
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Раева Асемгуль Жеткергеновна «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ««Тіл: Адам» контексіндегі зоонимдердің лингвомәдени өрісі (теориялық-әдістемелік сипаты)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Авакова Раушангүл Амирдинқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Шормакова Айжан Ботановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Мустафа Өнер - доктор, Эге университетінің профессоры (Измир қ., Түркия)
Амангелді Айнұр Амангелдіқызы – филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Мукушева Алмагуль Наурызбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Ғылыми кеңесшілері:
Сағидолда Гүлғайша – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Суер Экер – ғылым докторы, Башкент университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия)
Қорғау 2026 жылғы 26 маусым, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн, офлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.su/cfafC
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Раева Асемгуль Жеткергеновнаның «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Тіл: Адам» контексіндегі зоонимдердің лингвомәдени өрісі (теориялық-әдістемелік сипаты)» атты диссертация жұмысы. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі зоонимдерді дүниенің фразеопаремиологиялық бейнесі тұрғысынан қарастыра отырып, олардың этномәдени код ретіндегі қызметін, фразеопаремиологиялық жүйедегі орны мен метафоралық модельдеу үдерістерін айқындау, сондай-ақ зоонимдік лексиканы мәдениет контексінде оқытудың тиімді жолдарын көрсету. Зерттеу міндеттері: – зоонимдерді салыстырмалы-тарихи және антропоөзектік парадигма шеңберінде қарастыру; – дүниенің фразео-паремиологиялық бейнесін этномәдени кеңістік тұрғысынан сипаттап, зоонимдердің этномәдени код қызметінде жұмсалу ерекшелігін анықтау; – қазақ тіліндегі зоонимдердің фразеопаремиологиялық жүйедегі орнын айқындау; – зоонимдер арқылы жасалған метафоралық модельдердің лингвомәдениеттанымдық сипатын ашу; – зоонимдік бірліктерді мәдениет контексінде оқытудың маңызын өзектеу; – зоонимдік лексиканы этномәдени бірлік ретінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жүйелеу; – зоонимдер арқылы студенттердің мәдени-тілдік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсыну. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында зоонимдердің табиғатын жан-жақты ашу үшін кешенді әдістер қолданылды. Атап айтқанда, салыстырмалы-тарихи әдіс зоонимдердің түркі тілдеріндегі даму жолдарын анықтауға, құрылымдық-семантикалық және компоненттік талдау мағыналық ерекшеліктерін сипаттауға, когнитивтік-интерпретациялық әдіс пен концептуалдық-метафоралық модельдеу ұлттық дүниетанымдағы концептілік мазмұнын айқындауға негіз болды. Сонымен қатар статистикалық-сандық талдау зоонимдердің қолданыс жиілігі мен мәтіндік өрісін белгілеуге мүмкіндік берсе, лингвомәдени интерпретация мен лингводидактикалық талдау олардың этномәдени код ретіндегі қызметін және оқытудағы әдістемелік әлеуетін анықтауға бағытталды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): Түркі тілдеріндегі зоонимдер салыстырмалы-тарихи және антропоөзектік тұрғыда қарастырылғанда, олардың ортақ универсалдары түркі халықтарының дүниетанымдық бірлігін танытса, этникалық-мәдени ерекшеліктері әр халықтың айрықша мәдени кодын қалыптастырады. Зооним ұғымына қатысты «анималистік лексика», «фауналық лексика», «зоосемизм», «зооморфизм» сияқты әртүрлі терминдердің қатар қолданылуы бұл категорияның мазмұндық көпқырлылығын көрсетеді; мұндай әртүрлілік «Жануарлар әлемі» концептісінің әмбебап табиғатымен түсіндіріледі. Метафоралық модельдер жүйесі («Адам – Төрт түлік», «Адам – Жануар», «Адам – Аң», «Адам – Құс») қазақ тілдік санасында әмбебап когнитивтік құрылымдар қатарын құрайды; әр модель адам болмысының қимыл-әрекет, мінез, әлеуметтік рөл сияқты қырларын уәждік және бағалауыштық параметрлермен жүйелейді; Мәдениет контексінде оқыту және сандық парадигмаға негізделген тапсырмалар (интерактивті корпус, контекстік талдау т.