
«8D01511 - Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калкабаева Зухра Кусайновна диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Калкабаева Зухра Кусайновна «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша VR/AR технологияларын білім беруде қолданып, білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ғылыми кеңесшілері:
Шындалиев Нуржан Тажибаевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы); Мукашева Манаргуль Умирзаковна – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы);
Григорьев Сергей Георгиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, «Информатика, басқару және технологиялар» департаментінің профессоры (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылғы 10 қаңтар, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01511 – Информатика» мамандығы бойынша «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/gvlpup
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.):Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда қоғамды цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі білім беру саласын цифрландыру қарқынды жүзеге асырылуда. Сондықтанда білім беру мекемелерінде цифрлық технологияларды пайдалану білім беру салаларын цифрландыруды дамыту үшін маңызды. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияларды оқытуда пайдалану болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге ықпалын тигізеді. Кәсіби дағдыларды жетілдіру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Бұл білім беру процесіне өзгерістер енгізу мен білім беру саясатын жаңартуды талап етеді. Яғни, оқыту процесінде білім берудің дәстүрлі тәсілдерін жаңа әдіс-тәсілдерге өзгерте отырып, қазіргі білім жүйесін жаңа деңгейге көтере алатын жаңа идеялар мен заманауи инновацияларды енгізу керек. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрлік оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу қажет және жоғары білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуі тиіс»- деген болатын. Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» - деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: «Сұранысқа ие болып отырған және жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайту қажет» екендігін, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында «Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі» айтылады. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында: «Білім беру бағдарламалары мамандандырылған салалық дағдыларға, сондай-ақ күрделі кешенді міндеттерді шығармашылықпен және инновациялықпен шешу дағдыларына ие және XXI ғасырдың жоғары сапалы және қажетті дағдыларын үздіксіз үйрену мен игеруге дайын кадрларды даярлауға, цифрлық және технологиялық дағдыларды жетілдіруге бағытталуы тиіс» -деп айтылған болатын. Дағды – іс-әрекетті бірнеше рет қайталау нәтижесінде пайда болатын және автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет. Дағды іс-әрекетті үйренудің, қайталаудың нәтижесінде қалыптасады және жетілдіріледі. Жоғары деңгейдегі дағдыларға кәсіби дағдылар, техникалық және адами ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын жатқызуға болады. Кәсіби дағдылар – белгілі бір салада мамандандыру, дағдыларды меңгеру, біліктілікті дамыту, оқыту және тәжірибе алу болып табылады. Әдетте кәсіби дағдыларды кәсіби саладағы қызығушылықтары бойынша дамытады. Техникалық дағдылар – технологияны қолданумен байланысты дағдылар және оларды практикалық, әдістемелік, процедуралық және номиналды дағдылар деп бөліп қарастыруға болады. Қызметкерлермен жұмыс істеу дағдылары адам ресурстарының тиімді дамуына әкелетін дағдыларды білдіреді. Кәсіби дағдыларды зерттеуде практикалық білімнің негізі мен дамуын және оны жақсы түсінуді зерттеу маңызды болып табылады. Кәсіби дағдыларға ие болу адамды өз кәсібінің маманы ететін негізгі ұғымдарды, құбылыстарды және процестерді жақсы түсіну және практикалық тұрғыда қолдана алу болып есептеледі. Кәсіби дағды ұғымын көптеген ғалымдар зерттеген және анықтама берген. Кәсіби дағдылар бойынша зерттеуші ғалымдардың берген анықтамаларына тоқталсақ: Göranzon B.: «кәсіби дағдылар – сіздің алдыңызда тұрған міндеттерді шешу үшін практикалық жағдайларда қолданылатын білімге жатады» деп анықтама берсе, Sandblad A. кәсіби дағдыларды «жеке бірегей жағдайлар мен оқиғалармен кездесуде көрінетін, бағалау әрекеттері мен араласуларын орындау қабілеті, теориялық зерттеулердің жемісі ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибе болып табылатын білім» деп есептейді . Neiles K.Y. және Mertz P.S. ойынша, кәсіби дағдылар – бұл сыни тұрғыдан ойлау, мәселелерді шешу және жалпы ойлау, оқыту дағдылары, қарым-қатынас дағдылары және тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, мысалы, топтық жұмыс, ынтымақтастық және көшбасшылықты дамыту. Кәсіби дағдыларды қалыптастыру өмір бойы өзгермелі түрде болуы мүмкін, ал жетілдіру үздіксіз жүзеге асырылады. Кәсіби білім саласындағы зерттеулер көрсеткендей, қарапайым тәжірибе кәсіби дағдыларды үнемі дамыту үшін жеткіліксіз. Кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатты және жүйелі түрде орындалуы керек. Сонымен қатар, алынған дағдыларды кәсіби қызметте жетілдіру және қолдану маңызды. Еліміздің тұңғыш президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3d - принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл жердегі негізгі фактор төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге бағытталуы тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер» - деп цифрлық білім берудің дамуын басты назарда ұстай отырып, еліміздегі білім жүйесіне төртінші өнеркәсіптік революция технологияларының қарқынды түрде енгізілуін ең негізгі талаптардың қатарына қосқан болатын. Адамзат тарихындағы үлкен өзгерістерге алып келген инновациялық технологиялардың қатарына дербес компьютердің пайда болуы, Интернет технологиялар және мобильді құрылғылардың қарқынды түрде қолданысқа енгізілуін айтуға болады. Виртуалды және толықтырылған шынайылықты технологиялық инновациялар мен компьютерлер әлеміндегі өзгерістердің «4-ші толқынына» жатқызуға болады. Виртуалды және толықтырылған шынайылық медицина, инженерия, сәулет, өнімді әзірлеу және геология сияқты дерексіз ұғымдарды визуализациялау және зерттеу үшін көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Кәсіби дағдыларды жетілдіруде соңғы жылдары білім беруде кеңінен қолданылып жүрген VR және AR технологияларын пайдалану жаңашыл бағыттардың бірі болып табылады. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары өте жылдам дамуда және көптеген салаларда қолданысқа енгізілген. Соның ішінде, оқу процесінде де VR және AR технологияларын пайдалану танымалдылыққа ие болуда. Авторлар Прокопенко О. және Бережная С. алдағы бес жылда білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығы айтарлықтай артатынын атап өтті. Сонымен қатар жаңа буын толықтырылған және виртуалды шынайылықты және басқа да инновацияларды пайдалануға негізделген заманауи білім беру технологияларын пайдаланады деп болжайды. Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жоғары білім беруді цифрландыру виртуалды университеттердің пайда болуымен, оқыту сапасын арттыру үшін цифрлық платформаларды пайдаланумен сүйемелденетіндігіне тоқталады. Сонымен қатар, цифрландырудың әлемдік императивтеріне сүйене отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарын цифрлық экожүйесі бар «smart-университеттер» моделіне көшіру қажеттігі айтылады. Осылайша, заманауи ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың тиімділігін анықтау үшін жоғары оқу орындарында виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану білімгерлердің оқуға қызығушылығын оятатындығы, дағдыны жетілдіруі және оқу үлгерімін жақсартатындығы жөнінде зертеулердің жеткілікті деңгейде болмауы білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану қажеттілігін тудырады. VR/AR технологияларын білімгерлердің білімі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру барысында қалай және қандай бағытта қолданылатындығының анықталмауы мен дәлелденген және қалыптасқан әдістемелердің болмауы қарама-қайшылықты тудырады. Анықталған қайшылықты жою қажеттілігі білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруде VR/AR визуализацияның әдістемесі мен конструктивтік әдісті қолдану мәселесін анықтайды және зерттеу жұмысының тақырыбын «VR/AR технологияларын білім беруде қолданып, білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру» деп атауға негіз болды. Осылайша, аталған факторлар таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігіне негізделеді. Бұл жағдайлар осы диссертациялық зерттеудің негізгі мақсатын, нысаны мен пәнін, зерттеудің болжамы мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орнының оқу процесі. Зерттеудің пәні – виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының жоғары оқу орындарында қолданылуы арқылы білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру процесі. Зерттеудің мақсаты: Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының мүмкіндіктерін білім беруде қолданып, білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдірудің теориялық-практикалық негіздерін анықтау. Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарының оқу процесінде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолданудың теориялық-практикалық негіздері анықталса, онда білімгерлердің білім деңгейі артып, кәсіби дағдылары жетілер еді, өйткені виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының мүмкіндіктерін білім беруде қолдану информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы мамандардың бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді. Зерттеудің міндеттері: 1. Қазіргі білім беру жүйесінде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылуының теориялық негіздерін анықтау және талдау. 2. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беруде қолдану арқылы білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдірудің моделін құру. 3. VR/AR визуализацияның мүмкіндіктерін пайдаланып білімгерлердің дағдыларын жетілдірудің әдістемесін ұсыну. 4. Виртуалды және толықтырылған шынайылық көмегімен жетілдірілген кәсіби дағдыларды бағалаудың кеңейтілген таксономиясын жасақтау. 5. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын оқу процесінде қолданудың тиімділігіне эксперименттік жұмыстар жүргізу, нәтижелерін талдау. Зерттеудің жетекші идеясы: ҚР «Білім туралы» Заңы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында «Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі» қарастырылған, соған байланысты жоғары оқу орындарында виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын қолданып, білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру идеясы пайда болды. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, білім беруде цифрлық технологияларды қолданудың әдіснамасы, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын оқытуда қолдану бойынша ғылыми әдебиеттер, кәсіби дағдыны жетілдіру әдістері. Зерттеудің көздері: нормативті-құқықтық құжаттар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы, жоғары оқу орнында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Педагог» кәсіби стандарты, цифрлық технологиялар бойынша шетелдік және отандық ғылыми еңбектер. Зерттеудің әдістері: теориялық әдістер - отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге шолу және талдау жасау, зерттеу жұмысынының тақырыбына байланысты теориялақ материалдарды жинақтау және жүйелеу; эмпирикалық әдістер - виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының білім беруде қолданылуы бойынша сауалнама және тестілеу жүргізу, педагогикалық эксперимент жүргізу; статистикалық әдістер көмегімен негіздеу. Зерттеудің базасы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезеңде (2020-2021 оқу жылының бірінші жартысы) – зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, пәні, нысаны, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталды, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты негізделді. Зерттеу міндеттеріне орай атқарылатын жұмыстардың жоспары құрылып, орындалу кезеңдері айқындалды. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының білім беруде қолданылуы бойынша шетелдік және отандық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерге талдау жүргізіліп, шолу мақаласы жарияланды. Эксперименттік жұмыстардың жоспары құрылып, зерттеу базалары анықталды. Екінші кезеңде (2020-2021 оқу жылының екінші жартысы, 2021-2022 оқу жылы, 2022-2023 оқу жылының бірінші жартысы) – Эксперименттік жұмысқа арналған бақылау-өлшемдік материалдар дайындалып, эксперименттік зерттеу жүргізілді. Білім беруде қолдануға арналған «VR_Algorithm» виртуалды шынайылық қосымшасы дайындалып, авторлық құқық алынды және «Алгоритмдеу және программалау» пәні бойынша 6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, «Программалау» пәні бойынша 6B01503- Информатика білім бағдарламаларының оқу процесіне ендірілді. «Иммерсивті оқыту технологиялары: Виртуалды және толықтырылған шынайылық» әдістемелік құрал дайындалды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01503- Информатика» білім бағдарламасына «Компьютерлік ойындарды әзірлеу және құру» пәні бойынша және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламаларына «Компьютерлік ойындарды құру» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус) дайындалып, зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жаңа тақырыптармен толықтырылды. Үшінші кезеңде (2022-2023 оқу жылының екінші жартысы) – экспериметтік зерттеудің нәтижелері сараланды, талданды, статистикалық әдіспен өңделді. Алынған нәтижелер жинақталып диссертациялық жұмыс материалдары рәсімделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 1. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беруде қолдану арқылы білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдірудің нормативтік-мақсаттық, мазмұндық-әдістемелік және нәтижелік-бағалау блоктарынан тұратын моделі құрылды. 