
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы «8D05306 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «Onagraceae L. тұқымдас кейбір өсімдіктерінің фитохимиялық зерттеуі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Ескалиева Балакыз Кымызгалиевна - химия ғылымдарының кандидаты, профессор-зерттеуші, Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлердің химиясы мен технологиясы, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Тулеуов Бораш Игликович - ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, «Фитохимия» Халықаралық ғылыми өндірістік орталығы» АҚ, стероидты қосылыстар химиясы зертханасының менгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Курзина Ирина Александровна – физка-математика ғылымдарының докторы, доцент, Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі (Томск қ., Ресей Федерациясы )
Сейтимова Гульназ Абсаттаровна – философия докторы (PhD), профессор-зерттеуші, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Жанжаксина Альмира Шайхслямовна – философия докторы (PhD), аға оқытушы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Ғылыми кеңесшілері:
Ташенов Ерболат Ордабекович - доцент м.а., философия докторы (PhD), химия кафедрасы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Өзек Гүлмира - философия докторы (PhD), профессор, Анадолу университеті, Фармация факультеті, фармакогнозия кафедрасы (Эскишехир қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 26 ақпан, сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05306 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://inlnk.ru/QwY71x
Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев, 2. 302 аудитория
Аңдатпа (қаз.): Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Circaea lutetiana және Chamaenerion latifolium өсімдіктерінің фитохимиялық зерттеуіне арналған. Бұл өсімдіктер Onagraceae L. тұқымдасына жатады. Зерттеу аясында өсімдік шикізатының компоненттік құрамы анықталып, сығындылардағы биологиялық белсенді қосылыстар хроматографиялық және спектроскопиялық әдістер арқылы идентификацияланды. Өсімдік сығындыларының биологиялық белсенділігі антиоксиданттық және антимикробтық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Сонымен қатар, ГХ–МС әдісімен ұшпа компоненттердің профилі анықталды және Circaea lutetiana сығындысын қолдана отырып «жасыл» синтез әдісі арқылы биосәйкесті күміс нанобөлшектерін алу мүмкіндігі зерттелді. Зерттеудің негізгі нәтижелері зерттелген өсімдіктердің фитохимиялық профиліне және олардың биологиялық белсенділігін бағалауға арналған ғылыми мақалалар сериясында жарияланды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан флорасының биологиялық әртүрлілігі алты мыңнан астам өсімдік түрін қамтиды және биологиялық белсенді қосылыстардың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз көздерін іздестіруде айтарлықтай ғылыми әрі қолданбалы маңызға ие. Onagraceae L. тұқымдасына жататын өсімдіктер халық медицинасында түрлі ауруларды емдеуде терапиялық құрал ретінде кеңінен қолданылып, биологиялық белсенді заттардың құнды көзі болып табылады. Бұл қосылыстардың кешенді әсері олардың биосыйымдылығын және фармакологиялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан аталған тұқымдас өкілдерінің фитохимиялық құрамын зерттеу, сондай-ақ олардың фармакологиялық әлеуетіне баға беру – ғылыми