
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Балтабаева Жәният Байжұманқызы «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «Әлеуметтік - педагогикалық білім берудегі менеджментті дамытудың ғылыми негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Ағанина Құндыз Жамиевна – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Атабекова Бақтыгүл Ботабекқызы – философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Сармурзин Ербол Жанбырбайұлы – философия докторы (PhD), академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің стратегиялық даму жөніндегі проректоры (Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы);
Дүйсенбаева Ардақ Төлеуқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Орта білім беру мазмұны институтының «Дидактика» зертханасының меңгерушісі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (Астана қ., Қазақстан Республикасы); (Л.Н.Гумилев атындағы ЕУҰ «8D011-Педагогика және психология», «8D018-Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты «6D010300-Педагогика және психология», «6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «8D01103-Педагогика және психология, «8D01823-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңесінің шешімімен Жумыкбаева Акмарал Кажигумаровна – философия докторы (PhD), «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ сапаны бағалау департаментінің директоры орнына (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы), 2025 жылы 22 мамыр №59 хаттама);
Хасан Арслан – философия докторы (PhD), профессор, Чанаккале Онсекіз Март университеті (Чанаккале қаласы, Түркия Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Абибулаева Айжан Будановна – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Педагогика кафедрасының профессоры (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Карабалаева Гульмира Таштановна - педагогика ғылымдарының докторы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 20 маусым, сағат 14:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша «8D018 – Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3M7op5
Мекен-жайы: Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, 106 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): Балтабаева Жәният Байжұманқызының 6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға ұсынылған «Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамытудың ғылыми негіздері» диссертациялық жұмысы Мақсаты: Диссертациялық зерттеудің мақсаты – әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамытудың стратегиясы моделінің тиімділігін теориялық тұрғыда негіздеу және тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу объектісі – әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту үдерісі. Зерттеу пәні – осы стратегияны дамытудың ғылыми негіздері. Зерттеу міндеттері: • «менеджмент», «басқару», «стратегия», «әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджмент стратегиясы» негізгі ұғымдарының мәнін сипаттау; • әлеуметтік-педагогикалық білім берудің негізі ретінде жоғары білімдегі стратегиялық басқарудың ерекшеліктерін ашу; • әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту стратегиясының факторлары мен жағдайларын негіздеу; • «Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту стратегиясының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу моделі» жобасын жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеу әдістері: педагогтар мен әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау тәжірибесін зерттеу, басқару технологиялары бойынша шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені жүйелі зерттеу, әдеби, ғылыми, нормативтік және статистикалық материалдарды теориялық талдау, басқарушылық ақпаратты өңдеу және талдау әдістері, жіктеу және кластерлік талдау, салыстыру, ұқсастық және жалпылау әдістері, стратегиялық талдау әдістері: SPSS бағдарламасы. Негізгі қағидалар (дәлелденген ғылыми гипотезалар мен жаңа білімдер): 1. «менеджмент», «басқару», «стратегия», «әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджмент стратегиясы» ұғымдарының мәні қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы әлеуметтік-педагогикалық білімді ғылыми ақпаратқа айналдыру арқылы университеттің идеясы мен басқарушылық ұстанымдарын нақтылатындай коммуникативтік мүмкіндіктерін кеңейтеді. Басқару нысаны ретінде бүгінгі күні білім беру мазмұны – динамикасы, дамуының белгісіздігі, өзгерістердің болжанбауы және болашақ жағдайлардың алдын ала анықталмауы секілді жаңа сипаттарға ие. Бұл жағдайларда білім беру мазмұны әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамытуға бағытталады. 2. Жоғары білім беру жүйесіндегі менеджмент стратегиясының ерекшеліктері – университеттік басқару стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруда ескерілуі тиіс. Бұл ерекшеліктерге әлеуметтік-мәдени дамудың спецификасы, оның динамикасы, білімнің қайта құрылуы, оның демократиялануы мен коммуникативтік сипаты жатады. Олар білім беру мазмұнын басқарудың жаңа парадигмасын – диалогтық эпистемология және белсенді, бейсызық білімді басқару қағидаттары негізіндегі басқару ретінде түсінуге ықпал етеді. Университеттің дәстүрлі білім беру функциясы ғылыми-зерттеу мен цифрландыру бағытына ауысады. 3. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту стратегиясының факторлары мен жағдайлары, мазмұны, нысандары, әдістері мен технологиялары негізделген. Білім беру үдерісінің субъектілері арасындағы өзара әрекеттестік, білім беру үдерісін және адами ресурстарды басқару механизмдері жұмыс берушілердің талаптарына және еңбек нарығына сәйкес ұйымдастырылған. 4. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту стратегиясының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуінің теориялық негіздері мен моделі әзірленді. Мұнда заманауи университет үшін барабар басқару стратегиясы ретінде когнитивтік менеджмент ұсынылады. Когнитивтік менеджмент – бұл білім мен ақпарат қозғалысын ұйымдастыру арқылы басқару, оның құрылымдық және ішкіуниверситеттік үдерістер моделіне арналған ғылыми құралдарды таңдау негізінде жүзеге асады және оның негізінде ғылыми-басқарушылық серіктестік мәдениеті жатады. Зерттеудің негізгі нәтижелері: • Негізгі ұғымдардың теориялық негізделуі: әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі «менеджмент», «басқару», «стратегия», «стратегиялық менеджмент» ұғымдары әлеуметтік-мәдени және жаһандық өзгерістерді ескере отырып негізделді. • Әдіснамалық база: жеке тұлғаға бағытталған, әрекеттік, герменевтикалық, әлеуметтік-мәдени және когнитивтік тәсілдер негізінде басқару үдерісін ғылыми сүйемелдеудің стратегиясы қалыптастырылды. • ӘСПБ дамыту стратегиясына әсер ететін факторлар мен жағдайлар жүйелендірілді: әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер, цифрландыру, еңбек нарығының талаптары, білім беру саясаты, ұйымдық-құқықтық және инфрақұрылымдық аспектілер. • Теориялық модель әзірленіп, апробациядан өтті: әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі менеджментті дамыту стратегиясының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу моделі білім беру ортасының ерекшеліктерін, серіктестік және өзара әрекеттестік қағидаттарын, басқару қызметіне қойылатын заманауи талаптарды ескереді. • Модельдің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы дәлелденді: ғылыми негізделген басқару стратегиясын енгізу білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, басқарушы кадрлардың құзыреттілігін және оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: әзірленген модель мен ұсыныстар жоғары оқу орындары, біліктілікті арттыру орталықтары, білім беру реформаларын әзірлеу мен жүзеге асыру аясында қолданылуы мүмкін. Рецензияланған ғылыми журналдардағы жарияланымдар: 1. A qualitative inquiry of the pedagogical tolerance qualities of heads in higher education institutions. Cogent Education (Scopus), 2025 ж. жарияланған Докторанттың үлесі: • Идеяны қалыптастыру: Қазақстан жоғары оқу орындары басшыларының педагогикалық төзімділігін зерттеу идеясы ұсынылды. • Әдістеме және деректер жинау: Сапалық зерттеу ұйымдастырылып, сұхбаттар мен бақылаулар арқылы деректер жиналды. • Талдау: Жиналған мәліметтерге тақырыптық талдау және кодтау әдістері қолданылып, педагогикалық төзімділіктің негізгі аспектілері анықталды. • Түсіндіру және жазу: Зерттеу нәтижелері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі контекстінде түсіндіріліп, басшылардың педагогикалық төзімділігі мен оқу процесінің сапасы арасындағы байланыс көрсетілді. 2. Terminology of such concepts as «strategy», «strategic management» and «strategic planning». Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, 2021 ж. Докторанттың үлесі: • Идеяны қалыптастыру: Стратегиялық басқару ұғымдарын жүйелеу және нақтылау идеясы ұсынылды. • Деректер жинау және талдау: Қазақстандық және халықаралық тәжірибеге негізделген ғылыми әдебиеттер, нормативтік құжаттар мен стратегиялық бағдарламалар зерттелді. • Салыстырмалы талдау: Негізгі ұғымдардың әртүрлі түсіндірмелері салыстырылып, олардың ортақ және ерекшеленетін белгілері анықталды. Заманауи талаптарға сәйкес нақты анықтамалар ұсынылды. • Контекстпен байланыс: Теориялық аспектілер мен Қазақстан білім беру жүйесінің практикалық қажеттіліктері арасында байланыс орнатылды. • Мақаланы жазу: Алынған қорытындылар мен ұсыныстар әлеуметтік педагогтар үшін әзірленіп, ғылыми мақала түрінде рәсімделді. 3. The impact of success factors on the strategic management in an educational complex. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, 2020 ж. Докторанттың үлесі: • Идеяны қалыптастыру: Қазақстандағы білім беру кешендеріндегі стратегиялық басқаруға табыс факторларының әсерін зерттеу идеясы ұсынылды. • Анализ: Ғылыми әдебиет талданып, тиімді стратегиялық басқаруға ықпал ететін негізгі факторлар анықталды. Ұғымдарға қазіргі талаптарға сай нақты анықтамалар берілді. • Мақаланы дайындау: Зерттеу нәтижелері ғылыми мақала ретінде дайындалып, жарияланды. 4. Transformations In The Educational System: The Management System At The Educational Organizations. М.Өтемісов атындағы БҚУ, 2020 ж. Докторанттың үлесі: • Талдау жұмысы: Білім беру ұйымдарын басқарудың әртүрлі модельдері салыстырылып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. • Тиімділік бағасы: Басқарудың жаңа тәсілдерін енгізудің тиімділігі талданды. • Мақаланы жазу: Зерттеу нәтижелерін көрсететін ғылыми мақала дайындалып, жарияланды. Халықаралық ғылыми конференциялар: 1. The definition of the term strategic management in the education system of the Republic of Kazakhstan. Түркия, 2019 ж. Докторанттың үлесі: Эмпирикалық деректер негізінде баяндама дайындалып, Қазақстан білім беру жүйесіндегі стратегиялық басқарудың маңыздылығы көрсетілді. 2. Strategic management as a key factor to improve the quality of education: Kazakhstani case study. Польша, 2019 ж. Докторанттың үлесі: Стратегиялық басқаруға қатысты түрлі тәсілдер салыстырылып, олардың ортақ және ерекшеленетін белгілері анықталды, қазақстандық жағдайға бейімделген ұсыныстар ұсынылды. 3. The impact of success factors on the strategic management in an educational complex. Бразилия, 2020 ж. Докторанттың үлесі: Білім беру ұйымдарындағы стратегиялық басқаруға әсер ететін табыс факторларын зерттеу идеясы ұсынылды. Қазақстандық контекске ерекше назар аударылып, негізгі факторлар анықталды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=qOssiaSIW4s