2. VR/AR визуализацияның мүмкіндіктерін пайдаланып білімгерлердің дағдыларын жетілдірудің әдістемесі ұсынылды: 2.1. Білім беруде қолдануға арналған «VR_Algorithm» виртуалды шынайылық қосымшасы дайындалды және «Алгоритмдеу және программалау» пәні бойынша 6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, «Программалау» пәні бойынша 6B01503- Информатика білім бағдарламаларының оқу процесіне ендірілді; 2.2. «Иммерсивті оқыту технологиялары: Виртуалды және толықтырылған шынайылық» әдістемелік құрал дайындалды; 2.3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01503- Информатика» білім бағдарламасына «Компьютерлік ойындарды әзірлеу және құру» пәні бойынша және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламаларына «Компьютерлік ойындарды құру» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус) дайындалып, зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жаңа тақырыптармен толықтырылды. 3. Виртуалды және толықтырылған шынайылық көмегімен жетілдірілген кәсіби дағдыларды бағалаудың кеңейтілген таксономиясы жасақталды. 4. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын оқу процесінде қолданып білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге эксперименттік жұмыстар жүргізілді, нәтижелері талданды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге арналған программалық және әдістемелік қамтамалар әзірленді: 1.«VR_Algorithm» виртуалды шынайылық қосымшасы жасақталды және «Алгоритмдеу және программалау» пәні бойынша 6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, «Программалау» пәні бойынша 6B01503- Информатика білім бағдарламаларының оқу процесіне ендірілді. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік № 24812, «6» сәуір 2022 ж. 2. «Abay. 4 mausym» виртуалды шынайылық қосымшасы жасақталды. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік № 28720, «12» қыркүйек 2022 ж. 3. «Иммерсивті оқыту технологиялары: Виртуалды және толықтырылған шынайылық» әдістемелік құрал дайындалды. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, 2022 ж. – 112 б. ISBN 978-601-7353-36-0. 4. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01503- Информатика» білім бағдарламасына «Компьютерлік ойындарды әзірлеу және құру» пәні бойынша және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламаларына «Компьютерлік ойындарды құру» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус) дайындалып, зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жаңа тақырыптармен толықтырылды. Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беруде қолданудың тиімділігіне эксперименттік тексерудің нәтижелері, білімгерлердің кәсіби дағдыларының жетілдірілуі, зерттеу нәтижелерінің оқу процесіне ендірілуі. Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 1. Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын білім беруде қолдану арқылы білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдірудің нормативтік-мақсаттық, мазмұндық-әдістемелік және нәтижелік-бағалау блоктарынан тұратын моделі. 2. VR/AR визуализацияның мүмкіндіктерін пайдаланып білімгерлердің дағдыларын жетілдірудің әдістемесі. Әдістемені қолдау үшін программалық және әдістемелік қамтамалар әзірленді: 2.1.VR/AR технологияларын білім беруде қолдануға арналған «VR_Algorithm» виртуалды шынайылық қосымшасы; 2.2.«Иммерсивті оқыту технологиялары: Виртуалды және толықтырылған шынайылық» әдістемелік құралы дайындалып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01503- Информатика» білім бағдарламасы бойынша «Компьютерлік ойындарды әзірлеу және құру» пәнінің және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламалары бойынша «Компьютерлік ойындарды құру» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы (Силлабус) зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жаңа тақырыптармен толықтырылды; 3. Виртуалды және толықтырылған шынайылық көмегімен жетілдірілген кәсіби дағдыларды бағалаудың кеңейтілген таксономиясы: Myller таксономиясы компоненттерінен, Ihantola таксономиясы компоненттерінен және авторлық компоненттер. 4.Виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын оқу процесінде қолданып білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдірудің эксперименттік нәтижелері. Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Нөлдік емес импакт-факторы бар Scopus және Web of Science деректер қорына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда 1 мақала жарияланды: 1. Visualization of Sorting Algorithms in the Virtual Reality Environment. Frontiers in Education. Volume 8 -2023| https://doi.org/10.3389/feduc.2023.1195200. Scopus және Web of Science деректер қорына кіретін халықаралық конференция материалдарында 2 мақала: 1. Development of Virtual and Augmented Reality Applications with Realization Project-based Learning. 