерді формализациялау, оларды шешудің әдістері мен алгоритмдерін жасау, сонымен қатар, диссертацияда ұсынылған ғылыми және практикалық нәтижелері, оларды талдау, қорытынды шешімдерді қалыптастыруды жеке автордың өзі жүзеге асырды. Нәтижелері ғылыми мақалалар мен баяндамалар түрінде жарияланды. Зерттеу нәтижелерін апробациялау. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының ғылыми семинарында, келесідей халықаралық конференцияларда баяндалып, апробациядан өткізілді: 1. Международный образовательный форум «Дидактический мост: Европа-Азия». (Семей, 2018); 2. Материалы научной конференции ИИВТ КН МОН РК «Инновационные IT и Smart-технологии», посвященной 70-летнему юбилею профессора Утепбергенова И.Т. (Алматы, 2019); 3. 7th International conference Science and society – Methods and problems of practical application. (Vancouver, 2019); 4. «International Conference on Information Science and Communications Technologies» - ICISCT-2019 (Tashkent, 2019), входящий в базы данных Scopus; 5. Ⅳ Международная научно-практическая конференция. Фундаментальные и прикладные исследования: гипотезы, проблемы, результаты. (Новосибирск, 2018); 6. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының кеңейтілген отырысы. 19 мамыр 2023 ж., №9/2 хаттама. Зерттеу нәтижелерін жариялау. – Scopus және Web of Science-те индекстелген ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар: 1. M.A. Beisenbi, Sh.S. Mussabayeva, A.K. Satpayeva, S.A. Kaliyeva, R.E. Shakirova, G.S. Shuteeva. Study of Multidimensional and Nonlinear Control Systems, Built in the Class of "Hyperbolic Umbilic". International Journal of Engineering Research and Technology. ISSN 0974-3154, Volume 12, Number 12 (2019), pp. 2510-2515. Scopus, Процентиль – 25. 2. M.A. Beisenbi, S.A. Kaliyeva, Zh.Abdugulova, A.Ostayeva. A new approach for synthesis of the control system by gradient-velocity method of lyapunov vector functions. Journal of Theoretical and Applied Information Technology. E-ISSN: 1817-3195. №02(99), 2021. pp.381-389. Scopus, Процентиль – 30. 3. Beisenbi, М., Kaliyeva, S. (2023). Approach to the synthesis of an aperiodic robust automatic control system based on the gradient-speed method of Lyapunov vector functions. Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 1 (3 (121)), 6–14. doi: https://doi.org/10.15587/1729-4061.2023.274063. Процентиль – 38. - ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар: 1. Бейсенби М.А., Калиева С.А, Турмагамбетова М.К., Муратжанова Н.Т. Синтез системы управления по состоянию объекта с одним входом и с одним выходом градиентно-скоростным методом вектор-функций А.М. Ляпунова. //Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. Научный журнал Евразийского национального университета. Серия технические науки и технологии. – Астана, 2018. - №1(122) – ISSN 2616–7263. б. 29–34 2. Бейсенби М.А., Калиева С.А., Сатыбалдина Д.К., Кисикова Н.М. Синтез системы управления c m-входами и n-выходами по вектору состояния объекта градиентно-скоростным методом вектор-функций Ляпунова. //Вестник КазНИТ имени К.И. Сатпаева. - Алматы, 2018. - №4 (128) - с.56-61. 3 М.А. Бейсенби, С.А. Калиева Бір параметрлік құрылымдық-орнықты бейнелеу класында басқару жүйесін синтездеу. //Вестник КазНИТ имени К. И. Сатпаева. - Алматы, 2019. - №5 (135) - б. 352-355 - Халықаралық конференциялардың материалдарында және ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар: 1. M. Beisenbi and S. Kaliyeva, "The solution to the problem of synthesis of control of multidimensional objects,"2019 International Conference on Information Science and Communications Technologies (ICISCT), Tashkent, Uzbekistan, 2019, pp. 1-4. Енгізілу актісі. Диссертациялық жұмыста ұсынылған нәтижелер «Galam» ЖШС-де эксперименттік түрде апробациядан өткізілді (сыналды). Апробациялау (Сыналу) нәтижелері бойынша жасалған әдістің тиімділігі расталды. Аталған нәтижелерді енгізу ғарыш аппараттарының сенімділігін және тұрақты жұмысын жақсартуға нақты мүмкіндігін берді. Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған 120 әдебиеттер тізімінен және үш қосымшадан тұрады. Зерттеу жұмысы 118 бетте, иллюстрациялар, сызбалар және кестелер түрінде ерекше мән берудің компьютерлік мүмкіндіктерін қолдана отырып, баспа әдісімен орындалды. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, нысаны, міндеттері мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңашылдығы, ғылыми ережелер, практикалық құндылығы мен жұмыс нәтижелерін іске асыру негізделген, жұмыстың жарияланымдары мен апробациясы туралы мәліметтер келтірілген. Бірінші бөлімде қазіргі кездегі автоматты басқару жүйелерінің синтез мәселесінің заманауи жағдайы сипатталады, сонымен қатар апериодтық орнықты сенімді автоматты басқару жүйесінің олардың жұмысы кезінде жоғары сапаны бақылауды және динамикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері, асимптотикалық орнықтылық теоремасы мен орнықтылық ұғымдарының геометриялық интерпретациясы негізінде Ляпунов функцияларын құруға жаңа тәсіл ұсынылу сипатталады. Екінші бөлімде Ляпунов вектор-функциясының градиентті-жылдамдық әдісін қолданып, бір кірісті және бір шығысты SISO жүйесінің автоматты басқару жүйесінің синтезі, Ляпунов вектор-функциясының градиенттік-жылдамдық әдісі көмегімен бір кірісті және бір шығысты автоматты басқару жүйелерінің апериодтық робасты орнықтылық синтезі әзірленеді. Үшінші бөлімде Ляпунов вектор-функциясының градиентті-жылдамдық әдісі бойынша автоматты басқару жүйесінің апериодты робасты орнықтылығын зерттеуге негізделген канондық түрлендірулер саласында және жүйенің күй кеңістігінде m - кірістерімен және n-шығыстары бар автоматты басқару жүйесінің синтезі теориялық түрде әзірленеді. Төртінші бөлімде төртінші реттік автоматты түрде басқару жүйесінің апериодтты робасты орнықтылығы мен күтілетін өтпелі сипаттамасы және ғарыштық ұшу аппаратымен бағдарлау және тұрақтандыру процестерін автоматты басқару жүйесінің синтезі әзірленді. Ғылыми зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Зерттеу жұмысының мазмұны пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар тізімімен толықтырылды. Автор ғылыми кеңесшілеріне «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Бейсенби Мамырбек Аукебаевичқа және шетелдік кеңесшісі, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті техника ғылымдарының кандидаты, Александр Владимирович Марковқа (Беларусь республикасы, Минск қ.) зерттеу барысында кеңес бергендері үшін алғысын білдіреді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/a8VJC55J23c?si=swMqWmDShEiKohD1
