
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Утегенова Меруерт Сыздыковна «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Усенова Аккенже Мукановна – философия докторы (PhD), «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті» КеАҚ (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы);
Асқарқызы Самал – философия докторы (PhD), «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Абильдина Салтанат Куатовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, профессор-зерттеуші, «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);
Пазылова Меруерт Ермекбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика» кафедрасының профессоры, Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институты (Нукус қаласы, Қарақалпақстан Республикасы);
Умирбекова Акерке Нурланбековна – философия докторы (PhD), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Инклюзивті білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Шолпанкулова Гульнар Кенесбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының профессор м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Биктагирова Гульнара Фердинандовна – Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті, Қазан федералды университеті (Қазан қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 12 маусым, сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «8D018 – Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3LtAdo
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Утегенова Меруерт Сыздыковнаның «8D01823 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандыгы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің максаты инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру мәселесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, әдістемесін дайындау және оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент негізінде тексеру. Зерттеу міндеттері: 1. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу. «Кәсіби табыстылық» ұғымының құрылымы мен мазмұнын нақтылау. 2. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау. 3. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу, өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін айқындау. 4. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру әдістемесін дайындау және оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент негізінде тексеру. Зерттеу әдістері: - теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, отандық тәжірибелерін жинақтау, зерттеу және талқылап қорытындылау, зерттеу мәселесіне қатысты құжаттарды зерттеу және талдау); - эмпирикалық (сауалнама, педагогикалық бақылау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, педагогикалық диагностика, педагогикалық моделдеу); - статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу). Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар) 1. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделуі. «Кәсіби табыстылық» ұғымының құрылымы мен мазмұнының нақтылануы. Кәсіби табыстылық - бұл болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын инновациялық білім беру ортасы жағдайында әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетте табысқа жетуін қамтамасыз ететін, тұлғалық және кәсіби сапаларының дамуын көрсететін кәсіби бейімділігі, инновациялық ұстанымы, кәсіби коммуникациясы және инновациялық белсенділігі. Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының құрылымдық компоненттері (кәсіби бейімділік, инновациялық ұстаным, кәсіби коммуникация және инновациялық белсенділік) оның мазмұны мен мәнін өзара байланыста ашады, олардың даму динамикасы әлеуметтік педагогтардың әлеуетінің субъективтік мазмұндық және сапалық сипаттамасымен түсіндіріледі. 2. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттарының анықталуы: инновациялық білім беру ортасында мотивациялық жағдайлар жасау; кәсіби іс-әрекетте достық атмосфераны құру және тиімді қарым-қатынас дағдыларын және өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; кәсіби өзін-өзі тануы, кәсіби өзін-өзі жетілдіруі, инновациялық іс-әрекеті мен инновациялық басқаруы үшін рефлексивтік-іс-әрекетті жүзеге асыру дағдыларын дамытуды қолдау; кәсіби табыстылыққа сәйкес инновациялық білім беру ортасын құру және теориялық білім беру; «Кәсіби табыстылықты қалыптастыру негіздері» атты элективті курсты ұсыну; алынған білімдерді тәжірибеге (практика және оның түрлері) ұштастыру, идеялық, мақсаттық, мазмұндық деңгейлердегі іс-әрекеттерге (оқудан тыс іс-әрекеттер) субъектілерді кіріктіру; коммуникативтік құзыреттілігін, креативтілігін, инновациялық коммуникациясын, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін коммуникативтік-шығармашылық орта жағдайларын қалыптастыру; заманауи ақпараттық технологиялар негізінде ақпаратты алуы, өңдеуі және сақтай білуі ақпараттық мәдениеті мен танымдық дербестігін қалыптастыру жағдайларын жасау. 3. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделінің блоктары (мақсатты, мазмұндық және деңгейлік-нәтижелік), компоненттері (мотивациялық-құндылық, танымдық-ақпараттық, коммуникативтік-шығармашылық, рефлексивтік-іс-әрекеттік), өлшемдері (кәсіби бейімділік, инновациялық ұстаным, кәсіби коммуникация, инновациялық белсенділік) мен көрсеткіштері (жетістікке жету мотивациясы, құндылықтар жүйесіне бағдарлануы, жаңашылдыққа ұмтылуы; танымдық дербестігі, кәсіби құзыреттілігі, ақпараттық мәдениеті; коммуникативтік құзыреттілігі, креативтілігі, инновациялық коммуникациясы; кәсіби өзін-өзі жетілдіруі, инновациялық іс-әрекеті, инновациялық басқаруы) анықталады және деңгейлеріне (төмен, орта, жоғары) сипаттама беріледі. 4. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру әдістемесі дайындалып және оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент негізінде тексерілді. Әдістеме «Кәсіби табыстылықты қалыптастырудың негіздері» атты элективті курс бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралынан тұрады. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткіздік: Бірінші міндеттің негізінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын инновациялық білім беру ортасында қалыптастыру теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделіп, «кәсіби табыстылық» ұғымының құрылымы нақтыланды. «Кәсіби табыстылық» ұғымының мәні мен мазмұнын нақтылау «табыстылық», «кәсібилік», «кәсіби шеберлік», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарымен байланысты қарастырылды. Болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығы инновациялық білім беру ортасы жағдайында әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетте табысқа жетуін қамтамасыз ететін, тұлғалық және кәсіби сапаларының дамуын көрсететін кәсіби бейімділігі, инновациялық ұстанымы, кәсіби коммуникациясы және инновациялық белсенділігі деп тұжырымдалды. Зерттеу жұмысының екінші міндеті бойынша инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары анықталды: инновациялық білім беру ортасында мотивациялық жағдайлар жасау; кәсіби іс-әрекетте достық атмосфераны құру және тиімді қарым-қатынас дағдыларын және өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; кәсіби өзін-өзі тануы, кәсіби өзін-өзі жетілдіруі, инновациялық іс-әрекеті мен инновациялық басқаруы үшін рефлексивтік-іс-әрекетті жүзеге асыру дағдыларын дамытуды қолдау; кәсіби табыстылыққа сәйкес инновациялық білім беру ортасын құру және теориялық білім беру; «Кәсіби табыстылықты қалыптастыру негіздері» атты элективті курсты ұсыну; алынған білімдерді тәжірибеге (практика және оның түрлері) ұштастыру, идеялық, мақсаттық, мазмұндық деңгейлердегі іс-әрекеттерге (оқудан тыс іс-әрекеттер) субъектілерді кіріктіру; коммуникативтік құзыреттілігін, креативтілігін, инновациялық коммуникациясын, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін коммуникативтік-шығармашылық орта жағдайларын қалыптастыру; заманауи ақпараттық технологиялар негізінде ақпаратты алуы, өңдеуі және сақтай білуі ақпараттық мәдениеті мен танымдық дербестігін қалыптастыру жағдайларын жасау. Үшінші міндет бойынша болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді. Ұсынылған моделдің құрылымындағы маңызды компоненттердің бірі блоктар (мақсатты, мазмұндық және деңгейлік-нәтижелік) болып табылады. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру компоненттері (мотивациялық-құндылық, танымдық-ақпараттық, коммуникативтік-шығармашылық, рефлексивтік-іс-әрекеттік), өлшемдері (кәсіби бейімділік, инновациялық ұстаным, кәсіби коммуникация, инновациялық белсенділік) мен көрсеткіштері анықталды. Төртінші міндетке сәйкес болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру әдістемесі дайындалды. Бұл әдістеме «Кәсіби табыстылықты қалыптастыру негіздері» атты элективті курс пен оқу-әдістемелік құралдан тұрады, оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент негізінде тексерілді. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері бойынша ғылыми болжамды дәлелдейтін тұжырымдар, ұсыныстар және зерттеу пәні бойынша зерттеу жұмыстарының болашақтағы бағыттары берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделді. «Кәсіби табыстылық» ұғымының құрылымы мен мазмұны нақтыланды. 2. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары анықталды. 3. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, өлшемдері мен көрсеткіштері және деңгейлері айқындалды. 4. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру әдістемесі дайындалып және оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент негізінде тексерілді. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: 1. «Кәсіби табыстылықты қалыптастырудың негіздері» атты элективті курс бағдарламасы мен оқу-әдістемелік құралы дайындалды. 