
«8D01103 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сармурзин Ербол Жанбырбаевич диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сармурзин Ербол Жанбырбаевич «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Есенова Камчат Аугажыевна - философия докторы (PhD), доцент
Медеубаева Кенжехан Турапбековна - ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Жунусбекова Азиза - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)
Асқарқызы Самал - философия докторы (PhD), аға оқытушы
Тулекова Гульмира Мухамеджановна - философия докторы (PhD), доцент
Книсарина Малика Максатовна - философия докторы (PhD), доцент
Алимбекова Анар Аймолдановна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, доцент
Қанай Гүлмира Әмірханқызы - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ректор университета
Ғылыми кеңесшілері:
Менлибекова Гулбахыт Жолдасбековна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Трапицын Сергей Юрьевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, білім беруді басқару және кадрлық менеджмент кафедрасының меңгерушісі, А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті
Қорғау 2024 жылғы 3 маусым, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3AQTec
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Сармурзин Ербол Жанбырбаевичтің «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Зерттеудің өзектілігі. Жаһандық экономикалық-cаяси жағдайдағы өзгерістер бәсекеге қабілетті ортаға икемделу қажеттілігін көрсетіп, адам капиталына, білім беру сапасына жаңа міндеттермен қатар заманауи тұлғаны қалыптастыруды, білім беру мен тәрбиелеудің жаңа талаптарын айқындап отыр. Бұндағы мақсат – білім беру жүйесін қазіргі уақыттың талабына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығына лайық икемдеу. Білім беру процесіндегі заманауи білім парадигмасы икем-дағдыны толықтай игерген, қоғам өміріне атсалысатын, шығармашылықпен айналысатын, өзін-өзі үздіксіз дамытатын, өз бетінше мәліметтерді іздеп, оны саралай білу қабілетті, кәсіби құзыретті дара азаматты қалыптастыруға негізделген. Осыған сәйкес еңбек нарық ережесіне сәйкес білім беру жүйесінің өзгешілігі – адамды тек біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, өз бетінше білім игеруді дамыта отырып, үздіксіз оқу мен өздігінше ізденуіне қажеттілік жасау. Осы көрсетілген бағыт-бағдарға сәйкес болу үшін білім беру жүйесінде жаңа трендтер мен өзгерістер де байқалып жатыр. Мемлекетімізде жаһандағы өзге де елдер сияқты, заман талабына сәйкес өзіндік білім беру жүйесін жетілдіруге білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту, халықаралық білім беру аренасына кіру бойынша мардымды іс-шараларға қолға алынып жатыр. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформа – ең алдымен, жаһандық ықпалдасуға сәйкес жоғары оқу орындарында оқытылатын болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Отандық білім беру саласындағы бұл реформалар – еліміздің стратегиялық дамуының басты ұстанымдарының бірі. Заманауи талапқа сай, сапалы білім беруді мақсат тұтқан кең ауқымды талап-міндеттерді айқындауға педагогикалық мамандарды оқытудың сапасын арттыруды талап етеді. Қоғамның өзге салаларына қарағанда білім беру жүйесіндегі жоғары сапалық деңгейге қол жеткізуді діттейтін осындай жаңалықтардың бірі – бүгінгі заман талабына сай өздiгiнeншeшiмқaбылдaй алатын, кез келген күрмеуі қиын проблемалардың шeшужoлын анықтай алатын, кәсіби, сонымен қатар басқарушылық құзыpeттiлiгiқaлыптacқaн педагогтарды дайындау. Бiлiмбepу процесін заман тaлaбынa сәйкес жаңа формацияда үйлестіруде бiлiмcaпacын қамтамасыз ету apқылықұзыpeттiлiктepді арттыруды, жаһандық бiлiм аренасына емін-еркін кіруді діттейді. Дамыған елдердің оқу жүйесінде де қолданыс тапқан «құзыреттілік» ұғымы жаңа білім стандартына сай еліміздің де білім беру жүйесінде қарқынды қолданылуда. Оның басты себебі білім беру ұйымдарына заман талабына сәйкес жетекшілік етіп, оның жұмысын өнімді бағытта үйлестіру тек білімді, біліктілігі мол менеджерлердің басқаруымен жүзеге асатынын назарға алсақ, білім беру саласында көшбасшылық ету қаншалықты маңызды екендігі анықталады. Білім деңгейінің сапасын арттыру үшін білім беру процесін соған сәйкес үйлестіре білетін, кәсіби басқарушылық құзыреттілігін меңгерген