
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ахметова Гульнара Сагынбаевна «8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «Гомогенді және гетерогенді топтарда шет тілін саралап оқытуда тезаурусты лексикалық-семантикалық модельдеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел филологиясы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Кунакова Клара Умирзаковна – педагогика ғылымдарының докторы, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Каирбаева Акмарал Канатбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Торайғыров Университеті» КЕАҚ «Шетел филологиясы» кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Аитов Валерий Факильевич – педагогика ғылымдарының докторы, ЖББ ФМБББМ «М. Акмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті» профессоры, (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы);
Булатбаева Кулжанат Нурымжановна – педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Утеубаева Эльмира Айтказиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Біжкенова Айгүл Ермековна – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, шетел филологиясы кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Карин Питтнер – PhD, Рур университетінің профессоры (Бохум қ., Германия).
Қорғау 2025 жылғы 15 ақпан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас (оффлайн және онлайн) форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/uqhalg
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Диссертациялық зерттеудің мақсаты − Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жағдайында шеттілдік тезаурусты лексикалық-семантикалық модельдеу әдісі арқылы саралап оқыту үдерісін ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан жүйелеу және эксперимент арқылы верификациялау. Зерттеу міндеттері: − гомогенді және гетерогенді топтарда лексикалық-семантикалық модельдеу арқылы шетел тілін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін анықтап, теориялық алғышарттарын зерттеу; − қазіргі мектептерде қолданылатын ағылшын тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендерге шолу жасап, жоғары сыныптарда қажетті тілдік деңгейді меңгеруге арналған лексикалық материалдың жеткіліктілігі мен сәйкестігін анықтау; − гомогенді және гетерогенді топтарда ағылшын тілінің тезаурусын меңгертуде лексикалық-семантикалық модельдеуді эксперименттік оқытуда қолдану және апробациялау; − жалпы орта білім беру деңгейінде шеттілдік лексиканы саралап оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін анықтауда ғылыми, əдістемелік, оқу-əдістемелік əдебиеттерді және тілдік пəндер бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды, ағылшын тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді талдау, синтездеу, жалпылау, тақырыптық талдау, модельдеу әдістері; экспериментті ұйымдастыру кезеңінде сауалнама, тестілеу, педагогикалық эксперимент, оқу үдерісін бақылау, жүйелеу әдістері; эксперименттік мәліметтерді сандық талдау әдісі қолданылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): 1. Қазақстандағы жалпы орта білім деңгейінде гомогенді және гетерогенді топтарда шеттілдік тезаурусты саралап оқыту шетел тілдерін оқыту әдістемесінде жеткілікті түрде зерттелмеген құбылыс болып табылады. Шетел тілін лексика-семантикалық модельдеу арқылы саралап оқытудың теориялық алғышарттары мен ғылыми-әдістемелік негіздері шеттілдік білім беру тұжырымдамасына, лексика-семантикалық өріс туралы қағидаттарға, сондай-ақ CEFR деңгейлік еуропалық стандарты негізіндегі тәсілдерге негізделеді. 2. Қазіргі таңда мектептерде жоғары сыныптарда ағылшын тілі пәні бойынша қолданылып жүрген оқу-әдістемелік кешен заманауи тақырыптар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыратын мазмұнды мәтіндермен және оқушылардың жас ерекшеліктері мен когнитивтік мүмкіндіктеріне, кәсіби-бейіндік бағытына сәйкес және заманауи тақырыптарға сай өзекті лексикамен қамтылған. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептер үшін дайындалған «Action for Kazakhstan Science Schools Grade 11» оқулығына жасалған талдау бұл оқулықта оқушылардың лексикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті жаттығулардың саны жеткіліксіз болғандықтан, гетерогенді топтағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығын көрсетті. Сондықтан негізгі оқулыққа қоса лексиканы таныстыруға және бекітуге арналған қосымша деңгейлік дайындық және коммуникативтік лексикалық жаттығулардың кешенін қолданған тиімді. 