
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Конырова Арай Абдыхановна «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Ертарғынқызы Динара – философия докторы (PhD), Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының ассистент профессоры, СДУ университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Жилгильдинова Мадина Жаксылыковна – философия докторы (PhD), Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Пазылова Меруерт Ермекбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика» кафедрасының профессоры, Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институты (Нукус қаласы, Қарақалпақстан Республикасы);
Приступа Елена Николаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ресей білім академиясының жас физиологиясы институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің директоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);
Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сламбекова Толкын Сламкуловна – Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының профессор м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Валеева Роза Алексеевна – Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Психология және білім беру институты, педагогика кафедрасының меңгерушісі, Қазан федералды университеті (Қазан қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 27 ақпан, сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D018 – Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3FuS2s
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Конырова Арай Абдыхановнаның «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған « Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты - педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың теориялық әдіснамалық негіздерін айқындау және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету. Зерттеу міндеттері: 1. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу. 2. Әлеуметтік білім беру ортасын педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың шарты ретінде айқындау. 3. Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың функционалдық моделін құрастыру. 4. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделінің тиімділігін тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында тексеруден өткізу. Зерттеу әдістері: – теориялық: теориялық талдау (салыстыру, жалпылау, ретроспективті, әдебиеттерді талдау, моделдеу), болжау, жобалау, зерттеу мәселелері бойынша тәжірибені талдау; – эмпирикалық: педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, оқу бағдарламалары мазмұнын талдау, салыстыру, диагностика (бақылау, сауалнамалар, тесттілеу); – статистикалық: алынған сандық мәліметтерді математикалық және статистикалық өңдеу (SPSS қолданбалы статистикалық бағдарламасы, Microsoft Excel бағдарламасы), сандық және сапалық талдау жасау. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Жауапкершілік – адамның барлық өмір сүру салаларына қатысты өзі қабылдаған нормалардың жүзеге асуының сапалық көрсеткіші. Әлеуметтік жауапкершілік – қоғамдық нормалар мен құндылықтар негізінде өз іс-әрекет салдарын түсіну, реттеу, бақылау, бағалауда көрініс беретін әлеуметтік тұлғалық сапа. Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі әлеуметтік жауапкершілік – педагогикалық іс-әрекеттегі тұрақты азаматтық позициясы мен әлеуметтік белсенділігі негізінде қалыптасқан кәсіби тұлғалық сапа. Әлеуметтік жауапкершілік деңгейі жоғары педагог заманауи қоғамға бейімделе отырып, әлеуметтік мәдени трансформация үдерісіне қатыса алады, өмірлік позициясы анық белсенді азаматтарды тәрбиелеуге ұмтылады. Кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің құрылымы когнитивті-мағыналық, мотивациялық-құндылықтық, эмоционалды-еріктік және белсенді-әрекеттік компоненттер бойынша қарастырылады. Когнитивті-мағыналық, мотивациялық-құндылықтық, эмоционалды-еріктік компоненттер әлеуметтік жауапкершіліктің потенциалдық, ал белсенді-әрекеттік компонент әлеуметтік жауапкершіліктің белсенді сипатын айқындайды. 2. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың шарты студенттердің білім алу мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына мүмкіндік беретін ақпараттық-анықтаушы, ресурстық, әлеуметтік-коммуникативті және әдістемелік-технологиялық құрылымнан тұратын әлеуметтік білім беру ортасы. 3. Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мақсатты-анықтаушы, функционалдық және нәтижені бағалау блоктарынан тұратын функционалдық моделдің негізінде жүзеге асырылады. Бұл моделдің негізінде: – әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру педагогикалық үдерістің танымдық, дамытушы, тәрбиелік және ұйымдастырушы функциялары мен педагогикалық тетіктері арқылы жүзеге асырылады; – әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру үдерісі келесі кезеңдерден тұрады: 1) білім алушы педагогтің әлеуметтік рөлін, міндеттері мен әрекет салдарын түсінеді, қабылдайды, өз мамандығымен байланыстырады; 2) әлеуметтік қызмет түрлеріне қызығушылық танытады, қажеттілікті сезінеді; 3) әлеуметтік жауапкершілікке жағымды қатынас білдіреді; 4) әлеуметтік маңызды әрекеттер жасауға белсенділік көрсетеді. Нәтижесінде әлеуметтік жауапкершілігі айқын болашақ педагогтің қалыптасуы жүзеге асырылады. 4. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделінің тиімділігі әлеуметтік жауапкершілік компоненттерінің келесі критерийлері арқылы айқындалды: – когнитивтік-мағыналық – әлеуметтік жауапкершілік туралы білімнің (түсіну, саналы сезіну) қалыптасуы; – мотивациялық-құндылықтық – әлеуметтік сипаттағы (социоцентристік, альтруистік) құндылықтар мен бағытталулардың қалыптасуы; – эмоционалды-еріктік – жағымды қатынас пен жауапкершілікті өзіне алу (интерналдылық) қабілеттерінің қалыптасуы; – белсенді-әрекеттік – әлеуметтік маңызды іс-әрекет түрлеріне қатысуға әзірлік таныту, белсенді азаматтық позиция. