
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ниязова Гулияш Балкеновна «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Шкутина Лариса Арнольдовна – педагогика ғылымдарының докторы, «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық дайындық» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Есенова Кәмшат Ауғажықызы – философия докторы (PhD), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Табишев Тимур Арсенович – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Х.М. Бербеков атындағы Кабардино-Балқар мемлекеттік университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Педагогика, психология, дене шынықтыру және спорт тәрбиесі» Институтының доценті (Нальчик қ., Ресей Федерациясы);
Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Әлмағамбетова Лейла Серікқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғам филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» директоры (Петропавл қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Меңлібекова Гүлбахыт Жолдасбекқызы – педагогика ғылымдарының докторы, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Психология» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Ирина Колева Колева – педагогика ғылымдарының докторы, Қасиетті Климент Охридский атындағы София Университетінің профессоры (София қ., Болгария Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 9 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «8D018 – Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3Q8Qxm
Мекен-жайы: Астана қ., А. Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): 6D012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Гулияш Балкеновна Ниязованың «Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына АҢДАТПА Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрсетілген еліміздің кадрлық әлеуетін дамытудың озық дәстүрлерін сақтай отырып, заманауи талаптарға сәйкес білім беру жүйесін жетілдіру, білім беру және оқыту қызметтерінің алуан түрін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттің білім беру саясатынан және оның ұлттық бірегейлікті сақтаудың басым бағыттарынан туындап отыр. Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа буындағы кадрларды дайындаудың еуропалық талаптарына сәйкес келуіне білім беру мен сапаның жоғары деңгейін қолдауға икемді көзқарастардың болуына Болон процесі негіз болады. Заманауи жоғары білім жаһандану, цифрландыру және университеттердің тиімділігі мен ашықтығына қойылатын талаптардың жоғарылауынан туындаған терең трансформация жағдайында жұмыс істейді. Бұл тұрғыда академиялық әлеуетті арттырудың, адами капиталды құрудың және тұрақты қоғамның дамуының негізгі элементі ретінде білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету ерекше маңызды болып танылды. Білім беру бағдарламасы сапасының мәселелері оқу жоспарын бағалаумен шектелмей, мазмұнды жобалау, құзыреттілікке негізделген тәсілді енгізу, тиімділікті ішкі бағалау, мониторинг және кері байланыс, ресурстарды басқару және мүдделі тараптардың қатысуы сияқты үдерістерін қамтиды. Білім беру бағдарламасының іске асырылуына негіз болатын бұл үдерістер ғылыми талдау мен басқарудың ықпалының пәні болып айқындалды. Заманауи автономия жағдайында білім беру бағдарламасының сапасы жоғары оқу орнының тек ұлттық ғана емес, сонымен қатар халықаралық білім кеңістігінде танылуына, түлектердің бәсекеге қабілеттілігіне кепілдік беретін әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз етудің негізгі үдерістерін анықтау және оларды басқару жөніндегі педагогикалық теорияның дамуын айқындай түсуде. Инновациялық тәсілдерді енгізудің икемділігі мен мүмкіндіктерінің артуы білім беру өнімдерін білім алушылардың ағымдағы талаптары және еңбек нарығының сұраныстарына нақтырақ сәйкестендіруді жеңілдетеді. Білім беру бағдарламасы білімнің мазмұны мен көлемін, оқу үдерісін ұйымдастыру формаларын, оқытудың нәтижелілігін бағалау механизмін және басқа да аспектілерді құрылымдайтын ұйымдастырушылық-әдістемелік құжат ретінде сапаны қамтамасыз етудің және мемлекеттік білім беру саясатын табысты жүзеге асырудың маңызды элементі болып табылады. Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту, Еуропалық жоғары білім кеңістігімен интеграция және цифрлық трансформация стратегияларын (цифрлық университет, университет 4.0) іске асыру жағдайында халықаралық сапа стандарттары (ESG, ISO 9001, ISO 37000), сондай-ақ ұлттық ережелер мен кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларының сапасын басқарудың ғылыми негізделген үлгілерін әзірлеудің өзектілігі артып отыр. Еліміздің жоғары білімі мен ғылымы теңдік, қолжетімділік, сабақтастық, дараландыру принциптеріне негізделген. Ғылыми жетістіктерінің білім беруге интеграциясы бәсекеге қабілеттілікті және білім беру қызметтерінің үздіксіз экспортын қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде танылды. Университеттер өздерінің үшінші миссиясына сай білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, әлеуметтік-құқықтық қорғаудағы және ел экономикасының басқа да салаларындағы әртүрлі мекемелермен өзара әрекеттестігін кеңейтуде. Инклюзивтілікке, психикалық денсаулыққа және өскелең ұрпақтың әл-ауқатына үкімет пен қоғамның назарының артуы психологиялық-педагогикалық қолдау, медиация, отбасылық жұмыс және дағдарыстық кеңес беру салаларында құзыреті бар пәнаралық мамандарға деген қажеттілікті тудыру салдарынан әлеуметтік-педагогикалық жұмыс қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге және педагогикалық кадрлардың жаңа сапасын дамытуға бағытталған жаһандық үдерістердің бір бөлігіне айналуда. Әлеуметтік педагогтер мектеп, отбасы және қоғам арасындағы байланыстырушы буынға айналуына қарамастан, бұл мамандыққа ұмтылушылар санының экспоненциалды төмендеуі байқалуда. Соңғы үш жыл ішінде әлеуметтік білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің санының қысқару көрсеткіші 60 % дан асқаны анықталып отыр. Диссертация білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың тиімді әдістемесін анықтап, әлеуметтік педагогтерді дайындау бағдарламасының мысалында жоғары оқу орнының ішкі сапа жүйесінің негізгі ережелерін ғылыми негіздеуге бағытталған. Бүгінгінде жеке тұлғаны әлеуметтендірудің тұжырымдамалық және әдістемелік мәселелерін қамтитын ғылыми-педагогикалық еңбектердің қоры жеткілікті. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымның түйінді аспектілерін зерттеген қазақ зерттеушілерінің ішінде М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов; Кеңес ғалымдары В.В. Давыдов, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер; Ж.М. Әбділдин, Н.Д. Хмель, А.А. Молдажанова, Т.О. Балықбаев, Н.Н. Хан және И.Е. Сүлейменов сынды қазақстандық ғалымдарды атып өту орынды. Әлеуметтік педагогика, оқыту мен тәрбиенің әлеуметтану және мәдени аспектілерінің мәселелері Д.В. Чернилевский, Ю.С. Песоцкий, И.А. Зимняя, Л.В. Мардахаев, М.А. Галагузова, В.В. Сериков, П.Б. Сейітқазы, Қ.Қ. Шалғынбаева, Қ.Т. Атемова, Н.П. Албытова, Г.Н. Шолпанкулова, Т.С. Сламбекова, Г.Б. Жүкенова, Ж.Е. Әбдіхалықова, А.Е. Берікханова еңбектерінде қаралған. Жоғары білімнен аса жауапкершілікпен қоса экономика мен қоғамның талаптарына сай қажеттіліктерін қанағаттандырып, әртүрлі мүдделі тараптармен тығыз байланыс орнатады деп күтілуде. Жаһанданудың кең етек алуына және де халықаралық еңбек нарығына болашақ мамандарды дайындаудың интернационалдандыруға байланысты білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету міндеттерінің өзектілігі арта түсуде. Білім сапасының тұжырымдамалық және әдістемелік негіздері шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау білім беру бағдарламаларының сапасын басқару мәселелері әртүрлі салаларда бірнеше аспектілерден қарастырылғанын көрсетеді, олар: әртүрлі құрамдас бөліктерді қамтитын интеграцияланған жүйе (Т. Шьюхарт, В. Деминг); білім беру бағдарламаларының сапасын жоспарлау, іске асыру және бақылауға бағытталған іс-шаралар және сапаны моделдеу (EFQM – Еуропалық жетілдіру моделі немесе ISO 9001 моделі); білім беру менеджментінің нысаны; ресурстарды басқару, педагогтер мен білім алушыларды ынталандыру, сонымен қатар білім беру ортасында өзара тиімді байланыс орнату. Шетелдік ғалымдардың жоғары білім сапасы мәселелерін қарастыратын ғылыми еңбектері білім сапасын қамтамасыз ету тәсілдерінің алуан түрлілігін анықтауға мүмкіндік берді, оның ішінде: A. Thomas – Англия жоғары білімнің институционалдық өзін-өзі бағалануы; A. Chu, D.F. Westerheijden – Нидерландыдағы жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз ету саясаты; P.M. Titimus – жоғары оқу орындарындағы үлкен деректер аналитикасы; Y.