
«8D01511 - Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қадірбек Ақнұр диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Қадірбек Ақнұр «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Шекербекова Ширинкыз Тилеубергеновна - ғылым кандидаты, доцент
ЖАЙДАКБАЕВА ЛЯЗЗАТ КУАНДЫКОВНА - ғылым кандидаты, доцент, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Алдабергенова Айгуль Оналбековна - ғылым кандидаты, доцент, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Оқытушы-зерттеуші
Мукашева Манаргуль Умирзаковна - ғылым кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, профессор
Ғылыми кеңесшілері:
Карелхан Нурсауле – философия докторы (PhD), доцент м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасы (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Peter Schmidt – философия докторы (PhD), профессор, Братислава экономикалық университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі (Братислава қ., Словакия Республикасы).
Қорғау 2024 жылғы 19 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01511 – Информатика» мамандығы бойынша «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/vgdbin
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында «Соңғы онжылдықтарда өзекті трендке айналған өмір бойы оқыту интеллекті, құрылымдық ойлау, бейімделу және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, танысу шеңберін кеңейту, әлем туралы мүмкіндіктер мен идеялар, психикалық денсаулықты жақсарту арқылы қолданушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады» - екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - қажеттілігі айтылған. Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық, зерттеу жобасын жүргізу негізгі нұсқаулық кітабында Ричард Фейман «Біз адамзат дамуының ұшар басында тұрмыз. Проблемалармен күресуіміз негіз емес. Қолымыздан келгенінің бәрін істеп, шамамыз жеткеннің бәрін біліп, шешімдерді жетілдіріп, келер ұрпаққа аманат етуіміз керек» - деп айтқан. Қазақстан Республикасының Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» (2023 ж.) атты Қазақстан Халқына Жолдауында еліміздің орасан зор ақпараттық-телекоммуникациялық әлеуетін іске асыра білуге, яғни жаңа цифрлық дәуірде ол геосаяси маңызға ие екендігін және Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға қажетті мамандар даярлауға ерекше мән беру керектігі айтылған, ал төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты (2018 ж.) жолдауында «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты» - делінген. Жоғары оқу орындарында сапалы білім беру болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін, әлеуметтік қағидаттарын қалыптастыруға, жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес келуге және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Жоғары кәсіби білікті маманды даярлауға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалу қажет. Әлемдік дамыған елдің қатарында болу үшін геоақпараттық жүйе құрастыра алатын бәсекеге қабілетті ХХІ ғасыр талабына сай мамандарды даярлауымыз қажет. Геоақпараттық жүйе (ГАЖ) - жұмыс үстелінің кез-келген соңғы моделіне орнатылатын және географиялық координаттар сілтеме жасайтын деректерді жинауға, сақтауға, басқаруға және көрсетуге қабілетті компьютерлік жүйе Геоақпараттық жүйе - деректердің барлық түрлерін жасайтын, басқаратын, визуализациялайтын және талдайтын жүйелер. ГАЖ орналасқан жер туралы деректерді сипаттамалық ақпараттың барлық түрлерімен біріктіру арқылы картаға деректерді қосады. Бұл ғылыми мақсатта және барлық салаларда қолданылатын картаға түсіру мен талдауға негіз жасайды. ГАЖ модельдерді, қатынастарды және географиялық контексті түсінуге көмектеседі. Артықшылықтардың қатарына өзара әрекеттесу мен тиімділікті жақсарту, басқару мен шешім қабылдау сапасын жақсарту кіреді. ГАЖ нақты әлемдегі статистикалық нысандардың картографиялық көріністерін құруға және талдауға, сондай-ақ әлемде болып жатқан оқиғаларды бейнелеуге арналған заманауи технология. Геоақпараттық жүйе білім, денсаулық, құрылыс, экономика, экология, көлік, туризм, заң және т.