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткіздік: Бірінші міндеттің негізінде, педагогикалық мамандық студеттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері талданып, «жауапкершілік», «әлеуметтік жауапкершілік», «педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының өзара байланысы философиялық, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан негізделді. Әлеуметтік жауапкершілік ұғымына нақтылауларды енгізу, яғни «кімнің немесе ненің алдындағы жауапкершілік» пен «кім немесе не үшін жауапкершілік» ұғымдарының мағынасын ашып алу, педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру траекториясын белгілеуде маңызды. Өйткені жауапкершіліктің бұл екі көрінісі әртүрлі әлеуметтік салдарларды береді. Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін анықтауда педагогтің құзіреттіліктеріне қойылатын жалпы және арнайы талаптар қазіргі білім беру парадигмасының негізінде қарастырылып, «педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі әлеуметтік жауапкершілік» ұғымына анықтама берілді. Сонымен қатар, педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың стратегиясын белгілейтін негізгі әдіснамалық тұғырлар қарастырылды. Зерттеу жұмысының екінші міндетін шешуде кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің құрылымы мен параметрлері белгіленді. Қоғамдық дамудың заманауи тенденцияларының негізінде жасалған әлеуметтік жауапкершіліктің құрылымын жаңаша қарастыру (талдау) болашақ педагогтің әлеуметтік жауапкершілік параметрлері мен олардың қалыптасу деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жауапкершіліктің берілген параметрлерінің көрінісі әртүрлі (ситуативті немесе тұрақты тұлғалық сапа ретінде) болуы мүмкін. Педагогикалық бағыттағы мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселесінде табиғи шарттарға тәуелді динамикалық, эмоционалды, ерікті құрылымдармен қатар, әлеуметтік және педагогикалық ықпалға түсе алатын, өзгеруге бейім әлеуметтік жауапкершіліктің когнитивті-мағыналық, мотивациялық-құндылықтық, эмоционалды-еріктік және белсенді-әрекеттік параметрлері, олардың даму динамикасы мен қалыптасу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік білім беру ортасы педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың шарты ретінде айқындалды. Өйткені, әлеуметтік білім беру ортасын ұйымдастыру педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделін (тәсілін) жүзеге асыруға мүмкіндік береді Үшінші міндеттің нәтижесі ретінде педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың мақсатты-анықтаушы, функционалды, нәтижелі-болжау блоктарынан тұратын функционалдық моделі ұсынылды. Сонымен қатар, педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігінің эмпирикалық зерттеуі жүзеге асырылды. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға арналған функционалды моделдің тетіктері жүзеге асырылды және тәжірибелік – эксперименттік жұмыс нәтижелері берілді. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері бойынша ғылыми болжамды дәлелдейтін тұжырымдар, ұсыныстар және зерттеу пәні бойынша зерттеу жұмыстарының болашақтағы бағыттары берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде «жауапкершілік», «әлеуметтік жауапкершілік» ұғымдарының өзара байланысы, педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің мәні анықталды; педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негізі ретінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары нақтыланды; 2. Әлеуметтік білім беру ортасы педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың шарты ретінде айқындалды; 3. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделі құрастырылды; 4. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделінің тиімділігі тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында тексерілді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 1. Педагогикалық бағыттағы БББ-нда қарастырылған «Педагогикалық психология» пәнінің оқу әдістемелік құралы педагогтің әлеуметтік жауапкершілік мәселелерімен байланысты тақырыптармен толықтырылды. 2. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға арналған тренингтік бағдарлама жасалынды. 3. Педагогикалық мамандық студенттерінде әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың функционалдық моделін кәсіби дайындық үдерісінде қолдануға болады. 4. Зерттеу нәтижелері педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуде және студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысының бағдарламаларын құруда пайдаланылуға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертациялық жұмыс 8D01823 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген және оның төлқұжатына толық сәйкес келеді. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен ғылыми нәтижелері осы мамандықтың негізгі бағыттарын қамтиды. Диссертациялық жұмыста: - Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері; - Педагогикалық білім беру жүйесінде әлеуметтік жауапкершілікті дамыту шарттары; - Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың практикалық модельдері мен әдістемелері зерттелген. Бұл зерттеу бағыттары мамандықтың төлқұжаты белгілеген ғылыми зерттеу салаларына толық сәйкес келеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы: Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша барлығы - 10 ғылыми жұмыс жарияланды. Оның ішінде: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар - 2, ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 3, халықаралық және республикалық конференциялар материалдары жинақтарында – 5 ғылыми мақалалар жарық көрді. 