
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Азатбақыт Айнұр Амангелдіқызы «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Жоғары мектепте М. Әуезовтің әңгіме-повестерін көркемдік талдау әдісі арқылы оқыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Мукажанова Раушан Мураткановна – филология ғылымдарының кандидаты, «Alikhan Bokeikhan University» БММ Филология кафедрасының доценті (Семей қ., Қазақстан).
Найманбаев Алмас Абдыманапович – PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ Кәсіби бағдар және мансапты дамыту департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Метин Екижи – ғылым докторы, Еге университетінің профессоры (Измир қ., Түркия);
Калиева Альмира Кайыртаевна – филология ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
Алиева Жанат Абилжановна – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Картаева Айжан Маратбековна – филология ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры (Өскемен қ., Қазақстан).
Ержан Алкая – доктор, Фырат университетінің профессоры (Элязыг қ., Түркия).
Қорғау 2025 жылғы 25 қараша, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (онлайн, офлайн) өткізіледі.
Сілтемесі: https://clk.li/JORI
Конференция идентификаторы: 427 247 122 834 4
Кіру коды: 8Vw3EC6u
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 101 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Азатбақыт Айнұр Амангелдіқызының «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін ұсынған «Жоғары мектепте М. Әуезовтің әңгіме-повестерін көркемдік талдау әдісі арқылы оқыту» атты диссертациясына АҢДАТПА Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Жоғары мектепте М. Әуезовтің әңгіме-повестерін көркемдік талдау әдісі арқылы оқытудың ғылыми-теориясын негіздеу, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін жазушының әңгіме-повестерін оқытудың әдістемелік ерекшелігін жүйелеп оқу үрдісіне енгізу. Зерттеу міндеттері: 1. М. Әуезовтің әңгіме-повестерін тақырыптық, мазмұндық, көркемдік жүйелерін оқытудың теориялық негіздерін айқындау. 2. Жазушының әңгіме-повестеріндегі тарихи және көркемдік шындық негізінде оқытудың педагогикалық, психологиялық аспектілерін негіздеу. 3. М. Әуезовтің әңгіме-повестерінің жоғары мектепте оқытылуын оқу бағдарламалары негізінде саралап, білім беру мазмұнының құрылымдық жүйесіндегі орнын әдістемелік тұрғыда анықтау. 4. Жазушының әңгіме-повестерін жоғары мектепте көркемдік талдау әдісі арқылы оқытудың технологиясын жасап, оның тиімділігін тәжірибеде көрсету, нәтижелерін эксперимент қорытындылары арқылы дәлелдеу. 5. «Әуезовтану» атты элективті курс бағдарламасын дайындау және ұсыну. Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында қарастырылған мәселелерге сәйкес педагогикалық, психологиялық және көркем шығармаларға ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жүргізілді. Сонымен қатар, объективті-аналитикалық әдістер, жинақтау, жүйелеу және ой қорыту тәсілдері қолданылды. Экспериментті ұйымдастыру кезеңінде көркемдік талдау әдісі, бақылау, сауалнама, әңгімелесу, диагностикалық әдістер пайдаланылды. Алынған мәліметтерді талдау мен өңдеу үшін қорыту, салыстыру және эксперименттік деректерді сараптау әдістері қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. М. Әуезовтің әңгіме-повестері әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық әдебиетімізде жаңашылдықтың жаршысы екені, жазушы туындыларында сомдалатын кейіпкерлер өмірі, олардың портреттері мен характерлері, табиғат құбылысы мен адам психологиясын суреттеудің қас шебері қаламгердің реалистік және гуманистік бағыттағы шығармаларын оқыту білім алушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. 2. Қазақ тілі мен әдебиеті білім алушыларына М. Әуезовтің әңгіме-повестерін оқыту болашақ мамандардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруға негіз болады, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулиды, олардың танымдық қабілеттері тереңдей түседі. 3. М. Әуезовтің әңгіме-повестерін білім беру технологияларының негізінде оқыту студенттердің болашақ кәсібіне қажетті теориялық білімдерді терең талдап, жүйелеуіне ықпал етеді, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға және оның кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік береді. 4. Білім алушылардың кәсіби-танымдық қабілеттерін дамытуға негізделген ғылыми-әдістемелік үрдіс М. Әуезовтің әңгіме-повестерін оқытудың арнайы принциптері арқылы орындалып, оң нәтиже көрсетеді. 5. Студенттердің М. Әуезовтің әңгіме-повестерін практикалық тұрғыдан меңгеру деңгейі олардың дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасу көрсеткіші арқылы бағаланады, сол арқылы олардың пәндік құзыреттіліктері артады. Бұл ұстанымдар сабақтың сапасын арттырып, білім алушының дара тұлғалық қасиеті мен қабілетіне жаңа бағдар көрсетеді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: - Жоғары оқу орындарындағы студенттерді кәсіби маман ретінде көркем шығармалар мен туындылар негізінде оқырмандық қабілеті мен кәсіби тұрғыдан өз ойларын нақтылап, сараптама жүргізуге қабілеттілігін көрсетті; - Болашақ маман ретінде М. Әуезов шығармаларын талдап, оған қорытынды жасай білуде өзіндік ой-тұжырымдарын дәлелдей алатын мүмкіндігін байқатты; - Тәжірибелік зерттеу нәтижелері студенттердің кәсіби маман болуында оқытудың көркемдік талдау әдістерін, танымдық, шығармашылық ізденістерге жетелейтін белсенді әдістерді қолдана алуда қабілетті екендігін дәлелдеді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. М. Әуезовтің әңгіме-повестерін жоғары мектепте оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері айқындалып, педагогикалық-психологиялық аспектілері ғылыми жүйеленді. 