
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тлепберген Динара Нұрланқызы «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Казіргі интегративті процестер жағдайындағы тіл саясаты мен жоспарлаудың стратегиялық модельдері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел филологиясы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Cмагулова Жулдыз Сагидоллаевна – PhD, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, гуманитарлық ғылымдар және білім беру факультетінің деканы, «КИМЭП Университеті» КеАҚ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Ергалиева Самал Жанатовна – PhD, профессор, «Торайғыров Университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Саурбаев Ришат Журкенович – филология ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының профессоры, «Торайғыров Университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Нефедова Лилия Амиряновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, лингвистика және аударма факультетінің деканы, «Челябі мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖОО (Челябі қ., Ресей Федерациясы);
Мейрбеков Акылбек Кайратбекович – PhD, доцент ТОО "Science service LTD" (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Акжигитова Асель Шералиевна – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шетел филологиясы кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Забродская Анастасия Николаевна – PhD, Таллинн университетінің Балтық кино, медиа және өнер мектебінің мәдениетаралық коммуникация профессоры (Таллинн қ., Эстония).
Қорғау 2025 жылғы 1 наурыз, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас форматта (оффлайн және онлайн) өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: http://surl.li/uzmzfu
Мекен-жайы: : Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Қазіргі жаһандану және интеграция процестерінің кезеңінде тіл саясаты мен тілдік жоспарлау ерекше маңызға ие. Тіл тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейліктің, мәдени мұраның және қоғам бірлігінің негізі болып табылады. Қазақстанның көпұлтты қоғамында бұл мәселенің өзектілігі артып, тиімді тіл саясаты мен жоспарлаудың қажеттілігі туындауда. Осы диссертациялық зерттеу Қазақстандағы тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың стратегиялық моделін құруға бағытталған және оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Тіл саясаты мен жоспарлау модельдерін зерттеу қазіргі интегративті процестермен, жаһандану үрдістерімен және қоғамдағы көптілділіктің артуымен тығыз байланысты. Бұл факторлар әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында тілдік әртүрлілікті тиімді басқаруға арналған даму стратегияларын әзірлеуді талап етеді. Әртүрлі модельдерді зерттеу бірегей тәсілдерді анықтап, оларды нақты жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді, бұл ұлттық бірегейлікті нығайтуға және барлық тілдік топтардың табысты интеграциясына ықпал етеді. Осылайша, тіл саясаты пен жоспарлаудың модельдерін зерттеу көпұлтты мемлекеттердің тұрақты дамуы мен тілдік тепе-теңдікті сақтауға бағытталған стратегияларды әзірлеу үшін басты бағдар болып табылады. Зерттеудің мақсаты қазіргі интегративті процестер жағдайында Қазақстан Республикасының тіл саясаты мен жоспарлауын кешенді талдау болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылды: ‒ тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың конститутивті белгілерін әлеуметтану зерттеу объектісі ретінде анықтау; ‒ посткеңестік елдердің тіл саясатының даму тәжірибесін жүйелеу және Қазақстан мен Эстониядағы de jure және de facto тіл саясатын салыстырмалы талдау; ‒ Қазақстандағы қазіргі тілдік жағдайдың ерекшеліктерін анықтау, тілдік ұстанымдар мен тілдік тәжірибені талдау үшін әлеуметтік лингвистикалық зерттеу жүргізу; ‒ Қазақстанның тіл саясатының дамуы контексінде ағылшын тілінің күнделікті тәжірибеде мемлекеттік тілді насихаттаудағы әсерін анықтау; ‒ тілдік таңдау және медиа кеңістігінде тілдің қолдану аясын айқындау; ‒ алынған ғылыми деректер негізінде Қазақстанның тіл саясаты мен жоспарлауын дамытудың стратегиялық моделін әзірлеу. Зерттеу нысаны: Тіл саясаты мен тілдік жоспарлауды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Зерттеу пәні: Қазіргі интегративті процестер жағдайында Қазақстанның тіл саясатының стратегиялық моделін қалыптастыратын негізгі механизмдер мен бағыттар. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін тіл саясаты және тілдік жоспарлау саласындағы шетелдік және қазақстандық жетекші мамандардың ғылыми еңбектері құрайды (E. Haugen, R. Cooper, J. Fishman, R. Kaplan, B. Jernudd, B. Spolsky, G. Lewis, M. Nahir, J. Neustupny, D. Laitin, E. Shohamy, N. Hornberger, F. Grin, R. Baldauf, S. Wright, N. Ostler, J. Tollefson, J. Sallabank, А. Zabrodskaja; Ю.Д. Дешериев, А.Д. Швейцер, В.П. Нерознак, М.И. Исаев, В.М. Алпатов, В.И. Беликов, В.Н. Белоусов, Н.Б. Мечковская; Б.Х. Хасанұлы, А.Е. Карлинский, 3.К. Ахметжанова, Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ш.К. Жарқынбекова, О.Б. Алтынбекова, Д.Д. Шайбакова, А.Е. Агманова, Д.Х. Ақанова, Ж.С. Смагулова, А.Ш. Акжигитова және т.б.). Зерттеудің деректік негізін тіл саясаты мен жоспарлаудың нормативті-құқықтық құжаттары және екі кезеңнен тұратын әлеуметтік лингвистикалық сауалнама нәтижелері құрайды. Бірінші кезеңде Қазақстанда (478 респондент) және Эстонияда (369 респондент) де-юре және де-факто тіл саясатын жүзеге асыру туралы мәліметтерді алу мақсатында сауалнама жүргізілді. Екінші кезеңде Қазақстанның барлық облыстарын қамтыған (1000 респондент) тілдік таңдау мен мемлекеттік және ағылшын тілдерінің қоғамдағы рөліне қатысты зерттеу өткізілді. Зерттеу жұмысының әдістері жалпы (мәліметтерді жинау, жүйелеу, талдау, синтездеу және салыстыру), жеке (кейс-стади, контент-анализ ) және пәнаралық әдістерді (әлеуметтік лингвистикалық зерттеу, статистикалық әдістер және модельдеу) қамтиды. Бұл әдістердің қолданылуы зерттеудің ғылыми негізділігін арттырып, алынған нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етті. Кейс-стади әдісі әртүрлі елдердің тіл саясаты тәжірибесін жан-жақты зерттеуге, тілдік реформалардың табыстары мен қиындықтарын жүйелі түрде талдауға, сондай-ақ тілдік әртүрлілік пен әлеуметтік-мәдени интеграцияны басқарудағы елдердің алдында тұрған сын-қатерлерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеу аясында сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама жүргізу үшін Survey Monkey онлайн-платформасы пайдаланылды. Зерттеу барысында деректерді өңдеу және талдау үшін IBM SPSS Statistics 27 бағдарламасы пайдаланылды, оның көмегімен Хи-квадрат (Chi-square) тесті, корреляциялық талдау және деректердің жиынтық статистикасын есептеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, алынған деректерді визуализациялау үшін Power Bi және Python бағдарламалық жасақтамалары қолданылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстандағы тіл саясатын және жоспарлауды жетілдіруге бағытталған жаңа стратегиялық модель әзірленді. Посткеңестік елдердің тіл саясатының салыстырмалы талдауы жүргізіліп, Қазақстан мен Эстонияның тіл саясатының ерекшеліктері мен тиімді тұстары анықталды. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал, түрлі коммуникациялық жағдайларда тіл таңдау ерекшеліктері, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің маңыздылығы мен оларға деген қатынасы туралы жаңа деректер алынды. Қазақ-ағылшын қостілділігінің маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі зерттеліп, тілдік интегративті процестердің ерекшеліктері айқындалды. Ақпараттық және цифрлық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктері зерттелді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы тіл саясаты мен жоспарлау мәселелерін терең талдаудың негізгі бағыттары мен әдістемелік тәсілдерін айқындауда жатыр. Бұл зерттеудің теориялық негіздері мен қорытындылары тіл саясаты мен жоспарлауды әрі қарай зерттеу және дамыту үшін маңызды негіз