1. Formation of Social Responsibility as a Comprehensive Strategy of Personality Behaviour among Students of Pedagogics // Asian Journal of University Education (AJUE). – 2023. – Vol. 19, №4. – P. 812-822. - Зерттеу жұмысының теориялық негіздері тұжырымдалды. Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін анықтау үшін мұғалімдердің біліктілік деңгейлері Болон процесі аясында өмір бойы білім алудың Еуропалық біліктілік шеңберімен салыстырылды. - Педагогикалық мамандық студенттерінің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін анықтау төменгі және жоғары курстар арасында ұйымдастырылып, олардың нәтижесіне талдау жасалынды. - Мақаланың тақырыбы мен өзектілігі, әдістемесі авторлық ұжыммен негізделіп, оның мәтінің жазылуын докторант жеке жүзеге асырды. 2. Formation of Professionalism of Future Social Teachers in the System of Training in Russia and Kazakhstan (Comparative Aspect) // Education and Self Development. – 2022. – Vol. 17, №3. – P. 157-168. - Педагогикалық мамандықтардың бірі ретінде әлеуметтік педагогтың кәсіби білім алу үдерісін Ресей және Қазақстанның ұлттық кәсіби білім беру жүйесінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы зерттеу идеясына қатысу. - Докторант әлеуметтік педагогтің кәсіби қалыптасуындағы әлеуметтік құзіреттіліктер мен әлеуметтік жауапкершіліктің рөліне талдау жасады. 3. Әлеуметтік жауапкершіліктің мәні мен мазмұны - педагогтің кәсіби тұлғалық сапасы // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдар сериясы. – 2022. - №2(65). - Б. 85-94. - Әлеуметтік жауапкершіліктің қазіргі уақыттағы өзектілігі, болашақ педагогтің кәсіби тұлғалық сапа ретінде категориялық мәні мен мәселенің пәнаралық сипаты теориялық тұрғыдан тұжырымдалды. 4. Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда когнитивті компоненттің критерийлік көрсеткіштері //. Торайғыров университетінің Хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2022. - №2. - Б. 196-204. - Педагогикалық мамандық студенттері арасында авторлық сауалнаманы жүргізу арқылы болашақ педагогтердің кәсіби бағдарлану деңгейін анықтап, зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін нақтылады; - Кәсіби тұлғалық сапа ретінде әлеуметтік жауапкершіліктің когнитивті компонентінің әлеуметтік хабардарлық және мағыналық критерийлері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, олардың нәтижесіне талдау жүргізді. 5. Психолого-педагогические механизмы формирования социальной ответственности у будущих педагогов // Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. – 2024. – №3. – С. 453-467. - Болашақ педагогтердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық механизмдері негізделді; - Зерттеу жұмысының нәтижелерін пайдалана отырып педагогикалық мамандық студенттерін дайындаудың тиімді стратегиялары ұсынылды. 6. Актуальность проблемы социальной ответственности в процессе профессиональной подготовки студентов педагогических специальностей // Профессор С.М.Жақыповтың 70 жылдығына арналған «Отандық және әлемдік психологияның жағдайы мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференция материалдары (Алматы: Қазақ университеті, 2020. - Б. 245-247). - Педагогикалық мамандық студенттерін кәсіби дайындау үдерісіндегі әлеуметтік жауапкершілік мәселесінің өзектілігі философиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан қарастырылды. 7. К проблеме основ формирования личности субъектов учебно-образовательного процесса // «Science and education in the modern world: challenges of the XXI century» материалы 10-й международной науч-прак. конф., (5-10 февраля, 2022). - Болашақ педагогтер білім беру субъектілері ретінде қарастырылып, олардық тұлғалық қалыптасуының заманауи мәселелері көтерліді. 8. К вопросу изучения некоторых аспектов социальной ответственности студентов педагогических специальностей // Образование, профессиональное развитие и сохранение здоровья учителя в XXI веке: сборник научных трудов 8-го международного форума по педагогическому образованию (25-27 мая, 2022. - С. 339-345). - Әлеуметтік жауапкершілік болашақ педагогтің өзіндік санасының қалыптасуымен қатар қарастырылып, оның қалыптасу динамикасы зерттелді. - Докторант зертеу жұмыстарының қорытындысы бойынша педагогикалық білім беру бойынша 8-ші халықаралық форумның конференциясында баяндама жасады. 9. Педагогикалық мамандарды дайындауда тәлімгерлік тәжірибенің қайта қарастырылуы // Профессор Ш. Таубаеваның 75 жылдығына араналған «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Алматы: әл-Фараби атындағы ҚҰУ, 2023. - Б. 590-592). - Мақалада VUCA-әлем жағдайында болашақ педагог мамандарда заманауи іскерлік, дағдыларын қалыптастыру мәселесі көтеріледі. - Студенттердің кәсіби тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда қолданылатын педагогикалық құралдардың бірі ретінде тәлімгерлік тәжірибені қайта қарау ұсынылды. 10. Трансверсалды құзіреттілік шеңберіндегі әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері // Болашақ педагогтердің трансверсалды дағдысын дамытудың инновациялық моделі: халықаралық ғылыми семинар жинағы (Астана, 2023. - Б. 16-19). - Әлеуметтік жауапкершілік трансверсалды құзіреттілік шеңберінде қарастырылып, педагогикалық мамандық студенттерінде оны қалыптастырудың әдістемелік мәселелері талқыланды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/S0_HiPk4-Aw