2. М. Әуезов әңгімелерін оқытудың тақырыптық, мазмұндық жүйесі анықталып, тарихи және көркемдік шындық негіздері ұлттық құндылық тұрғысынан талданды; 3. Жазушының әңгіме-повестерін оқытудың әдістемелік жүйесін саралау арқылы оны оқытудың негізгі принциптері ғылыми тұрғыдан негізделді; 4. «Әуезовтану» элективті курсына арналған оқу-әдістемелік кешені әзірленіп, болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау үдерісінде қолдану ұсынылды; 5. Жазушының әңгіме-повестерін жоғары оқу орындарында оқытуға арналған мазмұндық-құрылымдық жүйе жасалып, инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі тәжірибелік жұмыстар арқылы дәлелденді. Зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарындағы филологиялық мамандықтарда қазақ әдебиеті оқу курсының мазмұнын жетілдіруге, оқыту әдістемесін дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ зерттеу барысында көзделген әңгіме-повестерді көркемдік талдау әдісі арқылы оқытудың әдістемелік негіздерін анықтауға, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, пәндік құзыреттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері, жоғары оқу орнының білім алушылары, әдістеме бағытындағы оқытушылар көмекші оқу құралы ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар, бұл нәтижелерді жоғары оқу орындарында жүргізілетін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің дәрістері мен семинар сабақтарында қосымша материал ретінде қолдануға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Зерттеудің жетекші идеясы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 02.09.2024 ж., Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы: 2023 жылдың 28 наурызда, №248 бекітілген, «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының заңы. № 293-VІ, Нұр-Сұлтан, 27 желтоқсан 2019 ж., ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыруға бағытталып, жоғары оқу орнында қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасын оқыту үрдісінде қолданысқа түсуіне мүмкіндік беріп отыр. Докторанттың әрбір жарияланымдарды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда – 5, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда – 5, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен ғылыми басылымдар тізіміне кірмейтін – 1 мақала, 1 оқу құралы, барлығы 12 жарияланым шықты. 1. М. Әуезов әңгімелерін ЖОО-да оқытудың инновациялық технологиясы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы, 2022. №3 (72). 2022 – Б. 109-120. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 80%. 2. М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерін жаңаша оқыту. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Хабаршысы, 2022. №4 (126). – Б. 318-327. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 80%. 3. М. Әуезов әңгімелерін оқытудың ғылыми-теориялық негіздері. Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы, 2023. №3. 2023 – Б. 260-271. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 80%. 4. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі суреткер шеберлігіне талдап оқыту. Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филология сериясы, 2024. № 1. – Б. 41-54. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 80%. 5. Analysis of Turkic motives in the short stories of M. Auezov. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 2024. № 2 (147). – Б. 253-263. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 80%. 6. Академик Зәки Ахметовтің М. Әуезов жайлы зерттеулерінің құндылығы. «Академик Зәки Ахметов және ұлттық руханият мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Берел», 2021. 27 мамыр – Б. 3-6. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%. 7. Жоғарғы мектепте М. Әуезов әңгімелерін оқыту әдістемесі. «Актуальные научные исследования в современном мире» международная научная конференция. Выпуск 5 (73), Ч.8. – Май, 2021г. Переяслав, Украина. – С. 89-93. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%. 8. М. Әуезов және әлем әдебиеті. Татарское литературоведение в контексте Восточной литературно-эстетической и философской мысли. Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 90-летию татарских литературоведов А.Г. Ахмадуллина, Р.К. Ганиевой, Р.Х. Сверигина. Казань, 18–19 ноября 2022 года. – С. 22-25. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%. 9. Teaching the First Stories of Mukhtar Auezov in High School. PUPIL: International Journal of Teaching, Education and Learning, 7(3), 50-60. 15th November 2023. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%. 10. Methods of Teaching the Works of M. Auezov in Higher Educational Institutions. Docens Series in Education, 06, 48-57. 15th March 2024. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100%. 11. М. Әуезовтің әңгіме-повестерін оқыту әдістері. Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. Филология сериясы № 1. 2021– Б. 63-70. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%. 12. Әуезовтану. Оқу құралы. Алматы: LEM баспасы, 2025. – 104 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 90%.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=4Lig1iT4n-I