3. Эксперименттік оқыту көрсеткендей, орта мектептің жоғары сыныптарында шетел тілін оқыту барысында лексикалық-семантикалық модельдердің тұрақты түрде қолданылуы тек гомогенді топтарда ғана емес, сондай-ақ гетерогенді топтардың да шеттілдік тезаурусты меңгеру деңгейін арттырады, яғни оқушылардың келесі лексикалық құзыреттері қалыптасады: шетел тіліндегі сөздерді түсіну, есте сақтау, сөз таптарын ажырату, сөз жасай білу, сөздерді дұрыс үйлестіре алу, антонимдер мен синонимдерді, идиомаларды дұрыс қолдану. 4. Зерттеу тақырыбының теориялық және практикалық талдауы негізінде жалпы орта білім деңгейінде гомогенді және гетерогенді топтарда шетел тілінің лексикасын саралап оқыту бойынша лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік компоненттерді ескеріп, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу мүмкіндігі пайда болды. Әдістемелік ұсынымдар белсенділік, тәрбиелік оқыту, материалды меңгерудің беріктілігі, жүйелілік және бірізділік, көрнекілік, қолжетімділік, дараландыру, саналылық, функционалдылық, аутентивтілік және коммуникативтілік сияқты дидактикалық және әдістемелік қағидаттарға негізделеді. Бұл қағидаттар оқушылардың қажеттіліктері мен білім деңгейіне сәйкес оқу материалдарын бейімдеуге, сондай-ақ олардың белсенді қатысуына жағдай жасауға көмектеседі. Нәтижесінде оқушылар лексикалық бірліктерді терең түсініп, есте сақтап, лексикалық дағдыларын дамытады және лексикалық құзыреттілікті қалыптастыруға қолайлы шарттар жасалады. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: ‒ шеттілдік тезаурусты лексикалық-семантикалық модельдеу бойынша ғылыми әдебиеттерге кешенді талдау жасалды; ‒ 11-ші сынып оқушыларын ағылшын тілінің лексикасын оқытуда лексикалық-семантикалық модельдер құрастырылып, гомогенді және гетерогенді топтар үшін сараланған жаттығулар кешені ұсынылды; − лексикалық-семантикалық модельдердің тиімділігі жалпы орта білім беру деңгейінде эксперименттік оқыту барысында расталып, гомогенді және гетерогенді топтарда лексикалық-семантикалық модельдеу арқылы саралап оқытудың әдістемелік ұсынымдары әзірленді; ‒ зерттеу нәтижелері негізінде жоғары сынып оқушыларының лексикасын тиімді оқыту үшін оқу-әдістемелік кешен дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Алғаш рет Қазақстанда шетел тілін оқытуда тезаурусты лексикалық-семантикалық модельдеу бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, жүйеленді және лексика-семантикалық модельдеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері анықталды. Қазақстанда жалпы орта білім беру жағдайында оқушылардың лексикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін лексико-семантикалық моделдеу әдісінің тиімділігі гомогенді және гетерогенді топтарда шетел тілін саралап оқыту үдерісінде дәлелдеді. Зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде гомогенді және гетерогенді топтарда шеттілдік тезаурусты саралап оқытуда лексикалық-семантикалық модельдер, жаттығулар кешені мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен және Қазақстан Республикасында шеттілдік білім беруді дамыту тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Сонымен қатар «Білім туралы» Заңына және Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертацияның негізгі ғылыми-теориялық нәтижелері Scopus мәліметтер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналда 1 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 9 мақала, халықаралық конференция жинақтарында 8 мақала жарияланып, секциялық және пленарлық отырыстарда баяндалды. Сонымен қатар авторлық құқықпен қорғалатын нысандарға құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы 1 куәлік алынды. Әрбір жарияланым докторанттың өзінің тікелей бастамасымен әзірленді. 1. Қазіргі кезде шет тілінде лексиканы оқытудың мәселелері // Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы: республикалық ғылыми онлайн-конференциясының материалдары (Нұр-Сұлтан; Алматы, 2020. – Б. 22-26; докторанттың үлесі – 90%). 2. Тіл біліміндегі лексика-семантикалық өріс теориясы // Global science and innovations 2020: Central Asia: халықаралық ғылыми-әдістемелік журнал материалдары (Нұр-Сұлтан, 2020. – Б. 87-90; докторанттың үлесі – 100%). 