
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қожахмет Айгерім Қожабекқызы «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Ғылыми мәтіннің дискурстық кеңістігі (теориялық және әдістемелік сипаты)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Әлісжан Сарқыт Қалымұлы – филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаментінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Шормакова Айжан Ботановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Адам Гатлин Макколлум – философия докторы (PhD), Роджерс университеті Лингвистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Нью-Джерси, АҚШ).
Құрман Несібелі Жәкенқызы – педагогика ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы Филология кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Актанова Айман Советовна – филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақ филологиясы зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сыздықова Гүлбаршын Олжабайқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Хусаинова Ляйля Мидхатовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті Башқұрт филологиясы факультетінің деканы (Уфа қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылғы 20 мамыр, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау («6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті»)» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (онлайн, офлайн) өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3L6UAi
Конференция идентификаторы: 475 920 272 053
Кіру коды: Dk6on9os
e-mail: go.syzdykova@mail.ru
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Қожахмет Айгерім Қожабекқызының «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Ғылыми мәтіннің дискурстық кеңістігі (теориялық және әдістемелік сипаты)» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты – ғылыми мәтіннің дискурстық сипатын және әдістемелік негіздерін анықтау. Зерттеу міндеттері: – ғылыми мәтін мен ғылыми дискурс ұғымдарының қалыптасу тарихын, қазақ және жалпы тіл біліміндегі орнын, байланысы мен ерекшелігін нақтылау; – ғылыми мәтіннің дискурстық өлшемдерін жіктеу; – оқулық, ғылыми баяндама және дәрістің дискурстық ерекшелігін тілдік деректер арқылы талдау; – ғылыми мәтінді оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін көрсету; – ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасу, даму жолдарын анықтау; – ғылыми мәтінді оқытуда тиімді әдістерді пайдалана отырып, білім алушыларға тапсырмалар әзірлеу; – ғылыми мәтінді модельдеу әдісі арқылы оқытудың тиімділігін көрсету; – ғылыми-зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу үшін тәжірибелік зерттеу жүргізу. Зерттеу әдістері. Зерттеу барысындағы теориялық материалдарды өңдеуде талдау, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, қорытындылау әдістері; ғылыми мәтіннің дискурстық ерекшелігін көрсететін бірліктерді, ғылыми мәтінде кездесетін терминдерді талдау барысында мазмұндық және статистикалық талдау; эксперимент кезінде сауалнама жүргізу, тестілеу, бақылау, сандық және сапалық талдау, диагностикалық әдістер қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): – Ғылыми мәтін мен ғылыми дискурс – өзіндік зерттеу нысаны мен әдістемелік сипаты айрықша көрінетін жеке пән; – Ғылыми мәтін мен ғылыми дискурсты байланыстырушы ұғым – ғылыми коммуникация. Ғылыми коммуникацияға түскен мәтін ғылыми дискурс болады; – Ғылыми мәтіннің коммуникативтік қыры дискурстық өлшемдер (қатысушылар, жағдаят, стратегиялар (жету жолдары), мақсаты, ғылыми мәтін жанры және дискурстық формулалар) арқылы анықталады; – Оқулық мәтіндері ғылыми мәтін болғанымен, оның дискурстық сипаты автор мен оқырман арасындағы байланыс негізінде көрінеді. Кез келген оқулық адресатқа арналып жазылады. Сол себепті оқулық – дискурстық сипаты бар ғылыми мәтін; – Баяндама – ғылыми мәтін мен ғылыми дискурсқа ортақ нысан. Баяндама ғылыми дискурс жанры болғанымен, мәтін құрамындағы тілдік бірліктерден оның ғылыми мәтін екендігі анықталады; – Дәріс – ғылыми коммуникацияға түскен ғылыми мәтін. Дәрістің коммуникативтік қыры басым болғанымен, ол – ғылыми стильге тиесілі мәтін. Дәрісті зерттеуде мәтін мазмұны, құрылымы, қолданыс аясы аса маңызды; – Ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктің қалыптасуы арқылы білім алушының ғылыми білімі толығады. Ғылыми тұрғыда сауатты білім алушы ғылыми мәтін жаза алады; – А. Байтұрсынұлының мәтіндері ғылыми стильде жазылғандықтан, оларды құрылымдық модель арқылы оқыту тиімді. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: – Қазақ тіл білімінде ғылыми мәтіннің дискурстық кеңістігі алғаш рет дербес қарастырылды. А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың мәтіндерін талдай келе, ЖОО-да жеке пән ретінде оқытылу ұсынылды. – А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» оқулығы мазмұндық, стильдік, мәтіндік орта тұрғысынан талданып, оқулықтың дискурстық сипаты анықталды. Оқулықтың дискурстық сипатын талдау барысында ондағы әлемнің ұлттық ғылыми бейнесінің маңызы айқындалды. – А. Байтұрсынұлының «Араб әліпбиін жақтаған баяндамасы» зерттеу нысанына алынып, мазмұндық, стильдік, мәтіндік орта тұрғысынан талданды. Талдау нәтижесі бойынша баяндаманың дискурстық қыры анықталды. Соған сәйкес баяндаманың ауызша және жазбаша мәтін түрлеріне ортақ екендігі дәлелденді. – Қ. Жұбановтың дәрістер легі алғаш рет ғылыми коммуникацияға түскен ғылыми мәтін ретінде талданды. Дәрістердің мазмұндық, стильдік, мәтіндік ортасын зерттеу нәтижесінде дискурстық ерекшелігі анықталды. – ЖОО-да ғылыми мәтінді оқытудың тиімді әдістері мен заманауи технологиялары ұсынылды. Білім алушыларға ғылыми мәтінді оқыту бойынша тапсырмалар әзірленді. – Модельдеу әдісінің ғылыми мәтінді оқытудағы тиімділігі А. Байтұрсынұлының ғылыми мәтіндерінен алынған тілдік деректер арқылы дәлелденді. – ЖОО-да білім алушылар арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде дәстүрлі және заманауи әдістерге негізделген тапсырмалар, жаңа технологиялар көмегімен әзірленген тапсырмалар дайындалды. Соған сәйкес білім алушыларға арналған «Ғылыми мәтінмен жұмыс жасауға арналған дидактикалық материалдар» оқу-әдістемелік құралы дайындалды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Зерттеу жұмысының нәтижелері ғылыми мәтін мен дискурстың пәндік негіздемесін белгілеуге, ғылыми мәтіннің танымдық, прагматикалық, коммуникативтік, дискурстық және әдістемелік қырларын дамытуға үлес қосады. Мәтін лингвистикасы, мәтінді оқыту әдістемесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар диссертациядағы жинақталған материалдар мен тұжырымдарды ЖОО-да бакалавр бойынша «Қазақ тілінің стилистикасы», магистратура, докторантура бойынша «Академиялық жазба», «Мәтін және дискурс», «Прагмалингвистика» сияқты таңдау пәндерін оқытуда, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу барысында, білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруда пайдалануға болады. Мәтін мен дискурсқа қатысты ғылыми зерттеулерге дереккөз бола алады. Зерттеу аясында ұсынылған теориялық және әдістемелік материалдар ізденушілерге, мұғалімдерге, оқытушыларға қолжетімді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес диссертацияда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңындағы оқыту мәселелеріне қатысты тұжырымдар білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыруда негізге алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы Ұлттық ғылым академиясының сессиясында сөйлеген сөзі ғылыми мәтінді зерттеу, талдау, оқыту барысында қолданылды. Ғылымның дамуына ықпал ететін орта – жоғарғы оқу орындары болғандықтан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары зерттеу барысында пайдаланылды. Сонымен қатар ғылыми мәтінді оқытуда білім сапасын арттыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысандары негізге алынды. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертацияның негізгі ғылыми-теориялық нәтижелері ұжымдық монографияға 1 тарау ретінде енгізілді. 1 оқу-әдістемелік құрал, ҚР Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 5 мақала, отандық және шетелдік ғылыми басылымда 2 мақала, халықаралық конференция жинақтарында 7 мақала жарияланып, секциялық және пленарлық отырыстарда баяндалды. Әрбір жарияланым докторанттың өзінің тікелей бастамасымен әзірленді. ҚР Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар: 1. Лингвистикалық зерттеулердегі мәтін және дискурс теориясы // Ясауи университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. №2 (128). – Б. 178-189 (бірлескен автор: Хусаинова Л.М., докторанттың үлесі – 90%). 2. The discoursive peculiarities of A. Baitursynuly’s scientific texts // Bulletin of the Karaganda University. «Philology» series. – 2023. № 2 (110). – P. 97-103 (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., докторанттың үлесі – 90%). 