
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Букаева Анар Айткалиевна «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ заңгерлік дискурсының ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Жаксыликова Куляй Баймендиновна – педагогика ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Бакытжанова Алтын Куанышбековна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Кәсіби даму және Басқару институттарының сарапшы-тренері (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Незир Темур – доктор, Гази университетінің профессоры (Анкара қ.,Түркия).
Қапалбек Бижомарт – филология ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Иманқұлова Меруерт Амантаевна – философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сыздықова Гүлбаршын Олжабайқызы – филология ғылымдарының докторы, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уиверситеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Бирай Нергиз – философия докторы, Памуккале университетінің профессоры (Денизли қ., Түркия).
Қорғау 2026 жылғы 29 маусым, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://707.su/nz75
Конференция идентификаторы: 468 489 949 229 29
Кіру коды: zm7nx7fT
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Букаева Анар Айткалиевнаның «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақ заңгерлік дискурсының ғылыми-әдістемелік негіздері» атты диссертация жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – қазақ заңгерлік дискурсының теориялық негіздерін зерделеп, қазақ тілін кәсіби мақсатта оқытуда заңгерлік дискурсты қолданудың теориялық-әдіснамалық және лингводидактикалық негіздерін кешенді түрде айқындау, оның когнитивтік-дискурстық, прагматикалық және лингвомәдени әлеуетін ғылыми тұрғыдан жүйелеу, заңгерлік мәтіндер мен құжаттарды кәсіби-коммуникативтік тұрғыдан талдауды дербес тілдік-танымдық дағды ретінде негіздеу. Болашақ заңгерлердің кәсіби коммуникативті дискурстық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында заңгерлік дискурсқа негізделген жағдаяттық тапсырмалар (кейстер) мен жаттығулар жүйесін әзірлеу және олардың тиімділігін педагогикалық эксперимент пен апробация нәтижелері арқылы дәлелдеу. Зерттеу міндеттері: - «Қазақ заңгерлік дискурсы» ұғымының когнитивтік-дискурстық табиғатын, құқықтық коммуникациядағы мәртебесін юрислингвистика мен мәтін лингвистикасы тұрғысынан ғылыми негіздеу және оның жанрлық-стильдік, перформативтік әрі лингвомәдени ерекшеліктерін айқындау; - болашақ заңгерлердің кәсіби коммуникативті дискурстық құзыреттілігін қалыптастыруда қазақ заңгерлік дискурсының құқықтық-концептуалды мән-мазмұнын, функциялық әлеуетін және кәсіби бағдарлы мәтіндердің (заңнамалық, соттық, ресми-іс қағаздар) дидактикалық мүмкіндіктерін айқындау; - заңгер маманның кәсіби коммуникативтік дискурстық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін айқындайтын лингводидактикалық өлшемшарттары мен көрсеткіштерін ғылыми тұрғыдан белгілеу; - заңгерлік мәтіндерді кәсіби-коммуникативтік тұрғыдан талдауды және интерпретациялауды тіл үйрету үдерісіндегі дәстүрлі тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым сияқты төрт дағдымен қатар дамитын дербес тілдік-танымдық дағды ретінде теориялық тұрғыдан негіздеп, оның құрылымдық сипаттамасын ұсыну; - заңгерлік дискурс арқылы болашақ мамандардың кәсіби-коммуникативтік, дискурстық, лингвомәдени (құқықтық мәдениет) және перформативтік-прагматикалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлерін сипаттау; - болашақ мамандарға қазақ тілін заңгерлік дискурс негізінде оқытудың теориялық-әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында жағдаяттық тапсырмалар (кейстер) мен кәсіби жаттығулар жүйесін әзірлеу және оларды тәжірибелік-эксперименттік үдерісте сынақтан өткізіп, нәтижелерін практикалық ұсыныстар түрінде негіздеу. Зерттеу әдістері. Зерттеудің лингвистикалық негіздемесі ретінде заңгерлік дискурстың мазмұндық-құрылымдық деңгейлеріне сай арнайы әдістер таңдалды. Прагматикалық талдау арқылы дискурс субъектілерінің өзара әсерлесу тетіктері анықталса, когнитивтік-дискурстық тәсіл адресанттың ментальді құрылымдары мен контекстің өзара байланысын ашуға мүмкіндік берді. Ал «заң», «әділдік», «қылмыс» концептілерінің мағыналық тереңдігі концептуалды талдау әдісі негізінде сараланды. Болашақ заңгерлердің кәсіби коммуникативтік дискурстық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін негіздеу мақсатында кешенді зерттеу әдістері қолданылды. Теориялық кезеңде жалпығылыми әдістер (талдау, сараптама, жалпылау) негізге алынса, тәжірибелік-эксперименттік кезеңде эмпирикалық әдістер (бақылау, салыстыру, сауалнама) жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелерін жинақтау барысында индуктивті-дедуктивті қорыту мен жүйелеу әдістері, сондай-ақ эксперименттік деректердің объективтілігін растау үшін мәліметтерді сапалық және сандық (статистикалық) талдау әдістері пайдаланылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): - Дискурс теориясының іргелі қағидалары сараланып, қазақ заңгерлік дискурсының концептуалды-мазмұндық қырлары мен лингвистикалық сипаттары алғаш рет теориялық тұрғыдан жүйеленді. - Болашақ заңгерлердің кәсіби коммуникативті дискурстық құзыреттілігін дамытудың теориялық-әдістемелік жолдары мен тетіктері жаңаша пайымдалып, ғылыми парадигмасы нақтыланды. - Болашақ заңгерлерге қазақ тілін оқыту үдерісіне қойылатын кәсіби-бағдарлы талаптар мен лингвистикалық тапсырмалар мамандық ерекшелігіне сәйкес айқындалды. - Болашақ заңгерлердің кәсіби қатысымдық мәдениетін қалыптастырудың өлшемшарттары, әдістемелік тәсілдері мен іргелі дидактикалық қағидалары кешенді түрде анықталды. - Кәсіби білім беру кеңістігінде заңгерлік дискурсты қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ғылыми түрде негізделіп, оны тәжірибеге ендірудің әдістемелік агоритмі ұсынылды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу жұмысында дискурс теориясына қатысты отандық және шетелдік іргелі зерттеулер сараланып, дискурстың мағыналық бағыттары анықталып, жеке тұлғаға және мәртебеге бағытталған түрлері айқындалды. Дискурстың мәртебеге бағытталған институционалды түрінің бірі саналатын заңгерлік дискурс жайлы ғалымдардың пікірлері сараланып, салыстырылды. Осы орайда зерттеуді қажет ететін қазақ заңгерлік дискурсының қалыптасу тарихы әлеуметтік өзгерістер аясында қарастырылып, экстралингвистикалық және лингвистикалық сипаттары анықталды. Қоғам мен адам және адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынасты реттеуге бағытталған қазақ заңгерлік дискурсының мазмұны, құрылымы, мақсаты нақтыланды. Заңгерлік дискурстың реттеушілік, ақпараттық және дәлелдеу сияқты қызметтері анықталып, мысалдармен дәлелденді. Сол сияқты қазақ заңгерлік дискурсының прагматикалық, когнитивті негіздері, концептілік жүйесі, тілдік тұлға мәселесі жан-жақты қарастырылып, заң мәтіндерінің ерекшеліктері сараланып, терминдер жүйесі талданды. Эксперимент нәтижелері заңгерлік дискурс негізінде ұйымдастырылған оқытудың білім алушылардың кәсіби тілдік дамуына кешенді әсер еткенін көрсетті. Атап айтқанда, білім алушылардың заңгерлік сөздік қоры (құқықтық терминология мен кәсіби орамдар) сапалық және функционалдық тұрғыда кеңейіп, меңгерілген кәсіби лексикалық бірліктердің сөйлеу әрекетінде (соның ішінде сот шешендігі мен ресми