мамандарды оқыту міндеті тұр. Заманауи білім беру үдерісін жаңғырту тұлға дамуының қоғам мен мемлекет үшін ұзақ мерзімді қажеттіліктерін барған сайын айқынырақ етеді. Өйткені дамыған мемлекеттердің экономикалық табысы білім беру жүйесінің жоғары өнімділігімен тығыз байланыста. Бүгінде әлем бойынша жоғары білім беру жүйесі түрлі реформаларды жүзеге асырып жатыр. Ең алдымен, ұйымдағы өзгерістерді жедел ұйымдастыру, жаңа сапалы қызмет көрсету, экономиканы жаһандану процесіне, бәсекеге, сұраныстың өсуіне сай дамыту қажеттілігі туындады. Бұған қоса, ұйымдарда адам ресурстары мен интеллектуалдық жұмыстың сапасына басымдық беру тенденциясы байқалды. Әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының өзгеруі әр адамнан болашаққа бағдарлануды, өмірлік және кәсіби перспективаларды жоспарлай алуды және басқара білу қабілетін талап етеді. Сондықтан да педагогика ғылымында және практикасында біртұтас педагогикалық үдерісті басқару ғылыми негізден қарастырылып, көшбасшылық етуге ғылыми зерттеулер мен шешімдерді негізге алу тенденциясы күшейе түсуде. Дамыған, озық елдердің білім беру жүйелеріндегі тәжірибелерін негізге алатын болсақ, ұстаздардың көшбасшылық әлеуеті мен кәсіби біліктілігіне деген сенімдерімен бірге басқарушылық қабілетін арттыруға баса назар аударатындығын көруге болады. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру білім беруді арттырудың негізгі мақсатына – оқыту сапасын жақсартуға, оқу процесін жобалауға, педагогтың кәсіби дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Еліміздің білім беру жүйесі бір жағынан, халықаралық білім беру процесіне сәйкес жаһандану жағдайында оқыту тенденцияларының шарттары негізінде дамып жатса, екінші жағынан, нарық жағдайында білім беру қызметі тұрғысынан мемлекетіміздің экономикасын іргелетуге, сонымен қатар білімді коммерциализациялауға мүмкіндік жасалынып жатыр. Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жоғары оқу орындарының еркіндігін, университеттерге және ғылыми мекемелерге талантты кадрларды тартуды, білім мен құзыреттілік деңгейін дамытуды, жаһандық құзыреттерді негізге ала отырып, дамыған технологиялар мен келешектің экономикасына бағытталған жоғары оқу орынының қазіргі заманға сай білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталғандығы айтылған. Жоғары білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында, цифрлық технологиялар элементтері бар оқыту процесінің жаңа педагогикалық дизайнын әзірлеу керектігі айтылады. Сәйкесінше, болашақпедагогтарды даярлауда заманауи тенденцияларды молынан қолданудың басым бағыттары анықталады. Болашақ педагогтарды даярлауды сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру маңызды. Әсіресе, «Адал азамат» тұжырымдамасының негізінде ізгілікке шақыру өзекті. Бұл концепция арқылы болашақ педагогтар өздерінің адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, қоғамда адалдық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттауға дайын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат» ұғымын былайша сипаттайды: «отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жан». Атырау қаласында өткен үшінші ұлттық Құрылтайда мемлекет басшысы Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс ұғымдары өзара тығыз байланысты екендігін атап, озық елге айналуға негіз болатын платформа екендігін атай келе, адал азамат ұғымын толықтырып, мынадай анықтама береді: «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды». Адал азамат ұғымы Абай Құнанбайұлының «толық адам» концепциясынан бастау алады. Абай Құнанбайұлы «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс, көнсеңіз» деп, адал адам түсінігінің басты қағидаттарын атайды. Бұл ұстанымдар болашақ педагогтардың кәсіби дамуы мен тәрбиелік қызметінің негізі болып табылады. Педагогтардың адалдығы, еңбекқорлығы, терең ойлау қабілеті, қанағатшылдығы және рақымдылығы олардың оқушыларға үлгі болуына және олардың жеке тұлғаларын дамытуға ықпал етеді. Сондықтан болашақ педагогтардың даярлығында осы бес асыл істі негізге ала отырып, олардың кәсіби және адами қасиеттерін дамытуға баса назар аудару қажет. Бүгінгі күні отандық білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар мен өзгерістер әр мұғалімнің жаңа идеяларымен жаңа жүйемен жұмыс істеуіне арқау болатындығы