
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сулейменова Жансая Токтаровна «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Сардарова Жаннат Исмагуловна – педагогика ғылымдарының докторы, Арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Сарсенбаева Ботагоз Габдулловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Керимбаева Ботагоз Талгатовна – философия докторы (PhD), Шетел филология және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы);
Южел Гелишли – философия докторы (PhD), профессор, Гази университеті (Анкара қ., Түркия);
Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, «Өрлеу БАҰО» АКФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Жаратылыстану-математика бағытындағы» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Сейітқазы Перизат Байтешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Педагогика кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Приступа Елена Николаевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ФМБҒМ «Баланы дамыту, денсаулығын сақтау және бейімдеу институты» директоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 20 маусым, сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «8D011 – Педагогика және психология» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3M7ohR
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Сулейменова Жансая Токтаровнаның 8D01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты – цифрлық білімдік ортада болaшaқ пeдaгог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қaлыптaстыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету. Зерттеу міндеттері: 1. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау. 2. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау. 3. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың кешенді әдістемесін дайындау. 4. Болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың моделі мен кешенді әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындау. Зерттеу әдістері: ‒ жaлпы тeориялық (ғылыми әдебиеттерді және нормативтік құқықтық құжаттарды талдау, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми дереккөздерді салыстыру және негізгі ұғымдарға теориялық талдау жасау, педагогикалық үдерісті модельдеу); ‒ эмпирикaлық (оқу іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, тестілеу, сауалнама, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент); ‒ стaтистикaлық (экспeримeнттік жұмыстың нәтижeсін сaндық жәнe сaпaлық жaғынaн талдау, SPSS 26.0 статистикалық талдау бағдарламасы негізінде мaтeмaтикaлық өңдeу әдістері). Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Цифрлық білімдік ортадағы болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері бойынша, цифрлық білімдік орта – педагогикалық үдерістің әртүрлі міндеттерін қамтамасыз ету үшін желілік және компьютерлік технологиялардың бүкіл кешенін қамтитын, деректер кез-келген платформадан, құрылғылардан және интерфейстерден қолжетімді болатын және цифрлық білім беру ресурстары кеңінен қолданылатын ақпараттық жүйелердің ашық жиынтығын білдіреді. Цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет – болашақ педагог-психологтердің цифрлық білімдік ортада коммуникация құралдарын тиімді пайдалану, коммуникация модельдері негізінде сапалы қарым-қатынасты құру, ақпаратты сыни тұрғыдан талдау және цифрлық коммуникациядағы сөйлеу және хабарламаны сауатты жазу мәдениеті мен этикет ережелерін қамтитын білімдер мен іскерліктердің жиынтығы болып табылады. 2. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі – мақсатты, ресурстық, әдіснамалық, мазмұндық, процессуальдық және нәтижелік-бағалаушы компоненттерден, жүйелік-іс-әрекеттік, мәдениеттанымдық, құзыреттілік, тұлғалық бағдарлы, аксиологиялық және ақпараттық әдіснамалық тұғырлар мен қағидаларынан, педагогикалық үдерістің құрамалары: мазмұн, формалар, әдістер, құралдарға негізделген, зерттеліп отырған сапаның деңгейін анықтайтын критерийлер, әдістер мен әрекеттер жиынтығынан тұратын біртұтас құрылым. 3. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың кешенді әдістемесі – «Цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет пен этикет» элективті оқу курсының мазмұнын, «Медиапедагогика» пәнінің мазмұнын толықтыруға арналған «Цифрлық білімдік ортада тиімді коммуникация жасаудың теориялары мен тәжірибелері» оқу модулін, «Цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық: конфликтіні диалогқа алмастыру техникасы» атты кейстер, ойындар мен жаттығулардан құралған тренинг бағдарламасының мазмұнын, коммуникация модельдері негізінде сапалы қарым-қатынасты құру, ақпаратты сыни талдау және М.Б. Розенбергтің NVC әдісі негізінде хабарламаны құру іскерлігін қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмаларды, «Оn-line community» форматында өтетін сабақтар мен іс-шараларға, «Электронды пошта мен мессенджерлерге» және «Әлеуметтік желілерге» арналған коммуникативтік мәдениет пен этикет ережелерін қамтитын кешенді құрылым. 4. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен кешенді әдістемесінің тиімділігін көрсететін тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу жұмысы барысында келесідей нәтижелерге қол жеткіздік: Бірінші міндеттің негізінде, цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың ғылыми негіздері талданып, «цифрлық білімдік орта» түсінігінің генезисі мен мәндік сипаттамасы отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері негізінде нақтыланды. Цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет мәселесін зерттеудің теориялық алғышарттары мен мазмұндық құрылымын талдай отырып, «цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет» түсінігіне авторлық анықтама берілді. Цифрлық білімдік ортадағы коммуникацияның техникалық, психологиялық және когнитивтік ерекшеліктері талданды. Зерттеу жұмысының екінші міндетін шешуде, цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың мақсатты, ресурстық, әдіснамалық, мазмұндық, процессуальдық және нәтижелік-бағалаушы компоненттерінен құралған құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды. Модель болашақ педагог-психологтердің цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет туралы теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін қамтамасыз ету және жоғары оқу орнының цифрлық білімдік ортасында коммуникативтік мәдениет пен этикетті қалыптастыруға бағытталған тәжірибе алаңын ұйымдастыруға негізделді. Үшінші міндеттің нәтижесі ретінде цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың кешенді әдістемесі дайындалып, оның негізінде: «Цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет пен этикет» элективті оқу курсының тақырыптық жоспары, «Медиапедагогика» пәнінің мазмұнын толықтыруға арналған «Цифрлық білімдік ортада тиімді коммуникация жасаудың теориялары мен тәжірибелері» оқу модулінің мазмұны, «Цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық: конфликтіні диалогқа алмастыру техникасы» атты кейстер, ойындар мен жаттығулардан құралған тренинг бағдарламасының мазмұны, коммуникация модельдері негізінде сапалы қарым-қатынасты құру, ақпаратты сыни талдау және М.Б.Розенбергтің NVC әдісі негізінде хабарламаны құру іскерлігін қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалар ұсынылды және «Оn-line community» форматында өтетін сабақтар мен іс-шараларға, «Электронды пошта мен мессенджерлерге» және «Әлеуметтік желілерге» арналған коммуникативтік мәдениет пен этикет ережелері нақтыланды. Төртінші міндеттің нәтижесі ретінде цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен әдістемесінің тиімділігін көрсететін тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелері ұсынылды. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетінің қалыптасу критерийлері: мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік-іс-әрекеттік, мінез-құлықтық-рефлексиялық және жоғары, жеткілікті және төмен деңгейлер арқылы бағаланды. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері бойынша ғылыми болжамды дәлелдейтін тұжырымдар, ұсыныстар және зерттеу пәні бойынша зерттеу жұмыстарының болашақтағы бағыттары берілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: 1. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды. 2. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың мақсатты, ресурстық, әдіснамалық, мазмұндық, процессуальдық және нәтижелік-бағалаушы компоненттерінен құралған құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. 3. Цифрлық білімдік ортада болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың кешенді әдістемесі дайындалды. 4. Болашақ педагог-психологтердің коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың моделі мен кешенді әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 1. «Цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениет пен этикет» элективті оқу курсының силлабусы әзірленіп, «Медиапедагогика» пәнінің мазмұны «Цифрлық білімдік ортада тиімді коммуникация жасаудың теориялары мен тәжірибелері» оқу модулінің тақырыптарымен толықтырылды. 2. «Цифрлық білімдік ортадағы қауіпсіз мінез-құлық: конфликтіні диалогқа алмастыру техникасы» атты кейстер, ойындар мен жаттығулардан құралған онлайн тренингтер бағдарламасының мазмұны дайындалды. 3. «Оn-line community» форматында өтетін сабақтар мен іс-шараларға (Microsoft Teams, Zoom және т.б); «Электронды пошта мен мессенджерлерге» (Mail.ru, Gmail, WhatsApp, Telegram т.б) және «Әлеуметтік желілерге» (университеттің немесе кафедраның ресми Instagram, Facebook парақшасына, оқытушының желідегі ресми парақшасына комментарий жазу т.б.) арналған коммуникативтік мәдениет пен этикет ережелері нақтыланды. 4. 2023-2025 жылдарға арналған AP19679344 «ЖОО-да оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу» тақырыбындағы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы аясында (жобаның ғылыми жетекшісі, профессор Сейітқазы П.Б.) осы зерттеу жұмысының авторының қатысуымен желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикет бойынша терминологиялық сөздік пен оқу-әдістемелік құрал жарық көрді: - Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикет бойынша терминологиялық сөздік. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2023. – 137 б. - «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Мастер ПО» баспасы, 2024. – 111 б. 5. Сонымен қатар, ЖОО-ның білім алушылары мен оқытушыларының желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыруға бағытталған https://digitaletiquette.kz/ сайты құрылып, сайттың «Жаңалықтар», «Зерттеулер» және «Ғылыми мақалалар» рубрикасында диссертация мазмұнына сәйкес тың мәліметтер жарық көріп, ғылыми қауымға таныстырылды. Зерттеудің бұл практикалық нәтижелерін жоғары және арнаулы оқу орындары тәжірибесінде, педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары мен кәсіптік білім беру ұйымдарында пайдалану білім алушылардың цифрлық білімдік ортадағы коммуникативтік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы барысында жарық көретін ғылыми еңбектер барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін пайдалы болады. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Диссертация жұмысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдық құжаттары мен мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған басым бағыттарға сәйкес келеді. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының №319-ІІІ «Білім туралы» Заңы; 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары; Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыс 8D01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының төлқұжатына толық сәйкес келеді. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері мен ғылыми нәтижелері осы білім беру бағдарламасының негізгі бағыттарын қамтиды. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы Диссертацияның зерттеу нәтижелері бойынша 1 терминологиялық жинақ, 1 оқу-әдістемелік құрал, 15 ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда – 3, Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін шет елдік басылымында – 4, Ресейдің ғылыми дәйексөз индексіне кіретін конференция жинағында – 1, халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ғылыми семинарлар мен шетелдік журналдарда – 7 мақала жарық көрді. 1. Желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикет бойынша терминологиялық сөздік. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2023. – 137 б. - Терминологиялық сөздік бойынша докторант желілік коммуникативтік мәдениет және цифрлық этикетке қатысты қолданылатын ұғымдарға отандық, алыс және жақын шетел ғалымдары тарапынан берілген анықтамалар мен түсіндірмелерді жинақтады. 2. «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениет» оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Мастер ПО» баспасы, 2024. – 111 б. - Оқу-әдістемелік құралында жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетіне қатысты маңызды теориялық және тәжірибелік материалдар жинақталды. - Докторант оқу-әдістемелік құралдың «Цифрлық этика және желілік коммуникативтік мәдениеттің теориялық аспектілері» бөлімін дербес орындап, тұлғааралық, топаралық коммуникация формалары мен қағидаларына және ЖОО-да желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті қалыптастырудың ерекшеліктеріне талдау жасады. 3. Adaptation of students to professional activity through innovative technologies // World Journal on Educational Technology: Current Issues. – 2021. – Vol. 13, Issue 4. – P. 1102-1123. - Covid-19 пандемиясы кезіндегі педагогтер мен студенттердің инновациялық технологиялар негізінде кәсіби қызметке бейімделу деңгейін анықтауға және қашықтықтан оқыту үдерісінің мүмкіндіктерін талдауға бағытталды. - Мақаланың тақырыбы мен өзектілігі, әдістемесі авторлық ұжыммен негізделіп, оның мәтінінің жазылуын докторант жеке жүзеге асырды. 4. Formation of Students’ Media Culture in the Conditions of Digitalization of Education in Kazakhstan // Environmental Footprints and Eco-Design of Products and Processes. – Switzerland, 2023. - P. 385-395. - Қазақстандағы цифрлық үдерістерді мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асырудың және педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламасына медиамәдениет пен медиабілімді арттыруға бағытталған міндетті және элективті оқу курстарын ендірудің тиімділігіне баға берілді. - Докторант мақаланы авторлық ұжыммен келісе отырып, дербес орындады және зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Интеграция ESG-принципов в практику: передовой опыт и системный научный взгляд» (Пятигорск, 2023) конференциясында баяндама жасады. 5. Innovative teaching technologies in higher education: efficiency and student motivation // Cogent Education, 2024. – Vol. 11, Iss. 1. 2425205. - Инновациялық оқыту технологиялары интеграциясының білім беру үдерісінің тиімділігіне әсерін зерттеу нәтижесінде, интеграцияланған оқыту әдістері (видео лекциялар, мультимедиялық презентациялар және әлеуметтік медиа) студенттердің оқу үлгерімі мен мотивациясына оң әсер ететіні дәлелденді. - Докторант дереккөздерді талдауды, зерттеу аясында алынған нәтижелерді сандық және сапалық жағынан өңдеуді жүзеге асырды. 6. Examination Of the Scientific and Methodological Foundations of The Formation of Network Communication Culture and Digital Etiquette of Faculty Members at The University // Journal of Posthumanism, 2025. – Vol. 5, No.1. - P. 182-189. - ЖОО оқытушыларының желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін және оның демографиялық сипаттамалар мен физикалық белсенділік деңгейімен байланысын зерделеуге арналды. - Докторант мәселенің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтауға, сауалнамаларды жүргізуге және алынған нәтижелерді өңдеуге қатысты. 