
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шоқай Мустафа Табиғатұлы «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Тәуелсіздік тұсындағы тарихи проза: авторлық ұстаным, көркемдік дәстүр және эпикалық жанрды оқыту әдістемесі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Жарылгапов Жансая Жангазиевич – филология ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Акбулатов Айдарбек Ахметович – философия докторы (PhD), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, Филология факультетінің деканы (Орал қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Смагулов Жандос Қожахметұлы - филология ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Selami Fedakar – доктор, профессор, Еге Университеті Әдебиет факультетінің деканы (Измир қ., Түркия);
Еркинбаев Ұлан Оралович – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы Білім академиясының директоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Тұрысбек Рақымжан Сағымбекұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Сайфулина Флера Сагитовна – филология ғылымдарының докторы, Қазан Федералды университетінің профессоры (Қазан қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 4 маусым, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://lyl.su/p2jQ
Конференция идентификаторы: 431 425 940 967 5
Кіру коды: z74jT9BV
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Шоқай Мустафа Табиғатұлының «8D01717-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Тәуелсіздік тұсындағы тарихи проза: авторлық ұстаным, көркемдік дәстүр және эпикалық жанрды оқыту әдістемесі» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты – тәуелсіздік тұсында жазылған тарихи туындыларды саралай отырып, авторлық ұстаным мен көркемдік дәстүр мәселесін бағамдау және соның нәтижесінде әдебиетті оқыту мен тарихи туындылардағы автор, көркемдік мәселесін таныту үдерісінің тиімділігін арттырудағы цифрлық алаңдардың мүмкіндіктері мен инновациялық әдіс-тәсілдердің артықшылықтарын айқындау, ғылыми негізделген ұсыныстар беру. Зерттеу міндеттері: – Азаттық идеясының көркем шығармалардағы кестеленуі мен әдебиеттегі эволюциясын бағамдай отырып, төл сөз өнеріміздегі тарихи романдардың жазылу мәнісіне үңілу; – Әлем және қазақ әдебиеттану ғылымындағы роман жанрының дефиницияларын зерделеу, оның тілдік-стильдік ерекшеліктеріне, тарихи оқиғаны көркем жеткізудегі мүмкіншіліктеріне баға беру; – Тәуелсіздік тұсында жазылған тарихи туындылардың тақырыптық және жанрлық ерекшеліктеріне, заман тынысына, кейіпкерлер әлеміне, қаламгерлер қолтаңбасына жан-жақты талдау жасау; – Зерттеу нысаны ретінде алынған туындылардағы авторлық ұстаным мен көркемдік дәстүр мәселесін жіті бағамдау, егемендік тұсында жазылған бірнеше тарихи шығармалардағы дәстүр жалғастығы мен шеберлік мәселесіне шолу жасау; – Тәуелсіздік тұсында жазылған тарихи туындыларға ортақ ұқсастықтар мен ерекшеліктер, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің үйлесімділігіне баға беру; – Зерттеу нысанына негіз болған тарихи романдардағы тұлғаның көркемдік концепциясына талдау жүргізу, тарихи тұлғаның әдеби-көркем бейнесінің жасалуына мән беру, автор дүниетанымына бойлау; – Тарихи туындылардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына мән бере отырып, оны оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен онлайн алаңқайлардың тиімділігін бағамдау; – Көркем шығармадағы авторлық ұстаным мен көркемдік дәстүр мәселесін білім алушыларға таныту және анықтатудың әдіс-тәсілдерін айқындау; – Тарихи прозаны ЖОО-да оқытуға бағытталған жоба форматындағы жаңа модельді ұсыну. Зерттеу әдістері. Зерттеудің ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындау барысында бірнеше әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Тәуелсіздікке дейінгі және одан кейінгі кезең әдебиетін бағамдау үшін салыстырмалы-тарихи, тарихи шығармалардағы азаттық идеясының көркемдік интерпретациясын аршу мақсатында мазмұндық талдау, әдеби мәтіндердегі ерекшелікті айшықтау үшін герменевтикалық әдіс пайдаланылды. Сонымен қатар