анық. Демек білім берудің сапалы болуы, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де білім беру жүйесіндегі болашақ педагогтарды дайындау деңгейіне байланысты болады. Еліміздегі білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың негізі – бүкіләлемдік интеграцияға сай болуында жоғары оқу орындарында дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондықтан болашақ педагогтарды дайындайтын білім беру мекемелерінде білім сапасын дамытуда жаңа бағытта басқаруға қабілетті, кәсіби құзыретті мамандар дайындау– өзекті мәселелерінің бірі. Заман талабына сай педагог білім беру барысында басқарушылық- педагогикалық міндеттерді шеше алуы, көшбасшылық қабілетінің болуы, білім беру процесінің даму үдерісін басқара алуымен қатар тиімді жоспар құра білуі, ұжымды ұйымдастыра алуы, бақылауды жүргізе алуы қажет. Ол үшін болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Мәселенің зерттелу дәрежесі Басқарудың әдіснамалық теориясының негізін қалаған Ф.У.Тейлор, А.Файоль, П.Ф.Друкер, Э.Мэйо, білім берудегі басқару туралы Р.Жельвис, Ю.А.Конаржевский, В.С.Лазарев, М.М.Поташник, С.Ю.Трапицын және т.б зерттеуші ғалымдар бар. Кәciби құзыpeттiлiк мәceлeciн зepттeудiң жaлпы тeopиялық нeгiздepi: E.В.Бoндapeвcкaя, Н.В.Кузьминa, П.C.Лepнep т.б. ғaлымдapдың eңбeктepi epeкшe орын алады. Құзыpeттiлiк тұpғыдa бiлiм бepу мәceлeлepi туралы шетелдік ғалымдар A.В.Xутopcкой,И.А.Зимняяжәне т.б eңбeктepi бар. Кәсіби маман даярлаудағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі отандық ғалымдар: жоғары оқу орнында педагогтардың кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері Қ.Б.Жарықбаев, кәсіби құзыреттілік мәселесі Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан және т.б., Б.А.Тұрғынбаева, Г.Ж.Меңлібекова, А.К.Аманова, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - Б.Т.Барсай, құзыреттіліктің әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздері К.С.Құдайбергенова және т.б ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген. Білім берудің түрлі салаларындағы менеджмент мәселесі соңғы жылдары қазақстандық ғалымдардың қызығушылықтарын арттыруда, атап айтқанда,еліміздегі білім беру менеджерлерін дайындау бойынша университеттердегі білімді басқару З.А.Исаева, Н.А.Асанов, С.М.Бахишева, білім беру менеджерлерін оқытудың ғылыми және педагогикалық аспектілері Т.М.Баймолдаев, білім беру мекеме жетекшілерінің басқару құзыреттілігін жетілдіру Р.Ш.Абитаева, білім беру процесіндегі менеджмент Қ.Ж.Аганина мен А.Жүнісбекова, К.Ш.Молдасан мен К.Есенова, Н.С.Әлқожаева мен Қ.Б.Жұмaбeкoвa және басқа да ғалымдардың ғылыми жұмыстарында зерттелген. Болашақпедагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру – Д.К.Садирбекова, жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық менеджерлерін оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері әлеуметтік-педагогтыңбағыттажұмысатқаратынменеджерлердідаярлаудыңғылыми-педагогикалықнегіздері– С.Асқарқызы, жоғары оқу орындарында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі – П.Т.Абдуллаева зерттеулерінде жалғасын тапты. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау барысы − болашақ маманды даярлаудағы берілетін білім сапасын іске асырудың маңызды факторы екендігін көрсетеді. Десек те, біршама іргелі ғылыми еңбектердің болуына қарамастан, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырумəселелерінде, нақтырақ айтқанда, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ғылыми негіздеу ғалым-зерттеушілер назарынан тыс қалған. Осыған орай, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеуде келесідей қарама – қайшылықтарды бөліп көрсетеміз: заманауи қоғам қажеттіліктеріне сәйкес болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілікті игеру міндеті және оны педагогикалық университеттерде қалыптастырудың ғылыми түрде негізделуінің аздығы; - келешек педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың міндеті және оны университетте тұтас іске асыру мүмкіндігінің жетіспеуі; болашақ маман дайындаудағы бүгінгі талап пен болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарының толық қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтардың бар екендігі анықталды. Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтар, білім беру процесіндегі педагогтардың кәсіби дағдыларын жетілдірудегі жаңа заман талабына сай келешек педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ғылыми негізделген жүйесін зерттеудің проблемасын негіздейді, сондай-ақ диссертациялық зерттеудің атауын «Болашақ педагогтардыңбасқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп алуға негіз болды. Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерісі. Зерттеу пәні: болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру. Зерттеудің мақсаты: болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындау, сонымен қатар оның тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында дәлелдеу. Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі жасалса, онда, болашақ педагогтарды дайындауда заман талабына сай педагог-менеджерлер қалыптасады, білім сапасы айтарлықтай артады, өйткені болашақ педагог маманның құзыреттілігін қалыптастыру басқарудың теориялық әдіснамасына және білім берудің жаңа парадигмаларына негізделеді. Зерттеу міндеттері: 1) «Басқару», «құзыреттілік», «басқарушылық құзыреттілік», «білім беру менеджері» ұғымдарына ғылыми-теориялық талдау жасау; 2) болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау; 3) болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұндық және құрылымдық моделін әзірлеу; 4) болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы 1) Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін қарастырған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, «Басқару», «құзыреттілік», «білім беру менеджері» «Менеджмент», «Педагогикалық менеджмент», «көшбасшылық», «көшбасшылық стильдері»ұғымдарына берілген анықтамаларға ғылыми талдау жасалды; 2) Білім беру саласындағы көшбасшыларды дайындау жүйесін жақсартуға керекті жүйелік, аксиологиялық, құзыреттілік және мәдени-әдіснамалық тұғырлар негізделді; 3) Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұндық және құрылымдық моделі дайындалды; 4) Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары бойынша эксперименттік жұмыс жасалды, сонымен қатар университетте білім процесінің сапасын арттыру үшін ұсыныстар дайындалды. Зерттеудің жетекші идеясы: Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарынталдау негізінде, Қазақстанда білім беру саласында қазақстандық білім беру саласын жаһандық білім арнеасына кіру жағдайында ізгілікті тұлғалық сапалары, көшбасшылық және кәсіби,білім, дағдылары, біліктілігі дамыған бәсекеге қабілетті мамандаярлауға үлесін қосады. Зерттеудің теориялық-əдіснамалық негіздері Ғылыми жұмыста жүйелілік, құзыреттілік, мәдени, аксиологиялық тұғырлардың әдіснамасы қолданылды. Сондай-ақ әлеуметтану, экономика, философия, психология, басқару, педагогика туралы теориялық қағидалар негізге алынды: - Заманауи əлемдегі кəсіби білімнің рөлі, адамның қалыптасуындағы оның ықпалы туралы философиялық, мəдени, əлеуметтанужəне педагогикалық идеялар «басқару», «менеджмент», «құзыреттілік» ұғымдары туралы философиялық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұжырымдар мен қағидалар; - білім беруді басқару теориясы, педагогикалық және басшылық кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру, білім берудегі менеджмент теориялары. - білім жүйелерінің даму жолдарын жобалау мен болжауда жүйелік тұғырларды қолдану ерекшеліктерін ашатын жұмыстар білім мазмұны жəне əлеуметтік-педагогикалық зерттеулер саласындағы шетелдік ғалымдар зерттеулері. Зерттеудің дереккөздері: - философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер; - басқару, құзыреттілік, менеджмент туралы білім беру саласындағы шетелдік жəне отандық зерттеуші ғалымдардың еңбектері; - Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы; - «Білім туралы», «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары; -оқу- әдістемелік құралдар. Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысын барысында бірнеше әдістер қолданылды. Бірінші зерттеу әдісі – құжаттарға талдау жүргізу (documentanalysis). Зерттеу мәселесі бойынша қарастырылған философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, типтік бағдарламаларына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына шолу жасалды. Бұдан бөлек студенттер мен педагогтар арасында сауалнама мен сұхбат жүргізілді, эксперименттік әдістер (байқау, анықтау, қалыптастыру) жүргізілді. Жинақталған мәліметтер статистикалық талдау және тақырыптық талдау (thematicanalysis) арқылы өңделді. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, тест, алынған нәтижелерді өңдеудің статистикалық – математикалық әдістері алынды. Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмысы қойылған мақсатқа сай 3 кезең бойынша жүргізілді. І кезеңде (2019-2020 оқу жылы) зерттеу сұрағына қатысты философиялық, педагогикалық әлеуметтік және психологиялық ғылыми еңбектерге шолу және анализ жүргізілді. Зерттеу тақырыбы бойынша материалдар жинақталды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. ІІ кезеңде (2020-2021 оқу жылы) Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы университеттің мүмкіндіктері, сонымен қатар қалыптастыру жүйесінің мазмұны әзірленді. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі құрылды және анықтау эксперименті жалғасты. Бакалавриат, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша болашақ педагогтарды дайындау мазмұнын жетілдіру мүмкіндігі зерттелді. ІІІ кезеңде (2021-2022; 2022-2023 оқу жылы) тәжірибелік-педагогикалық жұмыс кезеңінде болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша зерттеу жұмысының әдістемесі тәжірибелік – педагогикалық жұмыс барысына енгізіліп, нәтижелері тексерілді. Негізгі зерттеу нәтижелері жарияланды. Диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді. Зерттеу базасы: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Тарих және педагогика" факультеті. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: – жоғары оқу орнында білім берудегі басқарушы маманды дайындау жүйесін жетілдіруде; – білім берудегі көшбасшылық, білім берудегі менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша арнайы курстар, оқу бағдарламасын, жеке дәрістер дайындауда; – студенттердің білім берудегі болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру және педагогикалық менеджмент бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда; – білім беру саласы басшыларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруде пайдалануға болады. Зepттeу нәтижeлepiнiң тaлқылaнуымeн жүзeгe acыpылуы. Диссертация тақырыбы бойынша 14 ғылыми еңбек жарияланды, оның ішінде 5 мақала Scopus, Web of Science дерекқорына кіретін шетелдік басылымда (үшеуінде де диссертация авторы бірінші автор, әрі хат-хабарлар авторы), 8 мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында жарияланды Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің дәйектігі, мақұлдануы, сынақтан өтуі философиялық, педагогикалық және психологиялық еңбектердегі теориялық және әдіснамалық тұжырымдарға негізделуімен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдануымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мақсатқа сәйкес келуімен, нәтижелерін статистикалық өңдеуімен және алынған нәтижелерді қорытындылаумен аяқталады. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі кәсіби білім, икем-дағдыны, біліктілікті арттыру, педагогтың жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды дағдыларын, көшбасшылық қабілетін қалыптастыру, адамдарға ықпал ете алу, туындаған проблеманы өздігінше шешуге, өз білімі мен біліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін педагогтың кәсіби даму деңгейі болып табылады. Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру – қарамағындағы адам ресурстарын тиімді басқару, жылдам өзгерістер мен қоршаған ортаның күрделілігіне икемді, бейімделгіш және әртүрлі қиындықтарға тиімді жауап беру, білім беру саясатын жүзеге асыруда, оқу бағдарламаларын жаңарту, педагогтардың кәсіби дамуын қолдауда және мектептің қоғамдағы имиджін нығайтуда шешуші рөл атқару, стратегиялық басқару құзыреттерін меңгеру, оқытуды және оқыту үдерісін басқару, өзгелермен әріптестік пен ынтымақтастықты арттыруға қабілеттілігі нәтижесі болып табылатын үздіксіз үдеріс. – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың басқарушылық терең теориялық білім және оны практикалық тәжірибеде интеграциялау шарты, оқытушы мен студенттің өзара сыйластық және серіктестік тұрғысында қарым-қатынас орнату шарты, белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолдану шарты, өзін-өзі жетілдіруге және кемелдендіруге өзіндік потенциалды жүзеге асыруға, жауапкершілікті арттыруға негізделген