-P. Hsu – Тайвань жоғары білім сапасының мәдениетін дамыту; D. Porubčanová et al. – Словакия университеттері білім беруінің тиімділігі; G.P. Laura Icela, R. María Soledad – білім беру жүйесін модельдеу; С.В. Хмелевская, P. Malega, M. Majerník, Т.А. Табишев – сапа менеджментін стандарттау. Отандық ғалымдардың еңбектерінде де білім сапасының әртүрлі аспектілері ашық қаралған, әсіресе: С.М. Өмірбаев, А.Б. Жұмағұлова – ESG және нормативтік құқықтық актілер негізінде сапаны қамтамасыз ету; С.Д. Мұқанова, С.Қ. Әбілдина, А.А. Мұқатаев – ішкі сапа жүйесі үш өлшемді ұлттық үлгінің құрамдас бөлігі ретінде; Ж.А. Күлекеев, М.А. Скиба – жоғары білім сапасын басқару және стандарттау; Ғ.Мұтанов, З. Мамыкова – шешім қабылдауда деректерді басқару; А.Б.Абибулаева – қоғамдық тәртіптің салдары ретіндегі өзгеріс; Г.С.Саулембекова, М.А.Скиба – білім сапасын қамтамасыз етудегі экожүйелік көзқарас; Г.К. Длимбетова – білім беруді экологизациялануын басқару. Білім берудегі инновациялық менеджменттің ғылыми-әдістемелік аспектілері С.Д. Мұқанова, Б. Боқаев еңбектерінде қарастырылған. Жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің институционалдық тетіктерінің дамуына, соның ішінде мамандандырылған құрылымдарды құруға және ESG стандарттарына (Еуропалық жоғары білім беру аймағында сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен нұсқаулар, 2015 ж.), WFME (Сапаны жақсартудың жаһандық стандарттары, сондай-ақ 2015 жаһандық стандарттарды енгізу қағидаттары) назар аудара отырып, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін (СҚІЖ) енгізуге қарамастан, Болон процесі, «білім беру бағдарламасының сапасын басқару арқылы сапаны қамтамасыз ету» тұжырымдамасына негізделген университеттің менеджмент жүйесіне сапаны қамтамасыз ету үдерістерінің интеграциясы мәселесі теориялық және практикалық аспектілерде жеткілікті дәрежеде дамымаған күйінде қалып отыр. Қазақстандағы білім мен ғылымның даму қажеттіліктері мәнмәтінінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастырудың ағымдағы тәжірибесін талдау университеттердің білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару қажеттілігі мен жоғары білім беру жүйесінің теориялық және әдістемелік білімдері мен университет ішіндегі сапаны қамтамасыз етуді басқару қызметі ретіндегі жүйені әзірлеуді әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықты анықтады. Ең маңыздыларының ішінен мыналарды атап өтуге болады: 1) білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару қажеттілігі мен білім беру бағдарламаларының ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйесінің теориялық жағынан жеткілікті негізделмеуі мен практикалық дамуы арасындағы қайшылық; 2) білім беру бағдарламасы сапа үдерістерін басқаруға қойылатын өскелең талаптар мен бұл проблеманың педагогика ғылымындағы жеткіліксіз дамуы арасындағы сәйкессіздік; 3) «білім беру сапасы» және «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» сияқты негізгі ұғымдардың халықаралық анықтамалары мен түсіндірмелерінің арасындағы қайшылық, сондай-ақ келісілген саясатты іске асыруды және басқару шешімдерін қабылдауды қиындататын білім сапасы саласындағы ұлттық субъектілер арасында бірыңғай тұжырымдамалық-әдістемелік кеңістіктің болмауы; 4) білім берудегі ішкі сапаны қамтамасыз етуді енгізу тәжірибесі мен білім беру ортасының жаңа жағдайларына бейімделген білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделінің жоқтығы арасындағы қайшылық. Сонымен қатар, педагогика ғылымындағы сапаны қамтамасыз ету үдерісін басқарудың дамуын зерттеу білім беру жүйесіндегі жоғары білікті әлеуметтік педагогтерге деген объективті қажеттілік пен осы мәселені шешудің нақты жағдайы арасында қайшылықтың пайда болғанын анықтауға мүмкіндік берді. Мәселенің өзектілігі және оның ғылымдағы жеткіліксіз дамуы «Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» тақырыбын таңдаудың негізі болды. Зерттеуімізде сапаны қамтамасыз ету үдерістерін басқару әлеуметтік педагогтерді дайындау білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан қарастырылған. Зерттеудің мақсаты: білім беру бағдарламасы сапасын басқару үдерістіерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін әзірлеу мен әдістемелік қамтамасыз ету. Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістері. Зерттеудің пәні: жоғары білім беру ұйымындағы білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару. Зерттеудің болжамы: егер білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздері әзірленсе, онда жоғары оқу орны түлектерінің білім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, өйткені білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару ұсынылатын білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған жоғары оқу орнының қызметін реттеудің оңтайлы механизмі болып табылады. Мақсатқа жету және болжамды тексеру үшін зерттеу мына міндеттері анықталды: 1. Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың теориялық- әдіснамалық негіздерін дәлелдеу. 2. «Білім сапасы» және «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» ұғымдарын нақтылау. 3. Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделін әзірлеу. 4. Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс аясында тексеру. Зерттеудің жетекші идеясы: білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделін сапаны институционалдық қамтамасыз ету жүйесіне интеграциялау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыру, жоғары оқу орындары қызметінің тиімділігін арттыру, ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты табысты іске асыруға ықпал етеді. Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін жүйелік, үдерістік, іc-әрекет, құзыреттілікке бағдарланған, тұлғалық-бағдарлы, аксиологиялық тәсілдер, сондай-ақ нәтижеге және цифрлық трансформацияға бағытталған тәсілдер; сапа менеджменті принципі (TQM, EFQM, PDCA, SSM); Еуропалық жоғары білім аймағында (ESG) сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулары, тұрақты даму мақсаты, ISO 9000 сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары және IAAR аккредиттеу агенттігінің сапаны қамтамасыз ету стандарттары құрайды. Білім беруде сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері В.С. Леднев, Ю.Г. Татур, В.В. Сериков, және Г.Н. Мотова еңбектерінде. Ішкі сапа және сапа менеджменті жүйелері тұжырымдамасының дамуы шетелдік зерттеушілер E. Hazelkorn, J. Salmi, P. Altbach, B. Stensaker еңбектерінде берілсе, ұлттық мәнмәтінде ашылады. С.М. Өмірбаев, М.А. Скиба, Г.Б. Меңлібекова, М.Ж. Малтекбасов, А.И. Ахметова, А.І. Айберген, Г.С. Минажева, т.б. зерттеулерінде қаралған. Мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу үшін бірін-бірі толықтыратын және өзара тексерілетін зерттеудің мына әдістері қолданылды: Теориялық әдістер: зерттеу тақырыбына тікелей қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілерді талдау; зерттелетін құбылыстың теориялық үлгілерін құру; теориялық ұстанымдар мен эмпирикалық деректерді жалпылау және синтездеу; зерттелетін заттар мен құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізу. Эмпирикалық әдістер: мониторингтік зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс негізіндегі мәліметтерді талдау; сапаны қамтамасыз ету үдерістеріне қатысушыларға сауалнамалар жүргізу; алынған нәтижелердің дәлелділігін растау үшін білім беру мамандарын тарта отырып сараптамалық бағалау. Статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістері: тәжірибелік-эксперименттік мәліметтердің сандық және сапалық талдауын қолдану; нәтижелерді статистикалық өңдеу. Модельдеу әдістері: үдерістерді зерттеу; себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін жағдайды талдау мен іс-әрекетті зерттеу элементтерін қолдану. Зерттеудің көздері