
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Турарова Гульназ Укметбековна «8D03103 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша ««ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторлар»» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Психология кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Жубаназарова Назираш Сулейменовна – психология ғылымдарының кандидаты, әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Бапаева Мариям Курмангалиевна - психология ғылымдарының кандидаты, "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕаҚ психология кафедрасының профессор м.а., (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Агажаева Лилия Онерхановна - психология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің полковнигі (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Садыкова Назира Маргушовна - психология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ассистент-профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Кудрявцев Владимир Товиевич – психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Ғылыми кеңесшілері:
Алия Сактагановна Мамбеталина – психология ғылымдарының кандидаты, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ психология кафедрасы профессорының м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Асиль Оздогру - PhD, қауымдастырылған профессор, Психология кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Мармара университеті (Стамбул, Түркия).
Қорғау 2025 жылғы 29 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03103 – Психология» білім беру бағдарламасы бойынша «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес отырысы офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Сілтемесі: https://clck.ru/3QWzD3
Мекен-жайы: Астана қ., Адольф Янушкевич көшесі 6, 106 дәрісхана.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбы: ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторлар. Зерттеу мақсаты – ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларын анықтау. Зерттеу міндеттері: 1) психология ғылымындағы «ерік» және тұлғаның ерік сапалары категориясын анықтау; 2) психологиялық теориялардағы академиялық жетістік ұғымының мазмұнын талдау және академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларының құрылымын сипаттау; 3) ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларын эмпирикалық зерттеу бағдарламасын құрастыру және негіздеу; 4) ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларын эмпирикалық зерттеу нәтижелеріне сандық және сапалық талдау, практикалық ұсыныстар беру. Зерттеудің әдістері: Теориялық: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау (болжау, салыстыру, бағалау, қорытындылау және т.б.); Эмпирикалық әдістер: Н. Е. Стамбулованың «Студенттердегі ерік сапаларын өзіндік бағалау» әдістемесі; Е. П. Ильиннің «өзіндік табандылықты бағалау» сауалнамасы; А. Высоцкийдің «Ерік сапаларын өзіндік бағалау үшін бақылау әдісін қолдану» әдістемесі; «Өзін-өзі ұйымдастыруды бағалау»; Н. Н. Обозовтың «Ерік сапаларын өзіндік бағалау» әдістемесі, академиялық жетістік деңгейін анықтау үшін GPA көрсеткіші, Т. О. Гордеева, О. А. Сычев, Е. Н. Осин (2014) ұсынған «Академиялық жетістік мотивациясы (таным мотивациясы, жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі дамыту мотивациясы, өзін-өзі бағалау мотивациясы, интроекцияланған мотивация, сыртқы мотивация және амотивация), К.Изардтың «Дифференциалды эмоциялар шкаласы» әдістемесі, Дж. Роттердің «Бақылау локусы» әдістемесі, М. Н. Kuhn, Т. S. McPartland «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі. Математикалық-статистикалық әдістер: мәліметтерді SPSS-23 статистикалық бағдарламасы көмегімен математикалық және статистикалық өңдеу және интерпретациялау; орташа арифметикалық шама; стандартты орташа ауытқу; факторлық талдау, Стьюдент әдісі; Левен дисперсиясының теңдік критерийі, r-Спирменнің корреляциялық талдауы, тиімділік көлемдері (Cohen’s d/ Hedges’g (Д.Коэн және Г.Хеджес). Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1) Ерік - мақсатқа бағытталған әрекеттердің жиынтығын көрсететін, тұлғаның саналанған ырықты мінез-құлқын реттеуге ықпал жасайтын және адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің байланысын бейнелейтін, қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, ықпалдасқан күрделі психикалық құбылыс. Ерік ұғымына берілген анықтама зерттеу барысында зерделеген еңбектер, шетелдік тәжірибені талдау негізінде ұсынылды. 2) Академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларының психологиялық предикторлары: мотивациялық, танымдық, әрекеттік, эмоциялық және рефлексивті компоненттерден тұратын құрылым. 3) Білім алушылардың ерік сапалары мен мотивациялық ерекшеліктері оқу іс-әрекетінде тұрақты дамып, курстан курсқа белгілі бір өзгерістерге ұшырайды, бұл олардың академиялық жетістігін қамтамасыз ететін маңызды психологиялық фактор болып табылады. 4) Академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапалары тұлғалық өзіндік санамен тығыз байланысып, олардың кемелдігін бейнелейді. Факторлық талдау нәтижесінде мотивациялық, ерік, эмоциялық және ішкі-сыртқы мотивациялық факторлар жетістікке ықпал ететіні анықталды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1) тұлғаның мақсатқа бағытталған әрекеттер жиынтығын, саналанған ырықты мінез-құлқын көрсететін және өз мақсатына жетуде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің байланысын бейнелейтін күрделі ықпалдасқан құбылыс ретіндегі ерік ұғымы нақтыланды; 2) психологиялық теориялардағы академиялық жетістік ұғымының мазмұны талданды және академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларының құрылымы сипатталды; 3) ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларын эмпирикалық зерттеу бағдарламасы құрастырылды және негізделді; 4) ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторларын эмпирикалық зерттеу нәтижелері сандық және сапалық талданып, ерік сапаларын дамытуға байланысты практикалық ұсыныстар берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығымен маңыздылығын және ғылыми даму бағыттарына сәйкестігін негіздеу. Бірінші нәтиженің жаңалығы «Ерік» ұғымы тек әрекетті реттеуші функция ретінде ғана емес, тұлғаның саналы мінез-құлқын бағыттайтын және мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін интегралды психикалық механизм ретінде негізделді. Бұл анықтама қазіргі шетелдік және отандық зерттеулерді жүйелеу негізінде ұсынылып, еріктің мотивациялық, когнитивтік және эмоциялық реттелуін біртұтас құрылымда қарастыруымен ерекшеленеді. Бұл жаңалық ерік категориясын тұлғаның мақсатқа бағытталған мінез-құлқының көпкомпонентті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Екінші нәтиженің жаңалығы академиялық жетістігі жоғары білім алушылар ерік сапаларының психологиялық предикторларының құрылымы жасалып, мотивациялық, танымдық, әрекеттік, эмоциялық және рефлексивті компоненттерден тұратын құрылым білім алушылардың еріктік реттелу механизмдерін түсіндіруде жаңа ғылыми бағдар ұсынады.Аталған құрылым білім алушылардың оқу іс-әрекетіндегі табысқа жетуін қамтамасыз ететін негізгі психологиялық факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Үшінші нәтиженің жаңалығы ерік сапалары мен академиялық табыстылық арасындағы нақты корреляциялық жүйе алғаш анықталып, зерттеу нәтижесінде білім алушылардың мақсатқа бағыттылығы, батылдығы, шешімділігі, өзін-өзі реттеуі, шыдамдылығы және бастамашылдығы өзара тығыз байланыста екені дәлелденді. Бұл ерік сапаларының тұлғалық өзіндік сана жүйесімен интеграцияланатынын, яғни ерік тек мақсатқа жету құралы ғана емес, субъектінің кемелдену көрсеткіші екенін айқындайды. Төртінші нәтиженің жаңалығы академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапалары тұлғалық өзіндік санамен тығыз байланысып, олардың кемелдігін бейнелейді. Факторлық талдау нәтижесінде жетістікке ықпал ететін негізгі факторлар ретінде мотивация, ерік сапалары, эмоциялық және дербестік айқындалды. Докторанттың әрбір басылымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы: Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша жарияланған еңбектердің жалпы саны - 12, оның ішінде Scopus базасына енген журналдарда - 1, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 4, монография – 1, Халық аралық конференцияларда - 6. Әр жарияланым диссертациялық зерттеудің жекеленген аспектілерін бейнелейді. 