акмеологиялық шарттары, басқарудың ізгілікке құрылған құндылықтық мәнін ашатын аксиологиялық шарттары айқындалды. – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың үдерісі мазмұндық және құрылымдық моделінде қамтылып, мотивациялық, мазмұндық-ұйымдастырушылық, мақсаттық-іс-әрекеттік, нәтижелік-рефлексивтік компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері ұсынылады. Зерттеу логикасы анықталып, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. – Жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісінде «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру» атты элективті курсты енгізуі,оқу әдістемелік кешеннің сынақтан өткізілуі, тәжірибелік-эксперимент жұмыстың жоғары нәтижелері болашақ педагогтардың басқарушылық құзыретін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық және методологиялық, сондай-ақ тәжірибе тұрғысынан дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа дәл келуімен, зерттеу міндеттері мен мақсатына, пәні мен нысанына сай кешенді әдістердің логикалы тұрғыда қолданылуымен, теориялық тұжырымдаманың нәтижелілігімен, эксперименттен алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында маман даярлайтын факультеттер мен бөлімдерде қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Диссертация құрылымы. Диссертация құрылымы жоспарға сәйкес кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, зерттелу деңгейінің сипаттамасы ұсынылып, тақырыбы негізделеді. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты толық қамтылған: зерттеу нысан, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері мен әдістері, негізгі кезеңдері анықталып, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні ашылып, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары мен нәтижелердің дәлдігі мен негізділігі айқындалады. «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттіліктерін дамытуға арналған ғылыми еңбектердің талдауы жүргізіліп, оның негізгі бағыттары белгіленеді. Аталған бөлімде педагогтардың кәсіби дайындығын құзыреттілік тұрғысынан қарау заманауи білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық мәселе екендігі айқындалады. Сонымен қатар «болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігі» ұғымының мазмұны жан-жақты анықталып, болашақ педагогтарды дамытудың әдіснамалық аспектілері талқыланады. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі мен мүмкіндіктері талдаудан өткізіледі. «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми–теориялық аспектілері»деп аталатын екінші тарауда болашақ педагогтардың кәсіби-тұлғалық сапаларын қалыптастыруға кеңінен көңіл бөлінеді, олардың басқарушылық құзыреттіліктерін жоғары оқу орнының жағдайында қалай дамытуға болатындығын түсіндіретін педагогикалық шарттар айқындалады. Сондай-ақ болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттіліктерін дамытуға арналған құрылымдық модель ұсынылады, бұл модель педагогикалық іс-әрекеттер мен практикалық тапсырмаларды орындауда студенттердің қажетті білімдерін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Модельде басқарушылық құзыреттіліктің дамуына ықпал ететін стратегиялар мен құралдар көрсетіледі. «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-экспериметтік жұмыс» атты үшінші тарауда болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған элективті курс пен оны жүзеге асыру жолдары талқыланады. Бұл элективті курс, студенттердің кәсіби тұлғалық сапаларын жетілдіруге және олардың басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетін бағдарламаларды қамтиды. Элективті курс тәжірибелік-эксперименттік жұмыс негізінде әзірленіп, оның нәтижелері тиімділік тұрғысынан бағаланады және зерттеу жұмысының соңында қорытындыланады. Қорытындыда бөлімде зерттеу жұмысының барлық кезеңдерінен алынған мәліметтер негізінде жасалған болжамдардың дұрыстығы дәлелденеді. Осы зерттеу негізінде анықталған негізгі нәтижелер мен қорытындылар шолу жасалып, түйінделеді. Сондай-ақ алдағы уақыттағы зерттеулерге және педагогикалық практикаға бағыт-бағдар беретін ұсыныстар жасалады. Бұл ұсыныстар болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін дамытуға және олардың педагогикалық біліктілігін жетілдіруге арналған.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/ji1UDL6Wo9g
