
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ділдабек Ақерке Қошқарқызы «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Мухамедиева Қымбатша Мәуленқызы – философия докторы (PhD), Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы);
Сембаев Талгат Мухаметканович – философия докторы (PhD), Astana IT University-нің ассистент-профессоры (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Аламинов Муратбай Хайтбаевич – философия докторы (PhD), Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының «Нақты ғылымдар» факультеті, «Цифрлық технологиялар, информатика және робототехника» кафедрасының доценті (Нукус қаласы, Өзбекстан Республикасы);
Тажигулова Альмира Избасаровна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының академигі, «Ғылыми ақпараттандыру орталығы» ЖШС директоры (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
Хамзина Ботагоз Еркеновна – педагогика ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «Физика және химия» кафедрасының доценті (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Ермаганбетова Мадина Аскаровна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Чайко Елена – техника ғылымдарының докторы (Dr. sc. ing.), профессор, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті, Рига техникалық университеті (Рига қаласы, Латвия Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 24 қазан, сағат 10:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://surli.cc/ijyxee
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің өзектілігі: Технологиялардың қарқынды дамуы, әсіресе SMART-технологиялардың әртүрлі салаларға интеграциясы біздің өмір сүру салтымызды, жұмыс істеу және оқыту тәсілімізді түбегейлі өзгертті. Бұл технологиялық өзгерістер қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын білім беру жүйесін қайта қарау және жаңғырту қажеттілігін талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Осылайша жұмысшы мамандықтарын дәріптеумен қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деп ашық көрсетті. Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыттардың бірі білім беру индустриясы. Сапалы білім болу үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет» екенін айтқан болатын. Қазақстант Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіби білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуін қамтамасыз ететін кредиттік және модульдік жүйелерді қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын енгізу мен тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетеді. Қазіргі жоғары білім беруде әртүрлі профильдегі мамандарды кәсіби даярлаудағы практикалық компонентті күшейту міндеті өзекті бола түсуде. Бұл мәселені жоғары оқу орындары деңгейінде шешу болашақ мамандарды даярлаудың оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу есебінен мүмкін болады. Тренингтер, практикум, топтық жұмыс, жобалау әдістері және ситуациялық тапсырма сияқты оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін тиімді енгізу және белсенді қолдану жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, түлектерді даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді. Зерттеушілер практикалық-бағытталған тәсіл білім алушылардың зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруға, танымдық қызығушылықтарын, өзін-өзі көрсету және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың кәсіби мәртебесін арттыруға және оқу материалын нақты жағдайларға жақындатуға ықпал ететінін көрсетеді. Зерттеудің қарама-қайшылықтары SMART-технологиялардың мазмұны мен олардың білім беру процесіндегі қолданылу мүмкіндіктері ғылыми еңбектерде қарастырылғанымен, болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуға арналған арнайы әдістемелік зерттеулердің жеткіліксіздігімен сипатталады. Сондай-ақ, практикалық-бағытталған тәсілдің кәсіби құзыреттерді қалыптастырудағы тиімділігі дәлелденгенімен оны SMART-технологиялар бойынша оқытуда іске асырудың теориялық негіздері мен практикалық мазмұны толық ашылмаған. Бұдан бөлек, білім алушыларды нақты өмірлік жағдайларда кездесетін кәсіби тапсырмаларды шешуге даярлау қажеттілігі артып отырғанымен, мұндай дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар жүйесінің жетіспейтіні байқалады. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда білім алушылардың кәсіби құзыреттерін практикалық-бағытталған тәсіл негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен осы бағыттағы әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі арасындағы алшақтықты жою мәселесі, диссертациялық зерттеу тақырыбын «Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі» деп таңдауымызға себеп болды. Зерттеудің мақсаты: болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі теориясын және оқу процесіне енгізудің әдістемесін негіздеу. Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау процесі. Зерттеудің пәні: болашақ информатика мұғалімдерін SMART- технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыру. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ информатика мұғалімдерін даярлау барысында SMART-технологияларды оқыту практикалық-бағытталған тәсіл негізінде ұйымдастырылса, онда білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру тиімділігі артады, өйткені бұл тәсіл теориялық білім мен практикалық дағдылардың байланысын қамтамасыз етудің тиімді жолы болып табылады. Зерттеудің міндеттері: – жоғары оқу орындарында SMART-технологиялардың қолданылуының негізгі сипаттамалары, оқытудың жағдайын талдау; – болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілдің әдістері мен принциптерін анықтау; – болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілінің моделін құру; – болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыруға арналған тақырыптық мазмұнды анықтау; – SMART-технологиялар бойынша болашақ информатика мұғалімдерін оқытудың практикалық-бағытталған оқу-әдістемелік қамтамасын және ақпараттық білім беру жүйесін әзірлеу; – болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілін оқу процесіне енгізудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүргізу, алынған нәтижелерді талдау. Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін даярлау шеңберінде SMART-технологияларды оқыту процесінде практикалық-бағытталған тәсілді қолдану теориялық түрде ғана емес, білімді тәжірибеде тиімді қолдануға ықпал ете отырып, білім алушыларға әртүрлі әдістермен практикалық-бағытталған тапсырмаларды шешу дағдыларын игеруге және шығармашылық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кәсіби қызыметте қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарты, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми әдебиеттер мен жарияланымдарды талдау болды. Сонымен қатар, болашақ педагогтерді даярлауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, SMART-технологиялар бойынша ғылыми, практикалық-бағытталған тәсіл және оны жүзеге асыру әдіснамасы, дидактикасы, практикалық-бағытталған тәсілдің принциптері, практикалық-бағытталған тапсырмаларды құру және шешу әдіснамасы, педагогикалық модельге байланысты ғылыми жарияланымдар құрады. Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстант Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттары, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы бұйрығы, білім беру саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер, SMART-технологиялар және практикалық-бағытталған тәсіл зерттелген ғылыми мақалалар мен диссертациялық зерттеулер, отандық және шетелдік әдеби дереккөздер мен ақпараттық онлайн web-ресурстар. Зерттеудің әдістері: Теориялық – зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік және отандық ғылыми әдеби дереккөздерді талдау және салыстыру, педагогика, қолданбалы пәндерді оқыту әдістемесі, SMART-технологиялар ұғымын зерттеу, білім беру бағдарламаларын талдау, SMART-технологияларды практикалық-бағытталған тәсіл негізінде оқытуды педагогикалық модельдеу, практикалық-бағытталған тәсілді іске асыру әдістері, практикалық тапсырмалардың құрылымын және аппараттық, бағдарламалық жасақтамаларды таңдау. Эмпирикалық – білім алушылардың білім деңгейін, SMART-технологиялар бойынша іскерліктері мен дағдыларын бағалау үшін педагогикалық бақылау, тест, сауалнама және сұқбат жүргізу, білім алушылардың эксперименттік жұмысты жүргізгенге дейінгі және одан кейінгі нәтижелерімен жетілдірілген білімнің, қалыптасқан іскерліктің және дағдылардың болжамын тексеру, білім деңгейлерін айқындау. Статистикалық – практикалық-бағытталған тәсілдің тиімділігін бағалауда алынған нәтижелерді өңдеу және түсіндіру үшін математикалық статистика әдістерін қолдана отырып деректерді талдау, қалыптасу динамикасын нақтылау, қорытындылау. Зерттеудің базасы: Астана қаласы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, Павлодар қаласы «Toraighyrov University» КеАҚ. Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезең (2021-2022 жж.) – теориялық ізденушілік кезең және эксперименттің айқындаушы кезеңі. Бұл кезеңде зерттеу тақырыбы «Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі» болып тұжырымдалды. Тақырыпқа сәйкес зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, болжамы және негізгі идеясы анықталды. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге, сондай-ақ SMART-технологиялар, педагогикалық тәсіл және әдіс, практикалық-бағытталған тәсіл бойынша ғылыми еңбектер сараланды, онлайн ресурстарға талдау жүргізілді. Педагогикалық экспериментке арналған сауалнама сұрақтары, деректерді жинау құралдары әзірленді және эксперимент жүргізу орындары анықталды. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді қолданудың педагогикалық моделі ұсынылды. Екінші кезең (2022-2023 жж.)