2. Зерттеу нәтижелері кәсіби табысты болашақ әлеуметтік педагогтарды даярлауға арналған әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуде және инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыруға бағытталған оқу және оқудан тыс іс-шаралар бағдарламаларын құруда пайдаланылуға болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертациялық жұмыс 8D01823 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген және оның төлқұжатына толық сәйкес келеді. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен ғылыми нәтижелері осы мамандықтың негізгі бағыттарын қамтиды. Диссертациялық жұмыста: - Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық негіздері; 2. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары; 3. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі және әдістемесі зерттелген. Бұл зерттеу бағыттары мамандықтың төлқұжаты белгілеген ғылыми зерттеу салаларына толық сәйкес келеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша барлығы - 9 ғылыми жұмыс жарияланды. Оның ішінде: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар - 2, ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 4, халықаралық және республикалық конференциялар материалдары жинақтарында – 2 ғылыми мақалалар, 1 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. 1. Formation of professional competence for future social educators based on an integrated approach //Journal of Education and E-Learning Research. –2023. – 10(3). – P.548-556. - Зерттеу жұмысының теориялық негіздері тұжырымдалды. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру деңгейін анықтау үшін зерттеу диагностикалық нәтижелерді сандық және сапалық деңгейде салыстырылды. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын қалыптастыру деңгейін анықтау 1-2 және 3-4 курстар арасында ұйымдастырылып, олардың нәтижесіне талдау жасалынды. Зерттеу нәтижелері кәсіби құзыреттіліктің тек теориялық біліммен шектелмей, тұлғалық қасиеттермен, өмірлік ұстаныммен, және практикалық дағдылармен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі жұмыс берушілер болашақ мамандардан тек кәсіби білім ғана емес, сонымен бірге шығармашылық ойлау, дербестік, ынталылық және әлеуметтік жауапкершілік секілді қабілеттерді де талап етеді. Мақаланың тақырыбы мен өзектілігі, әдістемесі авторлық ұжыммен негізделіп, оның мәтінің жазылуын докторант жеке жүзеге асырды. 2. Formation of Professionalism of Future Social Teachers in the System of Training in Russia and Kazakhstan (Comparative Aspect)//Education and Self Development. – 2022. – Vol. 17, №3. – P. 157-168. - Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби білім алу үдерісін Ресей және Қазақстанның ұлттық кәсіби білім беру жүйесінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы зерттеу идеясына қатысты. - Докторант әлеуметтік педагогтің кәсіби қалыптасуындағы әлеуметтік құзіреттіліктер мен кәсіби табыстылық рөліне талдау жасады. 3. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамытудың маңызы // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2020. - №12/3(149). – Б. 224-228. - Мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамытудың мағыздылығы қарастырылады. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері зерделеніп, салыстырмалы талдау жасалынды. Зерттеудің теориялық талдау нәтижелері бойынша болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының дамуы көбінесе студенттің оқу орнында дайындығының мазмұны мен сапасына, педагогикалық инновациялық оқу процесіне енгізуіне, өзін-өзі бағалауға, сенімділікке, құзыреттілікке байланысты болады деген тұжырым жасалды. 4. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамыту мәселесінің зерттелу дәрежесі // Торайғыров университетінің хабаршысы. Педагогика серия. – 2021. - №4.– Б. 453-463. - Мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамыту мәселелері қарастырылады. Шетелдік және отандық авторлардың кәсіби табыстылығының маңызды және мазмұнды сипаттамаларын көрсететін ғылыми еңбектері талданды. Докторант әлеуметтік педагогтың кәсіби табыстылығы ұғымының мәнін аша отырып, заманауи білім беру жүйесінде оған қойылатын талаптарды сипаттады. Сонымен қатар, мақалада инновациялық-білім беру ортасының маңыздылығы, болашақ мамандарды дайындаудағы рөлі мен оның мүмкіндіктері қарастырылды. 5. Инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының мәні мен құрылымы // Абай атындағы ҚазҰПУ-ң хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – 2022. - №4(76). – Б. 51-59. - Мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының мәні мен құрылымы қарастырды, кәсіби табыстылыққа ұмтылу тетігін, табыстылықты тұлғалық және әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауды, практикалық іс-әрекетті болжауды, кәсіби мотивациясын сипаттады. 