тарихи туындыларды зерттеу кезінде психологиялық, типологиялық, индукция, дедукция, анализ, интерпретация секілді тәсілдерге орын берілді. Оқыту мәселесін қарастыру кезінде берілген ақпараттар интербелсенді, саралау, салыстырмалы-әдеби әдістерді тиімді пайдалану нәтижесінде алынды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): – Тәуелсіздік кезеңіндегі 60-қа жуық тарихи туындының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері жүйеленді; – Аталған кезеңдегі онға жуық тарихи романға талдау жүргізіліп, авторлық ұстаным мен көркемдік дәстүр сабақтастығын анықтауға талпыныстар жасалды; – Тарихи шығармалардағы көркемдік шешім мен тарихи шындықтың байланысын зерделеу нәтижесінде қаламгерлердің шығармашылық зертханасы бағамдалды; – Қазақ тарихи прозасындағы әлемдік әдеби айшықтардың көрінісі, екі әдебиеттің арасындағы ұқсастықтар зерттелді; – Екі жыл апробациядан өткен «Ұлы әңгіме» жобасының тәжірибесі арқылы тарихи прозаны ЖОО-да оқытудың жаңа тәсілі ұсынылды; – Тарихи шығармаларды оқытуда цифрлық технологиялар мен ЖИ-ды қолданудың артықшылықтары, оның зерттеу нысанындағы тарихи романдарды талдаудағы мүмкіндіктері көрсетілді; – Қазақ тарихи прозасындағы авторлық ұстанымның берілу жолдары қаралды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: – Азаттық идеясы – қоғамдық сананы қозғайтын және әдеби үдерістерге ықпал ететін ірі факторлардың бірі. Әлемдік және қазақ әдебиетіндегі тарихи туындылар осы идеяның дамуына сәйкес өзгеріп, жаңа жанрлар мен көркемдік тәсілдердің қалыптасуына негіз болды. – Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи шығармаларда азаттық идеясы тек тәуелсіздікке ұмтылу тұрғысынан емес, оны сақтау, рухани жаңғыру және ұлттық бірегейлікті нығайту контексінде қарастырылады. – Тәуелсіздік жылдарында тарихи шығармалардың басым көпшілігі көлемді роман жанрында жазылған. Бұл құбылыс тек әдеби тренд емес, ұлттық әдебиеттің тарихи жадыны қайта жаңғырту қажеттілігімен байланысты заңды сұранысы болып табылады. – Тәуелсіздік кезеңінде жазылған тарихи шығармалардың көпшілігі 18-20 ғасырлардағы оқиғалар мен билеушілер, батырлар, би-сұлтандар тағдырын суреттеуге негізделген. Бұл үрдіс ұлттық санадағы тарихи кезеңдерді қайта пайымдау қажеттілігінен туындаған. – Тарихи шығарма авторлары көбіне өздерінің географиялық немесе этникалық тамырластықтарына сай тұлғалар мен оқиғаларды таңдайды. Бұл әдеби үдерісте белгілі бір субъективті көзқарастардың қалыптасуына әсер етеді. – Қазіргі тарихи романдарда көркемдік шешім мен тарихи шындық үйлесімін сақтау мақсатында этнопроекция тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы көне дәуірлер мен тарихи оқиғалар бүгінгі оқырманға жаңа қырынан таныстырылады. – Тарихи шығармалардағы кейіпкерлер антропологиялық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени контексте зерделеніп, олардың тұлғалық қалыптасу ерекшеліктері философиялық, саяси және көркемдік интерпретациялар арқылы ашылады. – Қазақ тарихи романдары әлем әдебиетіндегі Bildungsroman («тәрбие романы») немесе орыс әдебиетіндегі «роман воспитания» жанрларымен сабақтасып, тарихи тұлғалардың рухани және саяси қалыптасу жолын тереңнен бейнелейді. – Қазақ қаламгерлері тарихи тұлғалардың образын сомдауда ұлттық танымға, тарихи сабақтастыққа және дәстүрлі баяндау әдістеріне сүйенеді. Олардың шығармаларында ақылшы кейіпкерлердің, көреген жардың болуы, шешендік сөздер мен философиялық толғаныстардың көрініс табуы – ұлттық прозаның айрықша белгілері. – Жоғары оқу орындарында тарихи шығармаларды оқыту барысында жобалық оқыту, интермәтінділік талдау, цифрлық технологияларды қолдану, Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар әзірлеу секілді заманауи әдістер студенттердің зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, тарихи романдарды оқытуда әлемдік тәжірибедегі тиімді стратегияларды қолдану әдеби білімнің сапасын арттырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Зерттеу жұмысының қорытындыларының қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін қарастыруда маңызы