
«6D011700 - Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шагирбаева Бахтигуль Кошкарбаевна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шагирбаева Бахтигуль Кошкарбаевна «6D011700 – Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша «Ұлттық құндылықтарды түркітанымдық контексте меңгертудің дингводидактикалық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Оразалиева Эльмира Нурлановна - ғылым докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Төраға
Рауандина Айтжамал Калкеновна - ғылым кандидаты, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, доцент
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Даулетбекова Жанат
Құрман Несібелі Жәкенқызы - ғылым докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі, профессор
Шадиева Нургуль Хамзахановна - ғылым кандидаты, доцент
Кенжебаева Гульдарига Мерекебаевна - ғылым кандидаты, доцент, Ғылыми қызметкер
Екичи Метин - Практикалық профессор
Ғылыми кеңесшілері:
Қапантайқызы Шынар – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан).
Ток Тұрғыт – доктор, Памуккале университетінің профессоры (Денизли қ., Түркия).
Қорғау 2024 жылғы 24 маусым, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D011700 – Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/85239367527?pwd=2RGluWmPYr6eVaDrbGlRAja1HCbsjk.1
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, мәжіліс залы (№302 ауд.)
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты – ұлттық құндылықтарды түркітанымдық контексте меңгертудің лингводидактикалық негіздерін айқындау. Зерттеу міндеттері: 1. Құндылық, құндылықты бағалау ұғымдарының мәнін, олардың түрлерін, жүйеленуін айқындау, философия, психология, әлеуметтану, педагогика, лингвистика ғылым салаларында зерттелуіне талдау жасау; 2. Көне, орта түркі дәуірлерінен жеткен жазба деректер мен ғұламалардың даналық ой-пікірлері негізінде түркі халықтарының рухани-мәдени негіздері мен құндылықтар жүйесін айқындау; 3. Білім беру жүйесінде құндылықтарды меңгертудің аксиолингвистикалық негіздерін айқындау, қазақ тілін оқыту мазмұнында ұлттық құндылықтар жүйесінің қамтылу деңгейіне талдау жасау; 4. Зерттеу еңбектері негізінде тұлғаның құндылық қатынасының қалыптасу кезеңдерін айқындап, құндылық бағдарды анықтау тәжірибелерін жүргізу; 5. Оқу-тәрбие үдерісінде болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің аксиологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың дидактикалық моделін жасақтап, тиімділігін тәжірибеде дәлелдеу. Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында құндылықтардың аксиологиялық, әлеуметтанымдық, психологиялық, түркітанымдық, лингвомәдениеттанымдық, когнитивтік-концептілік, лингводидактикалық мәнін айқындау мақсатында теориялық талдау әдісі қолданылды. Сонымен қатар ұлттық білім беру жүйесінде меңгерілетін құндылықтар жүйесі мен болашақ қазақ тілі мұғалімінің құндылық бағдарын анықтап, дамыту міндеттерін шешу және зерттеу жұмысының әр түрлі кезеңдерінде гипотезаны тексеру үшін статистикалық, сауалнама, эксперименттік әдістер қолданылды. Зерттеудің негізгі нәтижелері бақылау әдісінің көмегімен алынды. Бұл зерттеу әдістерінің қолданылуы ұлттық құндылықтар қатарын талдап, оны жалпыадамзаттық құндылықтармен байытуды көздейтін білім берудің аксиологиялық негіздерін айқындауға мүмкіндік берді. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Құндылықтар жеке адамдар мен қоғамды бір-бірімен және қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолын таңдауға бағыттайды. Бүгінгі жаһандық сын-қатерлер кезеңінде әрбір ұлт өз ата-бабаларынан мирас болып жеткен құндылықтарды біліп, бағалауы тиіс. Құндылық атаулы тіл арқылы танылады, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. 2. Түркі халықтары өнер-білімі мен мәдениетін, салт-дәстүрін ғасырлар бойы адамгершілік құндылықтарға негіздей дамытып келеді. Түркі елінің этникалық бірегейлігіне қауіп төндіріп тұрған жаһандану үдерісіне қарсы тұру үшін тарихи жадты жаңғыртып, ұлттық құндылықтарға заман тұрғысынан жаңаша мән беру қажет. 3. Мәтін кеңістігіндегі аксиологиялық, тарихи, әлеуметтік-мәдени фон оқушының құндылық бағдарын қалыптастыруға қызмет етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұнында қамтылған оқушының рухын оятпайтын жаһандық проблемаларды көтеретін мәтіндердің орнына жас ұрпақтың ұлттық тілдік санасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түркітану бағытындағы зерттеулер нәтижелері мен түркі зиялылары мен олардың еңбектері жайлы мәліметтер де енгізілуі қажет. 4. Тұлғаны құндылықтар әлемінде бағдарлау «іздеу – бағалау – таңдау – мақсат құру» кезеңдерінен тұратын механизм арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан студент алып жатқан кәсіби білімінің мәнін тауып, түсініп, жүрегімен сезініп, өз ақыл-санасы тұрғысынан бағалап, өз өмірлік құндылығы ретінде таңдап алып, иемденіп, өмірлік ұстаным ретінде қолдануына қол жеткізген кезде ғана өзі меңгеретін білім мазмұнын құндылық деп қабылдайды. 5.