– қалыптастырушы кезең. Зерттеу жұмысына қойылған мақсат, міндеттерге сәйкес болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді қолданудың және іске асырудың педагогикалық моделі тексерілді, сынақтан өткізілді. «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсы және оның практикалық-бағытталған тапсырмалар мазмұны, оқу-әдістемелік қамтамасы дайындалып, білім алушылардың тәжірибелік білімі мен кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға әсерін бағалау үшін педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қоса «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсының оқу материалдарының сақталуын және білім алушылардың жұмысын қолдауды қамтамасыз ететін авторлық «SmartNexus» ақпараттық білім беру жүйесі әзірленді . Үшінші кезең (2023-2024 жж.) – қорытынды кезең. Соңғы кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша математикалық статистика әдістерін қолдана отырып, педагогикалық эксперимент барысында алынған деректерді өңдеу, салыстыру және талдау, зерттеу болжамын тексеру және тұжырымдау жүргізілді. Сандық деректер үшін Стьюденттің t-критерийлері және ұсынылған тәсілдің тиімділігін растауға мүмкіндік беретін сапалық деректер үшін Пирсонның x2 критерийі қолданылып қойылған болжам дәлелденді. Алынған деректер сараланып, қорытындыланды. Белгіленген талаптарға сәйкес диссертацияны рәсімдеу жұмыстары атқарылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 1. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілдің әдістері мен принциптері анықталып, ғылыми негізделді. 2. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілінің моделі құрылып, мазмұндық блоктары айқындалды. 3. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыруға арналған тақырыптық мазмұны құрылып, оқу процесінде жүзеге асырылды. 4. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуға арналған «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсы, оның оқу-әдістемелік қамтамасы мен оқу құралы және «SmartNexus» ақпараттық білім беру жүйесі әзірленді. 5. SMART-технологияларды практикалық-бағытталған тәсіл негізінде оқытудың тиімділігі педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының оң нәтижелері арқылы дәлелденіп, талданды. Зерттеудің теориялық мәні: 1. SMART-технологиялардың негізгі сипаттамалары анықталып, ғылыми әдебиеттер негізінде құрылымдалды және жоғары оқу орындарында SMART-технологияларды оқыту тәжірибесінің жағдайына талдау жасалды. 2. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілдің әдістері мен принциптері анықталды. 3. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталан тәсілдің моделі құрылды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 1. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыруға арналған тақырыптық мазмұн анықталды. 2. SMART-технологиялар бойынша оқытуда «6В01511-Информатика» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсының оқу-әдістемелік қамтамасы дайындалды. 3. «Білім берудегі SMART-технологиялар» оқу құралы жарыққа шықты. 4. «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсының практикалық-бағытталған тапсырмалар мазмұны және қолданысын кеңейту негізінде «SmartNexus» ақпараттық білім беру жүйесі әзірленді. 5. «Python бағдарламалау тілімен танысу» программасы әзірленді. (Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №37352, ЭЕМ-ге арналған бағдарлама). 6. «SMART-технологиялар онлайн платформасы» жасалды. (Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік №55423, ЭЕМ-ге арналған бағдарлама). Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: «Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бойынша шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге талдау, практикалық-бағытталған тапсырмалар мазмұнын әзірлеу, педагогикалық тәжірибелік-экспериметтік жұмыстарын жүргізу, эксперимент жұмыстарынан алынған нәтижелерді өңдеу және деректер математикалық статистика әдістерінің көмегімен расталды. Зерттеу нәтижелерінің нақтылануымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В01511-Информатика» білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін «Білім берудегі SMART-технологиялар» пәні енгізілуімен қамтамасыз етілді және жарық көрген ғылыми мақалалармен негізделді. Қорғауға ұсынылған қағидалар: 1. Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілдің әдістері мен принциптері: 1.1.1 практикалық дағдыларды қалыптастыруда жасанды интеллект элементтерін қолдану негізіндегі топтық жобалау, сыни ойлау мен талдау қабілеттерін дамытатын кейс, құбылыстарды түсіндіруге бағытталған модельдеу, стандартты емес шешімдер табуға жетелейтін проблемалық оқыту, прототиптер құрастырып, креативті ойды дамытуға бағытталған дизайн ойлау әдістері; 1.1.2 оқыту процесін интеллектуалды SMART-технологиялар мен цифрлық жүйенің жедел қолдауына сүйене отырып ұйымдастыруға арналған SMART-қолдау принципі; 1.1.3 оқу мазмұнын қарапайымнан күрделіге жүйелі түрде дамыту арқылы құзыреттіліктердің үдемелі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған прогрессивті күрделену, пәндер арасындағы интеграцияны қамтамасыз ету арқылы оқытудың әмбебаптығының модульдік және метапәндік үйлесімділігі, баламалы шешімдерді қолдануға мүмкіндік беру арқылы өзгермелі жағдайларға икемделуді қамтамасыз етуге бағытталған адаптивті шешімдер принципі; 2 Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілінің моделі. Модель келесі блоктарды қамтиды: 2.1 SMART-технологияларды оқытудағы мақсатты, зерттеуге негіз болатын нормативті-құқықты құжаттар, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын талаптарды айқындайтын нормативті-мақсаттық блок. 2.2 Практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыратын оқу мазмұнын, әдістерін, технологиялары мен оқыту формаларын қамтитын мазмұндық-әдістемелік блок. 2.3 Модельдің тиімділігін педагогикалық тәжірибеде тексеруге, білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыру деңгейін бағалауға және алынған нәтижелерді талдауға бағытталған эксперименттік-нәтижелік блок. 3 SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тапсырмалар мазмұны, оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы: 3.1 «Білім берудегі SMART-технологиялар» курсының оқу-әдістемелік қамтамасы және оқу құралы. 3.2 SMART-технологиялар бойынша оқытуда практикалық-бағытталған тәсілді оқу процесін қолдауға негізделген «SmartNexus» ақпараттық білім беру жүйесі. 4 SMART-технологияларды практикалық-бағытталған тәсіл негізінде оқытудың педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қорытынды нәтижелері. Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В01511-Информатика» және Toraighyrov University «6В06104-Computer science» білім беру бағдарламасы білім алушылары тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға қатысты. Педагогикалық тәжірибелік-экспериментке қатысқан екі топқа анықтама берілді (Қосымша А). Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6В01511-Информатика» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Білім берудегі SMART-технологиялар» пәні енгізілді. Зерттеу нәтижелерінің талқылануы мен жүзеге асырылуы: Диссертация тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар мен еңбектердің жарияланымдарында көрініс тапты, бұл жүргізілген жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігін растайды. Атап айтқанда, 1 мақала Scopus халықаралық деректер базасында жарияланды. 1. The effectiveness of a practice-oriented approach with smart technology for training future computer science teachers // Global Journal of Engineering Education (GJEE). – 2025. Vol. 27(1). Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 3 мақала жарық көрді. 1. Заманауи педагогикалық ғылыми зерттеулердегі «SMART-технологиялар» ұғымының мәнін талдау // //«Вестник НАН РК». – 2023. – Т. 403. – №. 3. – С. 45-55. 2. Prospects of using a practice oriented approach in teaching smart technologies: systematic review // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы. – 2024. – Т. 147. – №. 2. – Б. 31-41. 3. Organization of a practice-oriented approach in the study of smart technologies // Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. – 2024. – №4. – P. 22-33. Халықаралық ғылыми конференцияларда 2 мақала жарыққа шықты. 1. The role of the application of a practice-oriented approach in the training of future computer science teachers // Modern Scientific Method. – 2024. – №5. – P. 17-19. 2. A competency-based approach to practice-oriented learning in teaching smart technologies// Scientific conferences. – 2023. 3. Practice-oriented teaching of SMART technologies: development and implementation of the smartnexus platform with LLM-based code and circuit verification //Theoretical Hypotheses and Empirical Results. – 2025. – №. 11. – P. 67-71. Оқу-әдістемелік нұсқаулықтар: 1. «Python бағдарламалау тілімен танысу» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік, 21 маусым 2023 жыл, №37352. 2. «SMART технологиялар онлайн платформасы» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік, 04 наурыз 2025 жыл, №55423. 3. Білім берудегі Smart-технологиялар. Оқу құралы. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025. – 148 б. ISBN 978-601-385-108-2 Диссертация құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады. Кіріспе, үш бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар. Зерттеудің әр бөлігі логикалық тұрғыдан өзара байланысты және болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытуың практикалық-бағытталған тәсілін қолдану, енгізу мәселелерін зерттеуге кешенді көзқарасты көрсетеді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=SXKp4M4qRVY
