
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ажиханова Жанат Тобахановна «8D05306 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша ««Қазақстанның кейбір өсімдіктерін фитохимиялық зерттеу»» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Бурашева Гаухар Шахмановна - химия ғылымдарының докторы, профессор, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Нурмаганбетов Жангельды Сейтович - химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «Қазақстан Республикасы Органикалық синтез және көмір химиясы институты» ЖШС (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ескалиева Балакыз Кымызгалиевна - химия ғылымдарының кандидаты, профессор-зерттеуші, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Нуъмонов Содик Рахмонович – жаратылыстану ғылымдарының докторы, «Қытай-Тәжік табиғи өнімдердің инновациялық орталығы» ғылыми-зерттеу мекемесі (Душанбе қ., Тәжікстан Республикасы);
Ибатаев Жарқын Абыкенович – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Байсалова Галия Жумамуратовна - химия кафедрасының профессоры м.а., химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Mehmet Ali Özler – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Мугла Сыткы Кочман университеті (Мугла, Түркия Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 26 мамыр, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D05306 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3SzYSs
Мекен-жайы: Астана қ., Қ.Сәтпаев, 2. 302 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): 8D05306 - Химия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған Ажиханова Жанат Тобахановнаның «Қазақстанның кейбір өсімдіктерін фитохимиялық зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстанның орталық аймағындағы Қарағанды облысы, Ортау тауларында өсетін жабайы өсімдіктер Lamiaceae тұқымдасы, Phlomis туысына жататын Phlomis tuberosa L. (Түйнекті әрем) және Asteraceae тұқымдасы Achillea туысының өкілі Achillea setacea Waldst. et Kit. (Түкті мыңжапырақ) зерттелді. Зерттеу барысында аталған өсімдіктердің гүлдері, жер үсті бөліктері (жапырақтары мен сабақтары) және тамырларынан алынған сығындылардың фенолды қосылыстары, эфир майлары мен дәрумендерінің химиялық және органикалық компоненттік құрамы қарастырылды. Биохимия тұрғысынан олардың тотығу үрдістерін баяулатуы (липидтер), DPPH, ABTS⁺ радикалдарын бейтараптауы, комплекстүзуі (Fe²⁺ иондарын байланыстыру қабілеті) және ферменттерді (холинэстераза, α-амилаза, уреаза, тирозиназа) тежеу реакциялары in vitro жағдайда зерттелінді. Полимерлік материалдары жасау мақсатында P. tuberosa өсімдігінің сабағынан таза целлюлоза бөліп алынып, оның адсорбциялық қасиеттері зерттелді. Зерттеу өзектілігі. Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі медицина мен фармацевтикалық индустрияда өсімдік текті табиғи химиялық қосылыстардың жаңа көзіне сұраныстың өте жоғары болуымен байланысты. Өсімдіктерден алынатын фенолды қосылыстар, эфир майлары (сесквитерпенді лактондар, терпендер) - экологиялық таза, әрі қауіпсіз дәрілік заттардың негізі болып табылады. Солардың қатарында Қазақстан Флорасында кездесетін Р. tuberosa және A. setacea өсімдіктерін айтуға болады. Олардың кейбір түрлері дәстүрлі халық медицинасында зарарсыздандыратын, қабынуға қарсы және асқорыту жүйесіне әсер ететін ем ретінде қолданылған. Дегенмен, осы екі өсімдіктің жекелеген бөліктерінің химиялық құрамы, соның ішінде фенолды қосылыстары, эфир майлары, дәрумендер құрамы ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген. Сусамыр, нейродегенеративті аурулар, асқазан жарасы мен кейбір жағдайда Helicobacter pylori қоздырғыштарын тудыратын қатерлі ісік сияқты ауыруларды емдеу әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ. Осы орайда өсімдік текті сусамырға қарсы, фермент тежегіш, ағзадағы тотығу үдерістерін баяулататын немесе жоятын белсенділікке ие химиялық заттарды анықтау, сонымен қатар олардың негізінде