
«8D06105 - Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алишева Сандугаш Салхудиновна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алишева Сандугаш Салхудиновна «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы бойынша Шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді күй немесе шығыс кері байланысы арқылы робасты басқару мәселелері тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Султанов Мурат Абдикадирович - ғылым кандидаты
Иванова Марина Борисовна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Рысбайулы Болатбек - ғылым докторы, профессор
Темирбеков Нурлан Муханович - ғылым докторы, профессор
Шакенов Канат Кожахметович - ғылым докторы, профессор, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ "Ғылыми – техникалық паркі, профессор
Баканов Галитдин - ғылым докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, профессор
Ғылыми кеңесшілері:
Әлімхан Қилан – философия докторы (PhD), Doctor of science(Japan), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Математикалық және компьютерлік моделдеу» кафедрасының профессоры.
Ахмедов Анваржон Ахатжанович – Даллас колледжінің професоры(Техас штаты, АҚШ), философия докторы (PhD).
Қорғау 2024 жылғы 24 маусым, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығы бойынша «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/tudjs
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу- ғимаратының №205 аудиториясы
Аңдатпа (қаз.):Шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді күй немесе шығыс кері байланысы арқылы робасты басқару мәселелері сызықтық емес басқару теориясының ең маңызды есептерінің бірі болып табылады және бұл мәселені шешу үшін соңғы онжылдықтарда қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық дамуға бет алған Қазақстан үшін өнеркәсіптегі және ауылшаруашылығындағы техникалық жүйелер жұмысының орнықтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару мәселелерін зерттеудің маңызы зор. Бұл диссертациялық жұмыста шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді күй немесе шығыс кері байланысы арқылы робасты басқару мәселелерін шешу жолдары қарастырылады. Диссертациялық жұмыста алынатын негізгі нәтижелер математикалық басқару теориясының дамуы болып табылатындықтан өте өзекті мәселе болып көрінеді және ол жоғары дәрежелі сызықтық емес жүйелерді орнықтандыру мен ізге түсіру мәселесін күй немесе шығыс кері байланыс арқылы шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу мақсаты мен міндеті Шын мәніндегі сызықтық емес жүйелер класстарын орнықтандыру, ізіне түсіру үшін күй кері байланыс немесе шығыс кері байланыстың негізінде жүзеге асырудағы робасты басқару әдісінің құрылымын ұсыну. MathLab қатарлы бағдарламалау құралдарының көмегімен жоғары дәрежелі шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді орнықтандыру, ізге түсіру мәселесінде табылған әдіс-амалдар мен дәлелденген нәтижелерімізді нақтылы сандық мысалдар арқылы олардың дұрыстығына көз жеткізу, іске асыру. Зерттеу нәтижелерін жоғары дәрежелі ғылыми журналдарда жариялау. Зерттеу жұмысының нысанына жоғары ретті анықталмаған сызықтық емес жүйелер мен жоғары ретті анықталмаған уақыт айнымалы кешігуі бар сызықтық емес жүйелер жатады . Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы Анықталмаған сызықтық емес мүшелер және уақыт айнымалы кешігулер пайда болғандықтан, бар нәтижелердегі бақылаушылар және Ляпунов-Красовский функционалдары біздің анықталмаған уақыт айнымалы кешігуі бар шын мәнінде сызықтық емес жүйеге қолданылмайды. Сондықтан, сәйкес Ляпунов-Красовский функционалын таңдап, қолжетімді бақылаушыны құру оңай жұмыс емес. Бұл диссертациялық жұмыста біз жаңа Ляпунов-Красовский функционалын енгіземіз және біртекті үстемдік тәсілін қолдана отырып, сызықтық емес мүшелері нақты анық болмағандықтан туындаған талдау мен жобалаудағы бірқатар қиындықтарды жеңеміз. Бақылаушыға негізделген шығыс кері байланысты контроллері ұсынылады және сәйкес тұйықталған жүйенің шығыс ізге түсіруіне кепілдік беріледі. Сонымен қатар, бұл жұмыста осыған дейінгі алынған нәтижелерді уақыт айнымалы кешігуі бар сызықтық емес жүйелерге дейін кеңейтеміз. Жұмыстың практикалық маңызы Басқару теориясының ең маңызды есептерінің бірі болып табылатын бақылау жүйелерін автоматты басқару қазіргі уақытта өмірдің барлық салаларында кең қолданысқа ие. Мысалы, автопилоттарды, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандарды басқару, химия өнеркәсібіндегі температураны бақылау, өндірістегі робот-манипуляторлар қозғалысын басқару және т.б. MathLab бағдарламалау жүйесінің көмегімен жоғары дәрежелі шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді орнықтандыру және ізге түсіру мәселесінде табылған әдіс-амалдар мен дәлелденген нәтижелерімізді нақтылы сандық модельдеу жүргізу. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар Ляпунов-Красовский функционалы және төмендетілген-ретті бақылаушының көмегімен, біртекті үстемдік тәсілі мен қуатты интеграторды қосу әдісі арқылы, тұйықталған жүйенің барлық күйлерінің шектеулі болуын қамтамасыз ететін және бір уақытта ізге түсіру қателігін мейлінше азайтатын шығыс кері байланысты контроллерін әзірлеу. Докторанттың жеке қосқан үлесі Диссертациялық зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми материалдарды талдау мен жалпылау, сызықтық емес басқару теориясының тиімді әдістерін таңдау жолдарын зерттеді, теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізді. Жоғары дәрежелі шын мәніндегі сызықтық емес жүйелерді орнықтандыру, ізге түсіру мәселесін шешу үшін жаңа Ляпунов-Красовский функционалын енгізу арқылы табылған әдіс-амалдар мен дәлелденген нәтижелерді нақтылы сандық мысалдар арқылы олардың дұрыстығына көз жеткізіп, іске асырды. Жоғары дәрежелі ғылыми журналдарда мақалалар жариялады. Тәжірибелік нәтижелердің апробациясы Диссертацияның негізгі нәтижелері мен гипотезалары келесі халықаралық және республикалық ғылыми журналдар мен конференцияларда «Computation» (Оctober, 2022 ж.), «А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Университет еңбектері» (қаңтар-наурыз 2022), «Алматы энергетика және байланыс институтытының хабаршысы» (қаңтар-наурыз 2022), «ҚР Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы» (сәуір–маусым 2022), «А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Университет еңбектері» (сәуір–маусым 2023), «Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлiк академиясының хабаршысы» (шілде-қыркүйек, 2023), «ҚР Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы» (қаңтар–наурыз 2024), VIII «Информатика және қолданбалы математика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (October 26-27, 2023) талқыланған, баспаларда жарияланды. Жұмыс тақырыбы бойынша жариялымдар Негізгі зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізбеге енетін басылымдарда 6 мақала, халықаралық Scopus деректер базасына кіретін журналда 1 мақала, халықаралық конференциясында 1 мақала жарияланды. Scopus, Web of Science базасына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар: 1. Alimhan K., Mamyrbayev O., Adamov A.A., Alisheva S.S., Oralbekova D. Global Practical Output Tracking for a Class of Uncertain Inherently Time-Varying Delay Nonlinear Systems by Output Feedback // Journal Computation 2022, 10, 187. ISSN 2079-3197, https://doi.org./10.3390/computation10100187 (CiteScore 71th percentile) ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитетінің ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдардағы жарияланымдар: 1) Алимхан К., Тасболатұлы Н., Алишева С.С., Ахмедов А. Кері байланыс арқылы кешіктірудің өзгеретін параметрлері бар сызықты емес жүйелердің күйін бақылау // Вестник Алматинского университета энергетики и связи – Алматы, 2022. – №1 (56). – 103-115 б. 2) Алимхан К., Тасболатұлы Н., Алишева С.С. Сызықты емес жүйелерді кері байланыс арқылы басқару мәселелері: шолу және талдау // Қарағанды техникалық университетінің Университет еңбектері журналы. – Қарағанды, 2022. – №1 (86). – 258-264 б. 3) Алишева С.С., Алимхан К., Тасболатұлы Н., Ахмедов А. Сызықтық емес жүйелерді кері байланыс арқылы басқару мәселелерін компьютерде модельдеу // Қарағанды техникалық университетінің Университет еңбектері журналы. – Қарағанды, 2023. – №2 (91). – 359-365 б. 4) Ерденова А. К. , Әлімхан Қ., Тасболатұлы Н., Алишева С.С. Кешігуі бар жоғары ретті сызықты емес жүйелерді үздіксіз глобалды бақылау // Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлiк академиясының ХАБАРШЫСЫ. – Алматы, 2022. – №2 (84). – 70-81 б. 5) Тасболатұлы Н., Әлімхан Қ., Ерденова А. К., Алишева С.С., Бахадирова Г.Б. Уақыты кешіккен жоғары ретті сызықты емес жүйелерді бақылауды компьютерлік моделдеу // Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы. 2023. № 3 (89) 6) Тасболатұлы Н., Ерденова А. К., Назырова А.Е., Бахадирова Г.Б., Алишева С.С. Глобальное практическое отслеживание выходных данных для класса неопределенных нелинейных систем // Вестник Национальной инженерной академии Республики Казахстан. –Алматы, 2024. -№ 1 (91). – 121-136 с. Халықаралық және республикалық конференциялардағы баяндамаларға тезистер мен мақалалар: 1) Алишева С.С., Тасболатұлы Н., Тастанбекова Б.О. , Байжанова М.Т. Шығыс кері байланысы арқылы анықталмаған сызықтық емес жүйелерді робасты басқару // «Информатика және қолданбалы математика» VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (26-27 қазан 2023. –82-89 б.).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=ogTiJNQTouA