13th International Conference on Advanced Computer Information Technologies (ACIT'2023). Wrocław, 2023. 2. Teachers' Perspectives on the use of Virtual Reality in Collaborative Learning. 13th International Conference on Advanced Computer Information Technologies (ACIT'2023). Wrocław, 2023. Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің білім беру мен ғылым саласында Бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда 4 мақала жарияланды: 1. Қазіргі білім жүйесінде виртуалды және толықтырылған шындық технологияларының қолданылуы // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Физика-математика ғылымдары сериясы. № 4(72), 2020 ж. 2. Виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын оқу процесінде қолданудың практикалық негізі // Торайғыров университетінің Хабаршысы, Педагогикалық сериясы. № 3, 2021 ж. 3. Реализация конструктивистского подхода к обучению при разработке приложений виртуальной и дополненной реальности // Қарағанды университетінің Хабаршысы. Педагогика сериясы. № 1, 2023 ж. 4. Возможные проблемы при использовании виртуальной реальности в обучении // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, Физика-математика ғылымдары сериясы. № 84(4), 2023 ж. Халықаралық конференциялар мен ғылыми журналдарда жарияланған 7 мақала: 1. Білім беруді виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары арқылы жетілдірудің өзектілігі // Студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM - 2021» XVI Халықаралық ғылыми конференция (Нұр-сұлтан, 2021). 2. Оқыту процесінде виртуальды және толықтырылған шынайылықты қолданудың мүмкіндіктері // «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп пен жоғары оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Алматы, 2021). 3. Особенности социальных платформ виртуальной реальности для дистанционного обучения (РИНЦ) // «Миссия образования - мир будущего» педагогикалық білім беру бойынша ХXII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, (Калининград, 2022). 4. Using virtual reality in programming education // «Immersive technologies in education» // Collection of materials of the II Scientific and Practical conference with international participation (Kyiv, 2022). 5. Здоровьесберегающие аспекты обучения в учебной среде виртуальной реальности // «Физико-математическое образование: цели, достижения и перспективы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Минск, 2022). 6. Психолого-педагогические аспекты использования иммерсивных технологий в образовании (РИНЦ) // Вестник МГПУ. «Информатика и информатизация образования» сериясы №1(63) 2023 ж. 7. Collaborative learning in a virtual reality environment «Immersive technologies in education» // Collection of materials of the II Scientific and Practical conference with international participation (Kyiv, 2023). Халықаралық семинарлар: 1. Виртуалды шынайылық: білім беру саласына енгізудің жай-күйі мен болашағы» тақырыбында халықаралық семинар. (Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ. 26 ақпан 2022 ж). 2. «Ғылым, техника және білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар (Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ. 30 қараша 2023 ж.). Университетішілік конференцияда 1 мақала: 1. Опыт применения виртуальной реальности в образовании // Университетская студенческая открытая конференция «Лига исследователей МГПУ» (Московский городской педагогический университет, Москва, 2022). Әдістемелік құрал: 1. «Иммерсивті оқыту технологиялары: Виртуалды және толықтырылған шынайылық» әдістемелік құрал. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, 2022 ж. – 112 б. ISBN 978-601-7353-36-0. Виртуалды шынайылық қосымшалары: 2. «VR_Algorithm» виртуалды шынайылық қосымшасы» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік № 24812, «6» сәуір 2022 ж. 3. «Abay. 4 mausym» виртуалды шынайылық қосымшасы» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік № 28720, «12» қыркүйек 2022 ж. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және оқу үдерісіне ендіру Зерттеу жұмысының нәтижелері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6B06105-Компьютерлік инженерия», «6B06106-IT-медицина» білім бағдарламалары бойынша сынақтан өткізіліп, оқу үдерісіне ендірілді. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6B01503- Информатика» білім бағдарламасы мен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «6B01503- Информатика», «6B06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламаларына «Компьютерлік ойындарды әзірлеу және құру» пәні бойынша сынақтан өткізіліп, оқу үдерісіне ендірілді. Диссертация құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/uoJl19Gzm5k