зерттеулердің өзекті және перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты: Onagraceae L. тұқымдасына жататын Circaea lutetiana және Chamaenerion latifolium өсімдіктерін фитохимиялық зерттеу. Зерттеу жұмысының міндеттері: 1. Circaea lutetiana және Chamaenerion latifolium өсімдіктерінің жер үсті бөлігін полярлы және полярлы емес еріткіштерді пайдалана отырып экстракциялау арқылы биологиялық белсенді заттардың кешенін алу. 2. Зерттелетін өсімдіктердің жер үсті бөлігінен алынған полярлы емес сығындыларының ұшпа компоненттерінің сапалық құрамын газдық хроматография–масс-спектрометрия (ГХ–МС) әдісімен анықтау. 3. Полярлы сығындылардағы фенолды қосылыстар мен флавоноидтардың сапалық және сандық құрамын жоғары тиімді сұйықтықтық хроматографияның ультракүлгін детектірлеумен және электроспрей–ионизациясымен үйлестірілген масс-спектрометриялық талдау әдісі (ЖТСХ–УК–ЭСИ/МС) арқылы идентификациялау. 4. Өсімдік сығындыларының антиоксиданттық белсенділігін DPPH және FRAP әдістерімен бағалау, сондай-ақ олардың антибактериалдық және цитотоксикалық белсенділігін in vitro жағдайында анықтау. 5. Circaea lutetiana өсімдігінің сығындысын қолдана отырып, «жасыл» синтез әдісімен биологиялық белсенді және биосәйкес күміс нанобөлшектерін алу мүмкіндігін зерттеу және олардың физика-химиялық қасиеттерін сипаттау. Зерттеу нысаны: Onagraceae L. тұқымдасына жататын өсімдіктер: Павлодар облысы, Баянауыл ұлттық паркінде өсетін Circaea lutetiana және Үлкен Алматы шатқалында таралған Chamaenerion latifolium түрлерінің жер үсті (гүл, жапырақ, сабақ) бөліктерінен алынған өсімдік шикізаты. Қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі жағдайлары (қағидалары): 1. Chamaenerion latifolium және Circaea lutetiana өсімдіктерінің жер үсті бөліктерінен алынған полярсыз экстрактылардың липофильді құрамы түрлі және органоспецификалық сипатқа ие: Chamaenerion latifolium үшін ұзын тізбекті алифатты көмірсутектердің басым болуы тән болып, олардың жиынтық мөлшері жапырақтарда 31,34%, сабақтарда 48,16% құраса, Circaea lutetiana экстрактыларында май қышқылдары эфирлері басым болып, олардың үлесі 30,80%-ға дейін жетеді, ал тритерпеноидтар 2,25–3,79% мөлшерінде анықталды. 2. Chamaenerion latifolium және Circaea lutetiana өсімдіктерінің полярлы сығындылары ЖТСХ–УК–ЭСИ/МС әдісімен фенолдық профилі ерекшеленді: Chamaenerion latifolium этанолды экстрактісінде галл қышқылы (35,00 мг/г), хлороген қышқылы (26,80 мг/г) және кверцетин-3-глюкозид (71,90 мг/г) басым болса, ал, Circaea lutetiana өсімдігі сығындысында галл қышқылы (15,10 мг/г), p-кумар қышқылы (14,60 мг/г) және кофеин қышқылы (9,80 мг/г) басым болды. 3. Chamaenerion latifolium өсімдігінің жер үсті бөліктерінен алынған этанолды экстрактінің жоғары антиоксиданттық және антимикробтық белсенділікке ие екені анықталды: DPPH әдісі бойынша IC50 мәні 21,31 ± 0,65 мкг/мл, FRAP әдісі бойынша 18,13 ± 0,15 мкг/мл құрады, ал әр түрлі микроағзаларға қатысты in vitro жағдайында анықталған ингибиттеу аймақтары 8,53–14,27 мм аралығында болды. Бұл көрсеткіштер фенолдық қосылыстардың (TPC 267,48 ± 3,44 мг ГҚЭ/г) және флавоноидтардың (TFC 24,18 ± 1,06 мг КЭ/г) жоғары мөлшерімен тікелей байланысты. 