
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тавасаров Макулбек Амангельдыевич «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы – философия докторы (PhD), Өнертану және арт-менеджмент кафедрасының доценті, Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Медешова Айгуль Бактыгалиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Физика, математика және информатика» кафедрасының доценті, Астана халыкаралык университеті, (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Пазилова Меруерт Ермекбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, «Жалпы педагогика» кафедрасының профессоры (Нөкіс қ., Қарақалпақстан);
Саржанова Ғалия Байжұмақызы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, үздіксіз білім беру институтының директоры Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сейітқазы Перизат Бәйтешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика» кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Сулайманова Рахат Токтогуловна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, И.Ш. Исамидинов атындағы педагогика институтының директоры (Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 10 шілде, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D018 – Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3TybUq
Мекен-жайы: Астана қ., А. Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): «8D01823-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайыдалған Тавасаров Макулбек Амангельдыевичтің «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясына Аңдатпа Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда, қоғам медиа, цифрландыру және жасанды интеллект әлемінде өмір сүруде. Халықаралық тәжірибеде жоғары білім берудің негізгі трендтерінің бірі цифрландыру болып табылады. Қоғамдағы өзгерістер рухани-адамгершілік құндылықтар, іскерлікке бағдарланған білім беру, білімнің сапасын арттыру, мәдени құндылықтарды дарыту – педагог деңгейіне жаңа талаптар қойып, педагогті дайындау мәселесін шешуде сапалы білімнің қажеттілігін көрсетіп отыр. Болашақ әлеуметтік педагог тұлғасын қалыптастыруда медиабілім беруді пайдалануды жоғары кәсіби мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалуда. Білім саласының әлеуметтік рөлі де ерекше мәнге ие болуда: оның бағыттылығы мен тиімділігіне сәйкес адамның даму перспективалары да өзгеріп отырады. Жеке тұлғаның коммуникациялық әлеуметтік мәдени кеңістікке енуіндегі ең негізгі факторлардың бірі оның білімділік деңгейіне байланысты болады. Демек, жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандарды даярлауға арналған әлеуметтік тапсырыс пен заманауи білім беру парадигмасы негізінде «медиа» және ақпараттық кеңістіктің өзгеруі жағдайында педагогикалық қызметін тиімді ұйымдастыра алатын және оның нәтижелерін бағалай алатын педагогтің гностикалық іскерліктерін медиабілім үдерісінде қарастыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Мемлекет басшысынның «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет екендігі, сонымен қатар, цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатқандығына тоқтала келіп, студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейтін «Al-Sana» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағандығы, алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс, осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн: ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама, оқу материалдарын әзірлеу қажет және ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болатындығы атап өтілді [1]. Кәсіби маман даярлау міндеттері Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы құжаттарында және Нормативтік құқықтық актілерімен анықталады. Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және болашақтың экономикасын құруды қамтамасыз ету болып табылатындығы атап көрсетілген. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы еліміздегі білім беру саласына ықпал етіп, адами капиталдың сапасын артыру бағытындағы жоғары білімді кәсіби мамандар даярлау жүйесінде цифырлық сауаттылықты арттыруға жаңа талаптар қойып отыр [2]. Аталған талаптарға байланысты болашақ әлеуметтік педагогтің әдістемелік даярлығын медиабілім үдерісінде гностикалық іскерлігін жетілдіруге бағытталған оқыту үдерісін жобалауға, құрылымдауға және түрлендіріп жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кәсіби тұрғыдан жетілдірілген, шығармашылық әлеуетке ие жаңа мазмұндағы әлеуметтік педагог кадрларын әдістемелік дайындаудың жүйесін қарастыру. Медиабілім беру үдерісінде гностикалық іскерліктерді жетілдіру ақыл-ой еңбегімен байланысты үдерістерді жүзеге асыруды қажет етеді. Сондықтан гностикалық іскерліктің шынайы және үздіксіз даму үстіндегі практиканың қажеттілігін біліп қана қоймай, түрлі ғылыми теориялық ұсыныстарды практиканың қажеттілігімен ұштастыра білетін ақпаратты өңдеу мәдениетін жетілдіруді қажет етеді. Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «цифрлық құзыреттер» барлық кәсіби стандарттардың міндетті элементі екендігіне ерекше назар аударылады, сонымен қатар, білім беру және жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына, мазмұнына және қол жеткізілген нәтижелеріне сай келетін студенттерді тәрбиелеудің кешенді жүйесі «Студенттердің жеке басын біртұтас дамыту және өзінің қабілетін іске асыра білу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік жауапкершілікті игеру, қоғамның жаңа сұраныстары мен студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін тәрбие жұмысының дәстүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін жаңғырту және әзірлеу үшін оңтайлы жағдайлар қамтамасыз етілуі» атап көрсетілген [3]. Мемлекет басшысынның «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет екендігі, сонымен қатар, білікті кадрлар даярлау қажетігінің маңызына тоқтала келіп, ұстаздар-ұлттың зияткерлік қуаты, олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашатындығы және үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екендігі атап өтілді [4]. Қазіргі уақытта экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы сияқты беделді ұйымдардың дербес зерттеулер негізінде қоғам өмірінің өзгеруіне елеулі дәрежеде әсер ететін бірнеше әлемдік тенденциялардың ықпалы анықталуда, осыған сәйкес бұл үрдістер болып жатқан өзгерістер контекстінде жеке тұлғалардың тиімді қызмет етуіне қажетті сапасына талаптар қоюда, бұл ең алдымен, маманның кәсіби біліктілік моделінде дағдыларды soft skills (жұмсақ) және hard skills (қатаң) деп сипаталуы кәсіби саланың өзгеруі, білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайы және білім берудегі жасанды интеллект технологияларын интеграциялау арқылы мамандардың танымдық қызметін басқару мәселелері анықталуда. Осы аталған бағыттарда болашақ әлеуметтік педагогті дайындау үдерісі жан-жақты мазмұндық және процессуалдық мәселелерді шешуді көздейді. Жаңа мазмұндағы педагог кадрларын дайындаудың мемлекеттік стандарттарына сай дайындалған мамандықтардың білім беру бағдарламалары, болашақ әлеуметтік педагогтің өз саласында жоғары іскерлікке ие болуын көздейді. Болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау ескерілуі қажет, медиабілім жағдайында болашақ маманның гностикалық іскерлігін жетілдіруде жаңа парадигмалық тәсілдер мен әдістер кеңінен қарастырылуы шарт. Оның ішінде тұлғаның және жалпы қоғамның белгілі бір даму деңгейіне қол жеткізетін медиабілім берудің жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға назар аударылуы қажет. Жоғарыда аталған мәліметтер әлеуметтік педагогтің қызметтік міндеттерімен «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізделеді. Лауазымдық міндеттері: жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды т.б. [5]. Әлеуметтік педагогті даярлаудың тәжірибесі білім берудегі адам мен қоғам арасындағы өзара байланыстың даму заңдылықтары деңгейін көрсетеді. Ақпарат берудің жаңа тәсілдерін меңгеру, қоғамдағы әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге, қоғамның көптеген салаларын жетілдіруге ықпал етеді. Сонымен, болашақ мамандар өздерінің күнделікті кәсіби тәжірибесінде жаңа медиа технологияларды сенімді және тиімді қолдана алатындай үздіксіз үдеріс болуы керек. Болашақ маман үшін кәсіби маңызды ақпаратты алу және сыни тұрғыдан түсіну маңызды. Болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскеліктерінің медиабілім кеңістігімен байланысы, электронды бұқаралық ақпарат құралдарын сауатты пайдалану және әлеуметтік желілер мен медиа-технологияларды пайдалану іскерлігін қалыптастыру қажетілігі айқындалуда. Ғылыми-теориялық тұрғыдағы мәліметтер, ғылымдардағы-фактілер, құбылыстар, тілдер, әдістерге; іс-әрекеттер-білімді меңгеру, міндеттерді шешу, тәжірибе жүргізу, шығармашылық жұмыстар; білім-анықтау, түсініктер, заңдар, теорияларға негізделеді. Білім берумен тұлғаның танымдық дамуына қатысты философиялық ойлар Гегель, Аристотель, Б. Рассель, Г. Лейбниц, Дж.