
«8D01103 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кошанова Мараш Тулегеновна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кошанова Мараш Тулегеновна «8D01103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Рецензенттер:
Майлыбаева Гульмира Сабыровна - ғылым кандидаты
Нагымжанова Каракат Мукашовна - ғылым кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ғылыми хатшысы
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жигитбекова Бакыт Дастановна - ғылым кандидаты
Нуржанова Сажила Абдисадыковна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор
Баймолдина Лаура Оразбековна - философия докторы (PhD), Аға оқытушы
Турдалиева Шолпан Турсумбаевна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор, Кафедра меңгерушісі
Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы - философия докторы (PhD)
Едигенова Алма Жунусбековна - ғылым кандидаты, доцент, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Кафедра меңгерушісі
Ғылыми кеңесшілер:
Сейітқазы Перизат Байтешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Казаренков Вячеслав Ильич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Халықтар Достығы университеті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы)
Қорғау 2024 жылғы 26 сәуір, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/39XSPS
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің өзектілігі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар желілерінің дамуы білімді бағалау мен қолдану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Себебі, «Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау». Осы ретте, оқу-таным үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отыратындығы белгілі. Осыған орай, педагог-психологтердің базалық білімінен бастап мамандырылуға дейінгі кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін меңгеру бойынша өзіндік жүйесі қалыптасады. Демек, бастапқы кәсіптік білім оның маман ретінде одан әрі дамуы мен кәсіби сәйкестілігінің ең тиімді қалыптастырушысы болып саналады. Аталған бағытта, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы жоғары оқу орындарында педагог-психологтерді даярлауға қойылатын талаптарды орындаудың маңызды шартының бірі болып, білімгерлердің креативтіліктерін жетілдіру мәселесі де қойылып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, болашақ маман кез келген іс-әрекетке үнемі креативтілікпен келуді талап ететін жаңа жағдайларға кез болады, осы ретте, болашақ мамандардың қалыптасу дәрежесі мен кәсіби әрекетіндегі дербес креативтілік қабілетін дәлелдеу үшін, өзінің істеріне, мінез құлықтарына, кәсіби маңызды сапаларын үйлестіру мен реттеу, өзін-өзі дамыту мен өздігінен білім алу және олардың тиімділігін қамтамасыздандыру үшін стандарттық емес ойлап, тиімді шешімін шығара алады. Жеке тұлғаның дамуында креативтілік оның өзгеруін және стереотиптерден бас тартуын анықтайтын басты факторлардың бірі болып есептеледі. Бүгінгі таңда тұлғалық жетілу мен іс-әрекеттегі мәртебе көбінесе оның креативті мүмкіндіктерімен анықталады. Адами капиталдың қалыптасуы қазіргі таңдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуының күшімен анықталады. Адамның дара-тұлғалық ерекшеліктері жас кезінде қаланады, сондықтан тұлғаның креативтілігінің қалыптасуының негізі білім беру сатыларының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімге тиесілі. Бірақ, оқыту тәжірибесі қоғамның адам бойындағы креативтілігін қалыптастыру бойынша сұранысын толыққанды жүзеге асыра алмайды. Оқыту үдерісіндегі, бірегей, дәстүрлі және іс-әрекеттердің қайтадан қайталанып отыруы қызығушылықты жояды. Нәтижесінде, білімгерлердің жаңалық ашуға деген құштарлықтары төмендейді, бірте-бірте креативтілік қасиеттерінен айырылады. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру кеңістігіндегі реформалар болашақ мамандардың педагогикалық-психологиялық білімдерге байланысты ғылыми-теориялық көзқарастарын өзгертіп, оны ұйымдастырудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін оқу-таным үдерісінде қолдана отырып, әлемдік стандартқа сәйкес болуға қажеттіліктерін қалыптастыру негізге алынады. Педагог-психологтердің мақсаттарының бірі – білімгерлердің тұлғалық дамуының кепілі болатын креативтілік қабілеттерін айқындау. Сол себепті, қазіргі таңда білімгерлердің болашақ маман ретінде креативтіліктерін дамыту білім беру жүйесінде негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Бұл ретте, әлем бойынша әр түрлі деңгейде жедел дамыған көптеген салалардың онлайн режимге ауысуы медиамәдениеттің дамуына себеп болды, бұл өз кезегінде тұлғаның креативтілік қабілеттерінің қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. XXI ғасыр – ақпараттық технологиялардың мәдени даму дәуірі болғандықтан, жас ұрпақтан кіріктірілген білімнің ауқымды көлемін талап етеді. Зерттелетін пәннің жүргізілу қарқынындағы ақпарат ағынының кең өріс алуы, жеделдетілуі студентке айтарлықтай талаптарды қоя отырып, оның ойлау ерекшелігінің болуына, өзіне-өзі баға бере отырып дербес әрекет жасауға бейімдейді. Студенттердің оқу үдерісінде тапсырмаларды ойдағыдай орындаулары төменде берілген шеберліктерін жетілдіруді көздейді: логикалық операциялар; белсенділік, дербестік, икемділік, сыни ойлау; зейін мен есте сақтаудың психикалық процестерін өздігінен реттеу; модель бойынша іс-әрекеттен ізденіс пен шығармашылық әрекетке көшу мүмкіндігі. Заманауи университеттердің оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану өте кең тараған құбылыс. Сондықтан оқыту үдерісінде оқытушының білімгерлерге ақпаратты беруші жалғыз қайнар көзі емес, тиімді қолданған компьютерлерде оқу үдерісінің жаңа жағдайда жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін ең тиімді оқытудың техникалық құралдары болып табылады. Демек, жаңаша білім бере отырып, білімгерлерге жаңа білім, дағдыны меңгерген, креативтілік қабілеті өте жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешімін тауып, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруда мультимедиалық технологиялар білім беру үдерісін ақпараттандырудың ең тиімді даму бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі таңда ешбір құрылым медиа ақпараттың шабуылына төтеп бере алмайды, тіпті білім беру жүйесі мен қосымша білім беру мекемелері де медианың ақиқаттығына бәсеке бола алмайды. Педагогтар жаңа типтегі жоғары оқу орындарында шешуге тиісті негізгі міндеттердің бірі студенттерге жай ғана статикалық білімдер жиынтығын беру емес, керісінше, ақпарат ағынына бағдарлап оқытуға үйрету керектігін түсінуі керек. Бұл, әсіресе қазіргі таңда, әлемдегі барлық заттар өте жылдам өзгеріске ұшырап жатқанда, технологиялар мен ұсыныстардың бейнелерінің үздіксіз өзгеруінің салдарынан білімнің ескіріп жатқанында маңызды болып келеді. Сондықтан, болашақ мамандарды, соның ішінде педагог-психологтерді тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, оларды осы өзгерістерге дайындауға басты назар аудару керек. Бұл жерде, медиатехнологиялар арқылы креативліктерін қалыптастыруға ықпал ету қажет, өйткені, медибілім оларды жаңа ғылыми білімді меңгеруге іздендіреді, нәтижесінде, тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға белсендендіреді. Оған медиабілім беру идеяларын теориялық тұрғыдан да, тәжірибе жүзінде де белсенді түрде алға тартып жүрген біршама жоғары оқу орындарының нақты әрекеттілігі дәлел бола алады. Демек, біз, көптеген жоғары оқу орындарының медиабілім беруді жүзеге асыруға кәсіби қолдау көрсетуінен, медиабілім беру әр азаматтың кез келген елде өзінің ойын және ақпарат алуға құқығының еркіндігін өмірде маңызды бөлігі болатындығына дәлел екендігін мойындауымыз керек. Дегенмен, қарастырылып отырған мәселе, қазіргі таңда ғана туындап отыр деп қабылдауға болмайды, себебі, бұл адамзат баласының ертеден қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп келе жатқан мәселесі. Алайда, креативтілік қазіргі ғылымның маңызды категориясы, педагогикалық іс-әрекеттің құраушысы болуына қарамастан, кәсіби қалыптасуы жағдайында жоғары оқу орындарының білімгерлерінде оны дамытудың теориялық және қолданбалы аспектілерінің дайындық деңгейінің төмен дәрежеде екендігі анықталды. Ғылыми жұмыстың өзектілігі негізінде, болашақ педагог-психологтердің білім беру бағдарламаларының мазмұны зерделенді, сонымен қатар оларды медиатехнологияларды қолдану арқылы жүзеге асырудың мүмкіндіктері салыстырмалы талдау нәтижелері арқылы көрсетілді. Қарастырылып отырған зерттеу жұмысы көп жақты күрделі мәселе, оған алыс және жақын шетелдік, отандық философ, педагог, психолог ғалымдар да мән берген. Оның дәлелі ретінде ғалымдардың еңбектері мен зерттеулеріндегі болашақ маманның кәсіби қызметінде медиатехнологиялар арқылы креативтілікпен араласудың жеке алғандағы көптеген маңызды аспектілерінің қарастырулары, ғылыми негіздерін оқып үйренудің өзара байланыстылығының зерделенуі, қазіргі таңдағы маман тұлғасына тән креативтілік қасиеттерге тәрбиелеуде медиабілімнің орны мен атқаратын қызметіне айрықша мән бергендіктерін атап өтуге болады. Креативтілікті дамыту мәселесі бойынша нақты теориялық анықтамалар мен тәсілдер бар, атап айтсақ, креативтілік интеллектіге тәуелді емес, ол іс-әрекетке сезімталдық ретінде байланыспаған факторлармен анықталатын қосымша өнім туралы Я.