7. Цифрлық білімдік ортада студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу ерекшеліктері // Қарағанды университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2021. – №2(102). – Б. 18-26. - Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында қашықтықтан жəне дəстүрлі формада білім алатын студенттердің оқу мотивациясының қалыптасу деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізілді. 8. Кәсіптік білім беруді цифрландыру бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың басты шарты ретінде // Қарағанды университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2022. – №3(107). – Б. 53-63. - Жоғары білім беру саласын цифрландырудың қазақстандық тәжірибесімен байланысты ғылыми еңбектерді сараптау, мәліметтерді салыстыру және алынған нәтижелерді талдау негізінде кәсіптік білім беруді цифрландыруға қатысты қорытындылар мен ұсыныстар жасалды. 9. ЖОО-да болашақ мамандардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастырудың факторлары // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. – 2022. – №2(139). – Б. 142-152. - Цифрлық сауаттылық, цифрлық құзыреттілік және үздіксіз түрде білім алудың кәсіби қызметтегі маңыздылығы айшықталып, оның тиімді қалыптасуы үшін ескерілуі тиіс сыртқы және ішкі факторлар талданды. 10. Цифрлық білімдік ортада болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері // «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері»: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана, 2020. – Б. 130-133. - Цифрлық білімдік ортада болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың ерекшеліктері мен оларға қойылатын жаңа талаптар қарастырылды. 11. Human capital in the digital world of Kazakhstan // Человеческий капитал как фактор социальной безопасности: сборник материалов международной научно-практической конференции. – Екатеринбург: УрГПУ, 2022. – С. 271-274. - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағытының бірі ретінде адами капиталды дамыту және цифрлық ресурстардың білім берудегі маңыздылығы төңірегіндегі мәселелер көтерілді. 12. Цифрлық білімдік ортада кәсіби маман даярлау ерекшеліктері // «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2021» cтуденттер мен жас ғалымдардың XVI Халықаралық ғылыми конференциясы. – Астана, 2021. – Б. 4958-4961. - Білім беру мен ғылымдағы цифрландырудың жаңа трендтеріне сипаттама беріліп, кәсіби маман даярлау үдерісінде қолданылатын техникалық, білім беру және үдерісті басқару ресурстарына талдау жасалды. 13. Цифрлық ортада болашақ мамандардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудың мәні мен маңыздылығы // «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2022» cтуденттер мен жас ғалымдардың XVIІ Халықаралық ғылыми конференциясы. – Астана, 2022. – Б. 4830-4834. - Цифрлық білімдік орта онлайн, аралас формада үздіксіз білім алуға мүмкіндік беретін кеңістік ретінде айқындалып, коммуникативтік мәдениеттің сөйлеу, ойлау және сезім мәдениеті компоненттері қарастырылды. 14. Жоғары білім беруді цифрландыру: трендтер және олардың ерекшеліктері // Заманауи қоғам және педагогикалық білім беру: тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Астана, 2022. – Б. 191-196. - Жоғары білім беруді цифрландырудың аралас оқыту, онлайн-білім беруді дамыту, виртуалды білім беру ортасын құру және білім беру ұйымдарын басқару тәсілдерін өзгерту трендтерінің өзара байланысы мен ерекшеліктері талданды. 15. Желілік коммуникативтік мәдениет кибербуллингтің алдын-алудың алғышарты ретінде // Білім беру ұйымдарында буллинг және кибербуллингтің алдын алу: теория және тәжірибе: халықаралық ғылыми семинар жинағы. – Астана, 2023. – Б. 119-124. - Кибербуллингтің алдын-алудың алғышартының бірі ретінде желілік коммуникативтік мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына, кибербуллингке қатысушылардың психологиялық бейнесі мен буллингтік әрекетке бару себептері, көріну формалары мен салдарына талдау жасалды. 16. Motivation of students in the digital educational environment // Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2023. – Б. 640-645. - Цифрлық білімдік ортада студенттердің оқу мотивациясына ықпал ететін педагогикалық және психологиялық факторлар талданып, жүргізілген зерттеу жұмысының сандық және сапалық нәтижелері ұсынылды. 17. Цифрлық этикет: әлеуметтік-желілік кеңістіктегі қарым-қатынас ережелері // Әлеуметтік педагогтің қазіргі қоғамдағы рөлі: балабақша- мектеп-колледж-жоғары оқу орны және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық мәселелер: халықаралық кәсіби-педагогикалық форум материалдар жинағы. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2023. – Б. 357-360. - Виртуалды тұлғааралық қарым-қатынасты реттеуге бағытталған шетелдік және отандық зерттеу жұмыстарының нәтижелері талданып, цифрлық этикет бойынша әлеуметтік-желілік кеңістіктегі (Facebook, ВКонтакте, Instagram, Telegram, WhatsApp) қарым-қатынас ережелері қарастырылды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/oQJPnE6vZCI
