
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кусепова Гульзат Тунгушбаевна «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «АҚШ және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсы кеңістігінің функционалдық және просодикалық ерекшеліктері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел филология кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Ахатова Багиля Абильмажиновна – философия ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, Қазақстан);
Кондыбаева Раушан Жумакеримовна – философия ғылымдарының докторы (PhD), философия ғылымдарының докторы (PhD), аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Саурбаев Ришат Журкенович – филология ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының профессоры, «Торайғыров Университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан);
Нефедова Лилия Амиряновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, лингвистика және аударма факультетінің деканы, «Челябі мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖОО (Челябі қ., Ресей Федерациясы);
Гүлназ Төкенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл- қазына” ұлттық ғылыми практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан);
Ғылыми кеңесшілері:
Бейсембаева Гульшат Зейнелхабиденовна – философия докторы (PhD), доцент м.а., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ., Қазақстан);
Карабулатова Ирина Советовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Хэйлунцзян университеті (Харбин қ., Қытай Халық Республикасы).
Қорғау 2025 жылғы 27 қыркүйек, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңесте аралас (оффлайн және онлайн) форматта өтеді. Онлайн трансляция Zoom платформасында жүргізіледі..
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/82213906179?pwd=QXj89DCLiWvuKqxfHz3q82FCE4O79E.1
Конференция ID: 822 1390 6179
|Кіру коды: 395062
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Кусепова Гульзат Тунгушбаевнаның «8D02310 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «АҚШ және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсы кеңістігінің функционалдық және просодикалық ерекшеліктері» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеудің өзектілігі медиаланған сот үдерістерінің көбеюімен және сот дискурсын интонациялық-акустикалық сөйлеу параметрлерін ескере отырып кешенді түрде талдау қажеттілігімен негізделеді. Қазіргі заманғы ғылыми тәсілдер кәсіби коммуникациядағы вербалды және вербалды емес компоненттердің өзара әрекеттестігіне ерекше назар аудара отырып, соттық дмскурстың просодикалық ерекшеліктерін экстралингвистикалық факторлармен байланыста терең зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. АҚШ пен Қазақстан медиакеңістігінде репрезентацияланған сот дискурсының функционалды-просодикалық сипаттарын зерттеу – заңи коммуникацияның әмбебап заңдылықтарын анықтауға бағытталған маңызды ғылыми ізденіс бағыты болып табылады. Ағылшын, қазақ және орыс тілдері сияқты құрылымы әртүрлі тілдерге салыстырмалы тәсілді қолдану тек лингвистикалық зерттеулердің шекарасын кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар құқықтық лингвистиканың дамуына ықпал етіп, тілдік және просодикалық ерекшеліктердің түрлі құқықтық жүйелердегі заң мәтіндерін интерпретациялауға қалай әсер ететінін көрсетеді. Зерттеу нысаны – бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсы. Зерттеу пәні – бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсы контексіндегі ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі сөз сөйлеудің функционалдық және просодикалық ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты – АҚШ пен Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатын сот дискурсивтік кеңістігінің функционалды-просодикалық ерекшеліктерін зерттеу. Диссертациялық жұмыстың міндеттері: 1. АҚШ пен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсы материалдарын соттық дискурсивтік кеңістік жағдайында транскрипциялау. 