1. The reciprocal relationships of cognitive motivational factors, non-cognitive motivational factors, and academic success among university students, Cogent Psychology, 2025, VOL. 12, NO. 1, 2500796, DOI: 10.1080/23311908.2025.2500796. (Scopus дерекқорындағы пайыздылығы -48%) (бірлескен авторлар: Aliya Saktaganovna Mambetalina, Kehinde Clement Lawrence, Raushan Zhomartovna Tyulyupergeneva, Yelena Barabanova & Yuliya Kukina, докторанттың үлесі – 70%). Мақалада өзара детерминизм теориясы негізінде когнитивті және когнитивті емес мотивациялық факторлар мен академиялық жетістік арасындағы өзара ықпалды құрылымдық теңдеулерді модельдеу арқылы талдап, академиялық жетістіктің өз детерминаттарына да әсер ететіні анықталды. 2. Empirical investigation of the dynamics of students' will qualities as subjects of the educational process in learning activities. - «Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы – 2021. – №4 (49) Б.44-53 (ККСОН). (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, докторанттың үлесі – 80%). Мақалада білім беру үрдісінің субъектілері ретінде студенттердің ерік сапаларының динамикасының көрінуін эмпирикалық зерттеу нәтижелері сипатталды. Студенттердің оқу іс-әрекетінде білім беру үрдісінің субъектілері ретінде өзіндік ерік сапаларының мен моральдық ерік сапаларының мазмұны ашылады және оң динамикасы анықталады. 3. Conceptual foundations of human will and volitional qualities in psychology. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысының «Педагогика, психология, әлеуметтану» сериясы, № 2 (140). 2022. – С. 309-320. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, докторанттың үлесі – 80%). Мақалада қазіргі психологияда «ерік» категориясын және тұлғаның ерік сапаларының теориялық және әдіснамалық негіздеріне талдау жүргізіліп, оның қызметтері, құрылымы, жіктемелері сипатталады. Оқу іс-әрекеті үрдісінде білім алушылардың ерік-жігерінің дамуының негізгі факторлары сипатталған. Білім беру үрдісінің субъектілері ретінде білім алушылардың ерік-жігерінің динамикасын салыстырмалы талдау нәтижелері берілген. 4. The results of an empirical study of the volitional qualities of university students. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысының «Педагогика, психология, әлеуметтану» сериясы, № 1(142)/2023. – С. 391-406. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, Б. К. Жумагалиева, докторанттың үлесі – 70%). Мақалада жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби дайындығы барысында ерік сапаларының (мақсатқа бағыттылық, табандылық, шыдамдылық, өзін-өзі ұстау және т.б.) маңыздылығы қарастырылып, 3–4 курс білім алушыларының ерік-жігер динамикасына жүргізілген сандық және сапалық талдау нәтижелері ұсынылды. 5. Dynamics of volitional qualities in self-development of university students. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысының «Педагогика, психология, әлеуметтану» сериясы, №1(150)/ 2025 – С. 49-62. (бірлескен авторлар: Асиль Оздоргу, докторанттың үлесі – 85%). Мақалада университет студенттерінің ерік сапаларының деңгейін анықтап, олардың курстар бойынша динамикасын сандық және психодиагностикалық әдістер арқылы талдады. Нәтижелер ерік сапалары мен өзін-өзі дамыту факторлары арасында оң байланыс бар екенін көрсетіп, студенттердің кәсіби және өмірлік сынақтарға дайындықтағы маңызын айқындайды. 6. Ерік сапаларының психологиялық денсаулық жағдайымен арақатынасы. Монография. - Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2025. – 133 б. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, докторанттың үлесі – 70%). Монографияда психологиядағы тұлғаның ерік күші мен ерік сапаларының теориялық негіздері, денсаулық, психологиялық денсаулық ұғымы, ерік сапаларын дамыту мәселелері қарастырылған. Тұлғаның денсаулығының ерік сапаларымен қатысы сипатталып, ерік сапаларын арттырудың психологиялық педагогикалық ахуалы талданған. Ерік сапаларының психологиялық денсаулық жағдайымен арақатынасына эксперименттік зерттеу жүргізіліп, алынған зерттеу нәтижелері талданған. 