бола алады. Институционалдық тәсілді қолдану әлеуметтік-тілдік процестердің себептері мен мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тілдік жоспарлау бағдарламаларын тиімдірек жүзеге асыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік лингвистика, тіл саясаты теориясы және жалпы тіл білімінің теориялық және практикалық аспектілерін байытып, олардың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Зерттеудің практикалық құндылығы әзірленген стратегиялық тіл саясаты моделіне негізделген нақты механизмдер мен бағыттарды ұсынуында жатыр. Бұл Қазақстандағы тілдік мәселелерді реттеуді дәлірек және тіл саясатын тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, тілдік кеңістіктің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Қазақстандағы тіл саясаты мен жоспарлаудың стратегиялық моделі халықаралық тәжірибе негізінде мемлекеттік тілді ілгерілету, оны өмірдің түрлі салаларына интеграциялау және елдің тілдік капиталын нығайту үшін кешенді және практикалық шешімдерді ұсынады. Зерттеу болжамы: мемлекеттік тілді жаңғырту және насихаттау мен оның әлеуметтік престижін арттыру арасындағы ықтимал корреляция интегративті тілдік процестермен, имидж саясатының негізгі механизмдері мен стратегияларын модельдеумен байланысты. Зерттеу барысында тілдің имидж саясатының көрсеткіші және аумақтық тұтастық пен бірегейліктің стратегиялық индикаторы ретіндегі жаңа мүмкіндіктері ашылады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Тіл саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әр ел өзінің ерекше жағдайлары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сәйкесінше тілдік жоспарлау мен басқару стратегияларын әзірлейді. Посткеңестік елдердің тіл саясатының тәжірибесі көрсеткендей, ұлттық тілдерді сақтау және дамыту бағытында мақсатты саясат жүргізу елдің мәдени және әлеуметтік дамуының бұлжымас бөлігі болып табылады. Қазақстан мен Эстонияның мемлекеттік тілдері, Кеңес Одағының шектеулеріне қарамастан, тәуелсіздік алғаннан кейін елеулі табыстарға қол жеткізіп, қоғам өмірінің түрлі салаларында маңызды орын алды. Бұл елдердің тәжірибесі тіл саясатының табысты жүзеге асырылуы ұлттық бірегейлікті нығайтып, қоғамның барлық саласында тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал ететінін дәлелдейді. 2. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі бойынша тілдік құзыреттілік көрсеткіштерін, түрлі коммуникативті жағдайларда тілдік таңдау ерекшеліктерін, тілдерді меңгеру маңыздылығы мен даму перспективаларын талдау арқылы көптілділіктің маңызды екені анықталды. Зерттеу нәтижелері көптілділіктің Қазақстан қоғамында қажет екенін, оның халықтың әлеуметтік және экономикалық өмірінде ерекше орын алатынын дәлелдейді. 3. Қазақстанның жаһандық экономика мен ғылыми қауымдастыққа интеграциялануға ұмтылысы қазақ-ағылшын қос тілділігінің дамуымен қатар жүреді. Ағылшын тілі мәдениетаралық қарым-қатынас құралы, қазіргі заманғы білім мен технологияларға қол жеткізу құралы және мансаптық өсу факторы ретінде маңызды мәнге ие болуда. Интегративтік процестер, оның ішінде латын әліпбиіне көшу, мемлекеттік тілдің халықаралық ақпараттық кеңістікке енуін жеңілдетеді. Жаңа технологияларды, жасанды интеллектті мемлекеттік тілде пайдалану тілдің заманауи цифрлық ортада орнығуына және оның беделін арттыруға септігін тигізеді. Осылайша, қазақ-ағылшын қостілділігі, латын әліпбиіне көшу және жаңа технологиялар Қазақстанның тіл саясатын жаңғыртуда және дамытуда маңызды стратегиялық қадамдар болып табылады. 4. Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан медиа кеңістігі тілдердің дамуы үшін тиімді алаң болып табылады. Мемлекеттік тілде жоғары сапалы контентті өндіру және ұсыну жұмыстары тілдің престижін арттырып, оны заман талабына сай жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі, әлеуметтік престиждің символы болуымен қатар, ұлттық тілді насихаттау үшін маңызды құрал ретінде қызмет етеді. Төменнен-жоғарыға (Bottom-up approach) тәсілі арқылы тіл белсенділері мен қоғам мүшелері өз бастамалары мен күш-жігерлерін біріктіріп, қазақ және ағылшын тілдерін медиа кеңістікте кеңінен қолдануға ықпал етеді. Бұл тәсіл қоғамның тілдерге деген қызығушылығы мен қолдауын арттырып, мемлекеттік тілдің дамуын және оның рөлін нығайтуды қамтамасыз етеді. 