4. Полифенолдық қосылыстарға бай Circaea lutetiana этанолды экстрактының биомолекулаларының бір мезгілде қалпына келтіруші және тұрақтандырушы әсері есебінен күмістің «жасыл» синтезін тиімді қамтамасыз ететіні көрсетілді, нәтижесінде өлшемі 2,7–4,9 нм (орташа диаметрі 3,84 ± 0,62 нм) болатын сферикалық морфологиялы күміс нанобөлшектері түзілді. Алынған AgNPs бастапқы өсімдік экстрактыларымен салыстырғанда in vitro жағдайында Escherichia coli, Staphylococcus aureus және Klebsiella pneumoniae штаммдарына қатысты анағұрлым жоғары антибактериялық белсенділік көрсетті. Ғылыми жaңaлығы: 1. Қазақстанның табиғи аймақтарында (Баянауыл және Үлкен Алматы шатқалы) өсетін Circaea lutetiana және Chamaenerion latifolium өсімдіктеріне заманауи хроматографиялық және спектроскопиялық әдістерді қолдану арқылы алғаш рет кешенді фитохимиялық зерттеу жүргізілді. 2. Chamaenerion latifolium өсімдігі жаңартылған өсімдік көзі ретінде алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп, өсімдіктің гександы экстрактісінен газды хроматография – масс-спектрометрия арқылы 65 ұшпа компонент, ал Circaea lutetiana үлгісінен 79 негізгі ұшпа қосылыс айқындалды. 3. Chamaenerion latifolium және Circaea lutetiana өсімдік сығындыларының фенолдық және флавоноидтық қосылыстары УК-ЭСИ-МС детекторлы ЖТСХ әдісімен арқылы анықталды. Chamaenerion latifolium этанолды және этилацетатты экстрактілерінің хроматографиялық профилін талдау нәтижесінде құрамында негізгі биологиялық белсенді қосылыстар тобы кездесетіні дәлелденді. Негізгі қосылыстар ретінде, галл қышқылы (35.00 мг/г), хлороген қышқылы (26.80 мг/г), кофе қышқылы (4.40 мг/г), p-кумар қышқылы (2.70 мг/г) сияқты фенолдық қышқылдар және кверцетин-3-глюкозид (71.90 мг/г), рутин (8.80 мг/г) тәрізді флавоноидтар анықталып, сандық тұрғыдан алғаш рет толық сипатталды. Сонымен қатар, анықталған полифенолдық кешеннің биологиялық маңызын бағалау мақсатында өсімдік сығындыларының антиоксиданттық белсенділігі DPPH және FRAP әдістерімен бағаланып, C. latifolium этанолды экстрактісінің жоғары белсенділік көрсеткені дәлелденді (DPPH: IC50 = 21,31 ± 0,65 мкг/мл, FRAP: IC50 = 18.13 ± 0.15 мкг/мл). Circaea lutetiana өсімдігінің этанолды сығындысы бойынша галл қышқылы (15.1 мг/г), кофе қышқылы (9.80 мг/г), хлороген қышқылы (10.5 мг/г), p-кумар қышқылы (14.6 мг/г) және розмарин қышқылы (0.29 мг/г) секілді негізгі фенолдық қышқылдар, сондай-ақ рутин (1.20 мг/г) және кверцетин-3-глюкозид (0.10 мг/г) тәрізді флавоноидтар анықталды. 4. Circaea lutetiana экстракты алғаш рет күмістің «жасыл» синтезіне қолданылып, алынған күміс нанобөлшектері (AgNPs) ТЭМ деректері бойынша 2.70–4.95 нм диапазонында болатын өте ұсақ өлшемді және сферикалық морфологияға ие екені анықталды. Олардың қырорталықтанған кубтық құрылымы (РСА), коллоидтық жүйенің тұрақтылығы (ξ-потенциал 25.62 – 28.19 мВ), сондай-ақ бөлшек бетінде биоорганикалық қабаттың болуы (ИҚ, РФЭС) дәлелденді. Синтезделген күміс нанобөлшектерінің in vitro антибактериалдық белсенділігі грамоң және грамтеріс штамдарға қатысты бағаланып, ингибиттеу аймақтарының өлшемі 5.12–5.86 мм болғаны анықталды, бұл бастапқы өсімдік экстрактыларының белсенділігінен жоғары екендігін көрсетті. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Chamaenerion latifolium өсімдігінен алынған сығындыларының антиоксиданттық және антибактериялық белсенділігін анықтаумен айқындалады. Бұл олардың фармакологиялық скринингте және биомедициналық зерттеулерде қолдану перспективалылығын растайды. «Жасыл» синтез әдісімен Circaea lutetiana сығындысын қолдану арқылы алынған күміс нанобөлшектері тұрақтылық, биосәйкестік және айқын антибактериялық белсенділік көрсетіп, антимикробтық қорғаныс материалдарында және биомедициналық технологияларда қолдануға мүмкіндік береді. Автордың жеке үлесі. Зерттеу бағытын анықтау, мақсат пен міндеттерді тұжырымдау, әдебиеттерді сараптау, өсімдік материалын жинау, теориялық және эксперименттік жұмыстарды орындау, нәтижелерді талдап, халықаралық басылымдарда жариялау автордың тікелей қатысуымен жүргізілді. Жарияланымдар. Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылары бойынша 9 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде 7 мақала импакт-факторы нөлдік емес халықаралық рецензияланған Scopus және Web of Science басылымдарда, 1 мақала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комтитеті ұсынған басылымдарда және 1 халықаралық конференцияға ұсынылған жұмыс. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша шығарылған мақалалар тізімі: 1. Kozhantayeva A.; Iskakova Zh.; Ibrayeva M.; Sapiyeva A.; Arkharbekova M.; Tashenov Y.;. Phytochemical Insights and Therapeutic Potential of Chamaenerion angustifolium and Chamaenerion latifolium // Molecules. – 2025. – V. 30, Iss. 5. – P. 1186. 2025 жылы жарияланған кезде «Molecules» журналының 2024 жылғы Impact Factor (Импакт-фактор) 4,6 – ге тең және органикалық химия; химия, пәнаралық, биохимия мен молекулалық биология бойынша – Q2 квартилі бар. 2024 жыл үшін CiteScore 8,6 – ке тең, химия (әртүрлі) бойынша процентиль – 81; органикалық химия бойынша процентиль – 87; фармацевтика ғылымы бойынша процентиль – 83; физикалық және теориялық химия бойынша процентиль – 82; аналитикалық химия бойынша процентиль – 83; есірткіні табу бойынша процентиль – 81; молекулалық медицина бойынша процентилі – 78. 2. Kozhantayeva A.; Tursynova N.; Kolpek A.; Aibuldinov Y.; Tursynova A.; Mashan T.; Mukazhanova Zh.; Ibrayeva M.; Zeinuldina A.; Nurlybayeva A.; Iskakova Zh.; Tashenov Y. Phytochemical Profiling, Antioxidant and Antimicrobial Potentials of Ethanol and Ethyl Acetate Extracts of Chamaenerion latifolium // Pharmaceuticals. – 2024. – V. 17, Iss. 8. – P. 96. 2024 жылы жарияланған кезде «Pharmaceuticals» журналының 2023 жылғы Impact Factor (Импакт-фактор) 4,3 – ге тең және химия және медицина бойынша Q2 квартилі бар, фармокология және фармация бойынша Q1. CiteScore 6,1 – ке тең, фармацевтикалық ғылым бойынша 69 процентиль; жаңа дәрілік заттарды ашу бойынша 58 процентиль, молекулалық медицина бойынша 53 процентиль. 3. Iskakova Zh.; Kozhantayeva A.; Temirbekova A.; Mukhtubayeva S.; Bissenova G.; Tekebayeva Zh.; Almagambetov K.; Tashenov Y.; and Sarmurzina Z. Green Synthesis of Silver Nanoparticles Using Circaea lutetiana Ethanolic Extract: Phytochemical Profiling, Characterization, and Antimicrobial Evaluation // International Journal of Molecular Sciences. – 2025. V. 26, Iss. 12. – P. 5505. 2025 жылы жарияланған кезде «International Journal of Molecular Sciences» журналының 2024 жылғы Impact Factor (Импакт-фактор) 4,9 – ға тең болған. Биохимия және молекулалық биология бағыты бойынша журнал Q1, ал мультидисциплинарлы химия саласы бойынша Q2 квартильде орналасты. 2024 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 9,0 – ді құрады. Скопус мәліметтері бойынша келесі бағыттар бойынша процентильдер анықталды: Органикалық химия – 90, Бейорганикалық химия – 85, Физикалық және теориялық химия – 84, Спектроскопия – 85, Компьютерлік ғылымдар және молекулалық биология – 84, Катализ – 70. 