хат-хабарда) белсенді қолданылғаны байқалды. Сонымен қатар кәсіби сөйлеу белсенділігі мен құқықтық коммуникативтік сенімділік деңгейінің артқаны, заң мәтіндерін оқылым, жазылым және айтылым дағдылары арқылы меңгерудің сапалық көрсеткіштерінің жақсарғаны анықталды. Заңгерлік дискурс материалдары (заңнамалық актілер, сот ісі материалдары, тарихи құқықтық жәдігерлер) арқылы ұсынылған лингвомәдени және құқықтық мазмұн білім алушылардың тілдік ақпаратты кәсіби контексте қабылдауына ықпал етіп, олардың кәсіби-құқықтық мәдениеті мен дүниетанымдық көкжиегін кеңейткені байқалды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Зерттеу нәтижелері заңгерлік дискурстың қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту әдістемесінде дербес және жүйелі лингводидактикалық категория ретінде қарастырылу мүмкіндігін көрсетті. Оның тілдік материалды табиғи кәсіби-коммуникативтік ортада ұсыну, ұлттық-құқықтық мәдени мазмұнды контексте меңгерту және білім алушының когнитивтік-талдау қабылдау ерекшеліктеріне бейімделу сияқты қырлары кешенді түрде айқындалды. Осы үдерісте болашақ заңгерлердің заңнамалық-лингвистикалық қабылдауы тек заң мәтіндерін оқу және тыңдау әрекеттерінің қосындысы деңгейінде емес, вербалды (құқықтық терминдер, заңнамалық актілер) және бейвербалды (ресми іс-қағаздардың құрылымы, сот өндірісіндегі прагматикалық қалыптар, кәсіби этика) ақпаратты бір мезгілде өңдеуге негізделген дербес тілдік-танымдық және кәсіби-дискурстық дағды ретінде нақтыланды. Бұл тұжырым заңгерлік дискурс аясында тілдік бірліктің мағынасы тек құқықтық ұғымның сөздіктегі анықтамасы арқылы емес, интонация, ресми-іскерлік мәнері, заңнамалық контекст және прагматикалық жағдаят арқылы толық ашылатынын көрсететін нақты деректермен толықтырылды. Сонымен қатар зерттеу барысында қазақ заңгерлік дискурсына негізделген қазақ тілін оқытуға арналған «Жағдаяттық тапсырмалар жинағы» әзірленіп, оның құрылымдық және мазмұндық компоненттері жүйеленді. Бұл жинақ білім алушылардың (болашақ мамандар мен салалық заңгерлердің) тілдік деңгейі мен кәсіби қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып сараланып, әртүрлі оқу жағдайларында (аудиториялық және цифрлық ортада) бейімделіп қолдануға мүмкіндік беретіні тәжірибе жүзінде көрінді. Ұсынылған әдістеме аясында жағдаяттық тапсырмалар жүйесі құрылып, олардың кәсіби-коммуникативтік дағдыларды кешенді дамытуға бағытталғаны, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби дискурстық белсенділігін арттыруға ықпал ететіні эксперимент нәтижелері арқылы нақтыланды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Диссертация жұмысы Қазақстан Республикасында жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттарымен, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Тіл туралы» заңдармен, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен өзектес. Зерттеу нәтижесі бойынша ұсынылған, тіл үйрету барысында теориялық білімді білік пен дағдыға айналдыратын жағдаяттық жаттығулар грамматикалық біліктілікті қалыптастыруға және кәсіби дискурстық құзыреттілік пен оқу-танымдық уәждемені арттыру үшін жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, облыстық, қалалық тілді оқыту орталықтарында заңгерлердің кәсіби коммуникациялық дискурс дағдыларын дамытуға қызмет етеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертацияның негізгі нәтижелері бойынша Скопус деректер қорындағы CiteScore бойынша 35-тен (отыз бес) жоғары процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 5 мақала жарияланды: 1. Anar Bukayeva, Gulbarshyn Syzdykova, Raushan Kiyakova, Gulnar Muratova, Zanar Talaspayeva. Evaluation of strategies in teaching legal discourse in «Professional Kazakh language» course // Scientific Herald of Uzhhorod University, Series Physics. 