ретінде Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтар, нормативтік құқықтық актілер, халықаралық және қазақстандық ғалымдардың сапаны қамтамасыз ету және сапа үдерістерін басқару теориясы мен тәжірибесі бойынша ғылыми еңбектері, білім және ғылым саласындағы уәкілетті органдардың веб-сайттарындағы деректер кірді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесінде алынған эмпирикалық мәліметтерді жинау және өңдеу диагностикалық әдістер мен бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу базасы: «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Зерттеу кезеңдері: Зерттеу 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең (2019-2021): – философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттердегі зерттеу мәселесінің қазіргі жағдайын зерттеу; Білім сапасы саласындағы ғылыми әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық базаны талдау; – модельдерді және халықаралық сапа стандарттарын (ESG, ISO, IAAR, ASIIN және т.б.) зерттеу; – зерттеудің әдіснамалық негіздері мен тұжырымдамалық негізін дәлелдеу; – тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың басталуы. Екінші кезең (2021-2024): – білім беру бағдарламасы сапасын басқарудың негізгі үдерістерін анықтау; – үдерістік тәсіл негізінде сапаны басқару моделін әзірлеу; – білім беру бағдарламасы сапасын бақылаудың параметрлері, критерийлері, көрсеткіштері және алгоритмдерін есептеу әдістемесін әзірлеу. Үшінші кезең (2024-2025): – білім беру бағдарламасы сапасын басқару практикасына эмпирикалық талдау жүргізу; – академиялық дербестік жағдайында модельдің қолданылуын сараптамалық бағалау; – нәтижелерді қорытындылау, ұсыныстарды тұжырымдау және ғылыми қорытындылар жасау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «Білім беру бағдарламасының сапасын басқаруды» зерттеудің анықталған алғышарттары негізінде білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару бойынша зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негізі әзірленді: – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару құрылымын анықтаудың философиялық-педагогикалық тәсілдері зерттелді; – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару бойынша халықаралық және қазақстандық тәжірибеге талдау жасалды, Қазақстанның жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогтерді дайындаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізудің ағымдағы жағдайы анықталды, бағдарламаны жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірленді; – «білім сапасы» және «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» ұғымдары нақтыланды; – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделі әзірленді және енгізілді. Бұл модельдің әдіснамалық негізі сапаны басқару тұжырымдамаларына (TQM, EFQM, PDCA, SSM), білім беру философиясына, тұрақты дамуға және цифрлық трансформация идеяларына негізделген; – оқу-әдістемелік материалдар әзірленіп апробациядан өткізілді: бакалавриат деңгейінің «Әлеуметтік педагогтерді дайындау» бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері қалыптастырылды, «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы дайындалып іске асырылды, ішкі мүдделі тараптардың жоғары оқу орындарының жұмысымен қанағаттануын бағалау, сондай-ақ жұмыс берушілердің әлеуметтік педагогтерді дайындау бағдарламасы түлектерінің дайындық сапасымен қанағаттану деңгейін анықтаудың диагностикалық құралдары әзірленіп, қолданысқа енді. Теориялық маңыздылығы: – «білім сапасы» және «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» ұғымдарының анықтамалары ұсынылды; – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың құрамдас бөліктері айқындалып, жүйеленді; – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделі әзірленді, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс шеңберінде тексерілді және жоғары оқу орнының ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне кіріктірілді. Практикалық маңыздылығы: – жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары, сондай-ақ ішкі мүдделі тараптар мен жұмыс берушілердің қанағаттануын бағалаудың диагностикалық құралдары