
«6D011700 - Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мукашева Меруерт Козыкановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мукашева Меруерт Козыкановна «6D011700 – Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқыту әдіснамасы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ekici Metin - философия докторы (PhD), профессор, Университет Эге
Рахметова Райгуль Садуакасовна - ғылым докторы, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, профессор
Ақтанова Айман Советовна - ғылым кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ғылыми кеңесшілер:
Картаева Айжан Маратбековна – филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен қ. Қазақстан). Оразбаева Фаузия Шамсиевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан)
Сайфулина Флера Сагитовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазан федералды университеті (Қазан қ., Ресей)
Қорғау 2023 жылғы 29 желтоқсан, сағат 09:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D011700 – Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/83729355064?pwd=6FgyjsVJ2EGqgLs9P5TEcap5dzbgOp.1
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимарат, №302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Мукашева Меруерт Козыкановнаның «6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін ұсынған «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқыту әдіснамасы» атты диссертациясына АҢДАТПА Зерттеу тақырыбы: «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқыту әдіснамасы». Зерттеудің мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдіснамасына талдау: концептуалдық негізін көрсету, әдістемелік ерекшелігін жүйелеу, бүгінгі оқыту үрдісіндегі тиімділігін көрсету. Зерттеудің міндеттері: 1. Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы туралы түсінік және концептуалдық негізін саралай отырып, мектепте М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытудың ғылыми негіздерін анықтау. 2. Қ. Бітібаеваның «Абай жолы» эпопеясын 5-11 сыныптарға тереңдете оқыту жүйесіндегі бағдарламаның басты ұстанымдары мен ерекшелігін талдау. 3. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы ұлттық кодқа негізделген оқушының психологиялық дағдысын қалыптастырып, жадында орын алатын әлеуметтік-философиялық факторларды белгілеу. 4. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының негізінде жүргізілетін жазылым әрекетінің әдістемесін креативті тұрғыдан баяндап, шығaрмашылық тапсырмалар мен кешенді жұмыстар жүйесін құрастыру. 5. Оқушының ізденушілік, танымдық қабілеттерін дамытатын инновaциялық сабақ үлгілерін, авторлық бағдарлама әзірлеу, оқытудың тиімділігін эксперимент aрқылы дәлелдеу. Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында философиялық, психологиялық, педагогикалық, объективті-аналитикалық және жинақтау, жүйелеу, ой қорыту; экспериментті ұйымдастыру кезеңінде бақылау, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында аналитикалық әдістер: талдау, қорыту мен ақпаратты өңдеу әдістері, эксперименттік мәліметтерді сараптау, салыстыру әдістері пайдаланылды. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 1. Қ. Бітібаеваның технологиясы мен тереңдетілген бағдарламасы әдебиетті рухани құндылық пен әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі деп тануда, жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерін ашуда, білімді өзіндік ізденісі арқылы шығармашылық деңгейге жеткізуінде маңызды рөл атқарады. 2. Қ. Бітібаеваның технологиясы «Оқу үшін – оқу» қағидасы оқушылардың «өзін-өзі», «бірін-бірі» оқытуы басты ұстаным болып, сабақтың барлық кезеңінде нақты мақсаттар қойылып, білім алушының түпкі нәтижеге жету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 3. Оқушыларға танымдық зерттеу жұмыстарын жасатуға, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау дағдыларын жетілдіретін жазылым әрекетін тудыруға негіз болатын шығармашылық тапсырмаларды іске асыруда Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы - креативті ойлауды арттыруымен құнды. 4. Оқушының ішкі уәжін оята отырып, олардың өз мүмкіндіктерін ашу, тұлғалық қасиетін дамыту дағдыларын қалыптастыруда мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен еңбекті топтық, жұптық, диалогтік жұмыстар арқылы ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. 