3. Flipping ESL Classroom in Heterogeneous groups // Халықаралық-практикалық конференция журналында-International Conference on Power, (In) Equality and Cultures of Resistance: An Interdisciplinary Approach to Humanities and Social Science (Нью Дели, 2021. – P. 79-86; авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., докторанттың үлесі – 90%). 4. Гетерогенді топтарды анықтаудың теориялық мәселелері // Білім және ғылым – 2021: атты 4-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Нұр-Сұлтан, 2021. – Б. 77-80; авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., докторанттың үлесі – 90%). 5. Using mind mapping tools for developing lexical semantic competence // Actual problems of study and teaching the Turkic languages and literature, International scientific conference (Сумгаит, 2021. – Р. 632-635; докторанттың үлесі – 100%). 6. The importance of differentiated learning in Blended classroom // Духовный мир мусульманских народов: материалы международной научно-практической конференции «16-е Акмуллинские чтения» (Уфа, 2021. – С. 175-180; докторанттың үлесі – 100%). 7. Модельдеу әдісінің тіл білімінде қолданылуы // Материалы 15-й международной научно-практической конференции «Global science and innovations 2021: Central Asia» (Нұр-Сұлтан, 2021. – С. 89-92; докторанттың үлесі – 100%). 8. Шеттілдік лексиканы меңгерудің лингводидактикалық мәселелері // Заманауи лингводидактика және үштілді білім беруді дамыту: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – Б. 89-94; докторанттың үлесі – 100%). 9. Kazakhstani In-Service Schoolteachers’ Perceptions of Differentiated Learning in Heterogeneous EFL Classrooms // World Journal of English Language, Sciedu Press. – Vol. 13, №9. – Р. 1-18 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., ф.ғ.к. Рыспаева Д.С., PhD Герфанова Э.Ф., ф.ғ.к. Жукенова А.К., докторанттың үлесі – 80%). 10. Менталды карталарды қолдану арқылы болашақ ағылшын тілі мамандарының шеттілдік лексикалық құзыретін дамыту // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2020. – №12/1. – Б. 271-278 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., докторанттың үлесі – 90%). 11. Lexical and semantic errors in the English language teaching in homogeneous groups // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2021. – №2(102). – Б. 141-149 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., докторанттың үлесі – 90%). 12. Гомогенді және гетерогенді топтарда ағылшын тілін оқытудағы оқу мүмкіндіктері // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Педагогикалық сериясы. – 2021. – №3. – Б. 296-306 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., докторанттың үлесі – 90%). 13. Орта білім беруде гетерогенді топтарда ағылшын тілі сабағында саралап оқытуды ұйымдастыру // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – 2021. – №4(72). – Б. 196-207, докторанттың үлесі – 100%. 14. Evaluating some ways of semantisation of the vocabulary in teaching English in high schools // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2022. – №1(105). – Б. 189-200 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., ф.ғ.к. Рыспаева Д.С., докторанттың үлесі – 80%). 15. Ағылшын тілі сабағында гетерогенді топтарда лексиканы саралап оқыту // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы. “Педагогика ғылымдары” сериясы. – 2022. − №1(64). – Б. 287-303, докторанттың үлесі – 100%). 16. An experimental study of the effect of lexical semantic models in teaching vocabulary in EFL // Педагогика және Психология журналы. – 2023. – №1(54). – Б. 189-198, докторанттың үлесі – 100%). 17. Lexical semantic modeling as a means of effective vocabulary acquisition and expansion // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. – 2023. – №4(112). – Б. 123-132 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.д., профессор Бижкенова А.Е., PhD, профессор Карин Питнер, докторанттың үлесі – 80%). 18. Formation of learners’ lexical skills through lexical-thematic modeling in a homogeneous group // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – 2024. − №1(72). – Б. 321-335 (авторлық бірлестікте: ф.ғ.к. Рыспаева Д.С., докторанттың үлесі – 90%). 19. «Ағылшын тілі сабақтарында лексикалық-семантикалық оқыту модельдерін қолдану». Авторлық құқық туралы куәлік. №27882, 2022 жылғы 19 шілде, (докторанттың үлесі – 100%).
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/ZbDYzMCmZBQ