б. салаларда пайдалануға болады. Қазіргі таңда елді мекендердің өсулеріне байланысты жергілікті жерге жетуге, уақытты үнемдеп кез-келген затқа тапсырыс беруге, туристік мәселелерді шешуге, көліктерді игеруге, жедел жәрдем қызметін алуға, қылмыстық мәселелерді шешуге және т.б. қызметтерді алуға ГАЖ-ге жүгінеді, осы процестердің барлығын күнделікті қолданамыз. Қазіргі білім беру контекстінде ГАЖ саласындағы түбегейлі өзгерістерді зерттеу және қолдану білім беру процестерінің тиімділігіне және ғылыми зерттеулердегі прогреске айтарлықтай әсер ететін маңызды аспект болып табылады. ГАЖ географиялық құбылыстарды тереңірек түсіну үшін кеңістіктік деректерді, талдауды және визуализацияны біріктіретін инновациялық технологиялар. Білім беруде ГАЖ қолдану білім алушыларға кеңістіктік ойлау, деректерді талдау және әртүрлі пәндердегі мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Геоақпараттық жүйенің білім беруде саласында да бірқатар мәселелері де бар. Негізгі мәселелердің бірі программалық жасақтама мен аппараттық құралдардың жоғары шығындарына байланысты заманауи ГАЖ технологияларына қол жетімділіктің шектеулі болуы. Білім беру мекемелері арасындағы теңсіздікті тудырады және білім алушылардың кең ауқымы үшін жоғары технологиялық құралдарға қол жеткізуді қиындатады. ГАЖ саласында құзыреті бар кадрларды даярлау қажеттілігі де туындауда. Білім беру бағдарламаларына өзекті курстарды енгізу және білім алушылардың болашақ кәсіби қызметінде ГАЖ сәтті қолдануы практикалық дайындықты қамтамасыз етеді. Осылайша, ГАЖ білім беру саласында оқыту түбегейлі өзгерістерді зерттеу, қазіргі білім беру процесінің негізгі факторы болып табылады, алайда технологиялардың қол жетімділігі мен кадрларды даярлауға байланысты мәселелер шешуді талап етеді. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтары, соның ішінде, Хейвуд Я., Корнелиус С., Карвер С.Х. «Географиялық ақпарат жүйелеріне кіріспе» оқулығы қазақ тіліне аударылды. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде ГАЖ енгізу процесі тиісті қаржыландырудың жоқтығын, жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігін, техникалық және программалық қамтамасыз етудегі қиындықтардың, сондай-ақ теориялық және әдістемелік әзірлемелердің жетіспеушілігін қамтитын бірқатар елеулі мәселелер бар. ГАЖ құруда Python программалау тілін қолданатын, деректер қорымен жұмыс істеу білім, білік, дағдысы бар, геоақпараттық жүйеде деректерді құруда кесте, сұраныс құрастыра алатын нәтижені картаға шығара алатын география мен ақпараттық технологиялар саласын меңгерген кәсіби мамандар қажет. Университеттердің әлемдік QS рейтингісі бойынша жоғары оқу орындарында геоақпараттық жүйелерді оқыту белсенді дамып келеді, бұл олардың қазіргі геоақпараттық практиканың талаптарына сәйкес оқу процесін өзектендіруге деген ұмтылысын көрсетеді және білім алушыларға осы салада жаңа білім мен дағдыларды игеруге үлкен мүмкіндік береді. Әлемдегі алдыңғы қатардағы Массачусетс технологиялық институты, Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Сингапур ұлттық университеті, Токио және т.б. университеттері әлемдегі ең көне және ең құнды ГАЖ программаларының санаулы түрлеріне ие және геоақпараттық ғылымдар мен технологиялар бойынша программалардың кең спектрін ұсынады. Сонымен қатар, онда геоинформатика және кеңістіктік талдау программаларымен танымал, ГАЖ бойынша жоғары деңгейлі программалары қамтылған және жоғары сапалы білім беруді қамтамасыздандырылған. ТМД елдеріндегі М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті, Ташкент мемлекеттік университеті, Баку мемлекеттік университеті, Беларусь мемлекеттік университеті және т.