2. Соттағы сөйлеу өзара әрекеттестігі контексінде ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілерге конверсациялық талдау жүргізу. 3. PRAAT бағдарламасы мен авторлық ProAG-2025 бағдарламасы негізінде аудио және бейнематериалдарға акустикалық талдау жүргізу арқылы ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі бұқаралық ақпараттағы сот дискурсының ауызша сөзінің функционалды-просодикалық сипаттарын анықтау. 4. Аудио және бейне файлдарға лингво-акустикалық өңдеу жүргізуге арналған авторлық бағдарламалық құрал әзірлеу. Зерттеу жұмысы келесі әдістерге негізделеді: ауызша сөйлеудің қысқа эпизодтарын жан-жақты зерттеуге бағытталған конверсациялық талдау; сөйлеуді тыңдау арқылы талдайтын перцептивтік талдау; сөйлеу сигналдарын өңдеуге арналған PRAAT бағдарламасы мен арнайы жасалған ProAG-2025 авторлық бағдарламасын қолдану арқылы аудиоматериалдардың физикалық сипаттарын анықтауға бағытталған акустикалық талдау және салыстырмалы талдау әдістері кіреді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсын зерттеуге арналған интегративті тәсілді қалыптастыруы. Берілген тәсіл негізінде алғаш рет медиа контекстіндегі сот дискурсының просодикалық сипаттамалары жүйелі түрде сипатталады; коммуникациядағы экстралингвистикалық параметрлердің ықпалын есепке алады; американдық және қазақстандық БАҚ-тағы сөйлеу өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін айқындау үшін конверсациялық талдау әдіснамасын қолданады, сот процесіне қатысушылардың (прокурорлар, адвокаттар) институционалдық контексте коммуникативтік мақсаттарына жету үшін қолданатын спецификалық сөйлеу стратегиялары мен тактикаларын анықтады, PRAAT бағдарламасы арқылы сот процестерінің аудио және бейнежазбаларына акустикалық талдау жүргізіліп, сөйлеушілердің функционалды-просодикалық мінез-құлқы анықталды, бұл институционалдық дискурсты зерттейтін заманауи лингвистикалық ізденістер аясын кеңейтеді. Зерттеу шеңберінде ProAG-2025 атты авторлық бағдарлама әзірленіп, апробациядан өтті. Бұл бағдарлама аудио және бейнематериалдарды автоматты түрде өңдеуге және сөйлеудің просодикалық сипаттамаларын талдауға арналған. ProAG-2025 – институционалдық контексте сөйлеу деректерінің ерекшеліктеріне бейімделген функционалмен жабдықталған, дәстүрлі акустикалық талдау әдістерін біріктіретін әмбебап шешім болып табылады. Бағдарламаның жасалуы институционалдық дискурстағы просодияны талдауға арналған цифрлық лингвистикалық зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы қазіргі лингвистиканың әдіснамалық аппаратын дамытуға қосқан елеулі үлесінде көрініс табады. Атап айтқанда, әртүрлі құрылымды тілдердің просодикалық жүйелерін салыстырмалы талдау үшін инновациялық тәсіл әзірленді. Алынған нәтижелер ауызша сөйлеуді зерттеудің дәстүрлі парадигмаларын қайта қарауға мүмкіндік беріп, дискурстық талдаумен эксперименттік әдістерді біріктіретін жаңа үлгіні ұсынады. Бұл үлгі институционалдық дискурстың просодикалық сипаттамаларының әмбебап типологиясын кросс-мәдени тұрғыда жасауға жол ашады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның пәнаралық қолдану мүмкіндігінде көрінеді және кәсіби коммуникацияның түрлі салаларында тиімділікке ие болады. Зерттеу материалдары лингвистикалық білімді жаңғыртуға, құқықтық фонетика мен мәдениетаралық коммуникацияға арналған арнайы курстар әзірлеуге ғылыми негіз құрайды. Жұмыстың қорытындылары сот лингвистикасы, медиалингвистика және құқықтық антропология салаларында маңызды қолданбалы мәнге ие болып, құқықтық кеңістіктің ғаламдануы мен көпмәдениетті өзара әрекеттестік жағдайында сот дискурсын оңтайландыруға нақты әдістемелер ұсынады. Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары: 1. Сот дискурсы – институционалдық сөйлеудің ерекше түрі болып табылады, ол дәлдікке, ресмилікке және белгіленген нормаларды сақтауға жоғары талаптар қояды. АҚШ пен Қазақстандағы сот процестерінде интонацияны өзгерту, пауза қою және маңызды сәттерге екпін беру сияқты просодикалық стратегиялар белсенді қолданылады. Бұл әдістер сот талқылаулары контексінде жеке мәлімдемелер мен тұжырымдардың маңыздылығын айқындап, қатысушыларға әсерін күшейту және қажетті нәтижелерге жету үшін қызмет етеді. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсын конверсациялық талдау сот процесінің барлық қатысушылары – судья, прокурор және адвокат арасындағы өзара әрекеттестіктің ерекше ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. «Сұрақ–жауап» жұптарының, дискурсивтік маркерлердің және басқа элементтердің қолданылуы, сондай-ақ перцептивтік–акустикалық талдаумен үйлесуі сот сөйлеулерінің динамикасын және аудитория қабылдауына әсерін терең түсінуге жағдай жасайды. 3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсының просодикалық ерекшеліктері сот оқиғаларының қоғамдық қабылдануын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. АҚШ пен Қазақстанда журналистер интонациялық тәсілдерді пайдалана отырып, сот отырысының ресми барысы мен оның БАҚ-тағы интерпретациясы арасындағы контрастты қалыптастыруға және аудиторияға әсер етуге қабілетті екенін көрсетеді. 4. Авторлық мультимедиялық компьютерлік бағдарлама (ProAG-2025) әзірленді, ол сот дискурсына және үш тілдегі – ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлеуді талдауға бағытталған видео файлдарды лингвистикалық және акустикалық өңдеуге арналған. Бағдарламаның нәтижелері автоматты түрде сөйлеу фрагменттерін транскрипциялауды, акустикалық параметрлерді анықтау мен сандық бағалауды, сондай-ақ олардың графикалық түрде визуализациясын қамтиды, бұл сот сөйлеуін кешенді фонетикалық және прагмалингвистикалық талдауға мүмкіндік береді. Жұмыстың жариялануы мен талқылануы (апробация) жалпы зерттеу нәтижелері 9 жарияланымда көрініс тапты. Web of Science Core Collection мәліметтер баспасына 1 мақала, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті (ҒЖБСБК) ұсынған тізімге енетін журналдарда 4 мақала, шетелдік халықаралық конференцияларда 4 мақала жарияланды. Диссертацияның құрылымы Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен (әрқайсысында бөлімшелер мен қорытындылар бар), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қосымшаларда бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсының перцептивтік қабылдауын талдау үшін анкета (Қосымша А) және зерттеу материалдарының просодикалық талдауына қатысты сілтемелер мен нәтижелер (Қосымшалар Б, В) берілген. Қосымшалардың толық нұсқалары және зерттеу деректерін автордан негізделген өтініш арқылы қолжеткізуге болады. Бұл шектеулер зерттеуге қатысушылардың жеке мәліметтерін қорғау жөніндегі этикалық нормаларды сақтау мақсатында енгізілген. Жұмыстың қысқаша мазмұны Кіріспе зерттеудің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны мен пәні, гипотезасы, әдістемесі, қолданылған дереккөздері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғалатын негізгі ұстанымдары және апробациясын қамтыды. «Mass Media саласындағы сот дискурсивтік кеңістігін зерттеудің теориялық негіздері» тақырыбында берілген бірінші тарау концептуалдық екі бөлімнен тұрады. Берілген тарауда теориялық ұстанымдардың кешенді талдауы нәтижесінде сот дискурсы – вербалды және просодикалық құралдардың өзара әрекеті басым ерекше институционалдық коммуникация түрі екені анықталды. «Соттық сөз» – лингвистикалық ұғым болса, «құқықтық коммуникация» кеңірек пәнаралық концепт екені айқындалды. Зерттеу сот дискурсының медиакеңістіктегі ерекшеліктері оның нормативтік құқықтық талаптары, ақпаратты медиялық жеткізу спецификасы және ұлттық құқық жүйелерінің мәдени ерекшеліктерімен байланысты екенін көрсетті. Соттық дискурстың просодикалық маркерлерін массмедиа контекстінде зерттеп, формалдылық/ақпараттылық параметрлері бойынша жіктеу заманауи лингвистикада маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігі айқындалды. Теориялық талдауға сүйене отырып, соттық медиадискурстағы просодикалық бірліктер үш негізгі функцияда қызмет атқаратыны анықталды: коммуникативті-регулятивтік, ақпараттық-экспрессивтік және прагматикалық-әсер етуші. Екінші бөлім «Mass Media-дағы сот дискурсивтік кеңістігінің функционалдық-просодикалық ерекшелігін зерттеудің методологиялық және аналитикалық негіздері» тақырыбында өрбіді. Зерттеудің методологиялық базасын қалыптастырады. Оған процесс қатысушыларының интерактивті стратегияларын зерттейтін конверсациялық талдау, просодикалық сипаттамаларды перцептивті-акустикалық әдістермен зерттеу және мультимедиялық деректерді өңдеуге арналған авторлық ProAG-2025 компьютерлік бағдарламасын қолдану жайлы ақпарат берілген. Үшінші бөлім «АҚШ пен Қазақстанның Mass Media-сындағы сот дискурсивтік кеңістігінің функционалдық-просодикалық ерекшелігін эмпирикалық зерттеу» тақырып аясында АҚШ пен Қазақстан сот процестерінің салыстырмалы талдауына негізделген. Бұл соттық коммуникацияның универсалды сипаттарын және оның просодиялық көріністеріндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Интонациялық стратегияларды пайдалану, сөйлеу өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, эмоционалдық экспрессивтілік деңгейі және сот процестерінің медиа арқылы берілу тәсілдеріндегі айырмашылықтар ерекше маңызға ие болды. Жүргізілген зерттеу соттық коммуникацияның тиімділігін қалыптастыруда просодикалық құралдардың әсерін айқындайды. Алынған нәтижелер сот лингвистикасын дамытып, институционалдық дискурстың салыстырмалы зерттеулері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар тізімі: Web of Science Core Collection, Scopus халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар: 1. Verification of communicative types in the judicial public space of media discourse in the USA, Kazakhstan and Russia as a psycholinguistic marker of fact-checking //Amazonia Investiga. – 2023. – Т. 12. – №. 61. – Б. 131-144. (Идентификатор ResearcherID Web of Science AEW-8103-2022). ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен тізімдегі республикалық ғылыми басылымдар: 2. Rhetoric and prosody of judicial discourse in mass media // ҚазҰУ Хабаршысы, №3 (187), 2022. 3. Phonetic Peculiarities of the Defence Speech of a Lawyer // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филологиялық сериясы. № 4. 2022. 178-189 бб. 4. Genre Features of Popular Legal Discourse. Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филологиялық сериясы. № 1. 2023. 216-226 бб. Отандық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтары мен шетелдік ғылыми журналдар: 5. The Functional Specifics of the Judicial Discourse in Mass Media // «Процесс модернизации и развития Казахстанского переводоведения и компаративистики в период независимости» атты ғылыми-практикатық конференцияның жинағы. 2021 ж. 138-143 бб. 6. Просодика судебного дискурса в средствах массовой информации // «Иностранные языки. LXXV Герценовские чтения.» атты халықаралық ғылыми-практикатық конференцияның жинағы, Санкт-Петербург, 2022. 71-76 бб. 7. The Legal Discourse in Mass Media // «Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация и цифровые технологии» Аханов оқулары. XXV Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы. 27 мамыр 2022 ж. 138- 141 бб. 8. The Process of Implementing AI in the Court System // “Foundations and Trends in Modern Learning” журналы. 12-13 қаңтар 2023 ж. 209-215 бб. 9. Верификация коммуникативных типажей в судебных ток-шоу // «Язык и культура в аспекте проблем языкового образования современной России.» Ұстаз және тәлімгер К.Д.Ушинскийдің туғанына 200 жыл толуына арналған халықаралық форум материалдары: 3 бөлімнен тұратын жинақ. Воронеж. Воронеж. - 2024. - 73-78 бб.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=Jwu1fcE5PuA