жаңа дәрілік заттар жасау және тері ауруларына арналған жақпа май (мазь) жасаудың маңызы зор. Сонымен қатар, ғылыми әдебиеттерге шолу барысында қалпына келетін шикізат ретінде P. tuberosa өсімдігінің сабағынан алынған целлюлоза негізіндегі табиғи полимерлік материалдарды, экологиялық мақсатта қолдану мәселесі де қарастырылмаған. Осы тұрғыда Қазақстанның орталық аймағында өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік Phlomis tuberosa L. лигноцеллюлозалық биомассаның болашағы бар, әрі тұрақты көзі бола алады. Осыған орай, өсімдік шикізатынан алынған целлюлоза негізіндегі полимерлік материалдардың құрылымы мен адсорбциялық қасиеттерін зерттеп, оларды экологиялық мақсатта тиімді әрі коммерциялық қолжетімді су тазарту технологияларында қолдану да басты назарда болу керек. Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда өсетін жабайы өсімдіктердің (P. tuberosa, A. setacea) химиялық құрамын, биологиялық белсенділігін зерттеу мен пайдалы өнімдер жасау. Зерттеу міндеттері: 1. P. tuberosa және A. setacea өсімдіктерінің гүлі, жер үсті бөліктері мен тамырларынан сығындылар мен эфир майларын алу, олардың химиялық құрамын, фенолды қосылыстар мен дәрумендер құрамын заманауи физика-химиялық әдістермен (GC-MS, HPLC) анықтау; 2. P. tuberosa өсімдігінің сабағынан табиғи целлюлозаны бөлу, оның негізінде полимерлік композициялық материалдар жасау; алынған материалдардың құрылымдық, морфологиялық (SEM, TEM), кристалдық (XRD) және адсорбциялық (UV-Vis) қасиеттерін зерттеу; 3. Жоғарыда алынған сығындылар мен эфир майларының биологиялық белсенділігін, атап айтқанда ағзадағы тотығу үдерістерін баяулататын немесе жоятын белсенділікке ие, сусамырға қарсы, холинестераза, уреаза және тирозиназа ферменттерін тежейтін қасиеттерін in vitro жағдайында зерттеу. Зерттеу нысаны: Қазақстан Флорасындағы экологиялық тұрғыдан бейімделген, тіршілік формасы жағынан гемикриптофиттер қатарына жататын бір аймақта өсетін P. tuberosa және A. setacea жабайы өсімдіктерінің жекелеген мүшелері. Сонымен қатар P. tuberosa өсімдігінің сабағынан бөліп алынған целлюлоза негізіндегі полимерлік композициялық материалдар. Зерттеу әдістері: ультрадыбыстық экстракция көмегімен өсімдіктердің гүлдері, жер үсті бөліктері және тамырларынан сығындылар және гидродистилляция әдісімен эфир майлары алынған; HPLC әдісімен сығындылардағы фенолды қосылыстар мен дәрумендердің компоненттік құрамы, GC-MS әдісімен эфир майының химиялық құрамы талданған; биохимиялық сынақтар көмегімен in vitro жағдайында тотығу үдерістерін баяулататын немесе жоятын белсенділіктерді, сусамырға қарсы, холинестераза, уреаза және тирозиназа ферменттерін тежейтін қасиеттері анықталған; P. tuberosa сабағынан органосольвентті әдіспен алынған целлюлозаның негізіндегі полимерлік материалдың құрылымдық қасиеттері XRD, морфологиясы SEM, TEM әдістерімен және адсорбциялық қасиеттері UV-Vis әдісімен зерттелген. Жұмыстың ғылыми жаңалығы: 1. Алғаш рет P. tuberosa және A. setacea өсімдіктерінің метанолды сығындыларындағы хлороген қышқылы, ферул қышқылы, апигенин және эллаг қышқылы сияқты фенолды қосылыстарының сандық мөлшері, P. tuberosa өсімдігінің дәрумендік құрамы мен эфир майының химиялық қосылыстары анықталған; 2. Алғаш рет маңызды химиялық қосылыс – целлюлозаны P. tuberosa өсімдігінің сабағынан белгілі химиялық реакциялар арқылы бөліп алу жүзеге асырылды. Целлюлоза негізінде композициялық полимерлік материалдар жасалды. Олардың беттік құбылыстар химиясында қарастырылатын маңызды үрдіс – адсорбциядағы адсорбент ретінде синтетикалық бояғыштарды адсорбциялау қабілеті қарастырылып, сол адсорбция үдерісінің теориялық моделі жасалынды; 3. Алғаш рет зерттеліп отырған өсімдіктердің жекеленген бөліктерінен алынған метанолды, гександы сығындылары мен эфир майларының биохимиялық тұрғыдан уреаза, тирозиназа, α-глюкозидаза, α-амилаза, ацетилхолинэстераза (AChE) және бутирилхолинэстераза (BChE) ферменттерін тежеу қабілеті анықталды. Алынған зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен нақтылығы. Барлық эксперименттер қазіргі заманғы, тексерілген және дәлдікті қамтамасыз ететін зертханалық жабдықтар мен құрылғыларда жүргізілді. Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен материалдар халықаралық стандарттармен, нормативті құжаттардың талаптарымен бекітілген. Фенолды қосылыстардың, эфир майының химиялық құрамы мен биологиялық белсенділіктерін анықтау Түркия мемлекеті мен Қазақстан Республикасының Фармакопеяларында бекітілген, валидацияланған әдістерімен жүзеге асырылды. Жұмыста алынған нәтижелер аталған өсімдіктердің болашақта қолданбалы химиядағы фармацевтикалық және экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндіктерін көрсетеді. Атап айтқанда, бөлініп алынған целлюлозадан жасалған мембраналар Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану бағытында экологиялық қауіпсіз, тиімді, коммерциялық қолжетімді, әрі жасыл химия қағидаттарына сай келетін композициялық материалдар ретінде қарастырылады. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 1. Алғаш рет зерттелген өсімдіктердің жекелеген мүшелерінен хлороген, ферул, эллаг қышқылдары, апигенин және т.б. химиялық қосылыстар, дәрумендер (B₃, C және E) анықталып, P. tuberosa гүлінен алынған эфир майының химиялық құрамы айқындалды; 2. Алғаш рет P. tuberosa өсімдігінің сабағынан жоғары тазалықтағы целлюлоза бөлініп алынып, оның негізінде алынған полимерлік материалдардың құрылымдық, морфологиялық және адсорбциялық қасиеттері зерттелді. Метилен көгінің целлюлозамен әрекеттесу механизмі молекулалық динамика (MD) моделдеу әдісі арқылы теориялық негізде қарастырылды. Алынған композиттік мембраналар метилен көгімен ластанған суды тиімді тазартатын, экологиялық қауіпсіз материалдар ретінде қарастырылды; 3. Алғаш рет биохимиялық реакциялардағы ABTS⁺ радикалдарын бейтараптауда P. tuberosa өсімдігінің гүлінің метанол сығындысының IC₅₀ мәні 48,35±0,84 мкг/мл тең екендігі, сонымен қатар глюкозидазаны тежеу реакцияларындағы P. tuberosa тамырының гександы сығындысы (IC₅₀: 103,2±0,99 мкг/мл) стандартты препарат акарбозаға (IC₅₀: 128,5±0,62 мкг/мл) қарағанда жоғары әсер көрсететіндігі де айқындалды. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері еліміздегі қолданбалы химияны дамытуға, атап айтқанда медицина, фармацевтика, дерматология салаларында коммерциялық қолжетімді, импортты алмастыратын жаңа дәрілік, косметикалық құралдарды, сондай-ақ P. tuberosa өсімдігінің сабағынан алынған целлюлозаны су тазарту жүйелерінде техникалық өнімдерді алуға негіз болатындығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми жобалармен байланысы: Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен қаржыландырылған (Грант №AP14871259), 2022-2024 жылдарда бірлесе орындалған. Автордың жеке үлесі тәжірибелерді жоспарлау мен зерттеу кезеңдерінде, теориялық және эксперименттік зерттеулерді орындау, зерттеу барысында қолданылған заманауи физика-химиялық талдау әдістерін меңгеріп, зерттеу деректерін статистикалық өңдеп, нәтижелерді талқылау, қорытындылау жұмыстары тікелей автордың қатысуымен жүзеге асырылды. Диссертациялық жұмыстың мәтінін жазу, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарды дайындау және импакт-фактор бойынша бірінші квартильге кіретін ғылыми мақалаларды бірінші автор ретінде жариялау ізденушінің жеке еңбегі болып табылады. Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыс нәтижелері бойынша 6 ғылыми жұмыс жарияланды, нәтижелері бойынша 2 мақала Web of Science және Scopus базасына енгізілген Scientific reports (Q1, процетиль 89) журналында, 1 мақала Scopus дерекқорына кіретін Engineered Science (Q1, процетиль 97) журналында, 1 жарияланым БҒСБК ұсынған журналдар тізіміне кіретін басылымдарда жарияланды. Зерттеу нәтижелері ТМД және ҚР өткен халықаралық ғылыми конференцияларында апробацияланды. Автордың үлесі: Ғылыми басылымдарда жарияланған негізгі үлесі химиялық эксперименттерді жоспарлау мен ұйымдастыруды, зерттеу жүргізуді, деректерді өңдеу және талдауды қамтиды. Сонымен қатар, графикалық материалдар мен сызбаларды дайындау, мәтінді жазу және редакциялау жұмыстары ізденушінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылды. Ғылыми конференцияларда ұсынылған материалдар тұжырымы, деректерді өңдеу, зерттеу жүргізу, мәтінді жазу және бірінші автор болып табылады. 