
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ырымбаева Нургуль Алдажаровна «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Алметов Негматжан Шадиметович – педагогика ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы);
Уайдуллақызы Эльмира – философия докторы (PhD), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Педагогика және дәстүрлі өнер институты, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Танер Атмаджа – философия докторы (PhD), Дөздже университетінің қауымдастырылған профессоры (Дөздже қаласы, Түркия)
Сардарова Жаннат Исмагуловна – педагогика ғылымдарының докторы, Арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сейітқазы Перизат Бәйтешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Педагогика кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Махмут Читиль – философия докторы (PhD), Гази университетінің қауымдастырылған профессоры (Анкара қаласы, Түркия)
Қорғау 2026 жылғы 28 тамыз, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «8D011-Педагогика және психология», «8D018-Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» («6D010300-Педагогика және психология», «6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «8D01103-Педагогика және психология», «8D01823-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану») кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы Microsoft Teams платформасында аралас (онлайн, оффлайн) форматта өтеді.
Сілтемесі: https://clck.ru/3UrwEG
Мекен-жайы: Астана қ., А. Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғаламдық жаһандану жағдайында отандық білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру өзекті мәселеге айналуда. Білім беру үдерісі үздіксіз жаңарып, ашықтық пен демократиялық қағидаттарға негізделген серпінді әрі күрделі жүйе ретінде дамып келеді. Осыған байланысты терең біліммен, кәсіби құзыреттілікпен, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттермен қаруланған, өзін-өзі дамытуға және түрлі ортада бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – қазіргі білім берудің басты мақсаты. Осы орайда болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін медиабілім үдерісі арқылы тиімді дамыту және студенттердің өзіндік білім алуға деген ынтасын арттыру маңызды. Қазіргі цифрлық ортада кәсіби білімді, құзыретті, ізденімпаз әрі бәсекеге қабілетті студенттер болашақта биік жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Ал цифрлық ресурстар, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және цифрлық технологияларды оқу үдерісіне интеграциялау тенденциясы студенттердің ақпараттық құзыреттілігін арттыру қажеттілігін алға тартады. Ақпараттық құзыреттілік – цифрлық медиада қолжетімді ақпарат ауқымының артуына байланысты жеке қажеттіліктер, оқу және болашақ кәсіби қызметте ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, сенімді мәліметтерді анықтау және тиімді пайдалану, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен қауіпсіз цифрлық ортада әрекет ету қабілеттерін қамтитын маңызды интегративті қабілет ретінде танылады. Бұл дағдылар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, цифрлық кеңістікте саналы шешім қабылдау мен табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді. Диссертациялық зерттеудің мақсаты – медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу мен әдістемесін дайындау, ғылыми негізделген ұсыныстар беру. Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үдеріс. Зерттеу пәні: Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Зерттеу міндеттері: 1. Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау; «медиабілім үдерісі», «медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту» ұғымдарын нақтылау. 2. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау. 3. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың әдістемесін әзірлеу. 4. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту моделін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындау. Зерттеу әдістері: ‒ тeориялық (философиялық, пeдaгогикa жәнe психологиялық, ғылыми-әдістeмeлік әдeбиeттeрді, мерзімді ғылыми басылымдарды, диссертацияларды, заңды-нормативтік құжаттарды зерделеу, тaлдaу, салыстыру, жүйeлeу); ‒ эмпирикaлық (бaқылaу, диaгностикaлaу, сaуaлнaмa, зерттеу гипотезасын тексеру, тәжірибелік-эксперименттік жұмысын жүргізу және алынған нәтижелерді салыстыра қорытындылау); ‒ стaтистикaлық (экспeримeнттік жұмыстың нәтижeсін статистикалық және мaтeмaтикaлық тұрғыдан өңдeу). Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін айқындауда құзыреттілік, жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, инновациялық тұғырлардың бірлігі басшылыққа алынады. Зерттеу тақырыбы аясындағы ғылыми еңбектердегі тұжырымдарға сүйене: медиабілім үдерісі – цифрлық ортада ақпараттық құзыреттілікті құрайтын дағдыларды дамыта отырып, түрлі мазмұндағы ақпараттармен жұмыс істеу, өзара қарым-қатынас жасау, сенімді ақпарат көздерін табу мен мәліметтерді алу және кәсіби дайындық аясын кеңейту негізі; медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту студенттің жеке және оқу іс-әрекетінде қажетті ақпараттық дағдыларды кешенді меңгеруін, цифрлық медиада ақпаратпен сыни тұрғыдан тиімді жұмыс істеуін, сондай-ақ цифрлық ортада этикалық нормалар мен ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып әрекет ету қабілеті ретінде анықталды. 2. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі келесідей блоктар жүйесін ұсынады: мақсатты-әдіснамалық, ұйымдастырушылық, нәтижелік-бағалау. Ұсынылған модель – күтілетін нәтижеге сәйкес нақты мақсат пен міндеттерді, әдіснамалық негіздерді, принциптер мен функциялардың жиынтығын, сондай-ақ ақпараттық құзыреттілікті дамытуды жүзеге асырудың әдістерін, формаларын және құралдарын, компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері, деңгейлерін анықтайтын құрылым болып табылады. 3. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың әдістемесі – «Медиапедагогика» элективті оқу курсының толықтырыла жаңартылған мазмұнын, зерттеу тақырыбындағы оқу-әдістемелік құралдар мен тренинг бағдарламасын, студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға негізделген: тұлғаға бағытталған, ақпараттық, мультимедиалық, интерактивті, жобалау технологияларының бірлігін қамтитын құрылым. 4. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігі, әдістеменің жүзеге асуы, тұлғалық-мотивациялық, когнитивті, технологиялық, рефлексивті компоненттерге сәйкес іріктелген диагностикалық әдістемелер арқылы тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілуі. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасын келесідей: Бірінші міндетке сәйкес алыс-жақын шетелдік және отандық ғылыми еңбектердегі медиабілім беру және ақпараттық құзыреттілік мәселесінің зерттелу үрдісі қарастырылып, жүйелік талдау жасалды. «Медиабілім беру», «медиабілім үдерісі», «цифрлық медиа», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарының анықтамалық сипаттамалары талданып, зерттеу негізінде тұжырымдар жасалды. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуда құзыреттілік, жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, инновациялық әдіснамалық тұғырлар басшылыққа алынып, зерттеу жұмысымыздың теориялық негізі мен бағдарын анықтауға ықпал етті. Екінші міндет негізінде медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді. Медиабілім – студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуда цифрлық кеңістікте еркін бағдарлана отырып, цифрлық білімдері мен ақпаратты игеруге деген қолжетімділікті арттырудың шарты ретінде қарастырылды. Келесі үшінші зерттеу міндетіне сәйкес, медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың әдістемесі әзірленді. Әдістеме «Медиапедагогика» элективті оқу курсының толықтырыла жаңартылған мазмұнын, пән мазмұнына негізделген оқу-әдістемелік құралдар мен пәннің практикумы ретінде қолданылатын тренинг бағдарламасын қамтыды. Сонымен қатар, білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуға негізделген тұлғаға бағытталған, ақпараттық, мультимедиалық, интерактивті және жобалау технологиялары жүйеленіп жасалды. Студенттердің ақпараттық құзыреттілігін ЖОО-да дамытудың мүмкіндіктері ретінде білім беру бағдарламасы, университеттік газет, университеттік электронды кітапхана, әлеуметтік медиа, студенттік орталықтар, ғылыми жоба аясындағы «Цифрлық этикет» (https://digitaletiquette.kz/) сайты қарастырылды. Төртінші міндет бойынша, модель компоненттеріне сәйкес диагностикалық әдістемелер мен студенттердің ақпараттық құзыреттілік деңгейін анықтауға арналған авторлық сауалнама алынып, анықтаушы және қорытынды эксперименттің нәтижелері анықталды, сандық және сапалық талданып, статистикалық өңдеу жүргізілді. Эксперименттік зерттеу жұмысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 70 студент эксперименттік топқа және Астана халықаралық университетінен 68 студент бақылау тобына, жалпы саны 138 студентті қамтыды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жүзеге асу барысы диагностикалық, теориялық және тәжірибелік оқу, тәжірибелік-рефлексивті кезеңдерден тұрады. Анықтаушы және қорытынды эксперимент барысында медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігінің деңгейін анықтауға арналған диагностикалық әдістемелер компоненттерге сәйкес іріктелді. Яғни, тұлғалық-мотивациялық компонентке: «Оқу мотивациясының бағытын диагностикалау» әдістемесі (Т.Д.