2024; (55): 562–576 DOI. https://10.54919/physics/55.2024.81tv92415-8038 Journal homepage: https://physics.uz.ua/en (Докторант үлесі –70 %). 2. Букаева А.А. Заңгерлік дискурс арқылы заңгер мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту // Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы. Филология сериясы. № 3. -2020. – Б. 25-31 https://orcid.org/0000-0002-4858-7205 ISSN 2707-9910 (Докторант үлесі – 100 %). 3. А.Bukayeva, N. Biray The effect of implementing case study approach on students learning outcomes in teaching kazakh legal discourse // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі сериясы. №4–2023–Б.281-293. https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.19 IRSTI 16.01.45. (Докторант үлесі – 75 %). 4. Букаева А.А., Сыздықова Г.О. Қазақ заңгерлік дискурсындағы «қылмыс» концептісі // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Филология сериясы, № 1, 2022. Б. 48-58. DOI: https://doi/10.32523/2616-678Х-2022-138-1-48-58 ISSN 2616-678Х (Докторант үлесі – 70 %). 5. Букаева А.А., Сыздықова Г.О. Қазіргі лингвистикадағы дискурс ұғымы // Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы Филология сериясы, № 2, 2023. – Б.12-21. DOI: https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss2pp12-21 ISSN 2788-7979 (Докторант үлесі – 70 %). 6. Букаева А.А., Сыздықова Г.О. Қазақ заңгерлік дискурсының қалыптасуы // Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы. Филология сериясы, №3, 2023. – Б.14-21 DOI: https://doi.org/10.59102/kufil/2023/iss3pp14-21 ISSN 2788-7979 (Докторант үлесі – 70 %). Халықаралық конфереция материалдары жинақтарында 5 мақала жарияланды: 1. Букаева А.А. Қазақ заңгерлік дискурсындағы тілдік қолданыс // Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері: халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары (21-22 қараша, 2019 ж.). – Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020. – Б.214-218. ISBN 978-601-337-294-5. (Докторант үлесі – 100 %). 2. Букаева А.А. Қазақ заңгерлік дискурсын оқытудың психологиялық негіздері // Дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы тіл және әдебиет мәселелері: халықаралық ғылыми конференция материалдары (8 сәуір, 2021 ж.). – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021. – Б.87-91. ІSBN 978-601-337-508-3. (Докторант үлесі – 100 %). 3. Anar Burayeva. The concept of «BIY (Judge)» in the Kazakh legal vocabulary. «International congress of kazakh history, culture and language». - Ankara Turkey, 2021. - Pp. 209-217. ISBN 978-625-8423-64-8 (Докторант үлесі – 100 %). 4. Букаева А.А. Формирование профессиональной компетентности обучающихся через юридический дискурс // Духовный мир мусульманских народов: материалы Международной научно-практической конференции (XVI Акмуллинские чтения) 14-15 декабря 2021. Том II. – Уфа: Издательство, 2021. – 60-65 с. ISBN 978-5-907475-28-1. (Докторант үлесі – 100 %). 5. Букаева А.А. Заңгер маманның дискурстық құзыреттілігін қалыптастыру жолдары// М.С.Серғалиевтің 85 жылдығына арналған «М. Серғалиев және филология мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – 17 Наурыз, 2023. – 162-166 б. (Докторант үлесі – 100 %). Оқу-əдістемелік құралдар – 1. 1. Қазақ заңгерлік дискурсы арқылы қазақ тілін оқытуға арналған жағдаяттық тапсырмалар жинағы (B2-C1 деңгейлері): оқу-әдістемелік құрал. – Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, 2025. – 229 б. (Авторлық бірлестікте: Б.Б. Бермухамбетова) Докторанттың қосқан үлесі – 70%.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=l5I5DbwIHAU