1. Azhikhanova, Zh., Emin. M. D., Megbenu, H.K., Kucukaydin, S.,Таs-Kucukaydin, M., Ваisalova, G., Shaimardan, M., Nuraje, N., Ali. M. Özler. Phytochemical profiling and various biological activites of Phlomis tuberosa L // Scientific Reports. - 2025. - V.15:7293. (15р) Q1; 89%. https://doi.org/10.1038/s41598-024-80456-5 Мақала Web of Science Core Collection және Scopus дерекқорларында индекстелген. 2025 жылы жарияланған сәтінде «Scientific Reports» журналының 2024 жылға арналған Impact Factor көрсеткіші 3,9-ға тең, ал пәнаралық ғылымдар саласы бойынша квартилі – Q1. Сондай-ақ, журналдың 2024 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 6,7-ге тең, пәнаралық бағыт бойынша процентилі – 89. 2. Azhikhanova Zh, Megbenu H.K, Zhengis A, Baisalova, G., Shaimardan, M., Aldongarov, A., Karibayev, M., Ali. M. Özler & Nuraje N. Bio-based cellulose membrane from Phlomis tuberosa L. for methylene blue dye removal from wastewater and molecular interaction mechanisms // Scientific Reports. - 2026. V.16:2028. (13р) Q1; 89%. DOI:10.1038/s41598-025-31751-2 Мақала Web of Science Core Collection және Scopus дерекқорларында индекстелген. 2025 жылы жарияланған сәтінде «Scientific Reports» журналының 2024 жылға арналған Impact Factor көрсеткіші 3,9-ға тең, ал пәнаралық ғылымдар саласы бойынша квартилі – Q1. Сондай-ақ, журналдың 2024 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 6,7-ге тең, пәнаралық бағыт бойынша процентилі – 89. 3. Azhikhanova, Zh., Emin. M. D., Megbenu, H.K., Kucukaydin, S., Tas- Kucukaydin, M., Baisalova, G., Shaimardan, M., Seiilgazy, M., Adekenov, S., Nuraje, N., Phytochemical Study of Achillea setacea Waldst. et Kit. with Anticholinesterase, Antidiabetic, Anti-Urease, and Anti-Tyrosinase Activities // Engineered Science- 2024. - V.31:1256. (10р) Q1; 97%. https://dx.doi.org/10.30919/es1256 Мақала Scopus дерекқорында анықталған. 2024 жылы жарияланған cәтінде «Engineered Science» журналының 2023 жылға арналған CiteScore көрсеткіші 14,9-ға тең. Процентиль көрсеткіштері: қолданбалы математика бойынша – 98, жалпы машина жасау бойынша – 96, энергетикалық инженерия және энергетикалық технологиялар бойынша – 93, физикалық және теориялық химия бойынша – 93, жасанды интеллект бойынша – 91, жалпы материалтану бойынша – 91, химия (әртүрлі бағыттар) бойынша – 91. 4. Megbenu H.K, Azhikhanova, Zh., Ingkar, G., Rakhimgaliyev, N., Mels, A., Kenzheshov, A., Askarov, A., Shaimardan, M. & Nuraje, N. Catalytic Dehydration of Biomass-Derived Feedstocks to Obtain 5-Hydroxymethylfurfural and Furfural // Eurasian Journal of Chemistry, 2024. 29, 2(114), 96 105. БҒСБК ұсынған журналдар. https://doi.org/10.31489/2959-0663/2-24-1 Зерттеу нәтижелері мен негізгі қорытындылар төменде аталған халықаралық конференцияларда баяндалды және талқыланды: 1. Витамины Phlomis tuberosa L. МОБИ-ХимФарма (Молекулярные и Биологические аспекты Химии, Фармацевтики и Фармакологии). VII Междисциплинарной конференции (Москва, 2021. – С. 69). 2. Химическое изучение видов Аchillea L. Химия и технология растительных веществ - XII Всероссийская научная конференция «Утилизация и рециклинг отходов производства и потребления» (Киров, 2022). Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, шартты белгілер, қысқартулар тізімінен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыс 99 бет көлемінде, 42 сурет, 11 кесте, 5 формула және 135 тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/o7mSrKDKrNs?si=Zr8dUXqFy1SXOVXp