С. Пономарев; дивергенттті ойлау Дж. Гилфорд; мәселеге сезімталдылық Э.П.Торранс; шығармашылықтың интеллектімен алмастырылуы В.Н. Дружинин атап өткен, дегенмен, бұл мәселе арнайы зерттеу үшін қызығушылық тудырғанымен, әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, Р. Стернберг, Т.В. Корнилова, К.В. Тейлор және т.б. жеке тұлғаның креативтілігін дамытуға байланысты ғылыми еңбектер бар. Ал, тұлғаның іргелі (фундаментальді) психологиялық теориялары (З. Фрейд, А. Адлер, К.Г. Юнг, Л.С. Выготский, А.Г. Ананьев, Л.И. Божович т.б.); – білім берудегі креативтілік пен тұлғаны дамытудың ғылыми негіздері (C.W.Taylor, Г. Грубер, Я.А. Пономарев, В.Н. Дружинин, Э.П. Торренс және т.б.); – оқу-танымдық іс-әрекетте креативтілік пен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру теориялары (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.С. Выготский, Б.М.Теплов, К. Роджерс, Р.М. Грановская, Л.В.Занков, Е.Е.Туник, Д.В.Лепешев және т.б.); – тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тәсілдер тұжырымдамалары (А.К.Маркова, И.А.Зимняя, Б.Ф. Ломов, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.Р.Ерментаева, В.И.Казаренков және т.б.); – тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруы туралы психологиялық-педагогикалық ғылымдардың негізгі ережелері (Морозов А.В., Г.Л. Ильин, А.Ф. Хуторской, А. Маслоу, К. Изард, К. Роджерс, Ф.Райс, В. Франкл, Қ.М. Нағымжанова және т.б.); – білім берудегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы инновациялық, компьютерлік, жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың әзірлемелері (С.А. Абрамов, В. Богданов, Ю.К. Бабанский, О.М. Белоцерковский, С.А. Беспалько, С.А. Жданов, Ш. Ибрагимқызы және т.б.); – медиабілім беру жағдайында жаңа сандық ресурстарды қолданудың ғылыми-әдістемелік аспектілері (А.В. Федоров, Л.С. Зазнобина, А.В. Спичкин, С.Н. Пензин, Н.К. Клушина, А.А. Левицкая, Н.В. Хилько, И.В. Челышева, Е.В. Мурюкин, В.Л. Колесниченко, Г.В. Михалева және т.б.) қарастырған, сонымен қатар, бұл мәселемен отандық ғалымдар П.Б. Сейітқазы, Қ.У.Джумабеков, Б.А. Тұрғынбаева, С.А. Нұржанова, Ғ.Б. Саржанова, А.А.Ташетов, А.К. Абдиркенова және т.б., сондай-ақ шет ел ғалымдары да Дж. Гильфорд, D. Buckingham, L. Masterman және т.б. зерттеулерінде зерделеген. Алайда, креативтілік қабілеттерді медиатехнологиялық құралдар арқылы қалыптастыру мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Зерттеу мәселесін талдау барысында болашақ педагог-психологтердің креативтілік қабілеттерін қалыптастыру іс-әрекетінде туындаған бірнеше қарама-қайшылықтар анықталды: – студенттердің креативтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларының тұтас кешенін теориялық әзірлеу мен олардың тәжірибелік тұрғыдан жеткіліксіз жүзеге асырылуы арасындағы; – студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін оқу үдерісінде медиатехнологияларды қолданудың заманауи талаптары мен креативтіліктерін дамыту мақсатында оқу-тәрбие үдерісінде оны пайдалануда жаңартылған ғылыми әдістемелік әзірлемелердің жеткіліксіздігі арасында. Аталған қарама-қайшылықтар болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін дамытуда медиатехнологияларды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін іздестіру мәселесі мен зерттеу мақсатынан тұрады. Демек, қазіргі жедел дамыған нарықтық заман жағдайында бұл мәселенің көкейкестілігі, оның теориялық және тәжірибелік негіздерінің жеткіліксіз қарастырылуы мен талдануы біздің диссертациялық зерттеу тақырыбымызды «Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері» деп таңдауға негіз болды. Зерттеу нысаны: болашақ педагог-психологтерді кәсіби дайындау. Зерттеу пәні: болашақ педагог-психологтердің креативтілігін медиатехнологиялар арқылы қалыптастыру үдерісі. Зерттеудің мақсаты: болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдалануды ғылыми тұрғыдан негіздеу, әдістемесін дайындап, тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, креативтілікті қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері айқындалып, медиатехнологиялар жүйеленсе және оларды жүзеге асырудың әдістемесі дайындалса, онда жоғары оқу орындарында креативтілігі қалыптасқан педагог-психологтерді даярлаудың сапасы артады, өйткені болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыру бойынша ғылыми негізделген, тиімді медиатехнологиялар жүйеленеді. Зерттеудің міндеттері: 1. Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін медиатехнологиялар арқылы қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, «креативтілік», «креативтілікті қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдалану» ұғымдарының мәні мен мазмұнын нақтылау. 2. Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыру медиатехнологияларын жүйелеу. 3. Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау; 4. Ұсынылған болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық моделінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру, әдістемелік ұсыныстар беру. Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды тиімді пайдалану білім беру бағдарламаларына сәйкес болашақ педагог-психологтерді кәсіби даярлауға жағдай жасауға бағытталады. Зерттеу көздері: креативтілікті қалыптастыруға қатысты философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектер, зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми еңбектер; ресми материалдар мен құжаттар: «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2017 ж; «Қазақстан - 2050» стратегиясы; «Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және ЖОО білім беру бағдарламалары; педагогтердің озық іс-тәжірибелері. Зерттеу әдістері: теориялық: (философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге) салыстырмалы талдау-жинақтау, контент-талдау, тұжырымдау, кластерлік құрылымдау, салыстыру; эмпирикалық: эксперимент, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, педагогикалық диагностика, педагогикалық моделдеу; статистикалық: зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу. Зерттеу базасы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті. Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде зерттеу мәселесіне теориялық-әдіснамалық талдау, болашақ педагог-психологтердің креативтілік қабілеттерін қалыптастыру мақсатында медиатехнологияларды қолдану бойынша ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді дайындау жүзеге асырылды, анықтаушы эксперимент жүргізілді; Екінші кезеңде білім алушылардың креативтіліктерін қалыптастыру бойынша эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды, бақылау және эксперименттік топтардың сандық және сапалық айырмашылықтары анықталды; Үшінші кезеңде алынған эмпирикалық деректерді талдау және қорыту, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытындыларды тұжырымдау жүзеге асырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: – болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды; «креативтілік», «креативтілікті қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдалану» ұғымдарының мәні мен мазмұны нақтыланды; – болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыру медиатехнологиялары жүйеленді; – болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалды; – болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін қалыптастыру бойынша әдістеменің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент нәтижелері арқылы тексерілді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: студенттерге арналған «Медиатехнологияларды қолдана отырып креативтілікті қалыптастыру» бағдарламасын, «Медиатехнологиялардың білім берудегі негіздері» атты онлайн курсты, Болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін медиатехнологияларды қолдану арқылы қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделді, «Вопросы современной науки» атты ұжымдық монографияның «Теоретические основы формирования креативности в учебном деятельности студентов по средствам медиатехнологии» атты 1-ші бөлімін, «Болашақ педагог-психологтерде медиабілім құралдарымен креативтілікті қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралын және алынған практикалық нәтижелерін ЖОО-ның педагогикалық үдерісінде, біліктілік арттыру жүйесі тәжірибесінде қолдануға болады. Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін қалыптастыруда жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, мәдениеттанымдық, синергетикалық, инновациялық тұғырлары әдіснамалық негіз қызметін атқарады. 2. «Креативтілік», «креативтілікті қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдалану» ұғымдарының философиялық, психологиялық-педагогикалық ұғым ретіндегі нақтыланған мәні мен мазмұны оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негізін жасаудың базасы болып табылады. 3. Болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін медиатехнологияларды қолдану арқылы қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі педагогикалық жүйе ретінде мотивациялық, танымдық, процессуалды компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, әдістері мен формаларының жиынтығын құрайды, (төмен, орта, жоғары) деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырылады. 4. Болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін медиатехнологияларды қолдану арқылы қалыптастырудың әдістемесі курс бағдарламасының тиімділігін анықтайтын онлайн курс пен оқу-әдістемелік құралының сипаттамаларынан тұрады. Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: бастапқы әдіснамалық тәсілдердің таңдалуының дұрыстығымен және зерттеу мақсатына сәйкес әдістер жүйесін қолданумен, зерттеу үдерісін ұйымдастыру логикасымен: теориялық жалпылаудан модельдеуге дейін, үлгілер көлемінің репрезентативтілігімен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында алған деректердің статистикалық маңыздылығымен, алынған нәтижелерді университеттің білім беру практикасында сынақтан өткізумен қамтамасыз етіледі. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі: Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары, теориялық және практикалық ғылыми нәтижелерінің мазмұны халықаралық конференцияларда және басқа да ғылыми басылымдарда 24 ғылыми мақалада көрініс тапты: оның ішінде 1 ұжымдық монография және 2 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 5, Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін шет елдік басылымында - 2 (Q2 және Q1), Халықаралық және республикалық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақтарында – 15, республикалық конференциялар, ғылыми семинарлар мен шетелдік журналдарда – 3 мақала басылып шықты. Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспедан, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мәселенің педагогика мен психология ғылымдарында, тәжірибесіндегі зерттелу деңгейіне сипатта беріледі. Зерттеу жұмысының ғылыми апараты: мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен дереккөздері, негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен оның теориялық мәні, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар т.б. беріледі. Зерттеу нәтижелерін апробациялау және оны практикалық тұрғыдан енгізу мәселесі ұсынылады. «Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың теориялық-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы бірінші тарауда психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибеде зерттелетін мәселенің түсініктері айқындалып, медиа орта барысында педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық аспектілері зерделенеді, педагог-психологтердің кәсіби білімінде қазіргі заманғы медиатехнологияларды қолдану қарастырылады. «Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдаланудың педагогикалық негіздері» деп аталатын екінші тарауда қазіргі зерттеу міндеттерін шешуде болашақ педагог-психологтердің креативтілігін медиатехнологиялар арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, студенттердің медиатехнологиялар арқылы креативтілігін арттыру үдерісінің теориялық моделі құрылып, ғылыми тұрғыда негізделеді. «Болашақ педагог-психологтердің креативтілігін қалыптастыруда медиатехнологияларды пайдалану бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері» деп аталатын үшінші тарауда педагог-психологтердің кәсіби даярлығында медиатехнологияларды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері ашылып, болашақ педагог-психологтердің креативтіліктерін қалыптастыру бойынша педагогикалық эксперименттің ұйымдастырылуы медиатехнология құралдарымен сипатталады және нәтижелері беріледі.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=-6FMOCXTj8M