6. Әлеуметтік педагогтың кәсіби табыстылығы психологиялық-педагогикалық феномен ретінде // Абай атындағы ҚазҰПУ-ң хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – 2024. - №2(82). – Б. 48-60. - Болашақ әлеуметтік педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі сыртқы және ішкі табыстылық критерийлері «кәсіби табыстылық» ұғымының ассоциациясы (көпшілікке танылу, басқа мамандардың мойындауы, жоғары бедел, сапалы жұмыс, үздіксіз педагогикалық білім алу, кәсіби қызметке қанағаттану, жетістік, мақсат, мақтаныш, әртүрлі жағдаяттағы көңіл-күй) бойынша ерекшеліктерін айқындап, зерттеу нәтижелерін мазмұндады. Кәсіби табыстылық ұғымының психологиялық-педагогикалық феномен ретіндегі мазмұнын ашуда осы құбылысты түсіндірудің процессалық-динамикалық тәсілін диагностикалық бекітілген өлшем ретінде қолданды. 7. Мотивация как ведущий фактор развития профессиональной успешности будущих социальных педагогов в условиях инновационно-образовательной среды // Образование, профессиональное развитие и сохранение здоровья учителя в XXI веке. VIII Международного форума по педагогическому образованию (Казань: Казанский университет, 2022. - С.600-608). - Мақалада мотивация болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамытудағы жетекші фактор ретінде қарастырылды. Инновациялық білім беру ортасында кәсіби табыстылықтың маңызды және мазмұнды сипаттарын ашатын отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалды. Зерттеуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Павлодар педагогикалық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1–4 курс студенттері қатысты. Докторант қазіргі инновациялық білім беру ортасының ерекшеліктерін сипаттай отырып, болашақ мамандардың табысты кәсіби дамуы үшін ішкі және сыртқы мотивациялық факторлардың ықпалы талданды. Зерттеу нәтижелері студенттердің оқу курсына байланысты мотивациялық ұстанымдарының өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Бұл өзгеріс болашақ мамандардың кәсіби табыстылығына тікелей әсер ететіні көрсетеді. 8. Студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау және оқу іс-әрекетінде табысқа жету түрткілері // «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ көрнекті педагог, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші ректоры Анатолий Семенович Катерининнің 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (Павлодар: Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, 2023. - Б. 517-521). - Мақалада студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау және оқу іс-әрекетінде табысқа жету түрткілері зерттеу мәселесіне арналған. Жалпы мотивация, оның мотивтері, студенттік шақта өзгеруі және төмендеуі қарастырылды. Мақалада студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау және олардың оқу әрекетіндегі табысқа жетуіне ықпал ететін түрткілер зерттелді. Оқу іс-әрекетін жандандыру мен жетістікке жетудің психологиялық алғышарттары қарастырылды. 10. «Кәсіби табыстылықты қалыптастыру негіздері» оқу-әдістемелік құралы. - Оқу-әдістемелік кешен үш модульге бөлінген. Бірінші модульде «Әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығына кіріспе» қарастырылып, «кәсіби табыстылық» ұғымының ғылыми әдебиеттерде зерделену жайы, әлеуметтік педагог жұмысындағы кәсіби табыстылық қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтитын көп қырлы тұжырымдама ретінде анықталып және әлеуметтік педагогтің кәсіби табыстылығында үш негізгі аспектілердің маңыздылығына назар аударылды - эмпатия, коммуникация және педагогикалық құзыреттілік. Эмоционалды интеллект (ЭИ) туралы да ой қозғалды, оның қазіргі әлеуметтік педагогикада маңыздылығы жайлы талданылды. Эмоционалды интеллект адамның ойлау мен мінез-құлыққа әсер ете отырып, өзінің және басқалардың эмоцияларын қабылдау, түсіну және басқару қабілетін сипаттайды, сонымен қатар бұл модульде әлеуметтік педагогтің эмоционалды интеллектісінің дамуы және оның оқушылармен өзара әрекеттесуіне, қолдау көрсететін оқу ортасын құруға және оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететіні туралы қарастырылды. Екінші модуль «Этика және кәсіби мінез-құлық» деп аталып, «этика» ұғымының ғылыми әдебиеттерде зерделену жайы, мамандардың өз жұмысында басшылыққа алатын нақты мұраттарын, құндылықтары мен этикалық принциптерін анықталады.Сондай-ақ мәдени айырмашылықтарды құрметтеудің маңыздылығы әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортадағы клиенттермен олардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ықпал ететін сенім мен түсіністік қалыптастыру құралы ретінде талқыланды. Үшінші модуль «Кәсіби саладағы даму және өзара әрекеттесу» деп аталады. Бұл модульде әлеуметтік педагогтің кәсіби саладағы инновациялардың маңыздылығын және өзгерістерге бейімделу қажеттілігі зерттелінеді. Сондай-ақ кәсіптің жаңа технологияларына, тәсілдері мен талаптарына табысты бейімделудің әдістері мен стратегиялары сипатталған.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/Bw5TfLeJsHA