Локк, шығыс ғұламалары Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ж. Баласағұн және қазақ ойшылдары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және ұлт ұстазы А. Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. Атаған мәселелер бағытында отандық және шетелдік ғалымдардың жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен ғылыми зерттеулері жұмысымыздың маңыздылығын анықтауда қарастырылды. Жалпы әлеуметтік педагогті даярлау-педагогиканың жаңа бір бағыты. Білім беру жүйесінде әлеуметтік педагогті даярлау жоғары оқу орындарының әлемдік тәжірибеге назар аударуына байланысты болды. Әлеуметтік білім беру мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға, құндылықтарының қалыптасуына, азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін, инновацялық іскерліктерін, белсенділігін арттыруға ықпалын тигізуде ұлттық мүддеге сәйкес екендігін көрсетеді. Әлеуметтік педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері В.И. Загвязинский [6], И.А. Липский [7], Л.В. Мардахаев [8], А.В. Мудрик [9], Г.Н. Филонов [10] т.б. еңбектерінде жарияланған. Қазақстанда, әлеуметтік педагогті даярлаудың әдістемелік негіздері А.Б. Абибуллаева [11], Р.И. Бурганова [12], Г.Ж. Меңлібекова [13], А.Н. Тесленко [14], Ш.Т. Таубаева [15], И.Р. Халитова [16], А.Б. Айтбаева [17] ғылыми-зерттеу жұмыстарында қарастырылған. Әлеуметтік-педагогиканың теориясы танымдық қызметті іске асырады және теориялық білімнің шынайылығы әлеуметтік-педагогикалық практикалық мәселелерін зерттеуді қамтамасыз етеді. Ал, медиабілім беру мәселесі Америка және Батыс елдерінде (Канада АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) біршама жолға қойылған. Болашақ мамандарға медиабілім беру бағытында L. Mаstеrmаn [18], D. Buckinghаm [19], U. Cаrlsson [20], D. Considinе [21], G. Gеrbnеr [22], W.J. Pottеr [23], L.M. Sеmаli [24], C.M. Worsnop [25] т.б ғалымдар тарапынан бірқатар маңызды зерттеу жұмыстары жүргізілген. Отандық зерттеушілерде медиабілім мәселесін бірнеше бағыттар бойынша қарастырған П.Б. Сейітқазы [26], Б.Д. Сыдықов [27], Е.Ж. Масанов [28], Ғ.Б. Саржанова [29], Г.Е. Дюсембина [30], А.А. Ташетов [31] және т.б. ғылыми-зерттеулерінде көрсетілген. Ал, гностикалық іскерліктер педагогикалық қызметтің негізгі құрылымын құрайды. Шетелдік ғылыми-зерттеулерде гностикалық іскерліктердің мазмұны мен құрылымы Н.В. Кузьмина [32], B.H. Dotger [33], T.A. Sadovaya [34], N.V. Ivanova [35], A.L. Duckworth [36], O.N.Shcherbakova [37]т.б. ғылыми-педагогикалық зерттеулерде қарастырылған. Отандық ғалымдардың Ш.Т. Таубаева [38], К.С.Құдайбергенова [39], С.С. Құнанбаева [40] еңбектерінде гностикалық іскерлік ұғымы танымдық қабілеттер, іскерліктермен дағдыларға негізделеді. Бұл компонент болашақ педагогтің танымдық қабілеттері, интеллектуалдық мүмкіндігі, өз пәнін терең білуі, дүниетаным, өзін-өзі танып білуін қамтиды және іскерлігінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін, ойлау, ес, т.б. психикалық қасиеттердің бірлікте дамуы қажет. Осы тұрғыда, Г.Ж. Меңлібекова өз зерттеулерінде, гностикалық-əлеуметтік маңызды мəселелер мен міндеттерді тиімді шешу үшін өз-өзімен (өз-өзін тəрбиелеу, өздігінен даму) жəне басқа да адамдармен əрекеттесу үшін қажетті əлеуметтік білімді меңгеруді білдіретіндігі атап көрсетілген [41]. Демек, болашақ әлеуметтік педагогтің медиабілім үдерісіндегі гностикалық іскерлігі – бұл болашақ кәсіби қызметіндегі іскерліктерді жеке тұлғалық құндылық ретінде тану, гностикалық іскерліктердің теориясы мен технологиясын меңгеру, әлеуметтік педагогикалық үдеріске қажет іскерліктерді қолдана алу және нәтижелерін кеңістікке шығару сияқты қабілеттерінің жиынтығы. Ғылыми еңбектердегі педагогикалық іскерлік пен педагогтің іс-әрекеттік құрылымдарын зерделей келе төмендегі мәселелерді атап өтуге болады: ЮНЕСКО мәліметтерінде медиабілім – бұқаралық коммуникацияны меңгерудің теориялық және практикалық іскерліктеріне