5. Алынған ғылыми деректер негізінде Қазақстанның тіл саясатын дамыту бойынша стратегиялық модель әзірленді және ол бес негізгі механизмді қамтиды: заңнамалық реттеу, білім беру бастамалары, тілді насихаттау, цифрлық даму және халықаралық тәжірибе. Бұл модельде ағылшын тілінің рөлі айрықша маңызға ие, өйткені оның жоғары визуалды "белсенділігі" және әлеуметтік мәртебенің символдық көрсеткіші ретіндегі мәні қазақ тілінің қоғамдағы престижін нығайтуға елеулі үлес қосады. Осы тұрғыда, ағылшын тілінің қазақ тілімен үйлесімі мемлекеттік тілдің әлеуметтік-лингвистикалық функцияларының табиғи түрде жандануына ықпал етеді. Зерттеу жұмысының апробациясы: Диссертациялық зерттеудің материалдары мен негізгі тұжырымдары "Қазақстанда және әлемде көптілді білім беру ортасын қалыптастыру мен жүзеге асырудың нәтижелері мен мәселелері" Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарында (Астана, 2022), "Современная лингводидактика и развитие трехъязычного образования" Халықаралық ғылыми конференциясында (Астана, 2022), "Central Asia Language and Education" Халықаралық ғылыми конференциясында (Алматы, 2023), Әлемдік ағылшындардың халықаралық қауымдастығы (IAWE) Халықаралық ғылыми конференциясында (Нью-Йорк, 2023), «Linguistic Diversity, Equity, Inclusion and Sustainability» AILA 2024 Дүниежүзілік конгресінде (Куала-Лумпур, 2024) ғылыми баяндамалар мен хабарламалар түрінде апробациядан өтті. Диссертация материалдары бойынша 9 жұмыс жарияланды. Web of Science және Scopus халықаралық ғылыми деректер базаларына кіретін журналда жарияланған еңбектер: 1. Language-in-Education Policy of Kazakhstan: Post-Pandemic Technology Enhances Language Learning // Education Science, Vol 12, Iss 5, 2022, pp. 311-323 https://doi.org/10.3390/educsci12050311 (81%, Q1) 2. Bottom-Up Approach to Language Policy and Planning in Kazakhstan // Societies, Vol 13, Iss 2, 2023, pp. 43-58 https://doi.org/10.3390/soc13020043 (71%, Q2) 3. Exploring the language policy and planning: a comparative analysis of language practice in Kazakhstan and Estonia // Journal of Multilingual and Multicultural Development, Vol 45, Iss 4, 2024 https://doi.org/10.1080/01434632.2024.2305642 (96%, Q1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда жарияланған еңбектер: 1. Тіл саясаты мәселесін зерттеудің теориялық негіздері мен қазіргі тенденциялары // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филологиялық серия №2, 2022, С252-263 https://doi.org/10.48081/RRIX6118 2. Қазақстандағы престижді жоспарлаудың мәселелері // Вестник Қарағанды университетінің хабаршысы. Филологиялық серия №1, 2023. С54-64 https://doi.org/10.31489/2023Ph1/54-64 3. Language planning in the process of linguistic landscape transformation // Торайғыров университетінің хабаршысы. Филологиялық серия №4, 2023. С80-91 https://doi.org/10.48081/GFEU2843 4. Hybrid names of commercial organizations in the linguistic landscape // Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің хабаршысы. - Филологиялық серия №3, 2024. С33-42 https://doi.org/10.59102/kufil/2024/iss3pp33-42 Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында жарияланған еңбектер: 1. The role of translanguaging in multilingual education // Қазақстанда және әлемде көптілді білім беру ортасын қалыптастыру мен жүзеге асырудың нәтижелері мен мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар, Нұр-Сұлтан, 2022, C138-143. 2. The Role of Multicultiral education in Kazakhstan // Қазіргі лингводидактика және үштілді білім беруді дамыту: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Нұр-Сұлтан, 2022.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы: https://youtu.be/JQUut7lmZ54