әзірленіп, енгізілді; – түлектердің «соңғы уақытта аз зерттелген тақырыптар» бойынша дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруге бағытталған «Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы әзірленіп іске асырылды; – білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қолдану үшін ұсынылды, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұйымдардың практикасында, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша аккредиттеу орталықтарының қызметінде қолданылуы мүмкін; – бакалавриат деңгейінде әлеуметтік педагогтерді дайындаудың білім беру бағдарламасы үшін оқыту нәтижелерінің бірегей жүйесі әзірленді (OН 16). Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 1. «Білім сапасы» және «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» ұғымдары нақтыланды. Білім сапасы - бұл алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес келудің нәтижесі ғана емес, керісінше, ол университеттің өзара байланысты күрделі және өзгермелі әлемде өз орнын алу тәсілі. Көп қырлы, мәнмәтін тұрғысынан анықталған құбылыс ретінде оны қоғам алдындағы білімнің құндылығын сақтауға, тұлғаның дамуына көмек көрсетуге және ұзақ мерзімді тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған академиялық экожүйенің динамикалық және дамып келе жатқан қасиеті ретінде түсіну керек. Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару қазіргі сапа стандарттары (ESG, ISO және аккредиттеу органдары) білім беру бағдарламасын әзірлеуді, іске асыруды, бақылауды және жетілдіруді қоса алғанда, сапаны қамтамасыз ету рәсімдері мен механизмдерін өзара күшейтетін жүйені ұйымдастыруды және енгізуді қамтиды. 2. Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Ашықтық, араласу, нәтижеге бағдарланған тәсілдер мен халықаралық және кәсіби сапа стандарттарына сәйкестік қағидаттарына негізделген жобалау, іске асыру, мониторинг, бағалау және жетілдіруді қамтитын әрекеттері циклін қамтитын сапаны қамтамасыз ету үдерістерін басқару құрылымдарын жүйеленуі. 3. Білім беру бағдарламасының мақсаттары, білім алушылардың талаптарына және жұмыс берушілердің сұраныстары арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделі. 4. Модельді жоғары оқу орнының ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне кіріктірудің әдістемелік материалдар, ішкі мүдделі тараптар мен жұмыс берушілердің қанағаттануын бағалауға арналған диагностикалық құралдар және олардың қажеттіліктеріне сәйкес түлектердің дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруге бағытталған «Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекеті» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 5. Әлеуметтік педагогтерді дайындаудың бағдарламаларының нәтижелілігінің өсу динамикасын көрсететін білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделінің тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері. Зерттеудің ғылыми нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі жүйелік, үдерістік, аксиологиялық және құзыреттілікке негізделген тәсілдерді, модельдеу әдістерін қолдану, үдерістік талдау, сараптамалық бағалауды және жоғары оқу орны құжаттарының мазмұнын талдау, халықаралық менеджмент стандарттарына және білім сапасының стандарттарына сүйену (ISO 9001, ESG, IAAR) қамтамасыз етілді. Зерттеу нәтижесі, соның ішінде моделді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламасын басқару практикасына кіріктіру, ғылыми есептер және басқару бөлімшелерінің тәжірибесіне енгізу қорытындысымен, ғылыми аппараттың барлық элементтері: мақсат, міндеттер, пәні, болжам және зерттеу әдістерінің логикалық өзара байланыстылғымен айқындалды. Зерттеу нәтижелерінің апробациясы және енгізілуі Зерттеу нәтижелері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінде болып өткен білім сапасы бойынша халықаралық ғылыми конференция жұмысында (Алматы, 2022), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы Орталық-Азия халықаралық форум сессияларында (Алматы, Астана, 2019-2022), «Азаматтық авиация академиясының білім сапасын арттыру» ғылыми-әдістемелік семинар барысында (Алматы, 2024) және Әзірбайжан Республикасы