
«8D01717 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Курманова Айнаш Курмановна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Курманова Айнаш Курмановна «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін үйретуде қатысымдық жаттығуларды қолдану әдістемесі » тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Шадиева Нургуль Хамзахановна - ғылым кандидаты, доцент
Құрман Несібелі Жәкенқызы - ғылым докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі, профессор
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ақтанова Айман Советовна - ғылым кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Жумагулова Айша Алгабековна - философия докторы (PhD), доцент
MCCollum Adam Gatlin - философия докторы (PhD), профессор, профессор
Ғылыми кеңесшілері:
Қапантайқызы Шынар – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан)
Тагирова Салима Айбулатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің башқұрт тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (Уфа қ., Башқұртстан).
Қорғау 2025 жылғы 9 қаңтар, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/89924537171?pwd=xxZT6Xla3apeIkp7ZMKS1eV5BXTm2K.1
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Курманова Айнаш Курмановнаның «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақ тілін үйретуде қатысымдық жаттығуларды қолдану әдістемесі» атты диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – қазақ тілін үйретуде қолданылатын қатысымдық жаттығуларды кешенді зерттеп, оларды құрастыру мен қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну. Зерттеу міндеттері: ‒ коммуникация терминін, қатысымдық жаттығулар ұғымы мен мәнін және өзіндік ерекшелігін анықтау; ‒ әлемдік және отандық әдістеме іліміндегі қатысымдық жаттығулар жайлы зерттеулерді талдау; ‒ қатысымдық жаттығулардың лингвистикалық негіздерін айқындау; ‒ қатысымдық құзыреттіліктің негізгі компоненттері мен қазақ тілін оқытудың мақсатты нәтижелерін жүйелеу; ‒ оқу басылымдарындағы қатысымдық жаттығулардың берілуіне сараптама жасау; ‒ қатысымдық жаттығуларды құрастыру және қолдану әдістемесін ұсыну; ‒ қатысымдық жаттығулардың тиімділігін эксперимент жүргізу арқылы тексеру.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/u4Pysx_7azE