7. Жоғары оқу орны білім алушыларының оқу іс-әрекетінде ерік сапаларының көріну ерекшеліктері. профессор Г.Ж. Менлибекованың 60 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы тұлға мен қоғамның психологиялық дайындығын дамытудың мәселелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2022. – Б. 348-352. (докторанттың үлесі – 100%). Мақалада білім алушылардың ерік сапаларын дамыту мәселесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдап, мотивациялық және әрекеттік компоненттер негізінде жүргізілген қалыптастырушы эксперимент нәтижелері олардың дербестігі мен өзіндік реттелуін арттыруда статистикалық тұрғыдан мәнді оң динамика көрсеткенін айқындайды. 8. Академиялық табыстылыққа әсер ететін психологиялық факторлар. Сборник международной научно-практической конференции: «Наука и образование: история, современное состояние, перспективы развития психологии в современном мире». Алматы, 2023 г. – С.250-254. (докторанттың үлесі – 100%). Мақалада академиялық табыстылыққа әсер ететін психологиялық факторлар талданып, негізгі фактор ретінде ерік сапалары мен өзіндік реттелудің рөлі айқындалды. Зерттеу нәтижелері білім алушылардың табыстылығын болжауға және ЖОО оқу үрдісінде оны арттыруға арналған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасауға негіз болады. 9. «Академиялық табыстылық» ұғымының педагогикалық- психологиялық сипаттамасы. Сборник международной научно-практической конференции: «Наука и образование: история, современное состояние, перспективы развития психологии в современном мире». Алматы, 2023 г. – 254-258. (докторанттың үлесі – 100%). Мақалада «академиялық табыстылық» ұғымы жан-жақты талданып, оның мәні мен мазмұны нақтыланып, оқу нәтижелерінің объективті және субъективті көрсеткіштерімен байланысы педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сипатталды. 10. Особенности исследования волевых качеств студентов. Сборник международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы современной психолого-педагогической науки». - Астана 2023. – С.662 – 668. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, докторанттың үлесі – 80%). Мақалада кредиттік оқыту жүйесі жағдайында білім алушылардың ерікті сапалары зерттеліп, теориялық талдау мен эмпирикалық деректер негізінде олардың тәуелсіздігі, бастамашылығы және мақсаттылығының курстар бойынша даму динамикасы анықталды. Зерттеу нәтижелері оқу үрдісін жетілдіру мен болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік негіз береді. 11. «Развитие волевых качеств студентов в условиях современного процесса обучения». Сборник международной научно-практической конференций на тему «Психологические особенности современного развития личности в годы устойчивого социально-экономического развития общества» - 1 ноября, Ташкент 2023.- С. 252-255. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, докторанттың үлесі – 80%). Мақалада студенттердің ерік сапаларын дамыту ерекшеліктері психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талданып, мотивация, құндылықтар жүйесі және оқу іс-әрекетінің рөлі олардың табандылық, дербестік және өзін-өзі реттеу қабілеттерін қалыптастыруда шешуші факторлар ретінде айқындалды. Зерттеу нәтижелері ЖОО білім беру үрдісінде ерік сапаларын мақсатты түрде дамыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығының маңызды құрамдас бөлігі екенін көрсетеді. 12. Жоғары оқу орны білім алушыларының академиялық жетістіктеріне әсер ететін мотивациялық факторлар. «Орталық Азиядағы психология: даму жолдары мен болашағы». атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 28.05.2025 ж, «KazServicePrintLTD» ЖШС Астана қ. – Б. 616-620. (бірлескен авторлар: А.С. Мамбеталина, С.Қ. Тураров, докторанттың үлесі – 70%). Мақалада жоғары оқу орнының білім алушыларының академиялық жетістіктерінің психологиялық шарты болып табылатын оқу мотивациясының ерекшеліктері қарастырылды. Академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың оқу мотивациясын зерттеу мақсатында академиялық жетістікке әсер ететін ішкі және сыртқы мотивациялық факторлар анықталды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=ovBbK5lqGQA