«Аксиолингвистика» пәнін оқытудың дидактикалық моделі өлшемшарттары мен күтілетін нәтижелерін, қалыптастыру жолдарын, дидактикалық ұстанымдарын, аксиологиялық мәтіндер мен тапсырмалар жүйесін, интерактивті әдіс-тәсілдерді қамти отырып, болашақ қазақ тілі мұғалімінің аксиологиялық құзыреттілігін қалыптастыруды көздейді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипатамасы: 1. Диссертацияда құндылықтар мәселесі «тіл – сана – баға – сезім – білім – таным – адам» интегративті жиынтығы ретінде аксиологиялық лингводидактика тұрғысынан қарастырылды; 2. Қазақ тілі оқулықтары мәтіндерінің аксиолингводидактикалық әлеуеті сараланып, түркітанымдық бағыттағы мәтіндер мазмұнына қатысты ұсыныстар жасалды; 3. Болашақ қазақ тілі мұғалімінің өз кәсібіне деген аксиологиялық көзқарасы зерттеліп, «құндылық сана», «құндылық қатынас», «құндылық бағдар» ұғымдарының ғылыми мәні ашылды; 4. Тілдегі құндылықтардың мазмұны мен мәнін бағалап, сезіну арқылы оларды тұлғаның өмірлік құндылықтарына айналдырудың әдістемесі ұсынылды; 5. Тұлғаның құндылық қатынасының қалыптасу кезеңдері нақтыланып, соған сәйкес білім беру үдерісін құндылық бағдарлы ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылық бағдар көрсетіп отырудың маңызы дәлелденді; 6. «Аксиолингвистика» пәнінің білім мазмұнын түркітанымдық негізде ұйымдастырудың жаңаша дидактикалық моделі ұсынылды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер мен пайымдаулар қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылауға, құндылық-бағдарлы оқыту әдістерін анықтауға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын «Аксиолингвистика», «Түркітануға кіріспе», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курстары бойынша дәрістер мен семинарларда қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Зерттеудің жетекші идеясы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ ҚРЗ), Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы (2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-ҮІ ҚРЗ), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 шілдесіндегі №2 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің ««Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №500 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» бекіту туралы 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы, 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» / Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен (2023 жылғы 25 сәуірдегі №3 хаттама) ұсынылған әдістемелік нұсқау хатын жүзеге асыруға бағытталып, білім алушының таным-түсінігінде көне түркі әлемі моделінің реконструкциясын жасау арқылы ата-бабаларымыздың қоршаған ортаға, өмірге, әлемге, әлеуметтік мәселелер мен этномәдени дәстүрлерге деген құндылық қатынастарын айқындауға және сол арқылы тұлғаның өмірлік құндылық бағдарын қалыптастыруына әсер етуге болады. Докторанттың әрбір жарияланымдарды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда 5, алыс-жақын шетелдік халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 3, отандық халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарында 4, барлығы 12 ғылыми мақала жарияланды. ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК тізіміне енген журналдардағы мақалалар: 1. Оқу мен тәрбие үдерісінде оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары// Көкшетау университетінің хабаршысы. – 2019. -№2. – 387-391 б. ISSN 2707-9910. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 2. Жаңа қазақ жазуы – тілдің иммундық тетіктерін жаңғыртушы құндылық // Көкшетау университетінің хабаршысы. – 2019. - №2. – 352-357 б. ISSN 2707-9910. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 3. Ұлттық құндылықтың түркітанымдық контекстегі көрінісі // Көкшетау университетінің хабаршысы. – 2020. - №4/1. – 122-130 б. ISSN 2707-9910. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 4. ЖОО-да аксиология пәнін оқытудың маңыздылығы// Наука и жизнь. – 2020. -№6/1. – 268-272 б. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. 5. Formation of national value orientations of students in the axiolinguistic aspect // Көкшетау университетінің хабаршысы. - 2023. - №2. – 112-124 б. ISSN 2707-9910. DOI: 10.59102/kufil/2023/ iss2 pp. Докторанттың мақала жазуға қосқан үлесі - 100%. Халықаралық конференциялар мен ғылыми-практикалық және шетелдік басылымдарда жарияланған мақалалар: 1. Аксиологическое направление дистанционного обучения национальных ценностей// LX Международный научный конференция «Актуальные научные исследования в современном мире», Выпуск 4(60), часть 7, Переяслав, апрель 2020, 176-181 стр. ISSN 2524-0986. 2.Түркі халықтарына ортақ мифтік-культтік ұғым атауларының аксиолингвистикалық аспектілері//V Международный научно-практическая конференция "Европа и тюркский мир: наука, техника и технологии" //Анкара, май, 2020. ІІІ том. - 213-221 б. ISBN 978-601-267-399-9. 3. Türklük bilimli Metinlerinde Milli değerler // Türklük bilimi incelemeleri, Түркия, Денизли, Памуккале университеті. - 2022. - 32-39 б. ISBN: 978-625-00-0622-1. 4.«Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру// Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 80 жылдық мерейтойы және университетте тарих мамандығының қалыптасуына арналған «Отан тарихының деректануы мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - 2019. – 241-245 б. ISBN 978-601-261-421-3 (1). ISBN 978- 601-261-420-6. 5.Ұлттық құндылық – ұлттың күретамыры //«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары. - 2019. - 128-130 б. ISBN 978- 601-7962-59-3. Нұр-Сұлтан қ. 6.Ахмет Байтұрсынов және ұлттық құндылық //Ұлтымыздың ұлы ұстазы, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. - 2022. – 229-233 б. ISBN 978-601-261-535-7. Көкшетау қ. 7.Түркі халықтарына ортақ ұлттық құндылықтардың аксиолингвистикалық аспектілері// «Сөйлеу мен тілдегі сөз: филология ғылымындағы қазіргі зерттеу» атты филология ғылымдарының докторы, профессор О.А. Сұлтаньяевтың туғанына 85 жыл толуына арналған VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – 2023. - 205-214 б.ISBN 978-601-261-551-7.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=K6w3fRnnJ2Q
