
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калжанова Анар Нурлановна «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «ЖООдағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Аплашова Арна Жартаевна – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұлғалық даму және білім» кафедрасының профессоры, Toraighyrov university (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Жигитбекова Бакыт Дастановна – психология ғылымдарының кандидаты, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Пазылова Меруерт Ермекбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика» кафедрасының профессоры, Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институты (Нукус қаласы, Қарақалпақстан Республикасы);
Танирбергенова Анар Шынболатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, ғылым жөніндегі Вице-президент, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Матаев Берик Айтбаевич – философия докторы (PhD), Педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Ерментаева Ардах Ризабековна – психология ғылымдарының докторы, Психология жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі, Тұран университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Асипова Нурбубу Асаналиевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Педагогика жоғары мектебінің меңгерушісі, Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан).
Қорғау 2025 жылғы 12 маусым, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3Lt9TD
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Калжанова Анар Нурлановнаның «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «ЖООдағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты: ғылыми-теориялық және эксперименттік зерттеу арқылы ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтап, тұжырымдау. Зерттеу міндеттері: 1. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың ерекшеліктерін зерттеудің педагогикалық-психологиялық әдіснамасын нақтылау; 2. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, психологиялық және педагогикалық детерминанттарын айқындау; 3. Эмпирикалық зерттеудің арнайы әдіснамасын құрып, ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивті дамуы туралы ғылыми-теориялық, эмпирикалық мәліметтер арқылы педагогикалық-психологиялық негіздерін тұжырымдау. Зерттеу әдістері: теориялық зерттеулерге қатысты жалпыфилософиялық (логикалық, диалектикалық, жүйелік, тарихилық және т.б. зерттеу әдістері), психологиялық, педагогикалық және әлеуметтануға қатысты ғылыми дереккөздерді жинақтау, синтездеу, талдау, салыстыру және жүйелеу; – әлеуметтік-демографиялық (респонденттер мен сыналушылардың жасына, жынысына, отбасылық жағдайына, оқитын білім беру мекемесіне және т.б. қатысты сұрақтарды қамтиды) сауалнама жүргізіп, зерттеу нәтижелері арасындағы негізгі байланыстарды анықтау; – эмпирикалық әдістерді қолдана отырып бақылау, сауалнама өткізу, психологиялық және педагогикалық диагностика жүргізуге арналған қажетті әдістерді пайдалану; – арнайы математикалық-статистикалық (Microsoft Excel бағдарламасын қолдана отырып ақпаратты өндеу, Пирсонның корелляция коэффицентын анықтау) өңдеу жасап, алынған сандық көрсеткіштер арасындағы байланыстар тексеріліп, сапалық интерпретация жасау арқылы зерттеу нәтижелері көрсетілді. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): – диссертацияда жоғары оқу орындарының білім алушыларында ассертивтілікті дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін біріктіретін құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылған және негізделген. Модель ассертивтіліктің когнитивті, аффективті және мінез-құлық компоненттерін, сондай-ақ оның қалыптасуына ықпал ететін білім беру жағдайларын қамтиды; ‒ ЖОО-дағы білім алушыларының ассертивтілігін дамытуға бағытталған инновациялық әдіснамалық тұғырлар мен технологиялар әзірленіп, эмпирикалық тексерілді. Бұл тәсілдер тренингтерді, ойын әдістерін, коучингті, білім алушылардың сенімді және ассертивті мінез-құлқын дамытуда тиімділігі дәлелденген оқытудың басқа да белсенді түрлерін пайдалануды қамтиды; ‒ жүргізілген зерттеулер негізінде білім алушыларда ассертивтілікті дамытудың ұсынылған бағдарламалары мен әдістемелерінің тиімділігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері ассертивтілік деңгейінің адекватты артқанын көрсетті, бұл тұлғааралық қарым-қатынастың жақсаруынан, жанжалдарды сындарлы шешу қабілетінен және білім алушылардың өзіне деген сенімділігін тұрақтандырудан көрінеді; ‒ ЖОО-дағы білім алушыларында ассертивтіліктің табысты дамуына ықпал ететін негізгі психологиялық-педагогикалық негіздер анықталып, негізделген. Олардың ішінде: қолдау көрсететін білім беру ортасын құру, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, педагогикалық тәсілді даралау және жағымды коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша тұрақты тренингтер мен практикалық сабақтарды ұйымдастыру; ‒ зерттеу нәтижелері негізінде білім алушыларда ассертивтілікті дамыту процесін ұйымдастыру бойынша ЖОО педагогтері мен психологтеріне арналған нақты ұсынымдар әзірленді. Бұл ұсынымдар әзірленген технологиялар мен әдістемелерді оқу процесіне енгізуді, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби және әлеуметтік ортада табысты бейімделуіне ықпал ететін олардың жеке өсуі мен кәсіби дамуы үшін жағдайлар жасауды қамтиды. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: 1. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың ерекшеліктерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері нақтыланып, әдіснамалық тұғырлары айқындалды, «ассертивтілік» ұғымына жүйеленген анықтама ұсынылды және ЖОО-дағы білім алушыларының ассертивтілігін дамытудың психологиялық және педагогикалық алғышарттары сипатталды. 2. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық параметрлері мен критериалды көрсеткіштерін айқындау арқылы оның құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, ассертивтілікті дамыту технологиясы сипатталып, психологиялық және педагогикалық детерминанттары айқындалып, ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың арнайы бағдарламасы жасалды. 3. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың арнайы эксперименттік зерттеу бағдарламасы құрылып, ассертивтіліктің даму деңгейлері мен ерекшеліктері анықталып, арнайы психологиялық-педагогикалық ұсыныс арқылы ассертивтілікті дамыту негіздерін зерттеудегі эксперименттік-тәжірибелік жұмыс жүзеге асырылды. 4. Эксперименттік-тәжірибелік жұмыс арқылы негізгі аспектілері жүзеге асырылып, нәтижесінде эксперименталды топта позитивті өзгерістер болғаннан кейін ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамыту позитивті бағытта тұлғалық дамуын тұтас бір жүйе ретінде жобалап, психологиялық-педагогикалық ұсыныс жасалды. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері дәйектеліп, модель арқылы тұжырымдалды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. Зерттеу «ассертивтілік» ұғымының құрылымы мен компоненттері туралы ғылыми түсініктерді нақтылау және кеңейту арқылы психология және педагогика ғылымдары теорияларының дамуына ықпал етеді. Жұмыста ЖОО-ның білім беру ортасы контекстінде оның ерекшелігін ескере отырып, ассертивтілікті түсінудің жаңа тұжырымдамалық бағдарлары ұсынылып, зерттеу психология, педагогика, әлеуметтану және т.б. салалардағы пәнаралық білімді біріктіріп, жүйелейді, бұл ассертивтіліктің даму механизмдері мен заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл ЖОО білім алушыларында ассертивтілікті қалыптастыру процесі туралы тұтас және көпқырлы идеяны қалыптастыруға ықпал етеді, осы саладағы одан әрі ғылыми зерттеулер мен практикалық әзірлемелер үшін негіз бола алады. 2. ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамыту негіздерін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары айқындалып, ассертивтілік қасиетінің даму табиғатын тереңірек түсінуге көмектеседі, ал ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық және педагогикалық негіздерінің айқындалуы, құрылымдық-мазмұндық моделінің дайын болуы болашақ зерттеулерге негіз бола алады. 3. Зерттеу нәтижелері негізінде ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытуға бағытталған технологиялар әзірленіп, енгізілді. Бұл технологияларды оқу жоспарларына біріктіруге және жеке даму курстарының, тренингтер мен элективті сабақтардың элементтері ретінде пайдалануға болады. 4. Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар мен тренинг-интенсив курс бағдарламасы топтық технология ретінде, ал жасалған оқу құралы білім алушылармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін ЖОО педагогтері, кураторлары мен психологтері пайдалана алады. Осы ұсыныстарды практикалық қолдану жоғары оқу орындарының білім алушыларында жеке тұлғалық өсуді және сенімді мінез-құлықты дамытуды ынталандыратын қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді. Сонымен қатар білім алушылардың жеке өсуіне, олардың өзіне деген сенімділігін арттыруына, тұрақты өзін-өзі бағалау және өзін-өзі құрметтеуге жағдай жасау болып табылады. Берілген зерттеу жұмысы білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға және өмірге жалпы қанағаттануға ықпал етеді, ал бұл олардың оқу үлгерімі және сабақтан тыс жұмыстардағы белсенділігіне позитивті әсер етеді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Қазақстан Республикасының (әрі қарай – ҚР) тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірінде шыққан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы мәселелерін атап өтіп, жарқын болашаққа жету амалдарын көрсеткен, алайда оған жету үшін әрбір азаматтың алдыңа қойылатын міндеттері де артады. Сонымен қатар, қоғам талаптарының өзгеруі, білім беру сапасының жақсару қажеттігі жайлы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаев «Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған», – деп атап өткен. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қ.-Ж. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықаралық деңгейде орын алған елеулі өзгерістері мен пандемияға қатысты қиыншылықтарды атап өтті, алайда ол індет тек денсаулық сақтау саласының өзгеруіне ғана қатысты болған жоқ, сонымен қатар, еліміздің барлық салаларындағы түрлі проблемалары бар екендігін айқын көрсетті. Жолдауында Президент: «Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №611 Жарлығына сәйкес: «Білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен сапасы елдегі адами капиталдың сапасын, еңбек өнімділігі мен мамандардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Бұл ретте білім берудің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – оның еңбек нарығының өзгермелі талаптарына сәйкестігі», – деп айтылған. 2024 жылғы 2-қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет» деген. Жоғарыда аталған талаптар мен міндеттерді шешудің құқықтық негіздерін ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы және басқа да мемлекеттік нормативтік құжаттар мен стандарттар құрайды. Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы қазіргі таңда жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістер мен қарқынды даму кезеңі ЖОО-дағы білім алушылардан кез-келген жағдайға дайын болуды, стресске төзімді болуды, өзгерістерді тек қабылдап қана қоймай, позитивті өзгерістердің себепшісі болуды талап етеді. Дегенмен қазіргі кезде отандық ЖОО-ларда білім беру сапасы артып жатса да, бәсекеге қабілетті мамандардың тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан білім алушылардың кәсіптік сауаттылығымен бірге сол болашақ мамандыққа, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынас жасауға дайындау қажет, ал оны жүзеге асыру үшін өзекті мәселе – білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері болып табылады, өйткені ассертивтілік арқылы өзгеріске дайын, сенімді тұлға қалыптастыруға болады. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады: Диссертацияның мазмұны бойынша 11 ғылыми еңбек жарияланды және авторлық құқықпен қорғалатын объектілердің мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 4 куәлік алынды. Барлық жарияланымдар зерттеу барысында дайындалды. Мұнда Скопус базасына кіретін рейтингтік журналдарда 1 мақала: Assertiveness as the predictor of university students’ academic achievement // Cypriot Journal of Educational Science. – 2022. – Vol. 17, Issue 7. – P. 2462-2473 (докторанттың үлесі – 65%). Берілген мақалада докторант бірінші автор және автор-корреспондент ретінде үлес қосты; теориялық ақпаратты жазып, практикалық ақпаратты жинақтады, эксперимент жүргізді. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдарда 3 мақала: The role of a person’s assertiveness development // Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. – 2021. – №3(136). – P. 241-248 (докторанттың үлесі – 100%). Берілген мақаланы докторант жеке дара автор ретінде жазды; теориялық және практикалық ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. The problems of assertiveness and pragmatism in the works of the Doctor of Psychological Sciences, Professor Ardakh Rizabekovna Yermentayeva // Bulletin of Toraighyrov University. – 2021. – №3. – P. 417-728 (докторанттың үлесі – 75%). Берілген мақалада докторант бірінші автор және автор-корреспондент ретінде үлес қосты; теориялық ақпаратты жазып, А.Р. Ерментаеваның еңбектерінде ассертивтілік мәселесі бойынша теориялық және практикалық ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. The impact of the COVID-19 pandemic on the level of assertiveness and personal values of university students // Bulletin of Kazakh national pedagogical university named after Abai. Psychology series. – 2022. – Vol. 2, Issue 71. – P. 9-15 (докторанттың үлесі – 75 %). Берілген мақалада докторант автор-корреспондент ретінде үлес қосты; теориялық және практикалық ақпаратты жинақтап, эксперимент жүргізіп, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Шетелдік ғылыми журналдарда 1 мақала: Assertiveness development and general Psychological training of future social Educators to support children with special Educational needs // Norwegian Journal of development of the International Science. – 2021. – Vol. 2, Issue 76. – P. 41-43 (докторанттың үлесі – 70%). Берілген мақалада докторант автор-корреспондент ретінде үлес қосты; теориялық ақпаратты