б. университеттерде геоинформатика және ГАЖ қосымшалары бойынша программаларымен танымал, геоинформатика және кеңістіктік талдау саласында білім береді, геоақпараттық технологиялар және деректерді талдау саласындағы программаларымен геоақпараттық технологияларды әртүрлі салаларда қолданумен айналысады. Қазақстан Республикасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6B07302 – Геоинформатика» бакалавр, «7M07302 – Геоинформатика» магистратура және «8D07302 – Геоинформатика» докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқытады. Білім беру бағдарламасының негізі геоинформатика саласында жоғары оқу орындарының (ЖОО) маманданған кадрлары үшін білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми- зерттеу орталықтары, өндірістік ұйымдар, ұлттық және аймақтық ГАЖ технологиялық орталықтары, мемлекеттік органдар және тиісті министрліктер сияқты әртүрлі мекемелерге бағытталған. Жоғарыда келтірілген шолуға сәйкес ГАЖ, тек осы білім беру бағдарламалары ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатқан білім алушылар үшін де қажеттілігі айқындалды. Геоақпараттық жүйеде картамен жұмыс жасайтын, жаратылыстану ғылымдар саласының мамандарына да Python программалау тілін қолданып, деректер қорымен жұмыс жасай алатын жаңа білім, білік, дағдысын үйрететін пән оқыту қажеттігі бар. Осылайша, жоғары оқу орындарында геоақпараттық жүйені оқытудың қажеттілігімен және оның тәжірибеде жетіспеушілігіндегі қарама-қайшылық, диссертациялық жұмыс тақырыбын «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды. Зерттеудің мақсаты: Жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық негіздерін анықтап, практикалық жүзеге асыру. Зерттеудің нысаны: Жоғары оқу орындарының оқу процесі. Зерттеудің пәні: Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелер тақырыптарын оқу процесіне ендірудің теориялық-практикалық негіздері анықтау және жүзеге асыру. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері қаланса, онда жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша білім алушылардың ГАЖ туралы теориялық білімдерінің деңгейі артып, практикалық жаңа білік және дағдылары жоғары дәрежеде қалыптасар еді, өйткені геоақпараттық жүйені кәсіби тұрғыда теориялық білімі қалыптасып және практикалық тұрғыда программалау тілі мен карта құруда деректер қоры мен геоақпараттық топтарды құру, басқару, элементтерді жариялау және жаңарту, күрделі визуализацияларды орындау, деректерді талдау, басқару сияқты стандартты тапсырмаларды аутоматтандырудың маңызы зор. Зерттеудің нысаны мен нәні, мақсаты мен ғылыми болжамына байланысты зерттеудің міндеттері қойылды. Зерттеудің міндеттері: - бүкіләлемдік деңгейде геоақпараттық жүйелердің жалпы қолданылуы мен жоғары оқу орындарында оқытудың жағдайларын талдау және геоақпараттық жүйелерді құрудың теориялық негіздерінің аппараттық- программалық қамтамасыздандырылуын анықтау; - жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздерінің моделін құру; - жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың оқу- әдістемелік қамтамасын жасау; - геоақпарттық жүйеде жаңа нысандарды модельдеу және картаға орналастыруды жүзеге асыру; - жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолдануды эксперимент түрде ұйымдастырып, нәтижелерін статистикалық түрде талдау. Зерттеудің жетекші идеясы: Жаратылыстану ғылымдары салаларының білім алушыларына ГАЖ туралы теориялық идеяларды, геоақпараттық жүйелерді құру және практикалық қолданумен біріктіруді зерттеу арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан Республикасының заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары, Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, педагогикалық әдістер мен жоғары білімді оңтайландыру идеялары; геоақпараттық жүйелер, геоақпараттық жүйелерді құруда программалау тілдерін қолдау, геоақпараттық жүйелерді жоғары оқу орындарында оқыту бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер және озық оқу-әдістемелік негіздер. Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, нормативтік құқықтық актілер, геоақпараттық жүйелерді оқыту бойынша отандық және шетелдік ғылыми еңбектер, білім беру веб-сайттары. Зерттеудің әдістері: Теориялық геоақпараттық жүйелер негізінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық модель, зерттеу тақырыбы бойынша программалық қамтамалардың ерекшеліктерін анықтау; Эмпирикалық сауалнама, тест, педагогикалық бақылау жүргізу, әңгімелесу, білім алушылардың білім, білік дағдысының қалыптасу деңгейінің диагностикасын тақырыптар бойынша анықтау; Статистикалық математикалық статистика әдістері арқылы расталған білім, білік және дағдыларының сипаттамаларын нақтылау. Зерттеудің базасы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезең (2020-2021) – Теориялық-ізденушілік, эксперименттің айқындаушы кезеңі. Бұл кезеңде «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық - практикалық негіздері» тақырыбы таңдалып, зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы анықталды, практикалық-эксперименттік жұмыстарды өткізу нысандары анықталды, сауалнама сұрақтары құрастырылды, қойылған міндеттерге қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, интернет ресурстарға талдаулар жасалды, геоақпараттық жүйелерді оқытуда қолдайтын оқу- ақпараттық ортасының құрылымы сараланды. Екінші кезең (2021-2022) – Қалыптастырушы кезеңде «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысының ғылыми болжамы мен міндеттеріне сәйкес, білім беру жүйесінде білім алушылардың геоақпараттық жүйе бойынша білім, білік дағдысын қалыптастырудың моделі құрылып, даярлық сапасын арттырудың негізі анықталды. «Геоақпараттық жүйе құруда Python бағдарламалау тілін қолдану» оқу құралы әзірленді, «Геоақпараттық жүйелер» тақырыбында цифрлық білім беру ресурсы және «ArcGis Pro программасында құрастырылған Астана қаласының картасы» құрастырылды. Практикалық-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, жүйеленіп және нәтижелері ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараланды. Үшінші кезең (2022-2023) – Қорытынды кезең «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері мұқият талданды. Статистикалық және математикалық талдау жүргізілді. Нөлдік және альтернативті болжам ұсынылып, болжамды тексеруде Пирсонның х2 критерийі қолданылды. Диссертацияны талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: - геоақпараттық жүйелерді құрудың теориялық негіздерінің аппараттық- программалық қамтамасыздандырылуы анықталды; - жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздерінің моделі құрылды; - жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың оқу- әдістемелік қамтамасы құрастырылды; - геоақпарттық жүйеде жаңа нысандарды модельдеу және картаға орналастыру жүзеге асырылды; - жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолдануды эксперимент түрде ұйымдастырып, статистикалық түрде талдау нәтижесі алынды. Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01524 – География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы, «6В01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6В01506 – География» білім беру бағдарламасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «6В01510 – География және тарих пәндерінің мұғалімі» білім беру бағдарламасының білім алушылары сынаққа қатысты, оқытылатын пәндерінің мазмұнына геоақпараттық жүйе тақырыптары ендірілді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жаратылыстану ғылымдары салаларында оқытылатын пәндерінің мазмұнына геоақпараттық жүйе тақырыптары ендірілді, аталған пән бойынша «Геоақпараттық жүйе құруда Python бағдарламалау тілін қолдану» атты оқу құралы әзірленді және «Геоақпараттық жүйе» цифрлық білім беру ресурсы құрастырылды оқу процесінде аппробациядан өтті. ArcGis Pro программасында құрастырылған Астана қаласының картасы құрастырылды. Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жүргізілген эксперименттік нәтижелер педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді жан-жақты талқылаумен, эксперименттік жұмыстардың түрлі кезеңдерде зерттеу нәтижелерін жүйелі жүргізу, алынған нәтижелердің математикалық-статистикалық өңдеулермен, зерттеу нәтижелерінің оқу процесіне ендірілумен қамтамасыз етілді. Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық негіздері: 1.1 жоғары оқу орындарында геоақпараттық жүйелерді оқу процесінде қолданудың аппараттық-программалық қамтамасының анықталуы; 1.2 білім алушылардың білімдерін жетілдіріп, жаңа білік пен дағдыларын қалыптастыру мақсатына сәйкес заманауи геоақпараттық жүйелердің программалық қамтамасының жүйеленуі; 2. Жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздерін жүзеге асыру моделі: 2.1 мақсаттық блок: зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін дәлелдейтін мемлекеттік Заңнамаларға, бағдарламаларға, QS-рейтингісі бойынша алдыңғы қатардағы ЖОО тәжірибесі бойынша, геоақпараттық жүйе