университеттері ректорларының форумында (Баку, 2022) қарастырылып, ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттінің аккредиттеу түрлері бойынша сыртқы бағалау субъектілері мен объектілерін параметрлеумен расталады. Диссертациялық зерттеу шеңберінде 10 мақала жарияланды, оның ішінде 2 мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда, 4 мақала Scopus деректер базасына енгізілген басылымдарда, 3 мақала халықаралық басылымдарда, 1 мақала халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағында жарияланды: Scopus халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдар 1. Small Green Energy: Implementation through Gamification of the Educational Process // Proceedings of the 7th World Congress on New Technologies. – 2021. – P. 1-7. 2. Classification of open mathematical problems and their role in academic achievement and motivation of students// Eurasia Journal of Mathematics, Science and Technology Education. Modestum LTD. – 2022. – Vol. 18, №8. 3. University as an analogue of the neural network// E3S Web of Conferences. EDP Sciences. – 2021. – Vol. 258. 4. Development of a quality management monitoring system for social and pedagogical educational programs // International Journal of Innovative Research and Scientific Studies. – 2024. – Vol. 7, №2. – P. 795-803. Уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы жарияланымдар 5. Қазақстан Республикасында химиялық-технологиялық білім берудің жаңа парадигмасы мәселелері бойынша // ПМУ Хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2019. – Vol. 1. – P. 308–321. 6. Білім беру бағдарламаларының сапасын мониторнгілеудің әдістемелік негізі: параметрлеу, бағалау объективтілігі, шешім қабылдаудағы алгоритмдеу // Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы. – 2021. – Vol. 1, №134. – P. 112-125. Шетелдік ғылыми журналдардағы жарияланымдар 7. The scientific heritage of the islamic Golden age // Chuzhdoezikovo obuchenie-Foreign language teaching. – 2019. – Vol. 46, №3. – P. 288-298. 8. Оценка сформированности основ исследовательской компетентности учащихся // Исследователь/Researcher. – 2021. – №3-4 (35-36). – С. 189-196. 9. Сапа мониторингіндегі бағалаудың объектілігі мен параметрлігі // Education. Quality Assurance. – 2022. – Vol. 1. – Р. 54-60. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарындағы жарияланым 10. Инструменты обеспечения качества образовательной программы (на примере программы «Социальная педагогика и самопознание») // Лингводидактически ракурси. Униврситетско издателство/Linguodidactic Perspectives “Св. Климент Охридски”. София. – 2020. – Б. 64-73. Зияткерлік меншік құқығы туралы куәлік 11. «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2024 жылғы «8» қаңтар № 41801. Авторлық құқық объектісі: әдеби туынды. Зерттеудің материалдары, негізгі қағидалары мен нәтижелері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Білім жоғары мектебінің «Педагогика» кафедрасы отырыстарында талқыланды. Диссертациялық жұмыстың құрылымы зерттеу логикасына негізделген кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде диссертациялық зерттеудің өзектілігі, зерттеу мазмұнына шолу, зерттеу проблемасы, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні, ғылыми болжамы, сондай-ақ әдіснамалық және теориялық негіздері, дерек көздері, зерттеу әдістері келтірілген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидаттар, зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәлелділігі, апробация мен тәжірибелік-эксперименттік нәтижелері берілген. «Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың әдіснамалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде университет моделінің трансформациясы жағдайында, білім беру жүйесінің мәні мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету тұрғысынан «білім сапасы», «білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару» ұғымдары эволюциясының философиялық-педагогикалық тәсілдері, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз етудің басқарушылық және тұжырымдамалық моделдері қарастырылды. Сапаны