Дубовицкая бойынша), «Тұлғаның жетістікке жету мотивациясы» әдістемесі (Т.Элерс бойынша); когнитивті компонентке: «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау шкаласы» (Critical Thinking Evaluation Scale) (Rodríguez-Rojas, M.-P., Ramírez-Segura, A.-M., Valenzuela-Mora, P., Dampuré, J., & Riveros Munévar, F. бойынша), «Ерікті өзін-өзі реттеуді зерттеу» әдістемесі (А.В. Зверькова және Е.В. Эйдмана бойынша); технологиялық компонентке: «Жоғары білім берудегі ақпараттық сауаттылықты өлшеу» шкаласы (Scale: Measuring Information Literacy in Higher Education), (M.Flierl, C.Maybee, E.Bonem бойынша), «Болашақ мұғалімдерге арналған ақпараттық құзыреттілік шкаласы» (ICS-FT) (Information Competence Scale for Future Teachers (ICS-FT)) (G. Gómez-García, F.-J. Hinojo-Lucena, F.-D. Fernández-Martín, J.-M. Romero-Rodríguez бойынша), рефлексивті компонентке: «Рефлексивтіліктің даму деңгейін диагностикалау» әдістемесі (А.В. Карпов бойынша). Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделінің, әдістеме мен технологиясының тиімділігі тексерілді және оң динамикасын көрсетті. Зерттеу нәтижелеріне сүйене ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың ғылыми негіздері айқындалды; «медиабілім үдерісі», «медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту» ұғымдары нақтыланды. 2.Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері анықталды. 3.Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың әдістемесі жасалды; 4. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту моделі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 1. «Медиапедагогика» элективті оқу курс бағдарламасының мазмұны толықтырылды және пәннің оқу-әдістемелік кешені жаңартылды; 2. «Медиапедагогика: ақпараттық құзыреттілік негізі» оқу-әдістемелік құралы мен «Медиабілім үдерісінде студенттердің еркін ақпарттық бағдарлануы» атты тренинг бағдарламасы жасалды; 3. «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ 2023-2025 жылдар аралығында AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында («03» тaмыз 2023 ж. №269/23-25 келісімшaрт) кіші ғылыми қызметкер позициясында, жобаның ғылыми жетекшісі профессор П.Б. Сейітқазының ұйымдастыруымен ұжымдық авторлықта «Цифрлық этика және желілік коммуникативті мәдениет» оқу-әдістемелік құралы және «Желілік коммуникативті мәдениет пен цифрлық этикет» бойынша терминологиялық сөздік әзірленді; Ұсынылған практикалық зерттеу нәтижелері білім алушыларының жеке тұлғалық өсуі мен оқу үдерісіне, кәсіби құзыреттілігін дамытуға, үздіксіз өзіндік ізденісті арттыруға, цифрлық ортада ақпаратпен тиімді жұмыс істеп, еркін бағдарлануға ықпал етеді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары», ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы (1.09.2022), ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу: Қазақстан халқына жолдауы (8.09.2025), Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасының басым бағыттарында белгіленген міндеттерге сәйкес келеді. Диссертациялық жұмыс 8D01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша әзірленіп, оның төлқұжатына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен ғылыми нәтижелері осы аталған білім беру бағдарламасының негізгі бағыттарын қамтиды. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертация зерттеу тақырыбы аясында 2 оқу-әдістемелік құрал (1-бірлескен авторлықта), 1 педагогикалық тренинг бағдарламасы, 1 терминологиялық сөздік (бірлескен авторлықта), 21 ғылыми мақала жарияланды. Атап айтқанда Scopus базасында рецензияланатын ғылыми басылымда – 2, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда – 4, ғылыми журналдарда – 4, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар және республикалық вебинарда – 11 мақала шықты. Ұсынылған барлық жарияланымдар диссертациялық зерттеу барысында дайындалды. 1. Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикет бойынша терминологиялық сөздік. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2023. – 137 б. – Терминологиялық сөздік бойынша докторант цифрландыру, ақпараттандыру, медиабілім ұғымдарына қатысты анықтамалар мен түсіндірмелерді жинақтады. 2. «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Мастер ПО» баспасы, 2024. – 111 б. – Оқу-әдістемелік құралында жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетіне қатысты маңызды теориялық және тәжірибелік материалдар жинақталды. – Докторант оқу-әдістемелік құралдың «Желілік коммуникативтік мәдениеттің этикалық аспектілері» бөлімін дербес орындап, желідегі мінез-құлық ережелері, желідегі құпиялылық және қауіпсіздік, желілік байланыстағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына талдау жасады. 