бағытталған педагогикалық білімнің бір жүйесі [42]. Бұқаралық ақпарат құралдары жыл өткен сайын адамдардың өмірінде және білім беру үдерісінде үлкен рөл атқарып келеді. Сондықтан, бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болып табылатын медиабілімнің жүйелі дамуының маңыздылығы туындайды [43]. Гностикалық іскерлік – педагогтің білім саласына жатады. Бұл тек өз пәнін білу туралы ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас тәсілдерін, білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін, өзін-өзі тану және жеке тұлға және іс-әрекеттері туралы білімдер жиынтығы [44]. Әлеуметтік білім беру екі міндетті атқарады: –қоғам және қоғамдық қатынастар, адамның әлеуметтік өзара әректесуі және қарым-қатынасы туралы тұтас білімдер жүйесі; –әлеуметтік араласуға, қарым-қатынасқа психологиялық даярлыққа қажет практикалық іскерліктерді меңгеру [45]. Осы тұрғыда, Р.Т. Сулайманова өз зерттеулерінде жаңа формациядағы педагог ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтілік, ынтымақтастыққа бейімділік пен қабілеттілік, өзінің әлсіз тұстарын анықтау және дамыту қабілеттеріне ие болуы шарт екендігі атап өтілген [46]. Елімізде педагогтарды даярлаудың түрлі бағыттары мен аспектілеріне арналған PhD докторлық диссертацияларды атап өткіміз келеді Д.Е. Ертарғынқызы [47], А.К. Абдиркенова [48] және Г.С. Таженова [49] т.б. Бұл ғылыми зерттеулерде әлеуметтік педагогтарды даярлау, құзыреттілігін қалыптастыру және медиабілім мәселелері қарастырылған. Сонымен, ғылыми зерттеулерге талдау жасай келе білім беру жүйесінде болашақ әлеуметтік педагогтің медиабілім беру үдерісіндегі гностикалық іскерлігін жетілдіру мәселесін зерттеудің қажетілігі айқындалды. Зерттеу жұмысымыздың маңыздылығы мен қажеттілігі әлеуметтік сұраныстарға негізделеді. Демек, жалпы танылған мағынада гностикалық іскерлік – бұл көп функциялы бағдарлану қабілеті, оның көмегімен болашақ педагог кәсіби қызметтің әдістері мен тәсілдерін меңгереді. Бұл іскерліктер түсіндіру, талдау, бағалау, зерттеу және қорытынды сияқты әрекеттерді білдіреді. Жоғарыда аталып өтілген зерттеу мәселесінің өзектілігіне сәйкес, аталған бағыттарда жекелеген зерттеу жұмыстары болғанымен, жоғары оқу орнындағы медиабілім беру үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерліктерін жетілдіру мазмұнындағы ғылыми еңбектер кездеспейді. Демек, аталған зерттеу жұмысының қарама-қайшылықтары: –болашақ әлеуметтік педагогтерді дайындауда талаптардың артуына сәйкес медиабілім үдерісінде гностикалық іскерліктерін жетілдірудің теориялық тұрғыдан кеңінен қарастырылмауы мен әдістемелік қамтамасыз етілмеуі; –ақпараттық қоғам мен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіби міндеттерді орындау үшін болашақ әлеуметтік педагогің кәсібилігін дамытуға бағытталған медиабілім үдерісінде гностикалық іскерліктерін жетілдіру мәселелерінің терең зерттелмеуі; –болашақ әлеуметтік педагогтің медиабілім үдерісіндегі гностикалық іскерлігін кәсіби құзіреттіліктің қажетті компоненті ретінде ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделмеуі және тәжірибелік әдістемесінің болмауы. Аталған қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін табу бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру» деп таңдауымызға негіз болды. Зерттеудің мақсаты: медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіруді ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде жүзеге асырудың әдістемесін дайындау. Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік педагогті даярлау үдерісі. Зерттеу пәні: болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін медиабілім үдерісінде жетілдіру. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін кәсіби құзіреттіліктің маңызды компоненті ретінде қарап, оны медиабілім үдерісінде жетілдірудің теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалса және әдістемесі дайындалса, онда, болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің сапасы артады, өйткені, болашақ әлеуметтік педагогтерді дайындауда заманауи талаптардың жоғарылауы қамтамасыз етіледі. Зерттеудің мәселесі – болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін медиабілім үдерісінде жетілдірудің мүмкіндіктері қандай? Зерттеудің міндеттері: 1. «Гностикалық іскерлік», «болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі» түсініктерінің мәнін нақтылау. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің әдіснамалық негіздерін айқындау. 2. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің шарттарын анықтау. 3. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделін құрастыру. 4. ЖОО-ның медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру. Зерттеудің жетекші идеясы. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерліктерін жетілдіру – жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандарды даярлауға арналған әлеуметтік тапсырыс пен заманауи білім беру парадигмасы негізінде, медиа, цифрландыру және жасанды интеллект жағдайында педагогикалық қызметін тиімді ұйымдастыруға және оның нәтижелерін бағалауға ықпал етеді. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жоғары білім беру жүйесінің педагогикалық-психологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздері, медиабілім беру үдерісі, гностикалық іскерлік, болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі туралы мәселелері, цифрландыру және жасанды интеллект технолгиялары туралы мәліметтер, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін құрайды. Зерттеудің теориялық, әдіснамалық және ғылыми педагогикалық негіздерін жасауда жоғары білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелік, іс-әрекеттік, акмеологиялық және білім берудегі құзыреттілік тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, медиабілім беру үдерісінде гностикалық іскерлікті жетілдірудің мақсаттары, қағидалары, мазмұн мен технологиясы туралы білімдер және болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру туралы қағидалар, оқытудың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік негіздері туралы идеялар қағидалары қолданылды. Зерттеу көздері: зерттеудің теориялық және заңнамалық базасы ретінде келесі құжаттар мен еңбектер негізге алынған: философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми еңбектер, мемлекеттік ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР-ның цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасы, ҚР-ның жоғары білімді және ғылымды дамытудың тұжырымдамасы, Жасанды интеллектті дамытудың тұжырымдамасы, Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының білім беру бағдарламалары, озық тәжірибелер мен автордың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесі сияқты зерттеу көздері құрайды. Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысымыздың барысы ғылыми-зерттеу әдістері негізінде жүзеге асырылды – аналитикалық: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу, жіктеу, жүйелеу, жалпылау, диагностикалық: сауалнама, сұрау, жеке және топтық әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, статистикалық: зерттеу нәтижелерін зерделеу, математикалық-статистикалық өңдеу және есепетеу, жинақтау, салыстыру. Зерттеудің кезеңдері. Бірінші кезеңінде (2019-2020) қарастырылып отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негіздері сараланып, медиабілім беру парадигмасы мен гностикалық іскерліктердің мазмұндық сипаттамасына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жүргізілді. Ғылыми әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау нәтижесінде медиабілім беру үдерісінде болашақ педагогтің гностикалық іскерліктерін жетілдірудің негіздері айқындалып, зерттеудің ғылыми-әдіснамалық аппараты тұжырымдалды. Екінші кезеңде (2020-2021) медиабілім үдерісінде гностикалық іскерліктерді жетілдіру бойынша жинақталған теopиялық және дәйектi матеpиалдаpға талдау жүргізіліп, жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін ескере отырып, медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің шарттары анықталып, медиабілім үдерісінде гностикалық іскерлікті жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалды. Үшінші кезеңде (2021-2022) зерттеу базасында ұсынылған құрылымдық-мазмұндық модель мен әдістеменің тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Зерттеу жұмыстары барысында алынған нәтижелер математикалық-статистикалық өңдеуден өтті. Зерттеудің қорытынды кезеңінде жинақталған эмпирикалық мәліметтер құрылымдық-мазмұндық тұрғыдан жүйеленіп, алынған нәтижелерге кешенді талдау жүргізілді. Зерттеу барысында тұжырымдалған теориялық қағидалар мен практикалық нәтижелер жалпыланып, жұмыстың негізгі қорытындылары айқындалды. Сонымен қатар, белгіленген техникалық талаптарға сәйкес толық рәсімделді. Зерттеу базасы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: 1. «Гностикалық іскерлік», «болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі» түсініктерінің мәні нақтыланды. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің әдіснамалық негіздері айқындалды. 2. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің шарттары анықталды. 3. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылды. 4. ЖОО-ның медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру бойынша құрылымдық-мазмұндық моделі мен әдістемесі дайындалып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексерілді, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Зерттеудің практикалық мәні: зерттеу мазмұнындағы теориялық мәліметтер мен нәтижелер білім беру мазмұнын жаңартуда келесідей ұсыныстарды белгілейді: 1. Ғылыми-теориялық тұрғыдан «гностикалық іскерлік» және «болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі» ұғымдарының мазмұны нақтыланып, олардың медиабілім мен байланысы негізделді. Бұл әлеуметтік педагогикадағы танымдық әрекеттің әдістемелерін жаңа ғылыми негіздемелермен толықтыруға мүмкіндік берді. 2. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің педагогикалық шарттары, құрылымдық-мазмұндық моделі және кешенді әдістемесі дайындалды. 3. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерліктерін жетілдіруді сүйемелдеудің педагогикалық-психологиялық бағдарламасы дайындалды, «Медиапедагогика» пәнінің мазмұнына қосымша ретінде қолдануға ендірілді (Қосымша А). 4. Болашақ әлеуметтік педагогтің медиабілім үдерісіндегі гностикалық іскерлігінің деңгейін бағалауға арналған авторлық диагностикалық сауалнамалар әзірленді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу бағытында пайдалануға болады (Қосымшалар Ә, Б, В). 5. Зерттеу нәтижелері негізінде рецензияланатын журналда (Web of Science Core Collection, Scopus) Q1 – деңгейінде «Formation of gnostic skills in future social teachers in the process of media education» тақырыбындағы мақала жарияланды. Зерттеу барысында ұсынылған педагогикалық шарттары мен құрылымдық-мазмұндық модель және әдістемелік тұжырымдар жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік педагогті даярлау бағдарламаларында, арнайы курстар мен семинарларда медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру үшін қолданыс таба алады. Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. «Гностикалық іскерлік», «болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі» түсініктерінің мәнінің айқындалуы. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудегі жүйелік, іс-әрекеттік, акмеологиялық және білім берудегі құзыреттілік тұғырлардың әдіснамалық негіздемесі. 2. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің шарттары – оқыту мақсаты, оқыту үдерісі және оқыту нәтижесі мазмұнымен ұштастырылуы. Мәселелерді шешудің тиімділігін анықтаудағы шарттардың маңыздылығы: –медиабілім саласындағы: мақсат, қағидалар, мазмұн және технологияны қамтитын іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бейімдеу; –медиабілім үдерісіндегі гностикалық іскерліктерін жетілдіру: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен цифрлық сауаттылық, деректерді түсіндіру-талдауға бейімдеу; –студенттердің гностикалық іскерліктерін қалыптастыру критерилерін белгілеу және оқыту үдерісінде әдістемелік қамтамасыз ету. Әдіс-тәсілдердің кешенді түрде қолданылуы: –психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу; –тиімді тәжірибелер мен перспективалар; – медиа ресурстар; –білім берудегі цифрлық және жасанды интеллект технологиялары. Гностикалық іскерлікті жетілдіруді сүйемелдеудің педагогикалық-психологиялық бағдарламасы: медиа пікірталастар, онлайн кітапханалар, конференциялар, әлеуметтік медиа, медиа жобалардың қолданылуы мен жетілдіру кезеңі бойынша құрылымы. 3. Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделінің өзара байланысты мазмұндық блоктың негізіндегі компоненттері: мотивациялық, когнитивтік, процессуалдық және бағалау-рефлексивті; үдерістік блоктың негізі: мазмұндық, медиабілім іскерліктері, педагогикалық іскерліктер және болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби бағыттылығы мен дағдылары (hard skills), жеке тұлғалық сапалар мен дағдыларның (soft skills) бағыттары білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация жағдайы және жасанды интеллект технологиялары негізінде қарастырылу барысы; қорытынды-бағалау блогының негізі: психологиялық-педагогикалық, кәсіби әдістемелік, технологиялық, интеллектуалдық қызмет, интегралдық үдерістерге бағдарлылық және гностикалық іскерлік жиынтығының біртұтас құрылымы. 4. ЖОО-ның медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің ұйымдастырылу барысы мен нәтижелері. Алынған зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық жағынан өңдеу арқылы мазмұндық-құрылымдық моделмен әдістеменің тиімділігіне негізделуі. Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Зерттеу мазмұны қойылған ғылыми-әдіснамалық аппаратқа сәйкестігімен; теориялық тұрғыдан негізделуі және нәтижелерді тексеруге мүмкіндік беретін өзара байланысты ғылыми әдістер жүйесін кешенді қолданумен; зерттеу материалдарының шынайылығымен, эмпирикалық мәліметтердің дәлелділігімен және дереккөздердің ғылыми негізділігімен; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың зерттеу логикасының сақталуы және алынған нәтижелерді сандық және сапалық тұрғыдан жан-жақты сараптау, сондай-ақ оларды ғылыми интерпретациялау деңгейімен; әдістемелік ұсынымдар мен ғылыми нәтижелердің педагогикалық тиімділігін дәлелденуімен сипатталды. Зеpттеу нәтижелеpiн апробациялау (сынамадан өткізу). Диссертацияның зерттеу нәтижелері бойынша 7 ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда– 2, Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін шетелдік басылымында–1, Халықаралық және республикалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақтарында – 4 мақала басылып шықты. Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертацияның құрылымы педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді құру логикасына сәйкес келеді – 182 бетте мазмұндалған, 14 сурет және 30 кесте берілген, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертация жоспарға сәйкес кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде таңдалған зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық көкейкестілігі жан-жақты негізделіп, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан кешенді сипаттама беріледі. Зерттеу жұмысының ғылыми-әдіснамалық аппараты қарастырылды. Сонымен қатар, зерттеудің қорытындысы ретінде дәлелдеуді қажет ететін және қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар тұжырымдалған. «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің теориялык негіздері» тақырыбындағы бірінші бөлімде гностикалық іскерлік ұғымының генезисі қарастырылып, отандық және шетелдік ғылыми еңбектердегі «гностикалық іскерлік», «болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігі» мазмұнына сипаттама берілді және медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары айқындалып, ерекшеліктеріне талдау жасалды. «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің әдістемесі» атты екінші бөлімде медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің қазіргі жағдайы зерттеліп, медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің шарттары талданып, әдіс-тәсілдері қарастырылды, құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды. «Медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру бойынша эксперименттік жұмыс» атты үшінші бөлімде жоғары оқу орындарына арналған медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдірудің бастапқы диагностикасының ұйымдастырылуы барысы мен моделді жүзеге асыру нәтижелері берілді. Алынған зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық жағынан өңдеу арқылы құрылымдық-мазмұндық модель мен әдістеменің тиімділігі негізделеді. Диссертацияның қорытындысында теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулердің нәтижелері қорытындыланған, болжамның және қағидалардың шынайылығын растайтын, қорғауға жіберілген жалпы тұжырымдар түйінделген. Қосымшаларда жоғары оқу орындарында медиабілім үдерісінде гностикалық іскерлікті жетілдірудің әдістемелік материалдарымен зерттеу нәтижелері берілді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/GN6StPr_BEM?si=OVb2geYfUWd76aUZ