негіздерінің және практикалық жүзеге асырылуының мақсаттық қойылуы; 2.2 білім беру бағдарламасының мазмұнындағы базалық пәндерді, әдістемелік қамтаманы, ұйымдастырушылық процесін, зерттеу әдістері мен құралдарын, оқыту формаларын, оқыту әдістерін және білімді жетілдіру мен жаңа білік пен дағдыны қалыптастыру компоненттерн қамтитын мазмұндық-әдістемелік блоктың анықталуы; 2.3 нәтижелік блок – білім алушылардың геоақпараттық жүйені оқытуда жаңа білімі мен дағдыларын анықтау мақсатында мотивациялық, мазмұндық, технологиялық компоненттері таңдалып, компоненттер бойынша анықталып алынған көрсеткіштер мен критерийлер негізінде саулнамалар жүргізіліп, зерттеу жұмысының нәтижесінде құралған болжамның дұрыстығының дәлелденуі. 3. Жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың оқу-әдістемелік қамтамасы: 3.1 жаратылыстану ғылымдары салаларында оқытылатын «Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану» базалық пәннің мазмұнына геоақпараттық жүйе тақырыптарының ендірілуі; 3.2 базалық пәнді оқыту бойынша программалау тілін қолданудың қажеттілігінің негізделіу және «Геоақпараттық жүйе құруда Python бағдарламалау тілін қолдану» атты оқу құралын баспадан шығарып және қолданылуының нақтылануы; 3.3 базалық арнайы пәнді оқытуды қолдау үшін «Геоақпараттық жүйе» атты цифрлық білім беру ресурстарының әзірленуі; 3.4 «ArcGis Pro программасында құрастырылған Астана қаласының картасы» атты картаның құрастырылуы. 4. Заманауи геоақпараттық жүйелерде жаңа нысандарды орнату үшін программалау ортасын қолдану негізінде модельдеу мен картаға орналастыру жолдарының әзірленуі. 5. Жаратылыстану ғылымдары салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері бойынша эксперимент жұмыстарының оң нәтижелері, қойылған болжамның негізделуі. Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Жарияланған мақалалар және ғылыми еңбектер диссертация тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелерін сипаттайды. Scopus ақпараттық ресурсының нөлдік емес импакт факторлы басылымдарында 2 мақала. 1. Results of geoinformation system training in higher education // World Transactions on Engineering and Technology Education (WTE&TE) - Vol. 22, № 1, March, 2024. - P. 24-30. 2. Setting up and implementing ArcGIS to work with maps and geospatial data with Python for teaching geoinformation systems in higher education // -2023. International Journal of Emerging Technologies in Learning (iJET) - Vol. 18 № 14, August, 2023. - P. 271-281. DOI:10.3991/ijet.v18i14.39833. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 3 мақала: 1. Жаратылыстану ғылымдары салаларында геоақпараттық жүйелерді қолданудың негіздері // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы ғылыми журналы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану сериясы. 2021. № 4 (137), Б - 360-371. 2. ArcGis-те картамен жұмыс жасауда Python тілін қолданудың ерекшеліктері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы «Физика-математика ғылымдары» сериясы (2023).Том 82 № 2. 3. Жоғары оқу орындарында геоақпараттық жүйелердіоқытудың тиімділігі. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының» РҚБ Хабаршысы ғылыми журналы. – сериясы №4 (410), Алматы, 2024ж. 282-295 б. Халықаралық ғылыми конференцияларда 2 мақала: 1. Features of the use of geoinformation systems in higher education //Vol. 2021, Scientific journal of the University of Economics in Bratislava 2021 - P.44-51. 2. Review of the effectiveness of new information technologies in the era of global digital technologies // Southern Federal University, Rostov-on-Don, Russian Federation. 003 (2022). Оқу құралы: 1. «Геоақпараттық жүйе құруда Python бағдарламалау тілін қолдану» Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК баспасы. 2023 - 193 б, ISBN 978-601-7046-01-9 Авторлық куәліктер: - «Геоақпараттық жүйелер». Авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік, № 41749, 30.12.2022. - «ArcGis Pro программасында құрастырылған Астана қаласының картасы». Авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік, № 44456, 10.04.2024. Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/bp5n9GdzyfM