зор. Сонымен қатар бұл ғылыми зерттеуді жоғарғы оқу орындарының филология және әдебиеттану мамандықтарында оқытылатын дәрістерде, практикалық сабақтарда студенттердің, магистранттардың, докторанттардың өз беттерімен жұмыс істеуі үшін берілетін қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу жұмысында сөз етілетін жобаның қазіргі таңда қолданыс тауып отыруы – ЖОО-да тарихи романдарды оқытуға қатысты апробациядан өткен тиімді модельдің бар екенінің көрінісі. Нұсқаулыққа сәйкес оны кез келген оқу орнында жүзеге асыруға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес диссертацияда Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңындағы оқыту мәселелеріне қатысты тұжырымдар білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыруда негізге алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде және 2024 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні сөйлеген сөздері тәуелсіздік, еркіндік ұғымының интерпретациясы мен эволюциясы туралы, жалпы жұмыстың өзектілігі турасында баяндағанда қолданылды. Ғылымның дамуына ықпал ететін орта – жоғарғы оқу орындары болғандықтан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары зерттеу барысында пайдаланылды. Сонымен қатар ЖОО-да көлемді шығармаларды оқу мен оқытудағы мәселелерді айқындау үшін «Қазақстан жастары» әлеуметтанулық зерттеуіне, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру саясатына сілтеме жасалды. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде 7 мақала жарияланды. Соның ішінде SCOPUS деректер базасына енетін импакт факторлы басылымда -1, Web of Science деректер базасына енетін импакт факторлы басылымда - 1, ҚР ҒЖБМ БҒСБК ұсынған ғылыми басылымдардағы жарияланымдар - 1, Отандық ғылыми басылымдарда - 1, Халықаралық конференция / симпозиум жинақтарында 3 мақала жарияланды. SCOPUS деректер базасына енетін импакт факторлы басылымда: 1. Cultural Identity of Public Consciousness in Kazakhstan Literature Education: Effects of a New Teaching Method. Journal of Ethnic and Cultural Studies, 11(1), 119–141. https://doi.org/10.29333/ejecs/1954. Authorship: Kabylov, A., Anes, G. ., Kamarova, N. ., Burkitbaeva, A. ., Zhailovov, B. Докторанттың үлесі – 50%. Web of Science деректер базасына енетін импакт факторлы басылымда. 1. The effect of digital stories in teaching historical texts in literature class. International Journal of Education in Mathematics, Science, and Technology (IJEMST), 12(2), 496-512. https://doi.org/10.46328/ijemst.3862. Authorship: Nurdauletova, B., Kabylov, A., Turysbek, R., & Zhailovov, B. Докторанттың үлесі – 80%. ҚР ҒЖБМ БҒСБК ұсынған ғылыми басылымдардағы жарияланымдар: 1. Көне герман эпосы «Нибелунг жыры» мен «Атилла. Балқан тауға барғандар» романындағы Еділ патша образы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – №4 (130). – Б. 161–175. https://doi.org/10.47526/2023-4/2664-0686.14. Қосалқы автор: Тұрысбек Р.С. Докторанттың үлесі – 90%. Отандық басылымдар: 1. «Бопай ханым» романындағы Әбілқайыр бейнесі // Dulaty University Хабаршысы. – 2024. - №2. – Б. 34-43 https://doi.org/10.55956/KYZR1219. Қосалқы автор: Тұрысбек Р.С. Докторанттың үлесі – 90%. Халықаралық конференция баяндамалары мен конференция жинақтарында: 1. Светқали Нұржанның «Еңсегей бойлы ер Есім» дастанындағы Есім хан бейнесін жасаудағы автор ұстанымы. «Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. 4-5 мамыр 2023 жыл/ Жалпы редакциясын басқарған: Е. Сыдықов. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2023.151-158 бб. Докторанттың үлесі – 100%. 2. Mythical origins in the prose of Abish Kekilbayuly. International Topkapi Congress III. May 1-2, 2024-Istanbul. 361-367 pp. Authorship: Kabylov Adilet, Zhailovov Baktybay. Докторанттың үлесі – 80%. 3. Robert Mi̇nnulli̇n’i̇n yaratici çalişmalarinda ai̇le değerleri̇. Uluslararasi Çocuk ve Gençlik Edebiyatı Sempozyumu. 20-21 Ekim. Tataristan, Kazan. 537-542 s. Authorship: Gulmira Khassenova. Докторанттың үлесі – 50%.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/AoQTXGX7EbU?si=nQS3Ggp8VR_PvnYh