3. «Медиапедагогик: ақпараттық құзыреттілік негізі» оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2025. –168 б. – Оқу-әдістемелік құралында медиапедагогика пәнінің жалпы мазмұны, медиабілімнің қалыптасу тарихы мен теориялық негіздері, медиа өнімдерін сыни талдау, цифрлық гигиена мен интернеттегі қауіпсіздік, цифрлық этикет, жасанды интеллектінің дидактикалық мүмкіндіктері, әлеуметтік медиа, білім берудегі цифрлық-ақпараттық технологияларға бағытталған студенттердің медиабілім үдерісінде ақпараттық құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік жолдары жүйеленіп берілген. Докторант оқу-әдістемелік құралда дара автор. 4. «Медиабілім үдерісінде студенттердің еркін ақпараттық бағдарлануы» тренинг бағдарламасы Астана, 2025. – 40 б., электронды нұсқада https://online.fliphtml5.com/props/rmyy/ . – Тренинг бағдарламасы жоғары оқу орындарында «Медиапедагогика» элективті оқу курсы шеңберінде әзерленіп, курсының практикумы ретінде ұсынылады. Докторант тренинг бағдарламасында дара автор. 5. Information competence and critical thinking in digital environments evidence from university students in Kazakhstan // Frontiers in Education (Sec. Higher Education). – 2026. – Vol. 11. – Р. 1-19. – Берілген мақалада докторант теориялық және практикалық ақпаратты жинақтау және жүйелеу, эксперимент жүргізіп, талдау жасада үлес қосты. Бірінші автор ретінде мақала баспадан шыққанша процесті қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. 6. Tuxanbayev A., Yrymbayeva N., Suleymen В., Tussupbekova М., Rakhimgaliyeva Р. Generative AI and media literacy: how AI tools reshape students’ skills of searching, verifying, and interpreting information // Cogent Education. 2026.– Volume 13(1).– Р.1-19. Докторант теориялық және практикалық ақпаратты жинақтауға және жүйелеуге, эксперимент жүргізуге және алынған нәтижелерді талдауға үлес қосты. Корреспондент-автор ретінде жариялау процесінің барлық кезеңдерінде жарыққа шыққанға дейін мақаланы сүйемелдеуді жүзеге асырды, сондай-ақ қажетті түзетулер мен пысықтаулар енгізді. 7. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы: Педагогика. Психология. Социология сериясы, 2023. – № 3 (144). – Б. 236-249. – Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі «медиабілім», «медиабілім беру үдерісі», «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарының мәні талданды және тұжырымдамалар жасалды, сондай-ақ медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға байланысты ұсынымдар берілді. Мақала диссертацияның 1.1 пораграфының мазмұнын айқындайды. Докторант автор-корреспондент ретінде барлық бөлімдерді жазуға және мақала баспадан шыққанша процесті қадағалады. 8. Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы инновациялық тұғыр // А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің көпсалалы ғылыми журналы “3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация”, 2024. – № 1. – Б. 180-191. – Мақалада медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуда инновациялық тұғырдың рөлі мен инновациялық білім берудің маңыздылығы қарастырылған. Аталған жұмыс диссертацияның 1.3 пораграфының мазмұнын сипаттайды. Докторант автор-корреспондент ретінде барлық бөлімдерді жазуға және мақала баспадан шыққанша процесті қадағалады. 9. Opportunities for development of information competence of students in universities // Bulletin of the Karaganda university Pedagogy series, 2024. – №. 1(11329). – Р.61-70. – Мақалада болашақ педагог-психологтардың ақпараттық құзыреттілігін ЖОО-да дамытудың мүмкіндіктері ретінде элективті пәндер мазмұны, студенттік орталықтар, оқу орнының газет басылымы мен ресми әлеуметтік желілер қарастырылып, ақпараттық құзыреттілікті дамытуға арналған ұсыныстар берілген. Докторант автор-корреспондент ретінде барлық бөлімдерді жазуға және мақала баспадан шыққанша процесті қадағалады. 10. Медиабілім үдерісінде өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту: цифрлық этикеттің рөлі // Gumilyov Journal of Pedagogy, 2025.– № 150(1).– Р. 332-351. – Мақалада ақпараттық құзыреттіліктің құрылымдық мазмұны ретінде алынған цифрлық этикет және өзін-өзі реттеудің медиабілім үдерісіндегі рөлі сипатталған. Докторант автор-корреспондент ретінде мақаланың теориялық бөлімін, талдау, қорытынды бөлімін жазып, сауалнама диаграммаларын жасап, мақаланың техникалық талаптарын орындауды жүзеге асырды. Сонымен қатар, ғылыми журналдарда, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар және республикалық вебинарда жарияланғанн мақалалар медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудың мүмкіндіктерін, рөлі мен маңыздылығын айқындай түседі.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=wgWu_8wlZPE&list=PLdGXS-MQBmwby2ZBKr9ZF-kA5InVB4MVc&index=4