қамтамасыз ету тәсілдерін талдау нәтижелері берілген және сол тәсілдерді біріктіру мүмкіндіктері келтірілген, мысалы ESG және ISO, соның ішінде үдерістерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негіз ретінде PDCA (Plan-Do-Check-Act); университеттердің инновациялық дамуы мен академиялық еркіндігін кеңейтудегі SSM, ESG; тұрақты даму мақсаттары мен стратегиялық басқарудағы SWOT стратегиялық талдау әдістемесі; үдерістердің тұрақтылығы үшін ISO және EFQM (European Foundation for Quality Management). «Білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың теориялық негіздері» атауындағы екінші бөлімде білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқарудың тұжырымдамалық моделінің мазмұндық және құрылымдық сипаттамасы айқын келтіріліп, әлеуметтік педагогика саласындағы білім беру бағдарламаларына жасалған сараптама қорытындысы, бағадрламаларды одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстары келтірілген. «Педагог» кәсіби стандарты мен жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атластарының талдауы негізінде тұжырымдалған «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері жүйеленген. Бұл нәтижелер әзірлеушілерге күтілетін нәтижелерді құрастырып пысықтауда қолданып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жобалау әдістемесін қайта қарауда, әсіресе бірегейлік пен саралау тұрғысынан бағыттауға арналған. Халықаралық және кәсіби сапа стандарттарына (ESG, ISO, IAAR және т.б.) сәйкес ашықтық, араласу және нәтижелерге бағдарлану қағидаттарына сәйкес сапаны қамтамасыз етудің жүйелі және үдерістік тәсіліне негізделген білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделі әзірленіп ұсынылған. «Білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету үдерістерін басқару моделін енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс» атты үшінші бөлімде білім беру бағдарламасы сапасын қамтамасыз ету бойынша эмпирикалық зерттеудің нәтижелері қарастырылған. Моделді енгізудің эксперимент және университеттің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне кіріктіру арқылы оны валидациялау нәтижелерін, сондай-ақ мысал ретінде әлеуметтік педагогтерді дайындау бағдарламасы шеңберінде пайдалана отырып, басқару тәсілдері мен үдерістерін пилоттық тәжірибеден өткізуді сипаттайды. Зерттеу нәтижелері негізінде болжамының расталғаны жөнінде дәлелдемелер келтірілген. Қорытындыда диссертациялық зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері жинақталып, зерттеу болжамының дұрыстығы дәлелденеді. Зерттеу нәтижесінде білім беру бағдарламасының сапаны қамтамасыз ету үдерістерін басқаруды заманауи сапа стандарттары (ESG, ISO және аккредиттеу органдары) мәнмәтінінде білім беру бағдарламасын жобалау, енгізу, бағалау және жетілдіруді қоса алғанда, сапаны қамтамасыз етудің қосымша рәсімдері мен механизмін анықтау жүйесі ретінде қарастыру керек екенін анықталды. Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері мына ұсыныстарда тұжырымдалған диссертациялық жұмыста қойылған мәселелерді одан әрі шешудің ең перспективалы бағыттарын анықтауға негіз болады: – білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету құжаттарына ESG, ISO және аккредиттеу агенттіктерінің халықаралық стандарттарын нормативтік түрде енгізу; – сандық көрсеткіштерді де, сапалы сараптамалық бағалауларды да қарастыруға мүмкіндік беретін барлық негізгі мүдделі тараптардың кері байланысына негізделген инновациялық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу; – жоғары оқу орнында және оның сыртқы ортасында болып жатқан әлеуметтік талаптар мен басқа да жаһандық өзгерістерді ескере отырып, білім берудің инновациялық үлгілерін анықтау және дамыту және оны жетілдіру. Қосымшаға зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесіне енгізу туралы актілер, стандарттарды әзірлеу мен жетілдіру бойынша бекітілген әзірлеушілер тізімі қоса берілген Акккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі бұйрықтарының үзінді көшірмелері және зияткерлік меншік құқығы куәлігі енгізілген.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=xU5R5wPbiBQ
