
«8D01103 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Балтынова Айжан Шинабековна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Балтынова Айжан Шинабековна «8D01103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды даярлаудың педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Рецензенттер:
Сарсенбаева Ботагоз Габдулловна - ғылым кандидаты, профессор, профессор
Сырымбетова Ляйля Саркытовна - ғылым кандидаты
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кульшарипова Зару Касымовна - ғылым кандидаты, профессор
Керимбаева Ботагоз Талгатовна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор
Бейсембаева Алтынай Абдихановна - ғылым кандидаты, профессор
Саржанова Ғалия Байжұмақызы - философия докторы (PhD), Кафедра меңгерушісі
Абилбакиева Галия Турысбековна - философия докторы (PhD)
Жилгильдинова Мадина Жаксылыковна
Ғылыми кеңесшілер:
Калкеева Камарияш Райхановна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Асипова Нурбубу Асаналиевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті
Қорғау 2024 жылғы 26 сәуір, сағат 14:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/39XSEm
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Әлемдік қауымдастықта қоғамдық өмірдің барлық салаларын ғаламдық цифрландыру науқаны дамып келеді. Экономикалық тұрғыдан көптеген дамыған және дамушы елдерде білім беру саласын қарқынды түрде цифрландыру үдерісі күннен күнге белес алуда. Осы цифрлық технологиялардың даму дәрежесі мен қарыштап алға жылжу қарқыны елдегі экономикалық ахуалға, адамдардың өмір сүру сапасына, ұлттық қауіпсіздікке және мемлекеттік әлемдік қауымдастықтағы алатын орны мен рөліне әсер етуде.Жалпы білімнің, халықтың сауаттылығының жетілдірілуіне қажетті жағдайлар жасалып, оқу үдерістеріне жаңа цифрлық технологияларды ендіріліп, ауқымды қаражаттар бөлінуде. Қоғамның, атап айтқанда білім беру саласының цифрландырылуы өндіріс қарқынының, адамдардың білімі мен өмірінің түбегейлі өзгеруіне септігін тигізеді, әрі жалпы әлемдік тұрғыдан алғанда шектеусіз ақпараттық кеңістікке қол жеткізу мүмкіндіктерін береді. Цифрлық технологиялардың және ғаламдық интернет, яғни ғаламтор желісінің дамуы елдің барлық салаларындағы қызмет түрлерінің тиімділігін айтарлықтай жоғарылауына жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі әрбір адамның өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысқан. Ол адам өмірінің экономика, бизнес, білім беру, медицина, саясат, соттық жүйе және өзге де салаларына енуде. Педагогтарды цифрлыққұзыреттіліктерді меңгеруі кәсіптің дайындықтың құрамдас бөлігіне және құнды құралына айналып отыр, сондықтанзаманауи педагог өзінің цифрлық құзыреттілігін үнемі жетілдіріп, шыңдап отыруы керек, себебі әлемдік тұрғыдан алғанда білім беру әдістері ғаламдық сипатқа иенеліп өзгерістерге ұшырауда. Білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға инновациялық әдіс-тәсілдерді үнемі іздестіру жүргізіліп отырады. Олай болса педагогтің кәсіби құзыреттілігін шыңдау, дайындау шарттарын құру талап етіледі, аталған шарттар санатына осы цифрлық құзыреттіліктер де кіреді. Педагогтардың цифрлық сауаттылығы мен цифрлыққұзыреттіліктерін дамытуға арналған, бағытталған нормативтік құжаттар ретінде атап кететініміз: Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2021 жылдың 12 қазанындағы №726 «Сапалы білім. Сауатты ұлт» Ұлттық жобасын бекіту туралы» Қаулысы, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы №827 «ЦифрлықҚазақстан»Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қаулысы. Қазақстанда сонымен қатар, педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатын көздейтін бірқатар білім беру жобалары да бар: BilimLand.kz, Kundelik.kz, Daryn.online және цифрлық білім беру ресурстары: Mektep.OnLine, QaradomalakStudio, Оpiq.kz, ITeacher, E-Trener т.