4. Kozhantayeva A.; Tashenov Y.; Tosmaganbetova K.; Tazhkenova G.; Mashan T.; Bazarkhankyzy A.; Iskakova Zh.; Sapiyeva A.; Gabbassova A. Circaea lutetiana (L) plant and its chemical composition // Rasayan Journal of Chemistry. – 2022. – V. 15, Iss. 3. – P. 1653 – 1659. Мақала Scopus деректер базасында индекстелген. Ол жарияланған 2022 жылы «Rasayan Journal of Chemistry» журналының 2021 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 2,0 – ге тең болды. Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша процентиль көрсеткіштеріне ие: Жалпы фармакология, токсикология және фармацевтика – 52, Жалпы энергетика – 44, Жалпы химия – 43, Жалпы химиялық инженерия – 41, Биохимия – 20. 5. Kozhantayeva A.; Rakhmadiyeva S.; Ozek G. Investigation of polyphenolic compounds of Chamaenerion latifolium (L.) plant // Rasayan Journal of Chemistry. – 2020. – V. 13, Iss. 4. – P. 2474 – 2482. Мақала Scopus деректер базасында индекстелген. Ол жарияланған 2020 жылы, «Rasayan Journal of Chemistry» журналының 2019 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 1,8-ге тең болды. Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша процентильдік көрсеткіштерге ие: Жалпы энергетика – 56, Жалпы фармакология, токсикология және фармацевтика – 51, Жалпы химиялық инженерия – 46, Жалпы химия – 45, Биохимия – 20. 6. Iskakova Zh.; Kozhantayeva A.; Tazhkenova G.; Mashan T.; Tosmaganbetova K.; Tashenov Y. Investigation of Chemical Constituents of Chamaenerion latifolium L. // Anti-Inflammatory and Anti-Allergy Agents in Medicinal Chemistry. – 2022. – V. 21, Iss. 3. – P. 173 – 178. Мақала Scopus деректер базасында индекстелген. Ол жарияланған 2022 жылы, «Anti-Inflammatory and Anti-Allergy Agents in Medicinal Chemistry» журналының 2021 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 2,3 – ке тең болды. Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша процентильдік көрсеткіштерге ие: Фармакология – 31, Иммунология және аллергия – 25, Иммунология – 20. 7. Kozhantayeva A.; Rakhmadiyeva S.; Ozek G. Evaluation of metal content of Сircaea lutetiana (l) plant // Journal of Chemical Technology and Metallurgy. – 2022. – V. 57, Iss. 1. – P. 114 – 118. Мақала Scopus деректер базасында индекстелген. Ол жарияланған 2022 жылы, Journal of Chemical Technology and Metallurgy журналының 2021 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 1,4 – ке тең болды. Журнал келесі ғылыми бағыттар бойынша процентильдік көрсеткіштерге ие: Өнеркәсіптік және өндірістік жобалау – 38, Жалпы химиялық инженерия – 31. Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда: 8. Kozhantayeva A.; Rakhmadiyeva S. Circaea lutetiana l. өсімдігінің полифенолды қосылыстарының зерттелуі // Chem. Bull. Kazakh Nat. Univ. – 2020. – V. 98, Iss.3. – P. 18 – 27. Халықаралық конференцияларда баяндалған жұмыстар тізімі: 9. Қожантаева А. Ғ.; Рахмадиева С. Б.; Байғазиева А. Т. Chamerion latifolium (L.) биологиялық активті заттарын зерттеу // Химия және химиялық технология бойынша Х халықаралық Бірімжанов съезінің еңбектері. – Алматы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2019.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/aAFPhYe2ogM?si=A7RosGOJ4Z1jDpAt