3. Ғылыми мәтінді қабылдау, түсіну және интерпретациялау // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. № 3. – Б. 196-208 (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., докторанттың үлесі – 90%). 4. Linguistic and Stylistic Pecularities of the Scientific Texts // Bulletin of Ablai Khan KazUIR and WL. Series «Philological Sciences». – 2023. №3 (70). – P. 163-174 (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., Бегалаев Б.Т., докторанттың үлесі – 90%). 5. Ғылыми мәтін кеңістігіндегі әлем бейнесі // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2024. №4. – Б. 88-100 (бірлескен автор: Хусаинова Л.М., докторанттың үлесі – 90%). Отандық және шетелдік ғылыми басылымда жарияланған мақалалар: 1. Алғашқы қазақ ғылыми мәтіндеріндегі терминдердің тілдік ерекшелігі // Терминологиялық хабаршы. – 2021. №1 (60). – Б. 51-56 (докторанттың үлесі – 100%). 2. Ғылыми коммуникацияның дискурстық өлшемдері // VI Международное книжное издание стран СНГ «Лучший молодой ученый – 2022». – Астана, 2022. – Б. 25-28 (докторанттың үлесі – 100%). Халықаралық ғылыми конференция жинақтарында жарияланып, секциялық және пленарлық отырыстарда баяндама жасалған мақалалар: 1. Исследование проблемы дискурса // Development of Education, Science and Business: Results 2020: abstracts of the International Scientific and Practical Internet Conference, December 3-4, 2020. – Dnipro, 2020. – P.1. – С. 499-501 (докторанттың үлесі – 100%). 2. Қазақ ғылыми мәтінінің қалыптасуы // Дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы тіл және әдебиет мәселелері: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай өткізілген халықаралық ғылыми конференция материалдары (8 сәуір, 2021 ж.). – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2021. – Б. 171-174 (докторанттың үлесі – 100%). 3. Изучение понятии текста и дискурса в казахском языкознании // Духовный мир мусульманских народов: материалы Международной научно-практической конференции (XVI Акмуллинские чтения) 14-15 декабря 2021. Том II. – Уфа: Издательство, 2021. – С. 218-222 (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., докторанттың үлесі – 90%). 4. Ғылыми мәтінді оқытудың танымдық сипаты // Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу. X халықаралық конференция еңбектері (16-18 маусым 2022 ж.). – Нұр-Сұлтан: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2022. – Б. 336-341 (докторанттың үлесі – 100%). 5. Ғылыми мәтінді оқытудың тарихы // Межкультурный диалог на евразийском пространстве: Материалы Всероссийской (с международным участием) научно-практической конференции, посвященной 85-летию доктора филологических наук, профессора, лауреата Государственной премии РБ имени Салавата Юлаева, кавалера ордена Салавата Юлаева, заслуженного деятеля науки Республики Башкортостан, Народного поэта Республики Башкортостан Рашита Закировича Шакурова, приуроченной к Году культурного наследия народов РБ. – Уфа: БГПУ им. М. Акмуллы, 2022. – С. 168-170 (бірлескен автор: Хусаинова Л.М., докторанттың үлесі – 90%). 6. Қ. Жұбанов ғылыми мәтінінің тілдік ерекшелігі // Межкультурный диалог на евразийском пространстве: Материалы Всероссийской (с международным участием) научно-практической конференции. – Уфа: БГПУ им. М. Акмуллы, 2023. – С. 75-77 (докторанттың үлесі – 100%). 7. Модельдеу әдісі арқылы ғылыми мәтінді оқыту // Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық дискурс = Social and Humanitarian Sciences: Public Discourse = Социально-гуманитарные науки: общественный дискурс: ғыл. зерт. конф. аңдатпалар жинағы. – Астана: НУ, 2025. – Б. 49 (докторанттың үлесі – 100%). Сонымен қатар диссертация мазмұны бойынша 1 оқу-әдістемелік құрал, 1 ұжымдық монографияның 1 тарауы әзірленіп, отандық және шетелдік басылымда жарияланды. 1. Ғылыми мәтінмен жұмыс жасауға арналған дидактикалық материалдар. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана: «QazPrint» баспасы, 2025. – 42 б (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., докторанттың үлесі – 90%). 2. Ғылыми мәтін прагматикасындағы сөйлеу актісі // Современные научные парадигмы в башкирской и казахской лингвистиках: коллективная монография. – Воронеж: «АртПринт», 2022. – С. 92-107 (бірлескен автор: Сыздықова Г.О., докторанттың үлесі – 90%).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/uaAYJDSYPjU