б. [8]. Шетелдерде педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға бірқатар бастамалар да арналған: TALIS (Teaching and Learning International Survey): ISTE Standards for Educators (Білім беру ісінде технологияларды пайдалану жөніндегі педагогтарға арналған Халықаралық стандарттар, NETS for Teachers (National Educational Technology Standards for Teachers): Аталған стандарттар жинағын Білім беру ісіндегі технологиялардың Халықаралық қоғамы (ISTE) құрастырып, ұсынған, ол мұғалімдер қандай цифрлық құзыреттіліктерді меңгерулері керек екендігін айқындап, ұсынады, European Framework for the Digital Competence of Educators (DigCompEdu): Еуропалық комиссия тарапынан Еуропалық одақта педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін бағалауға арналған шеңберлік құжат әзірленген. Сол себептен цифрлық құзыреттілік білім берудің барлық деңгейлерінде педагогтардың кәсіби сапасы ретінде педагогика ғылымның, атап айтқанда білім беру ісінің өзекті мәселесіне айналып отыр. Болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан дайындау мәселесі үздіксіз зерттеліп келеді. Құзыреттілікті қалыптастыру жөніндегі теориялық база ретінде төменде келтірілген ғалымдардың еңбектерін атауға болады, олар цифрлық білім беру жағдайларында болашақ педагогтардың кәсіби қызметіне болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктеріне қатысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді пайымдап, тұжырымдамаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасаған(Р.М. Айтмамбетова, Р.М. Қоянбаев, Г.К.Байдельдинова, А.Е. Абылкасымова, Н.К. Ахметов, Н.Н. Хан, К.Б. Сейталиев т.б.);кәсіби білім берудің теориялық негіздері (Н.Д. Хмель, К.Р. Калкеева, Г.Ж. Менлибекова, А.Б. Абибулаева, П.Б. Сейтказы, Ш.Т. Таубаева, С.Т. Иманбаева, Б.Т. Кенжебеков, Г.Саржанова); қызмет теориясы (К.А. Абульханова, Л.С. Славская, Л.С.Выготский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б.); цифрлық құзыреттіліктер мәселелері (Ж.Б. Ахметова, А.Б. Майдырова, Д.М., Джусубалиева т.б.); цифрлық білім беру ортасын құру және дамыту (Г.Д. Жангисина, Ж.Ж.Джанабаев, М.С. Малибекова, К.М. Беркимбаев, С.М. Кенесбаев, Б.Д. Сыдыков, Г.О. Тажигулова, В.И. Агеев т.б); цифрлық буын мәселелерімен айналысқандарС.Ә.Ырсалиев , Д.Р. Сапарова, Р.Л. Калимжанова. Аталған еңбектерге талдау, педагогика саласы кадрларының цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша сұраныс басым міндет болып табылатындығы, жоғары мектеп педагогтарын дайындау бойынша өзекті мәселе екендігін айқын көрсетті. Болашақ педагогтарды цифрлық технологияларды пайдалануға дайындаудың күннен күнге маңыздылығын арттып, білім беру бағдарламаларының жаңартылып отыруын, жаңа талаптарға бейімделуін талап етілетіндігі нақтыланған. Оқу орындарында білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды пайдалану игеріліп жатқан теориялық білімді, қажетті тәжірибелік машықтанулардың арасындағы интегриялауға үлкен ықпалын тигізеді. Осыған орай болашақ педагогтарды дайындау бойынша педагогикалық шарттарды жасау мен цифрлық білім беру жағдайында кәсіби қызмет жүргізуге даяр болуын қамтамасыз ету,білім беру ісіндегі цифрлық технологияларға қатысты теория мен тәжірибені біріктіре алатынбілім берудің арнайы бағдарламаларын құрастырып, ендіру арасындағықарама-қайшылық байқалады . Бұл біздің «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттары» зерттеу тақырыбымызға арқау болып отыр. Зерттеу мәселесі: цифрлық білім беру технологиялары негізінде педагогикалық ахуал жасаудың қандай әдістерін қолданған жөн? Зерттеу мақсаты: цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарын модельдеу және сынақтан өткізу. Зерттеу нысаны: болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан дайындау. Зерттеу нысаны: цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды тиімді түрде дайындаудың педагогикалық шарттары. Зерттеу гипотезасы: егер, цифрлық білім беру технологияларының жағдайлар қалыптастыру факторы ретіндегі әсері теориялық тұрғыдан негідлетін болса, онда болашақ педагогтарды дайындау бойынша тиімді педагогикалық цифрлықшарттар құрастырылатын болады, өйткеніцифрлық білім беру технологияларын дайындаудың педагогикалық шарттарының цифрлық білім беру ортасын құрастыруға тигізетін әсері негізделеді. Зерттеу міндеттері. 