жазып, мақала бойынша негізгі жұмыстардың барлығын жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларда 1 мақала: О профессиональной подготовке будущего педагога-психолога // Высшая школа: опыт, проблемы, перспективы: материалы 14-й международной научно-практической конференции (Москва, 2021. – С. 237-242) (докторанттың үлесі – 50%). Берілген мақалада докторант бірлескен автор ретінде үлес қосты; теориялық ақпаратты жинақтап, мақала бойынша қажетті жұмыстардың барлығын жасады. Республика аумағындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда 5 мақала: The problem of assertiveness study in psychology // 6th international scientific and practical conference “Science and education in the modern world: Challenges of the ХХІ century” (Nur-Sultan, 2020. – P. 54-57) (докторанттың үлесі – 100%). Берілген мақаланы докторант жеке дара автор ретінде жазды; мақала үшін қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Ассертивность преподавателя как основа взаимоуважительного отношения в классе // Новые научные исследования – 2021 (Алматы, 2021. – С. 242-245) (докторанттың үлесі – 100%). Берілген мақаланы докторант жеке дара автор ретінде жазды; мақала үшін қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Assertiveness as the main factor of keeping person’s mental health in the pandemic period // II international scientific and practical conference “Actual problems of theoretical and practical psychology” (Almaty, 2021. – P. 12-15) (докторанттың үлесі – 100%). Берілген мақаланы докторант жеке дара автор ретінде жазды; мақала үшін қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Assertiveness of higher education system participants in a VUCA world // The International scientific and practical conference dedicated to the 95 anniversary of professor К.B. Zharikbaev «Аctual Problems of Psychology and Pedagogy Development» (Almaty, 2022. – P. 449-451) (докторанттың үлесі – 100%). Берілген мақаланы докторант жеке дара автор ретінде жазды; мақала үшін қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті түгел қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Шет тілі оқытушыларының педагогикалық қарым-қатынас стильдері // Шоқан оқулары-27: Аймақты дамытудағы университет ғылымының рөлі: арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (Көкшетау, 2023. – Т. 1. – Б. 171-175) (докторанттың үлесі – 65%). Берілген мақалада докторант автор-корреспондент ретінде үлес қосты; теориялық және практикалық ақпаратты жинақтап, талдау жасады. Сонымен қатар мақала баспадан шыққанша процесті қадағалап, қажетті жерлерді өңдеді. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 4 куәлік: 2022 жылғы 24 мамыр, №26439 куәлік. Объектінің атауы: «Ассертивтілік ұғымының пайда болу теориясы мен методологиясы»; объектіні жасаған күні: 07.06.2021 ж. (докторанттың үлесі – 100%). Берілген куәлікті алу үшін докторант өзінің жасаған жұмысына ақпарат дайындап, оған сипаттама берді. Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш беріп, құжат тексеруден өткеннен кейін куәлікті алды. 2022 жылғы 26 мамыр, №26524 куәлік. Объектінің атауы: «ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін эксперименттік зерттеу методологиясы»; объектіні жасаған күні: 28.01.2022 ж. (докторанттың үлесі – 100%). Берілген куәлікті алу үшін докторант өзінің жасаған жұмысына ақпарат дайындап, оған сипаттама берді. Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш беріп, құжат тексеруден өткеннен кейін куәлікті алды. 2022 жылғы 31 мамыр, №26642 куәлік. Объектінің атауы: «ЖОО-дағы білім алушылардың ассертивтілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық тренинг-интенсив курс бағдарламасы»; объектіні жасаған күні: 19.07.2021 ж. (докторанттың үлесі – 100%). Берілген куәлікті алу үшін докторант өзінің жасаған жұмысына ақпарат дайындап, оған сипаттама берді. Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш беріп, құжат тексеруден өткеннен кейін куәлікті алды. 2024 жылғы 2 шілде, №48087 куәлік. Объектінің атауы: «Шеттілдік білім берудің әдістемесі» (докторанттың үлесі – 100%). Берілген куәлікті алу үшін докторант өзінің жасаған жұмысына ақпарат дайындап, оған сипаттама берді. Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш беріп, құжат тексеруден өткеннен кейін куәлікті алды. Жоғарыда көрсетілгендей, диссертацияның мазмұны бойынша 11 ғылыми еңбек жарияланды және авторлық құқықпен қорғалатын объектілердің мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 4 куәлік алынды. Әрбір жарияланымда докторант бірінші немесе автор-корреспондент болып, зерттеу тақырыбына қатысты барлық қажетті жұмыстарды орындап, баспадан шыққанша дейін процесті қадағалап отырды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/X4BeoGhwRCk
