
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жуманбаева Айжан Сериковна «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы бойынша «Әр түрлі конструкциялы жылуалмасу аппаратындағы мұнай мен мұнай өнімдері ағынын моделдеу және сандық есептеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Сакипова Сауле Еркешевна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
Аширбаев Нұрғали Құдиярович – физика-математика ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Математика» кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Нусупбеков Бекболат Ракишевич - техника ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);
Темирбеков Нурлан Муханович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» Республикалық қоғамдық қорының бас ғылыми қызметкері, (Алматы қ., Қазақстан);
Рысбайұлы Болатбек - физика-математика ғылымдарының докторы, Есептеу және деректер ғылымдарының бөлімі, Astana IT University профессоры (Астана қ., Қазақстан)
Ғылыми кеңесшілері:
Жәйшібеков Нурболат Жумабекович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Механика» кафедрасының профессоры.
Волков Константин Николаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Кингстон университеті (Лондон, ,Ұлыбритания).
Қорғау 2026 жылғы 31 тамыз, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы бойынша «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысын онлайн-офлайн режимінде өткізу жоспарлануда.
Сілтемесі: https://surl.li/sxpcie
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу- ғимаратының №205 аудиториясы.
Аңдатпа (қаз.): Диссертацияның мақсаты әртүрлі жылу алмасу аппараттарындағы мұнай мен мұнай өнімдерін сандық моделдеу және есептеу, жылутасымалдағыштар арасындағдғ жылу алмасуды жақсарту болып табылады. Қойылған мақсатқа жету барысында келесі зерттеу мәселелері қойылды: - сұйық тұтқырлығының температураға қатты тәуелділігінде тура және кері ағынды жылу алмасу аппараттарында жылу алмастырғыштардың жылу алмасуы - Matlab қолданбалы пакетінде сандық есептеу, тегіс бетті «құбыр ішіндегі құбыр» типті жылу алмасу аппаратының құбыр бойымен орташа массалық температура мен ұқсастық сандарының таралуын анықтау; мен гидродинамикасының сандық моделін құру және есептеу; - бөлшек - тұрақты тұтқырлық жағдайы үшін есептеу нәтижелерін Ansys Fluent бағдарламалық пакетінде алынған деректермен тексеру; - әртүрлі типтегі жылу алмасу аппараттарында гидродинамика мен жылу алмасудың сандық зерттеулері, оның ішінде геликоид құбыр үшін (орташа өту жылдамдығы жоғары болатын); - тегіс және геликоидты ЖA-дағы ламинарлық-турбулентті ауысуды және мұнай өнімдерінің нақты реологиялық қасиеттерін ескеруде түрлі турбуленттілік моделдердің әсерін зерттеу. Зерттеу әдістері: сандық моделдеу әдістері және күрделі геометрия мен ағын үлгілеріндегі тұтқыр мұнай өнімдерінің ағындарын есептеу. Жұмыстың практикалық маңызы: мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жылу алмасу аппараттарын жобалауды оңтайландыру, құрылғылардың энергия тиімділігін арттыру және пайдалану шығындарын азайту мүмкіндігінде жатыр. Қорғауға ұсынылған ғылыми ережелер: 1. Мұнай өнімдерінің тұтқырлығы температураға қатты тәуелді әртүрлі конструкциядағы жылу алмасу аппараттарын есептеу әдісі; 2. Ламинарлық-турбулентті өтуді ескеретін турбуленттілік модельдерін қолдана отырып, тегіс түтік бетті ЖA-дағы гидродинамика мен жылу алмасу процестерінің сандық есептеу нәтижелері. 3. Құбыр бетінде орамдары ЖA-дағы (ЖA-ның геликоидты формасы) гидродинамика мен жылу алмасу процестерінің сандық есептеуі нәтижелері. Зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы - жылуалмасу аппараттарында тура ағын және қарсы ағынды жылу алмасу ды моделдеу және сандық есептеу нәтижесінде ағынның интенсификациясы; - ЖА жылугидродинамика мәселесін моделдеу және мұнай ағынының айнымалы тұтқырлығын ескере отырып, әртүрлі турбуленттілік моделдерінің есептеу нәтижелеріне әсерін талдау; - тегіс және геликоидты бетті ЖA ішкі құбырының жылу сипаттамаларын моделдеу мен есептеу нәтижелерінің жылу алмасу интенсификациясына әсері; - CFD сандық есептеулерін эксперимент және LMTD әдісімен салыстырмалы талдау; Ғылыми жаңалығы жылугидродинамикалық процестерді айнымалы тұтқырлықты ескере отырып, тура ағын және қарсы ағын құрылғыларында, геликоидты ЖА әртүрлі турбуленттілік моделдерін кешенді қолдану. Тақырыптың маңыздылығы мұнай өнімдерінің тұтқырлығының температураға қатты тәуелділігін, ЖA каналдарындағы ағын режимдерінің ауыспалығы, мысалы, өте жұқа құбыр арқылы өтетін ағын (ағын ламинаризациясы) қарастырылған. Жылу алмастырғышты есептеудің қолданыстағы әдістерінде бұл факторлар ескерілмеген. Алынған нәтижелердің сенімділігі бастапқы теориялық және әдістемелік ұстанымдардың дұрыстығы, зерттеудің тақырыбы мен мақсаттарына сай әдістер жиынтығын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Жалпыға белгілі ғылыми тәсілдер мен қатар заманауи әдістер қолданылды. Алынған нәтижелерді салыстырмалы талдау мен верификация отандық және шетелдік әдебиеттердегі деректермен салыстыру арқылы жүргізілді. Нәтижелердің сенімділігін растау үшін есептеулер біріктірілгенге дейін жеткілікті бірнеше қайталаулар жүргізілді. Зерттеуге негізделген жарияланымдар Ғылыми кеңесшілермен бірлесіп жарияланған 15 ғылыми жұмыс, олардың ішінде: 4 мақала Scopus және Web of Science дерекқорларындағы ғылыми сілтеме индексіне енгізілген; Қазақстан Республикасы Ғылыми және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған тізімінен 1 мақала жарияланды; халықаралық ғылыми конференциялар жинағындағы 10 жарияланым жарияланды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=oc8Ji_eJJXg