б.) тіл үйренушінің лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді тетігі болып табылады; бұл тәсіл интерпретация, бағалау, салыстыру дағдыларын жүйелі дамытады; Зерттеу нәтижелеріне сүйенген модульдік-цифрлық оқу моделі (зоонимдік код → метафоралық модель → фразео-паремиологиялық кеңейту → мәдени интерпретация) қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда мазмұндық-құндылықтық компонентті күшейтіп, мәдениетаралық коммуникацияға бейімделуді қамтамасыз етеді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі зоонимдерді тек атауыштық бірлік ретінде емес, этностың дүниетанымын, тарихи тәжірибесін, мәдени жадын және ұлттық құндылықтарын бейнелейтін лингвомәдени код ретінде сипаттауға бағытталды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі зоонимдердің фразеологиялық және паремиологиялық жүйеде кеңінен көрініс тауып, халықтың дүниетанымдық моделін, символдық ойлау жүйесін және мәдени тәжірибесін танытатынын дәлелдеді. Сонымен қатар зоонимдер негізінде қалыптасқан метафоралық модельдердің адам болмысын бағалау, мінездеу және концептуалдау қызметі айқындалды. Бұл модельдер адамның ішкі қасиеттерін, әлеуметтік мінез-құлқын және моральдық бағалау жүйесін тілдік деңгейде ғана емес, когнитивтік құрылым деңгейінде де бейнелейтін тұрақты мәдени-тілдік механизм ретінде қызмет ететіні анықталды. Зерттеу барысында зоонимдердің семантикалық өрісі көпқабатты құрылым ретінде қарастырылып, олардың тура және ауыспалы мағыналарының өзара байланысы кешенді түрде жүйеленді. Қазақ тіліндегі зоонимдер арқылы жасалған тілдік бірліктер халықтың моральдық-этикалық нормаларын, әлеуметтік стереотиптерін және мәдени құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін мәдени код қызметін атқарады. Бұл олардың тек тілдік құбылыс емес, ұлттық танымның терең қабаттарын сақтайтын рухани-мәдени жүйе екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері зоонимдерді оқытуда мәдени-танымдық және лингводидактикалық бағытты күшейтудің маңызын көрсетті. Қазақ тілін шет тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту барысында зоонимдер арқылы ұлттық мәдениетті таныту тиімді әдістемелік құрал бола алатыны анықталды. Сонымен қатар зоонимдерге негізделген оқу тапсырмалары тіл үйренушінің когнитивтік ойлауын дамытып, тілдік бірліктерді тек механикалық емес, контекстік және мәдени деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Бұл тіл оқыту процесін интербелсенді және мәдениетаралық бағытта дамытуға жол ашады. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Зерттеудің маңыздылығы – қазақ тіл білімінде зоонимдердің алғаш рет салыстырмалы-тарихи, құрылымдық-жүйелілік, антропоцентристік және когнитивтік-сандық парадигмалар тоғысында кешенді түрде қарастырылуы. Бұл зерттеу зоонимдерді тек лексикалық бірлік ретінде емес, көпқабатты мәдени-когнитивтік жүйе ретінде түсіндіруге мүмкіндік берді. Зерттеу барысында зоонимдердің этимологиялық негізі, семантикалық өрісі, символдық қызметі мен этномәдени мазмұны жүйеленіп, біртұтас ғылыми модель ретінде сипатталды. Осы арқылы қазақ тіл білімінде зоонимдерге қатысты зерттеулердің теориялық негізі жаңа деңгейге көтерілді. Зерттеу нәтижесінде қазақ халқының тілдік санасында сақталған зоонимдер тұтас мәдени модель ретінде зерделеніп, олардың адам болмысын бейнелеудегі қызметі жан-жақты айқындалды. Адам мінез-құлқының жануарлар әлемі арқылы концептуалдануы когнитивтік лингвистика тұрғысынан терең талданып, зоонимдердің ұлттық дүниетаным құрылымындағы орны ғылыми негізде сипатталды. Зоонимдердің фразео-паремиологиялық жүйедегі орны анықталып, олардың негізінде қалыптасқан төрт негізгі метафоралық модель тұтас когнитивтік жүйе ретінде ұсынылды. Бұл модельдер адам мінезін бағалау, әлеуметтік рөлін сипаттау, моральдық нормаларды бекіту және мәдени стереотиптерді қалыптастыру қызметін атқаратыны дәлелденді. Сонымен қатар зерттеу барысында зоонимдер когнитивтік карта принципі негізінде жүйеленіп, олардың тілдік санадағы бейнелік құрылымдары кешенді түрде сипатталды. Зоонимдік модельдер адамның ішкі психологиялық қасиеттерін, мінез-құлықтық ерекшеліктерін және әлеуметтік бейнесін жануарлар архетипі арқылы кодтайтыны ғылыми тұрғыда негізделді. Бұл тіл мен ойлау арасындағы байланыстың терең қабаттарын ашуға мүмкіндік беріп, антропоцентристік парадигма шеңберінде жаңа тұжырым жасауға негіз болды. Зерттеу барысында авторлық цифрлық платформа әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді, платформада