1 Цифрландырудың, цифрлық құзыреттіліктер дамуының теориялық негіздерін, мамандардың цифрлық сауаттылығының жоғарылап келетінін ашып көрсету. 2 Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашшақ педагогтарды дайындау шарттарының мазмұныдық құрамдас бөліктерін сипаттап көрсету. 3 Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндықмоделін құрастыру. 4 Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарын тексерудің тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарын өткізу. Зерттеудің жетекші идеясы: Болашақ педагогтардың цифрлық құзыреттіліктері үшін жоғары оқу орны ортасында арнайы педагогикалық шарттар құрастырылуы қажет. Диссертациялық зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негізін құрайды: 1. Құзыреттілік зерттеу бағыты (Джусубалиева Д.М., Мынбаева А.К., Баширова Ж.Р., Блинов В.И., А.А. Васильева,). 2.Технологиялық зерттеу бағыты: (Джанабаев Ж.Ж., Жангисина Г.Д., Малибекова М.С., Гребенкина Л.К., Беспалько В.П., Гершунский Б.С., В.М. Монахов, Полат Е.С., Уваров А.Ю., Удалов С.Р., Шихнабиева Т.Ш. т.б.). 3. Қызметтілік зерттеу бағыты: (Исаева З.А., Садвакасова З.М., Абульханова-Славская К.А., Выготский Л.С., Давыдов В.В., Леонтьев А.Н., Рубинштейн С.Л. т.б.). 4.Акмеологиялық зерттеу бағыты (Вершловский С.Г., Громкова М.Т., Коваленко М.И., Богданов Е.Н., Зазыкин В.Г). 5. Ортаны зерттеу бағыты: (Садыков Т.С., Сейтешев А.П., Мамбетказиев Е.А,Храпченков В.Г., Выготский Л.С., А.С. Макаренко). Аталып келтірілген ғалымдар білім беру саласына цифрлық құзыреттілік дамуы мен қалаптасына елеулі үлес қосты, цифрлық әлемде білім беру ісін ұғыну мен әдіснамаларын құрастырудың теориялық базасын қамтамасыз етті. Зерттеу әдістері: 1 Теориялық әдістері: құжаттарды және әдебиет көздерін талдау. 2 Эмпириялық әдістер: Google forms құралының көмегімен сауалнамалар жүргізу, деректерді өңдеудің статистикалық әдісі, эксперимент (фокус топтар). Зерттеу базасы: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің 6В01719 «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенттері. Зерттеу кезеңдері: 1 Дайындық кезеңі (2019-2020). Эксперименттің аталған кезеңінде зерттеу тақырыбын айқындау нақтыланды, әдіснамалық және арнайы әдебиет көздеріне шолулар жүргізілді, зерттеу алғышарттары айқындалды, арнайы және ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге шолулар, талдаулар жүргізілді, оқу бағдарламалары зерттелді, зерттеу мақсаты, міндеттері, жұмыс гипотезалары анықталды. 2 Диагностикалық кезең (2020-2021). Бұл кезеңде мәселенің бастапқы жағдайы айқындалды, педагогтардың цифрлық құзыреттіліктері, білім бер міндеттері бойынша бастапқы жағдаятты анықтауға қатысты пилоттық сандық зерттеу жұмыстары өткізілді. 3 Қалыптастыру кезеңі (2021-2022). Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндықмоделі құрастырылды, педагогикалық мамандық студенттерімен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар өткізілді, «Болашақпедагогтардың цифрлыққұзыреттіліктері»курсы құрастырылды. 4 Констатациялаушы кезең (2022-2023). Бұл кезеңдеэксперимент нәтижелеріне қол жеткізілді, Зерттеу нәтижелері диссертациялық мәтінге трансформацияланды. Ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 1 Теориялық тұрғыдан цифрландыру негіздері, цифрлық құзыреттіліктердің дамуы, мамандардың цифрлық сауаттылығының дамуы негізделді; 2 Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындау шарттарының мазмұндық құрамдас бөліктері ашылып көрсетілді; 3 Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақпедагогтарды дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылды; 4 Тәжірибелік-педагогикалық жолмен «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттары»моделінің тиімділігі негізделді, оқыту курсы құрастырылды. Практикалық маңыздылығы: «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндықмоделі», аттымодельдің тиімділігі негізделді, ол өзге бағыттағы мамандарды дайындау ісінде цифрлық педагогикалық шарттарды құру барысында қолданылады, сонымен қатар, құрастырылған өлшемдік предикторлар мен материалдар білім берудің барлық деңгейлерінде пайдаланыла алатын болады. Құрастырылған авторлық цифрлық платформаны пилоттық режимде қолданыла алады. Зерттеу нәтижелері аса маңызды, олар педагогикалық кадрлар дайындаудың кәсіби саласын қамтиды. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және нәтижелерін практикаға ендіру: Аталған диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері 7 ғылыми басылымдарда жарияланды, соның ішінде, 3 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, 3 ҚР КОКСНВО ұсынған журналдарда, 1 SCOPUS деректер базасына кіретін шет елдік журналда. Қорғауға шығарылатын негізгі қағидалар: 1. Цифрландыру теориялық негіздері, цифрлық құзызреттіліктердің дамуы, мамандардың цифрлық сауаттылығының дамуы. Бұл қағиданың қамтитын тұстары цифрлық трансформациялану үдерісін зерттеу, буындар теориясы мен цифрлық сауаттылықты дамыту жөніндегі қолданыстағы теорияларды талдау. 2. Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогты дайындаудың мазмұндық құрамдас бөліктері. Бұл тарап аясында білім беру және цифрлық орта жағдайларында болашақ педагогтарды дайындаудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді, цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру салалары анықталды, цифрлық құзыреттілік пен оның құрамдас бөліктерінің құрылымы анықталды. 3. Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогты дайындаудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделі, оғанстуденттердің кәсіби шыңдалуына жағдай жасайтын бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін беретін цифрлық технологиялар негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың әдіснамалық және мазмұндық негіздері, жолдары, принциптері, жағдайлары, функциялары, көрсеткіштері, деңгейлері мен құзыреттіліктері кіреді. 4. Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогты дайындаудың педагогикалық шарттары тиімділігін тексеру жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды негіздемелеу. Аталған міндет шеңберінде практикалық қызмет аясында болашақ педагогтардың цифрлық технологияларды пайдалануының бастапқы жағдайын көрсету міндеттері атқарылды, экперименталдық жұмыс нәтижелері баяндалды, нәтижелерге талдаулар жасалды. Диссертация құрылымы мен көлемі: Диссертация кіріспеден, нормативтік құжаттарға жасалған сілтемелерден, қысқартулар мен анықтамалар тізімінен, үш бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден тұрады. Кіріспе бөліміндез ерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп көрсетілген, мәселенің зерттелу деңгейі ашылып көрсетілген, зерттеу нысаны, пәні, ғылыми гипотезасы, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық-әдіснамалық негіздері, теориялық және практикалық маңызы айқындалып келтірілген. Бірінші «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дайындаудың теориялық негізі», атты бөлімде «құзіреттілік», «құзыреттіліктер» және «цифрлық құзыреттіліктер» ұғымдарының мәні, құрылымы қарастырылып келтірілген; блім беру ісінің цифрлық трансформациялану заңдылықтары мен ерекшеліктері айқындалған, сонымен қатар, болашақ педагогтарды дайындау шарты ретінде цифрлық білім беру ортасына негіздеме берілген. Екінші «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды кәсіби дайындау құрылымы мен мазмұны» атты бөлімде болашақ педагогтарды дамытудың цифрлық құзыреттіліктері бойынша болжамдық параметрлер айқындалған, цифрлық білім беру технологиялары негізіндепедагогтарды дайындау мазмұны берілген, сондай-ақ, цифрлық білім беру технологиялары негізіндеболашақ педагогтарды дайындаудың педагогикалық шарттарының құрылымдық-мазмұндық моделі берілген. Үшінші «Цифрлық білім беру технологиялары негізінде болашақ педагогтарды дамытудың педагогикалық шарттары моделінің тиімділігін тексеру жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар» атты бөлімдепрактикалық қызмет аясында болашақ педагогтардың цифрлық технологияларды пайдалануының бастапқы жағдайын көрсету міндеттері атқарылуы, экперименталдық жұмыс нәтижелерінің баяндалуы, нәтижелерге талдаулар жасалуы ашылып көрсетілді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=oLZ1atNw2RM&feature=youtu.be