5. Сабақтың өн бойында «Оқушы – өз пікірі бар, сыни ойлаушы, өзіне сенімді, зерттеуші құзырлы тұлға...», «Мұғалім – оқушыны қолдаушы, ынталандырушы, бағыт-бағдар беруші, жетекші тұлға...» бола отырып, түсіністік, сыйластық, біліктілік тәрізді ұжымдық қатынастарды дамытады. Бұл ұстанымдар сабақтың сапасын арттырып, оқушының дара тұлғалық қасиеті мен қабілетіне жаңа бағдар көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 1. Әдебиет пәнін Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздері еліміздегі интеллектуал дара тұлға тәрбиелеудің басты өзегі екені дәйектелді. 2. Әлемдік және отандық әдістеме іліміндегі ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы ұлттық кодқа негізделген тұлға қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, философиялық теориялары ғылыми сипатталды. 3. Қ. Бітібаеваның технологиясына құрылған оқушылардың танымдық, шығармашылық, зерттеушілік құзыреттіліктерін арттыратын авторлық бағдарламаның, сабақ үлгілері мен тапсырмалардың ұтымдылығы дәлелденді, оқыту моделінің мазмұны мен құрылымы ұсынылды. 4. Қ. Бітібаева әдістемесіне негізделген технологиялық оқытудың басты белгілері жүйеленді, сабақты жүргізудің инновациялық көрсеткіштері анықталды. Кешенді жұмыстарды жүргізу барысында оқушылaрдың шығaрмашылық қабілеттері, ойлау белсенділіктері, есте сақтау қабілеттері, қызығушылық қасиеттері анықталды. 5. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқыту барысында жазылым әрекетінің креативті ойлаумен байланысы көрсетіліп, әдістеме кешенінің тиімділігі тәжірибеде бақыланып, нәтижелері экспермент қорытындылары арқылы дәлелденді. Алынған нәтижелердің маңыздылығының негіздемесі: Зерттеу жұмысында алынған ғылыми нәтижелер қазақ тіл білімі, әдебиеттану, педагогика, психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, әдістеме ғылымдарының ары қарай дамуына ғылыми-теориялық және практикалық жақтан үлес қосады. Зерттеудің нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарындағы филологиялық мамандықтарда қазақ тілі мен әдебиеті оқу курсының мазмұнын жетілдіруде кеңінен қолдануға болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысында көрсетілген шығармашылық тапсырмаларды, әдістеме үлгілерін оқытушылар, әдіскерлер, тәрбиеші мұғалімдерге қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда, семинарлар мен дәрістерде пайдалану нәтиже береді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Зерттеудің жетекші идеясы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ ҚРЗ, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы 12 тамыз 2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын, «Бейіндік білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыруға бағытталып, Қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде қолданысқа түсуіне мүмкіндік беріп отыр. Докторанттың әрбір жарияланымдарды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижелері Мукашева Меруерт Козыкановнаның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда 6, халықаралық Scopus мәліметтер базасына тіркелген журналда 1, халықаралық ғылыми конференцияларда ағылшын тілінде баяндама 2, алыс-жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 2, отандық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 6, барлығы 17 ғылыми мақала жарияланды. Халықаралық шетелдік ғылыми конференцияларда ағылшын тілінде баяндама жасалып, жарияланды: 1. «Teaching M. Auezov's Epic Novel «The Way of Abai» at School». Preminary Program of Ninth International Scientific Conference «Cultural and Historical Heritage: Preservation, Presentation, Digitalization» – KIN 2023 Veliko Tarnovo, Bulgaria and online. 21 April 2023. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100 % 2. «The way of Abai: Teaching of M. Auezov's epic by K. Bitibaeva's techology». London International Conference on Teaching, Education & Learning. Online Live International conference. 26 April 2023. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100 % Халықаралық Scopus мәліметтер базасына тіркелген журналда жарияланған: 1.The issues of metaphoric competence development on the basis of literary heritage Предметная область – искусство и гуманитарные науки; общественные науки. SJR за 2018 г Maracaibo-Venezuela Opcion-2019. – V.35. – Iss. № 88. – P. 584-604. Scopуs – ISSN 1012-1587. CiteScoreравный 0,19. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 55%. ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК тізіміне енген журналдарда келесі мақалалар жарияланды: 1. Қ. Бітібаеваның жаңа технологиясы негізінде әдеби эссе жаздыру. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, №4 (172), 2018. 266-272 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 2. Қ. Бітібаеваның жаңа технологиясы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеудің жолдары. Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы. Филология сериясы, №1 (71), 2020. 514-519 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 3. Жазба жұмысын жаздыру технологиясы (М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы негізінде) // «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журнал 2020 жыл №12/5 (151). 313-317 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100% 4. «Абай жолы» эпопеясын оқыту (Қ.Бітібаеваның технологиясы негізінде). Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филологиялық сериясы, №1, 2022. 88-100 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100% 5. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жазылым дағдыларын дамыту жолдары (Қ.Бітібаеваның технологиясы негізінде). Қарағанды университетінің Хабаршысы. Филология сериясы, № 4 (108), 2022. 128-133 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100% 6. New technology of studying of M. Auezov's novel-epic "The path of Abai" (Based on K. Bitibaeva's technology "Give food for thought, make you think, think"). Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы, №2 (75), 2023. 173-181 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі – 100% Халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда, шетелдік басылымдарда жарияланған мақалалар: 1. Әлемдік білім беруде Қанипа Бітібаеваның педагогикалық тәжірибесі мен жаңа технологиясы // «Перспективы развития науки в современном мире» сборник Международной научно-практической конференции. – Прага: НИЦ Мир Науки, 20.03.2020. 94-403 б. 2. Написание творческого диктанта по роману-эпопее М.Ауезова «Путь Абая» // «Актуальные научные исследования в современном мире» сборник международной научно-практической конференции. – Переяслав, 27.05.2020. - Выпуск 5(61), Ч.8. 183-188 с. 3. Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның педагогикалық идеялары // Наука и образование в современном мире: вызовы ХХI века. Материалы V Международной научно-практической конференции. Филологические науки. - Нур-Султан, 10-12.12.2019. 139-143 с. 4. Қ.Бітібаеваның жаңа технологиясымен модельге негізделген шығарма-суреттеме жаздырудың инновациялық жолдары // «Наука и образование в современном мире: вызовы ХХI века». Материалы VІІ международной научно-практической конференций. - Нур-Султан, 20 октябрь, 2020. 80-85 б. 5. «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы арқылы оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін арттыру // Международное партнерство в образовании и науке: подготовка кадров для новой экономики. Сб.докл.междунар.научного когресса. КАСУ, Ч.3. Усть-Каменогорск, 13-21 сентябрь, 2018. – С. 52-56. 6. «Қанипатану» авторлық бағдарламасын мектепте оқыту // Международное партнерство в образовании и науке: глобальные вызовы современности. Сборник докладов международного научного конгресса. КАСУ, Ч.3. - Усть-Каменогорск, 10-15 сентябрь, 2019. – Б. 60-67. 7. Әлемдік білім беруде Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының жаңашылдығы // Международное партнерство: потенциал науки в условиях глобальных вызовов. Сборник докладов международного научного конгресса. КАСУ, Ч.1. - Усть-Каменогорск, 10-12 ноябрь, 2020. - Б. 46-50. 8. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық тағылымы заманауи білім жүйесінде (Қ.Бітібаеаның технологиясы негізінде) // Ы.Алтынсариннің қазіргі білім берудегі педагогикалық мұрасы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. ШҚО ББ «Шығыс» ӨО, – Өскемен, 9 қараша, 2021. – Б. 117-121. Республикалық конференциялар мен басылымдарға шыққан мақалалар: 1. Оқушылардың жазылым әрекеттерін дамыту (М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде) // Тілдік парадигмалардың коммуникавтік негізі. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2021.- Б 149-152. 2. Абайдың сөз өрнегі арқылы шығармашылық жұмыстар жүргізу технологиясы // Абай шығармалары қазіргі гуманитарлық ғылым кеңістігінде. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Нұр-Сұлтан: «Арда+7» баспасы, 2020. Б. 273-281. Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы – инновациялық тәжірибе алаңы // Бітібаева оқулары. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Өскемен: «Арго ШҚКП», 2018. – Б. 64-66. 4. Қ.О.Бітібаеваның жаңа технологиясының негізінде оқушыларды зерттеу ізденістеріне баулу жолдары // Инноватор. Республикалық ғылыми-педагогикалық, мәдени-ақпараттық, танымдық журнал. – Алматы, 2019. - №2 (1). – Б. 7-10. (№16696-Ж).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/jf-v-_tIdwA?si=NVFqLlVVE7SPHqMK