интерактивті жаттығулар, салыстырмалы тапсырмалар, когнитивтік тесттер және визуалды оқу материалдары енгізіліп, тіл үйренушінің көпдеңгейлі қабылдауын қамтамасыз ететін кешенді жүйе қалыптастырылды. Бұл цифрлық ресурс қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістемелік бағыттардың бірі ретінде ұсынылды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертация жұмысы Қазақстан Республикасында жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттарымен, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Тіл туралы» заңдармен, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен өзектес. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертация бойынша негізгі ғылыми-теориялық нәтижелер отандық және шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында жарияланып, ғылыми қауымдастық талқылауына ұсынылды. Зерттеу нәтижелері негізінде SCOPUS ақпараттық базасына енетін ғылыми журналда 1 мақала және ҚР Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 5 мақала жарияланды және шетелдік халықаралық конференция жинақтарында 6 мақала жарияланып, секциялық және пленарлық отырыстарда баяндалды. Раева А., Сағидолда Г., Жылқыбай Г., Қайратқызы Ж. Zoonymic code of the world picture of the turks (based on The materials of the kazakh, turkish and uzbek languages) // Dialectologia № 35 (2025), 187-205; (Докторант үлесі – 60 %); Раева А., Экер С. Linguoculturalogical semantic aspects of zoo-phraseological units in turkic languages //Әл Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. сериясы. – 2024. – № 3 (195). – Б. 91-102; (Докторант үлесі – 80 %); Оспанова Д., Раева А., Т. Акташ Озкан «Ит екенсің!» – қазақ-түрік тілдерінде хайуан аттарының эмотивті коннотациясы қандай? //Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы. Филология сериясы. № 1, 2024. Б. – 145 – 156. (Докторант үлесі – 50 %); Раева А., Сағидолда Г. Арыстан, қабылан зоонимдерінің түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктеріндегі тілдік интерпретациясы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. – № 2 (124) – Б. 48-57; (Докторант үлесі – 70 %); Раева А., Жылқыбай Г. «Тіл және мәдениет» контексінде түркі тілдерін үйретудің маңызы (қазақ және түрік тілдерінің оқулықтары бойынша) // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. – № 2 (124), – Б. 207-220; (Докторант үлесі – 80 %); Раева А. Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша)// Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2021. – № 4 (99). – Б. 33-44; (Докторант үлесі – 100 %); Раева А. Türk dillerinin etimolojik sözlüklerinde aslan, kaplan zoonimlerinin dilsel yorumu // Uluslarası Türk Dünyası Sosyal Bilimler Sempozyumu (İzmir, 2022. – S. 1-7); (Докторант үлесі – 100 %); Раева А. Қазақ және өзбек тілдеріндегі зоонимдердің уәждемелік негізі (лингвомәдени аспектіде салыстырмалы талдау) // «Globallashuv davrıda ozbek tilining mavqeyi» «Әжнияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогика институты (Нүкіс, 2020. – Б. 80-87); (Докторант үлесі – 100 %); Раева А. Түркі этимологиясы: зерттелу жайы және болашақ бағыттары // «21. yüzyıldaki Türk Dünyasının Entegrasyonunda Kıpçak Rolü» Uluslararasi on-line konferans materialleri («ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор»: халықаралық конференциясы) (Түркістан, 2021. – Б. 374-378); (Докторант үлесі – 100 %); Оспанова Д., Раева А. Қазақ тіліндегі зоофразеологизмдердің эмотивті әлеуеті // «Қайнар орта мектебіне 100 жыл: ауыл мектебінің өзекті мәселелері мен даму келешегі»: халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы (Семей, 2022. – Б. 411-413); (Докторант үлесі – 70 %); Курманова А., Раева А., Оспанова Д. Тюркская лексика, имеющая общее происхождение (на примере названий животных). Татароведение в ситуации смены парадигм: теория, методология, практика: I Международный научно-практический семинар. Казань: ИЯЛИ, 2021. – 109-114 с; (Докторант үлесі – 60 %); Раева А. Türk dünyasi görünüşünün zoonim kodu (kurd zoonimi esasinda)//Language and awareness//proceeding of IV. INTERNATIONAL CONFERENCE ON AWARENESS, 02—04 December 2020. Publishing 2021, p.425-430; (Докторант үлесі – 100 %);
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=bFYNDfRCse4
